Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 16:02, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып, нарықтық экономика жағдайында бір жағынан тұтынушылардың билігі, екінші жағынан кәсіпкерлік іс- әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркетингтік зерттеулер, бәсекелестерді, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.
Кіріспе...................................................................................................4-5
1.КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың мәні және мазмұны...6-8
1.2.Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрылымы мен көрсеткіштері......................................................................................9-12
1.3.Өндірістік бағдарламаны әзірлеу әдістемесі...............................13-29
2. «МЕРКІ ІРІМШІК ЗАУЫТЫ» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ
2.1 “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС-ның жалпы техника-экономикалық сипаттамасы......................................................................................30-42
2.2 Кәсіпорынның өнім өндіруі мен өткізуін талдау.....................43-45
2.3 “Меркі ірімшік зауыты”ЖШС өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау...........................................................................46-49
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС – да өндірістік бағдарламаны жоспарлауын жақсарту жолдары.....................................................50-53
3.2 Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасуының жаңа әдістері........................................................54-62
Қорытынды.....................................................................................63-64
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................65
Өнеркәсіптің
салалық құрылымының өзгеруіне
салаға салынған инвестиция
2011 жылғы экономикалық салалардағы іс-әрекеттер бойынша өнеркәсіп өндірісі құрылымы.
2010-2011 жылдар арлығында Қазақстанның барлық салаларында өндірудің төмендеуі байқалды, бірақ 10 жылдықтың екінші бөлігінде өндіріс кеңейтіле түсті, ол орташа есеппен 5,8 % құрады.
2008 жылы өңдеуші өнеркәсіпте өсудің алғашқы белгілері байқала бастады. Өсу қарқыны 17,4 % жетті, тамақ және жеңіл өнеркәсіпте өсу байқалды, ал машина жасау саласында импорт алмастыру бағдарламасының негізінде өсу қарқыны 79,9 % құрады. 2009 жылы машина жасау саласында өсу жалғасын тапты, бұл саладағы өсу қарқыны 2008 жылмен салыстырғанда 142,2 % құрады. Көлік құрамдарын өндіру 2,1 есе, машиналар мен құрал-жабдықтардың, электр және электрондық құрылғылар 1,2 есе өсті. Сонымен бірге аралық тұтыну тауарларының өсуі байқалды. өнеркәсіптегі 2008 жылы сала бойынша алатын үлестері келесі суретте кескінделген.
2008 жылы өңдеуші салада 937,2 млрд. Тг. өнімдер өндіріліп, жалпы өнеркәсіп өндірісінің 47 % құрап отыр. Бұл салада 397,5 мың адам жұмыс жасайды, олардың жалақысы 2008 жылы 19,8 млн. тг. құрап отыр.
Машина жасау саласындағы соңғы үш жыл ішінде өсу байқалды.
2008 жылы – 13,6 % ,2009 жылы – 1,8 есе, 2010 жылы – 1,4 есе. Өткен жылмен салыстырғанда 11кесте
Сала бойынша өндірістің қуаттар орташа есеппен 10 %-ке төмен жүктелген болатын, оның себебі құрал-жабдықтардың табиғи және моральды ескіруі болып табылады. Соңғы жылдары сала қарқынды өсіп келе жатыр, сала кәсіпорындарының дамуын жеделдететін, бағдарлама жасалды.
Алдыңғы жылмен салыстырғанда подшибниктерді өндіру 12,4 % эксковаторларды шығару 1,3 есе, видео көшіру мен видео көрсету 1,5 есе, мұнай-газ өңдеуші құралдарын 4,4 есеге өсті.
Тәуелсіздік жылдары ішінде республикада видеомагнитафондарды, тоңазытқыштарды, шаңсорғыштарды шығаруды игерді. Тракторларды өндіру жанданды «Қазақстантрактор» АҚ Т-95,4 класты жаңа түрін шығаруды бастады.
Оңтүстік Қазақстан облысында (электроаппарат АҚ) күн көзінен жылынатын су жылытқыштары жасалды және жоғарғы вольтты құрылғыларының жетілдіріле түсуі т.б.
Қазэнергокабель зауыты ТМД бойынша қуатты қорғалған өткізгіштерді Еуропалық мамандану бойынша өндіреді, яғни ол халықаралық ISO стандарттарына сай өнім өндіреді деген сөз. Қазір бұл кәсіпорын шеттен кіретін өнімдердің 25 % алмастырады.
Қазақстанның машина жасау саласындағы басты мәліметтер жоғарыда көрсетілген. Ол бойынша соңғы үш жылдың ішінде машина жасау саласы тұрақты дамығанын көреміз. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың бәсекеге қабілетті экономика құру жөнінде 2004 жылғы жолдауында: «Қазақстан алдағы дамуын өңдеуші салаларды дамыта отырып бағытталуы қажет» деген. Осыған орай импорталмастыру саясатына сүйеніп, яғни халықаралық стандарттарға сай, бәсеке қабілетті тауар шығврып, ең алдымен ішкі нарықты қанағаттандырып, содан соң сыртқы нарықта да өз орынын табуға бағытталуы қажет. Ол үшін елдегі барлық өңдеуші кәсіпорындардағы техника мен технологияны жаңартып, жұмысшылардың мамандану деңгейін көтеріп, оларды шет елдерге оқытып, кадрларды ретке келтіру. Мемлекет тарапынан көмектер көрсетіліп, салық саясатының ретке келтіріп, кәсіпорындардың қаржыларын легализациялау қажет, өйткені қазір көптеген кәсіпорындар өз қаражаттарын салықтан құтылу үшін көлеңкелі жағдайда ұстап отыр.
Өңдеуші кәсіпорындарды дамыту үшін заңдылықты түпкілікті жөндеп, қаржы тексеру органдарының қызметтерін бақылап, қажетті уақытында жәрдемдесуге бағыттауы керек, өйткені қазіргі оны тексеру бөлімінің инспекторлары тексеру кезінде кемшіліктерді жоюға емес, оларды көбейтіп өз қалталарына қаражат түсіруге тырысатыны ешкімге құпия емес.
Қазіргі еліміздің ұлан-ғайыр жері мен табиғи байлықтарын ескере келе біздің халқымыз ең дамыған елдердің санатында болуымыз қажет, оған жету үшін біздегі әрбір азамат оған өз үлесін қосуы қажеттігін жете түсінуі керек. Мысал үшін Жапонияны алатын болсақ, ол елде қазба байлықтардың ешбір түрі жоққа таяу болғанымен, ондағы халық елінің экономикасын дамыту үшін өздерінің кейбір қажеттіліктерінен бас тартуға дайын. Оның өзі бұл елдің халқының сана-сезімінің жоғарғы дәрежеде екенін дәлелдейді. Сонымен бірге бұл ел шикізаттардың шектеулі жағдайында бірнеше он жылдықтар бұрын өндірістің қай саласын дамыту қажеттігін дәл анықтап, сол салалар бойынша үлкен зерттеушілік жұмыстар жүргізіп, қазіргі таңда осындай дәрежеге жетіп отыр. Жапония дүниежүзінің басқа елдермен салыстырғанда ҒТП мен ҒТР-дің және жаңа техника мен технологияның ең дамыған ел болып табылады. Осындай шет мемлекеттердің даму бағытын ескеріп, Қазақстан өз бағытын анықтауы қажет.
Енді кәсіпорын деңгейіне оралсақ, жоғарыда айтылған бағыттарды жүзеге асырғанда өндірістік бағдарламаны қалыптастыру неғұрлым тұрақты болады. Нарықтағы сұраныстар тұрақтанып, шикізат өндіру мен жабдықтау үзіліссіз болғанда кәсіпорынға өндірістік бағдарламаны, ассортименті тұрақты түрде кеңейте отырып, жасауға көп жұмысты қажет етпейді. Ал біздің зерттеп отырған объектіміз «Меркі ірімшік зауыты» келешекте өндірістік бағдарламасын дамыту жүзеге аса бермек, мұнда сұраныс өте жоғары, тек қана кедергілердің бірі өндіріс қуатын төмендігі. Оны да қоғам жақын аралықта Бельгияның; Швецияның; Ресейдің белгілі компанияларынан құрал-жабдықтарды сатып алуды жоспарлауда.
Қорытынды
Сонымен қорыта
келе нарық экономикасы қарсаңында
жұмыс жасап отырған
Қазіргі жағдайда тауарлық саясатқа сәйкес кәсіпорын неғұрлым көп тауар шығарса, оған кететін шығын азырақ болады. Яғни бұл шығындардың азаюы өнім көлемінің масштабы заңдылығы бойынша жүзеге асады. Қазір тиімді жұмыс жасау үшін кәсіпорын әр уақытта бәсекелестерін бақылап, одан қалыспауға тырысуы қажет. Ол үшін өндірістік стратегиясы мықты, әрі тұрақты тиімді болуы шарт.
Негізгі дүние жүзіндегі белгілі экономикалық әдебиеттерде негізгі үш бағытты үйлестіруді ұсынады, шығындарды минималдау стратегиясы, сапаға бағытталған стратегия және уақыт факторын тиімді пайдалану стратегиясы.
Өндірістік бағдарлама – таңдалған тауарлық стратегия бойынша жасалған, тұтынушылардың қажеттілігін өтеуге бағытталған, оны жүзеге асырғанда кәсіпорынға табыстылықты, бәсекеге қабілеттілікті және мақсаттардың орындалуын қамтамасыз ететін кәсіпорынның жоғары сапалы өнімді өндіру жоспары. Бұл жоспар кәсіпорынның алдағы уақыт ішінде өндіруі қажет өнімі мен өнім ассортиментін белгілейді, алайда бұл көбінесе орындалмауы мүмкін, шектен тыс тапсырыстар немесе керісінше тұтынушылардың тапсырыс бермеуі жоспардың орындалмауы мен 100% артық орындалып кетуіне себеп бола алады.
Нарық экономикасы
жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмысының
негізінде тұтынушылар
Өндіріс бағдарламасын жоспарлау, кәсіпорынның өмірлік циклы тұжырымдамасына негізделуі қажет, өйткені кәсіпорынның өмірлік циклының әрбір кезеңінде дамудың ішкі қайшылықтары пайда болып, жүйедегі қарама – қарсылықтар және сыртқы жағдайларда өмір сүре алмауы жаңа мақсаттар тудырады. Олар бойынша тауарлық стратегия таңдалып, соған сәйкес өндірістік бағдарлама жасалуы қажет.
Өндірістік бағдарлама жасағанда келесідей жұмыстар жүргізілуі керек: өнім өндіру құрылымын зерттеу, өнім рентабелділігін анықтау, сату құрылымын талдап, оның өнім өндіру арасында сәйкестік орнату, жоспар мен оның орындалуын салыстырып, өндіріс құрылымындағы өзгерістерді анықтау.
Жасаған талдау
барысында “Меркі ірімшік зауыты”
ЖШС – ның өндірістік бағдарламасын
меңгеріп, оның ерекшеліктері мен
артықшылықтары және кемшіліктері анықталды.
Өңделетін шикізат
Сонымен алға қойылған мақсаттар мен оның орындалу мүмкіндігі өте жоғары, елдің жоғары шикізаттық қорлары мен территориясының әлемдегі тоғызыншы орында және орналасқан жері Еуразия материгінің ортасында және екі жағындағы көршілерін ескерсек, Европа мен Азияның қосатын ірі экономикалық аймаққа айналады десек қателеспейміз. Осындай жағдайда біз өндіруші өндірістен өңдеушіге алдағы 2015 жылға дейін жетуіміз қажеттігін президентіміздің Қазақстан 2015 жылға дейінгі индустриялдық – инновациялық даму бағдарламасында айтып кеткен болатын, ол үшін тек мемлекет пен үкімет ойланып қана қоймай, бүкіл халық өз үлестерін қосу қажет екенін жеке айтып кеткен жөн. Қазақстанның осындай байлықтарымен территориясының кеңдігімен, адам ресурстарының жоғары білімділігімен XXI ғасырда дүние жүзінде өзінің орнын табатынына күмәніміз жоқ
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастырудың теориялық негіздері