Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастырудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 16:02, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып, нарықтық экономика жағдайында бір жағынан тұтынушылардың билігі, екінші жағынан кәсіпкерлік іс- әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркетингтік зерттеулер, бәсекелестерді, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................4-5
1.КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың мәні және мазмұны...6-8
1.2.Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрылымы мен көрсеткіштері......................................................................................9-12
1.3.Өндірістік бағдарламаны әзірлеу әдістемесі...............................13-29
2. «МЕРКІ ІРІМШІК ЗАУЫТЫ» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ
2.1 “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС-ның жалпы техника-экономикалық сипаттамасы......................................................................................30-42
2.2 Кәсіпорынның өнім өндіруі мен өткізуін талдау.....................43-45
2.3 “Меркі ірімшік зауыты”ЖШС өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау...........................................................................46-49
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС – да өндірістік бағдарламаны жоспарлауын жақсарту жолдары.....................................................50-53
3.2 Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасуының жаңа әдістері........................................................54-62
Қорытынды.....................................................................................63-64
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................65

Работа содержит 1 файл

экономика.doc

— 521.00 Кб (Скачать)

Жоспарлы кезеңдегі  өндірістік қуатты пайдалану коэффициенті (Кмп) келесі формуламен есептелінеді:

 

                            Кмп = Кмо* j                (12)

 

Мұндағы: Кмо  – жоспарлы жылы өндірістік қуатты пайдалану коэффициенті; j – жоспарлы кезеңде қуатты пайдалану коэффициентінің өсу индексі.

5.Жұмыс істеп тұрған өндіріс қуатына негізделіп мүмкін болатын өнім көлемі анықталады. Бұл мәселені шешудің екі тәсілі бар. Өндірістік бағдарламаның қалыптасу шағында қазіргі бар өндіріс қуаты мен өнім өндіру көлемі олардың көлемінің орта жылдық қуатты қолдануды жоспарлы коэффициентіне көбейту арқылы анықталады.

  1. Өндірістік бағдарлама жоспары өндіріс қуатымен салыстырылып, оның бір жылғы өнім көлемін өндіре алатыны тексеріледі. Өндірістік қуаттың толық пайдалануын есептеу натуралды және құндық түрде көрсетіледі. Егер өндірістік бағдарлама өндіріс қуатын толық жаппаса оны жабудың жолдарын іздестіру керек. Ал егер тапсырыс көлемі өндіріс қуатынан артық болса, тұтынушыларды басқа зауытпен байланыстыру немесе өндірісті кеңейту керек. Өндірістік бағдарлама мен өндіріс қуатын сәйкестендіру үшін өндіріс қуатына баланс жасалады. Онда кіруші және шығушы орташа жылдық өндірістік қуат көрсетіледі. Өндірістік қуат балансы өнімнің әр түріне қарай жоспарлы жылдың соңына қарай жылдың басындағы қуаттарды соммалау арқылы табылады.
  2. Өндірістік бағдарлама мен өндіріс қуатының арасында тепе – теңдік орнағаннан кейін өндіріс жоспары жобасына экономикалық бағалау жасалады. Өнімді өткізу көлемі мен өндіру көлемі өзгергенде кәсіпорынның жиынтық шығыны төмендейді. Өндіріс көлемі өскен сайын өндіріс шығындары мен одан түскен табыс көлемі арта беріп олардың айырмасы кәсіпорын түсімін құрайды. Өнімге кеткен шығын мен одан түскен табыс теңескенде тепе – теңдік орнайды, бұл нүкте экономикалық әдебиеттерде шығындардың нүктесі деп аталады. Өндірістік бағдарламаны қарастыруда жоспарланып отырған өнім көлемі шығынсыздық нүктесінде бар ма, жоқ па анықтауымыз қажет.

Таңдалып отырған  жоспардың тиімділігі тағы келесі көрсеткіштерді талдау арқылы анықтауға болады, олар: қор қайтарымдылық, қор сыйымдылық, рентабелділік, өнімнің бір теңге өсіміне капитал салымдары, сонымен бірге негізгі қорларды салыстырмалы үнемдеу (Эоф) есептеледі.

 

                      ±Эоф =  ОПФпл – ОПФо * Jпт           (13)

 

мұндағы:ОПФпл, ОПФо – негізгі  өндірістік қорлардың орташа жылдық құны жоспарлы және есепті жылдары; Jпт – жоспарлы жылы тауарлық өнімнің көлемін есептеу индексі.

Қор қайтарым деңгейінің өзгеруіне бірнеше факторлар  әсер етеді, олар: негізгі өндіріс  қорлар бөлігінің қор қайтарымдылығының  өзгеруі, қорлардың негізгі бөлігі үлесінің жалпы соммадағы өзгерісі. Өндірістік бағдарламаның тиімділігі: өнім рентабелділігін, капитал рентабелділігін және өткізу рентабелділігін сипаттайды. Өнім рентабелділігі (Ри) жалпы (Пв) немесе таза табысты (Пч) өткізілген немесе тауарлық өнім шығындар соммасына қатынасымен анықталады.

 

                           Ри  = Пв/С немесе Пч/С                (14)

 

Өткізу рентабелділігі - өнімді өткізуден түскен табысты  алынған түсімге бөлу арқылы есептелінеді.(Вр).

                          Рп =  Пв/Вр немесе Пч/Вр  (15)

 

Капитал рентабелділігі – таза табыстың негізгі және айналым  капиталының орта жылдық құнына бөлу арқылы есептелінеді. Өндірістік іс әрекетті рентабелділік деңгейі 3 факторға байланысты:

  • өндірістік бағдарлама құрылымының жоспарлы жылы есептімен салыстырғандағы өзгерісі;
  • өзіндік құны өзгерісі;
  • өткізу бағасының өзгерісі.

Талдау барысында  аталған факторлардың рентабелділік  деңгейіне әсерін байқау қажет. Өндірістік бағдарлама жан – жақты зерттелгеннен кейін жоба бекітіліп құрылымдық бөлімшелерге жеткізіледі. Олар өндірістік бағдарлама негізінде басқа өндірістік бөлімшелер жоспарын жасап, өндірістік бағдарламаны  орындауға дайындалады. Өндірістік бағдарламаның орындалу жобасының пәні болып дайындау әдісі мен өндіріс түрі табылады. Бұл кезеңнің басты міндеті болып өндірістік бағдарламаны барлық құрылымдық бірліктерге жеткізіп, оның орындалуын ұйымдастыру. Бұл кәсіпорынның тактикалық жоспарының бір бөлігі болып табылатын жедел – күнтізбелік жоспардың құрамдарымен жасалады.

Негізгі жоспарлау кезеңдерін мазмұнын қарастырайық:

1.Өндірістік  бағдарламаны жоспарлы кезеңдер  бойынша бөлу.

Ағымдағы жоспарлауда  өндірістік бағдарлама әдетте бір жылға  құрылады. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы аумағының динамика жағдайында өндірістік бағдарламаны ұзағырақ мерзімге жоспарлау мүмкіндігі төмен. Сондықтан да жылдық өндірістік бағдарламаны жүзеге асыруға дайындық, оны кварталдар мен айларға бөлуден басталады. Өндірістің ырғақтылығы тиімділіктің жоғарылауына үлкен әсері болса жылдық шығару көлемі мен өткізу көлемін нақтылап кварталдар мен айларға бөлу қажет. Жылдық міндеттерді кварталдарға бөлу келесі факторларды ескере отырып жасауы қажет: Өндірістік бағдарламаның орындалуының жоспары келесі алгоритм бойынша жүзеге асады.

 


Өндірістік бағдарламаны жоспарлы кезеңдер бойынша бөлу




 

                                               

               


 

 

Өндірістік бағдарламаны құрылымдық бөлімшелерге жеткізу







 

 

 


 

Бағдарламаны жасау  әдісін таңдау





 

 


 

Құрал –жабдықтардың жіктелу  есебі




 


 

 

 

Сурет2. Өндірістік бағдарламаның орындалуының технологиялық схемасы

  • тұтынушыларға келісім шартта көрсетілген мерзімде өнімді жеткізу;
  • өндірісті кеңейту, өндіріс қуатын пайдалануды жақсарту, сонымен бірге инновациялық іс – шаралар;
  • жаңа құрал – саймандар мен қуаттарды іске қосу мерзімдері;
  • барлық өндірістік бөлімшелерді бірдей жүктелуін қамтамасыз ету;
  • өндірістің сериялылығын жоғарылату;
  • әрбір кварталдағы жұмыс күндер саны;
  • жұмыстың мезгілділігі мен ауыспалдылығы;
  • өнім өткізілуінің мезгілділігі;
  • кейбір құралдардың істен шығуын және басқа себептермен тұрып қалу мүмкіндігі;
  • өндірістен ескірген және сұранысы жоқ өнімдер түрін алып тастап,орнына жаңа тауарлар енгізу.

Жаппай және ірі сериялық өндірісте, яғни өнімнің  өтуі мезгілге байланысты емес болғанда өндірістік бағдарламаны бөлу пропорционалды түрде жұмыс күніне бөлінеді. Қалған жағдайларда бөлу тұтынушыларға өнімді жеткізу кезеңдеріне байланысты жасалады.

Жабдықтау жоспары  натуралды түрдегі өнім өндіру мен  өткізу көрсеткіштерімен байланыстырады, яғни байланыс деңгейі мен есептелуі келесі формуламен анықталады:

 

                  Ппі = Прі - ∆Опі = Пті + ∆Опсі - ∆Опі          (15)

 

Мұндағы: Ппі  – і – лік атауындағы тұтынушыға дайын өнімнің көлемін жеткізу, Прі - өнім өткізу көлемі, ∆Опі – жылдың басы мен аяғына жіберілген, бірақ әлі төленбеген өнім қалдықтарының өзгерісі.Пті - өнімді шығару жоспары, ∆Опсі – жоспарлы кезеңнің басы мен аяғына қарай қоймадағы дайын өнімдердің қалдықтарының өзгеруі.

Өнімді жабдықтау  ақыты тұтынушы кәсіпорындармен  жасаған келісім – шартқа байланысты.

2. Өндірістік  бағдарламаны құрылымдық бөлімшелерге  дейін жеткізу.

Кәсіпорынның  ішкі құрылымы мен мамандануына байланысты өнім өндіру бағдарламасы кәсіпорынның ішкі бөлімшелеріне жеткізіледі. Сонымен бірге өндірістік өнімді шығару жоспарына кәсіпорын өзі өндіретін дайын өнімдер мен жартылай фабрикаттар кіреді. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріне  міндеттер келесідей бөлінеді: шығарушы бөлімшелер, өңдеуші бөлімшелер, дайындаушы бөлімшелер. Өндірістік міндеттердің құрылымы мен көрсеткіштері кәсіпорында жұмыс жасап отырған жедел күнтізбелік жоспарлауға байланысты. Жоспарлаудың теориясы мен тәжірибесі жедел күнтізбелік жоспарлаудың бірнеше түрлерін жасап шығарды. Оған келесі жүйелер кіреді:

  • тапсырыстық;
  • машина – комплектілі;
  • комплектілі – тораптық;
  • деталдық.

Өндірістік  бағдарламаны цехтарға дейін жеткізген  соң өнімді жасау әдісі таңдалады. Әрине бұл үрдіс өндірістік бағдарламаны жасағанда әрбір рет жаңадан  жасалмайды.

3. Өндірістік  бағдарламаны ұйымдастырудың әдісін  таңдау.

Өндіру әдісін жоспарлау, өндірістік үрдіс қалай ұйымдастырылатынын анықтайтын бірлік. Өнімді өндірудің ағымдық, партиялық және бірлік түрлері болады.

“Меркі ірімшік  зауыты”ЖШС – ы өнімдерін өндіргенде бірлік әдісті көп қолданады. Бірлік өндірісте көбінесе универсалды құрал – жабдықтар қолданылады, оның өнімділігі басқалармен салыстырғанда аз болады. Олар көбінесе арнайы жұмыстарды атқарады, сондықтан құрал – жабдықтардың жүктелуі біркелкі болмайды.

Өндірістік  бағдарламаны дайындаудың әдісі  таңдалғаннан кейін келесілер есептелінеді:

  • өндірістік циклдың ұзақтығы;
  • партиялар көлемі;
  • оларды өндіріске енгізу уақыты.

Өндірістік  циклдың ұзақтығы жедел күнтізбелік  жоспардың негізі болып табылады. Олардың көлеміне қарай айналым қорларының көлемі анықталады. Өндірістік циклдың ұзақтығы деталдар партиясы көлемімен тығыз байланысты.

4. Құрал –  жабдықтардың жіктелуін есептеу.

Цехтағы өндіріс  жоспары анықталғаннан кейін, өндірістік бағдарлама құрал – жабдықтардың жүктелуін анықтау қажет. Оны  есептегенде әрбір жұмыс орнының  өндірістік бағдарламасына, өндірістік қуатына сәйкестігін табу керек. Сондықтан да жүктелу әрбір станокқа жеке жасалады. Құрал – жабдықтың жоспарлы жүктелу коэффициентін анықтағанда жылдық өндіріс көлемі өндіріс қуатына және өндірістік бағдарламаға сәйкес келуі қажет.

Нарықтық экономикаға  көшу қарсаңында әрбір кәсіпорын  өз жұмысын жүргізу барысында  тыңғылықты есептеулердің жасалуын талап етеді.Ол үшін кәсіпорын экономикалық көрсеткіштерін нақты және дәл талдап, маркетингтік зерттеулерге сүйенуі  қажет. Нақты талдауларды келесі тараулардан қарастыратын боламыз.

 

 

 

2.”МЕРКІ ІРІМШІК ЗАУЫТЫ” ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ

2.1 “Меркі  ірімшік зауыты” ЖШС-ның жалпы  техника-экономикалық сипаттамасы.

 

Меркі ірімшік  зауытының негізі – 1936 жылы құрылған. Ол ауылшаруашылық өнімдерін оның ішінде сүт өнімдерін өндіретін аудандағы алып кәсіпорындардың бірі.

Алғашқыда зауыт  ғимараты арнайы белгіленген үйлерде  орналасты. 1954 жылы Меркі ауданында  тәулігіне 40 тонна сүт өндіретін  алып жаңа ірімшік зауыты салынды. 1970-1980 жылдар арасында зауыт 800 тонна сүт 800 тоннадан 1200 тоннаға дейін ірімшік жылына 40-60 тоннаға дейін май өндірді.

Меркілік ірімшік  зауытының аты біздің ауданымыздан тыс басқа  да аймақтарға тарай  бастады, бұны сол жылдардағы көптеген көрмелерге қатысқандағы туралы марапат қағаздары дәлелдейді. Қайта ұйымдастыру жылдарында біздің өндірістік кәсіпорын белгілі себептерге байланысты көптеген қиындықтарды бастан өткізді. Кәсіпорын бір кездері тығырыққа келіп тірелді, яғни мемлекет алдындағы қарыздар тағы басқалар, сондай-ақ шикізаттың әкелуі бұзылып, өнімді өткізуде көпшілік қиындықтарға тап болды. 1977 жылдың аяғында зауыт ААҚ «Меркі ірімшік зауыты» болып аталып, ауданда сондай-ақ облыс деңгейінде алдынғы қатарлы кәсіпорындардың біріне айналып отыр. Қазіргі кезде кәсіпорынның басшылығында – Айтуленов Дастан атты азамат. Бүгінгі таңдағы күрделі экономикалық өмірдің ағымына сіңіп кету үшін ол өз кезегінде кездейсоқ шешімдер шығарып, оның қарқынды дамуы мен өндірілетін өнімнің өсуіне әкеліп отыр. Қазіргі таңда зауыт «Костромдық», «Голландық», «Ресейлік», «Меркілік», «Ойталдық» ірімшіктерін сондай-ақ, ерітілген «Янтарь» айран, қаймақ, ірімшік, шаруа майын және тағы басқа, сүт тағамдарын шығарады. Кәсіпорын сәтті жұмыс істеуі үшін, оны қажетті мөлшерде жоғары дәрежелі шикізатпен қамтамасыз ету керек. Сондықтан бұл араға ең бірінші орынға сүт тапсырушылармен жұмыс істеу жоспары шығады. Шикізаттың тапсырылуы және онымен дер кезінде есептесу кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуінің кепілі болып табылады. Қазіргі кезде сүт тек қана Меркі ауданынан емес, сонымен қатар Т. Рысқұлов, Қырғызстан Республикасынан, Ұлан өңірінен, Жуалы аудандарынан және тағы басқа көптеген аймақтарынан тапсырылады. Бүгінгі таңда зауытта шамамен 120 адам  тұрақты қызмет атқарады. Негізгі мамандар үлкен  жұмыс өтілі бар біліктілігі жоғары деңгейдегі қызметкерлер. Осыған байланысты мамандардың көп уақыты өндірілетін өнімнің сапасын арттыруға арналған. Осы мақсатта 2010 жылы ірімшік өндіретін бөлімшелердің іші-сырты күрделі жөндеуден өтіп, жаңа пластикалық әйнектермен жасалған есік, терезелер орналастырылады, құбырлардың техникалық қайта салынуы жүргізілді.

Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастырудың теориялық негіздері