Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 16:02, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып, нарықтық экономика жағдайында бір жағынан тұтынушылардың билігі, екінші жағынан кәсіпкерлік іс- әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркетингтік зерттеулер, бәсекелестерді, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.
Кіріспе...................................................................................................4-5
1.КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың мәні және мазмұны...6-8
1.2.Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрылымы мен көрсеткіштері......................................................................................9-12
1.3.Өндірістік бағдарламаны әзірлеу әдістемесі...............................13-29
2. «МЕРКІ ІРІМШІК ЗАУЫТЫ» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ
2.1 “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС-ның жалпы техника-экономикалық сипаттамасы......................................................................................30-42
2.2 Кәсіпорынның өнім өндіруі мен өткізуін талдау.....................43-45
2.3 “Меркі ірімшік зауыты”ЖШС өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау...........................................................................46-49
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС – да өндірістік бағдарламаны жоспарлауын жақсарту жолдары.....................................................50-53
3.2 Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасуының жаңа әдістері........................................................54-62
Қорытынды.....................................................................................63-64
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................65
Кестені қарастыратын болсақ 2 жылдағы мәліметтер арасында біршама айырмашылықтардың бар екенін байқаймыз.
1-ші көрсеткіш-өнімді өткізуден түскен табыс деп аталады және ол 2010 жылы 189267494 мың теңгеге жеткен, ал оның себебі 2005 жылы тауар шығару көлемі ұлғайтылды және жаңа технологияларды қолдану арқылы өнімнің өзіндік құны төмендетіліп отыр.
2-ші көрсеткіш-өткізілген
өнімнің өзіндік құны.Базалық
жылы ол 169782066 мың теңгені құраса,есептік
жылы бұл көрсеткіш 177635625 мың
теңгеге дейін көтеріліп отыр.
3-ші көрсеткіш-бұл жалпы табыс.2010 жылы 19485428 мың теңге болған болса, 2011 жылы ол 17486593 мың теңгеге төмендеген.Базалық жылмен салыстырғанда 199883 мың теңгеге жеткен.Базалық жылмен салыстырғанда 199883 мың теңгеге төмендеген.Жалпы табыстың төмендеуінің негізгі себептерінің бірі өнімді шығаруға кеткен шығындардың көбеюі, өткізілген өнімнен түскен табыстың өсуі болуы мүмкін.
4-ші көрсеткіш-кезең
шығындарына тоқталатын болсақ,
5-ші көрсеткіш-негізгі
қызметтен түскен табыс.Бұл
6-шы көрсеткіш-Негізгі
емес қызметтен түскен табыс.
7-ші көрсеткіш-Корпоративтік салық бойынша шығындар.Базалық жылы 10842 мың теңге болған, ал есепті жылы 14095 мың теңге болды. Екі жыл арасында 3253 теңгеге көтерілген.
8-ші көрсеткіш-Салық салғанға дейінгі табыс. Бұл көрсеткіш бойынша 2010 жылы 3139935 мың теңге болса, ал 2005 жылы 4329289 мың теңгеге жеткен. Есепті жыл базалық жылмен салыстырғанда 1189354 мың теңгеге көбейген.
9-ші көрсеткіш-Салық салғаннан кейінгі табыс. Кестеде көрсетілгендей 2010 жылы 3129093 мың теңге болса, есептік жылы 4329289 мың теңгеге көтерілгенін көреміз.
10-ші көрсеткіш-Төтенше
жағдайлардағы табыс. Бұл
11-ші көрсеткіш-таза
пайда деп аталады.Кестеден
12-ші көрсеткіш-Қызметкерлерді
13-ші көрсеткіш-еңбекақы қоры 2010 жылы 1347264 теңге болған болатын, ал 2011 жылы ол 17010000 теңгеге өсіп отыр.Бұл ауытқудың басты себебі 2011 жылы шаруа қожалығы қызметкерлерінің саны өскен болатын.Осы көрсеткіштің еңбекақы қорының өсуіне әсері мол.
14-ші көрсеткіш-Орташа
айлық еңбекақы мөлшері.
Кәсіпорынның еңбекақы төлеуді ұйымдастыруын талдау.
Жалақы еңбегі үшін марапаттаудың және кәсіпорын қызметкерлерін ынталандырудың негізгі нысаны.Жалақы қызметкерлердің дене еңбегін, ал ақшалай сыйақы ой еңбегін марапаттауға арналған.
Зауытта жұмысшылардың еңбегі мерзімдік сыйлықақы жүйесімен төленеді, тапсырманы 100 % орындағанда сыйлықақы тарифтік жалақының 6 % - на тең.
Кесте 2- Қызметкерлердің жалақы қорының құрамы
Жылдар |
Тарифтік ставка мен лауазымдық айлықақы бойынша есептелген жалақы |
Ынталандыру сипатындағы төлемдер |
Жұмыс істемеген уақыт үшін ақы төлеу |
Жыл ішіндегі
жұмыс қорытындысы бойынша |
Жылсайынғы
жәнеқосымша еңбек |
2010 |
13677,9 |
380,5 |
152,3 |
380,5 |
152,3 |
2011 |
13900,7 |
498,0 |
242,8 |
498,0 |
242,8 |
Зауытта барлық жұмысшыларға жақсы жағдай жасалған. Жұмысшыларға жарты құнын төлеп, курорттарға демалуға мүмкіндік берілген. Шаруа қожалығында жұмысшыларға асханамен жабдықталған.
Еңбекақы ай сайын кешіктірілмей беріліп тұрады. Жұмысшылардың еңбекақысы мерзімдік формада төленеді. Он екі айда бір рет төленетін бір айлық демалыс беріледі.
Мерзімдік ақы
төлеу – қызметкерлердің
Мерзімді ақы төлеу нысаны,мына жағдайларда қолданылады:
-егер жұмысшы өнім өндіруді
арттыру процессіне тікелей
Іскерлік маркетинг жүйесі мен өнімді сату және зауыттың қазіргі заманға сай технологияның құрал-жабдықтары “Меркі ірімшік зауытының”тұтынушылық және өндірістік жеңісін жоғары деңгейде ұстауға жол ашуда.
“Вернер” және “Пфлайдер”сияқты сүт өнімдерін шығаруға арналған ең жақсы құрал- жабдықтар шығарушылардың алдыңғы қатарлы құрал- жабдықтардың болуы, басқа да өнімдердің түрлерін шығаруға толық мүмкіншілік береді.Зауыт сүт өнімдерін өндіру үшін шикізат өндіретін шетел, сонымен қатар жергілікті өндіріс құрылымдарымен жұмыс істейді.
“Меркі ірімшік зауыты”сүт өнімдерін өндіретін зауыттың өз фирмасының жеке машина паркі және техникалық базасы орталықтандырылған жеткізу жүйесі бойынша тұтынушыларға сүт өнімдерін мезгілінде жеткізіп тұруға толық мүмкіншілік туғызады. Көлігінің қолайлылығының арқасында зауыт тұтынушыларына өзі жеткізеді.
Зауыт өнімдері жеке саудаға,едәуір ірі комарциялық ұйымдарға жеке меншік дүкендер торабына жеке кәсіпкерлер арқылы түседі. Өнімнің ірі бөлігі жеке фирмалық бөлімдерде немесе дүкендерде сатылады. Тұрақты тұтынушыларының арқасында -әскери бөлімдер, балалар үйлері, бала бақшалар сияқты мемлекеттік мекемелер бар.Зауыттың бұл тұтынушыларға тендірде жеңіп алған жеңісінің арқасында қолы жетті.
Сапалы зауыт өнімдерін жарнама арқылы өткізуге және зауыт имиджін көтеруге, сүт өнімдерін тұтынушылар үшін тартымды ететін фирмалық өнім орауыштарының сәнділігі мен оның сыртқы түріне көп көңіл бөлінеді.
Сүт өнімдерін сату саласында қазіргі маркетингтік зерттеулердің нәтижесінде және халыққа қызмет көрсетудің түрлерін үнемі жетілдіріп түрлендіріп отырады.
Қолайлы бағаның қойылуы және тұтынушылармен қарым-қатынас концепциясы серіктестер мен сатып алушылар мен өзара сенім деңгейінің ынтымақтастығымен қамтамасыз етеді. Бәсекелестің ішкі нарықта өндірістік баға саясатын талдау негізінде мүмкіншілігінің барынша сүт өнімдерінің бағасын төмендету стратегиясы жүргізіледі. Мұның барлығы зауыт өндіретін сүт өнімдерінің бағасын тұтынушыларға өте қолайлы етеді.
2.2 Кәсіпорынның өнім өндіруі мен өткізуін талдау.
Өндіру көлемі мен өткізу көлемі бір – бірімен байланысты көрсеткіш болып табылады. Өнімді өндірудің шектеулілігі мен сұраныстың көп кезінде бірінші орынға өнімді өндіру көлемі шығады. Ал бәсекелестердің көбейіп нарықтың қаныққан шағында өндіріс көлемі өндірістік бағдарламаны жасаудағы басты фактор болып табылады. Кәсіпорын өнім өндіргенде тек өткізе алатын өнім көлемін өндіруі қажет.
Өндіру көлемінің және өткізуді оның сапасы кәсіпорынның шығынына, табысы мен рентабельділігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан да ол көрсеткіштерді талдау үлкен рөл атқарады. Оның негізгі міндеттері өнім өндіру мен өткізудің динамикасын және жоспардың орындалу деңгейін талдау. Бұл көрсеткіштерге басқа факторлардың әсерін анықтау. Өнімді өндіру мен өткізуді көбейтетін ішкі шаруашылық қорларын анықтау. Анықталған қорларды тиімді бөлудің шараларын ұйымдастыру.
Өндіру мен
өткізу көлемі натуралды және құндық
түрде анықталуы мүмкін. Өндіріс
көлемінің жалпылама
Өндіру көлемінің негізгі көрсеткіштері болып жалпы және тауарлы өнім болып табылады.
Жалпы өнім –
аяқталмаған өндірісті
Өнім өткізу көлемі өнімді жөнелтумен немесе төлеумен анықталады. Ол жоспарлы, салыстырмалы және нақты қазіргі бағамен көрсетілуі мүмкін. Нарық экономикасы жағдайында бұл көрсеткіш алғашқы орында болды. Өнімді өткізу өндіріс пен тұтынушы арасында байланыстырушы бірлік болып табылады. Өнімнің нарықта жаппай сатылуы мен оған сұранысқа байланысты оның шығарылу көлемі де анықталады. Біздің зерттеп отырған кәсіпорынымыз тамақ жасау саласындағы Қазақстанда сүт өнімдерін өндіретін өндірістік бірлік болғандықтан оған сұраныс өте жоғары, оның негізгі тұтынушылары Қазақстанның және басқа елдердің негізгі өндіруші және өңдеуші саласындағы компаниялар болып табылады. Сондықтан да кәсіпорындағы өнім көлемін өндіру сұранысқа ғана емес өндіріс қуатына да сүйенеді. Қазіргі кезде шет елдерден техниканың жаңа түрлерін алуға көптеген алғы шарттар жасалды. Талдауды өндіріс пен өткізудің натуралды және құндық түрдегі динамикасын талдаудан бастасақ:
Кесте 3 -Өнімді өндіру мен өткізудің динамикасын талдау.
№ |
Көрсеткіштер |
өлшем бірлігі |
2004ж |
2005ж |
%-к өсу қарқыны |
+,- ауытқуы |
1 -
- |
Өндіру көлемі Құндық түрінде Натуралды түрінде |
мың тг
тонна |
190945,0
3000,0 |
257274,0
4285 |
134,7
142,8 |
+66329
+1285 |
2 -
- |
Өткізу көлемі құндық түрінде натуралды түрінде |
мың тг
тонна |
189267,5
2850 |
193946,6
3100 |
102,4
108,7 |
+4679,1
+250 |
Өндіру көлемі құндық түрінде 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 134,7 – ке көбейіп отыр, ал өткізу көлемі 102,4– ке орындалып отыр. Айтып кететін жайт 2004 жылы өндіру көлемі өткізу көлеміне қарағанда төмендігі қоймада жатып қалған өнімді өткізумен байланысты. Өнім өндіруде Қазақстанда машина жасау нарығын қамтамасыз етудің бірден – бір жолы ол осы саладағы барлық кәсіпорындарда мемлекет тарапынан күрделі қаржылар бөліп, шетелдік инвестицияны тарту қажет.
Әрбір кәсіпорын өзінің шығаратын өнімдерінің ішінде негізгі және қосалқы өнімдері болады. Біздің зерттеп отырған кәсіпорынымызда негізгі өнімдері көп, алайда олардың ең негізгі түрінің барлық өнім шығарудағы үлесін талдасаймыз.Өнімді өткізу әр кезде келісім шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты болған, әрбір кездерде міндеттемені орындамаған жақ табыстың төмендеуімен, айыппұл төлеумен сипатталған және экономикасы дамыған елдерде келісім шартты бұзбай қалыпта сақтау әдеп – ғұрыпқа айналған, кез келген үлкен компания өз міндеттемелерін тұрақты түрде орындайды, сонымен бірге міндеттемелерін орындамаған компания тұтынушылардан айырылып, өткізу нарықтарын жоғалтып, өндіріс көлемін төмендетуге мәжбүр болады.
Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастырудың теориялық негіздері