Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастырудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 16:02, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып, нарықтық экономика жағдайында бір жағынан тұтынушылардың билігі, екінші жағынан кәсіпкерлік іс- әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркетингтік зерттеулер, бәсекелестерді, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................4-5
1.КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың мәні және мазмұны...6-8
1.2.Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрылымы мен көрсеткіштері......................................................................................9-12
1.3.Өндірістік бағдарламаны әзірлеу әдістемесі...............................13-29
2. «МЕРКІ ІРІМШІК ЗАУЫТЫ» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ
2.1 “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС-ның жалпы техника-экономикалық сипаттамасы......................................................................................30-42
2.2 Кәсіпорынның өнім өндіруі мен өткізуін талдау.....................43-45
2.3 “Меркі ірімшік зауыты”ЖШС өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау...........................................................................46-49
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС – да өндірістік бағдарламаны жоспарлауын жақсарту жолдары.....................................................50-53
3.2 Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасуының жаңа әдістері........................................................54-62
Қорытынды.....................................................................................63-64
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................65

Работа содержит 1 файл

экономика.doc

— 521.00 Кб (Скачать)

Тауарды өз уақытысында  жеткізбеу осы кәсіпорынның ғана жұмысына зиянын тигізіп қана қоймай, ол сонымен жұмыс істейтін серіктес фирмаға да және басқа да бірліктерге зиянын тигізуі мүмкін. Шаруашылық іс - әрекеттің қорытындыларынан өнімнің ассортименті, өндіріс құрылымы мен өнімді өткізу үлкен әсер етеді.

Кәсіпорынның  өнім ассортименті мен өнім шығару құрылымын жасағанда бір шетінен өнімге деген сұранысты, екінші жағынан еңбек, шикізат, техникалық, технологиялық, қаржылық және басқа ресурстарды тиімді үйлестіре білу қажет.

Ассортиментті қалыптастыру жүйесі өз құрамына келесілерді  кіргізеді:

  • тұтынушылардың ағымдағы және алдағы қажеттіліктерін анықтау;
  • өндіруге жоспарланған немесе өндіріліп жатқан өнімнің бәсекеге қабілеттіліктерін талдау;
  • әрбір бұйымның өмірлік циклын қарастырып, ескірген өнімдерді ассортимент құрамынан алып тастау;
  • ассортименттегі өзгерістердің тиімділік пен қауіптің деңгейін тексеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 “Меркі  ірімшік зауыты”ЖШС өндірістік  бағдарламасының құрылымын талдау

 

Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы кез келген жұмыс істейтін кәсіпорын өз қызметі  барысында өнім өндіруді бірнеше  жылға болжайды. Ол ұзақ мерзімдік стратегиялық бағыттарды жүзеге асырудың бір жолы өндірістік бағдарламаны жасау болып табылады.

Өндірістік  бағдарламаны жасағанда көбінесе нарық  сұранысына келіп тіреледі, сонымен  бірге мемлекеттік тапсырыстар, мемлекеттің саясаты тағы басқа әсер етеді.

Кәсіпорын шығарған өнім көлемі мен оны өткізу көлемі теңескен жағдайда, өнім көлемінің  ең тиімді деңгейі анықталады. Кәсіпорын  белгілі бір жылға өндіріс  бағдарламасын жасайды және ол көп  уақытта орындалмай тұруы немесе  аз уақыттың ішінде жүзеге асырылуы мүмкін. Кәсіпорынның өндірістік құрылымының өзгеруі көптеген экономикалық көрсеткіштерді өзгертеді, яғни рентабельділік, таза табыс, құндық түрдегі өндірілген өнім көлемі, материал сыйымдылық және тағы басқа өнім өндіру мен өнім өткізу бір-бірімен тығыз байланысты. Өнімді өткізуге әсер ететін факторлар көп. Олардың негізгісі тауар бағасы мен тауардың сапасы.

Кез келген кәсіпорын  өнім өндіргенде шикізат пен материалдарды, ресурстарды неғұрлым аз пайдаланып, соғұрлым өзіндік құны аз өнім шығаруға тырысады. Оған жетудің бірден бір жолы ол жоғары технология мен техниканы тиімді пайдалана отырып өнім өндіру, бірақ та шикізатты аз пайдалануымыз қажет деп, өнім сапасы туралы ұмытпауымыз қажет. Сонымен өндіріс факторларын тиімді үйлестіре отырып, өндірілген өнім бәсеке қабілеттілікке қол жеткізеді.

 Қазіргі  заман талабына келсек, өнімде  көптеген қасиеттердің болуын  қажет етеді, ол пайдалылық, төзімділік, жұмысының тиімділігі, эстетикалық  талаптараға сай болуы, бағасының  арзан болуы, тағы басқа. Біздің мысалымызда сүт өнімдері болғандықтан, мұнда пайдалылық жүрмейді. Оған жұмысының тиімділігі, төзімділік деңгейі, жекелеген жағдайдаларда эстетикалық талаптар қойылады.

Өндірістік  бағдарламаның құрылымын талдағанда 2004 жылдың өнім өндіру жоспары мен  оның нақты орындалуын салыстыра отырып анықталады. Оны келесі “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС 2004 жылға арналған бағдарламасы мен нақты шығарылған өнім көлемін салыстыра отырып көре аламыз.

 

“Меркі ірімшік зауыты” ЖШС-ның 2010 жылға арналған өндірістік бағдарламасы.

Өнімдер

Өлшем бірлік

2010 жыл

Соммасы мың  теңге

бағасы

жоспар

нақты

1.

Малыш 3.2%

тонна

75

100

97

7275,0

2.

Малыш 3.6%

тонна

80

100

86

6880,0

3.

Малыш 2.2%

тонна

72

100

92

6624,0

4

Малыш 6%

тонна

85

100

98

8330,0

5

Любимое 6%

тонна

85

100

96

8160,0

6

Любимое 3.2%

тонна

80

100

100

8000,0

7

Любимое 2.2%

тонна

73

100

91

6643,0

8

Любимое 1%

тонна

65

100

92

5980,0

9

Любимое %

тонна

60

100

50

3000,0

 

10

Барлығы

Береке 2.2%

тонна

тонна

 

58

900

150

802

145

60892,0

8410,0

11

Береке 3.2%

тонна

62

170

160

9920,0

12

Береке 3.6%

тонна

64

100

98

6272,0

13

Особый майсыз

тонна

65

180

175

11375,0

 

барлығы:           тонна

600

723

35977,0

14

Алдиша 2.1%

тонна

70

120

110

7700

15

Алдиша 6%

тонна

73

140

135

9855,0

16

Қаймақ 15%

тонна

40

150

150

6000

17

Қаймақ 36%

дана

62

200

200

12400

18

Қаймақ 20%

дана

57

200

200

11400

19

Қаймақ 6%

дана

60

150

150

9000

20

Қаймақ 36%

дана

45

150

150

6750

21

Қаймақ 20%

дана

60

100

100

6000

22

Қаймақ 15%

дана

43,8

100

100

4380

23

Қаймақ

дана

47,5

200

200

9500

24

Жүзім сүзбесі

дана

36

150

150

5400

25

Бумер сүзбесі

дана

57

150

100

5700

 

Барлығы:

   

1810

1745

94085,0

Барлығы: 3000 190945,0


 

Бұл өндіріс  жоспарын қарасақ өнімнің 25 шығаруға бағытталған және оның құны 190945,0 мың  тенге. Ал ендігі кесте бойынша бұл  өндіріс жоспарының күрделі бұзылғанын көреміз

 

“Меркі ірімшік  зауыты”ЖШС 2011 жылға арналған өндірістік бағдарламасы

 

Өнімдер

Өлшем бірлік

2011 жыл

Соммасы мың  теңге

бағасы

жоспар

нақты

1.

Малыш 3.2%

тонна

75

100

97

7275,0

2.

Малыш 3.6%

тонна

80

100

86

6880,0

3.

Малыш 2.2%

тонна

72

100

92

6624,0

4

Малыш 6%

тонна

85

100

98

8330,0

5

Любимое 6%

тонна

85

100

96

8160,0

6

Любимое 3.2%

тонна

80

100

100

8000,0

7

Любимое 2.2%

тонна

73

100

91

6643,0

8

Любимое 1%

тонна

65

100

92

5980,0

9

Любимое %

тонна

60

100

90

5400,0

 

Барлығы

тонна

 

900

842

63292,0

10

Береке 2.2%

тонна

58

150

145

8410,0

11

Береке 3.2%

тонна

62

200

200

12400

12

Береке 3.6%

тонна

64

100

98

6272,0

13

Особый майсыз

тонна

65

200

200

13000

 

барлығы:           тонна

550

643

40082

14

Алдиша 2.1%

тонна

70

200

180

12600,0

15

Алдиша 6%

тонна

73

200

200

14600

16

Қаймақ 15%

тонна

40

250

230

9200

17

Қаймақ 36%

дана

62

200

200

12400

18

Қаймақ 20%

дана

57

200

200

11400

19

Қаймақ 6%

дана

60

300

250

15000

20

Қаймақ 36%

дана

45

300

300

13500

21

Қаймақ 20%

дана

60

400

380

22800

22

Қаймақ 15%

дана

46

200

200

9200

23

Қаймақ

дана

50

300

280

14000

24

Жүзім сүзбесі

дана

40

200

180

7200

25

Бумер сүзбесі

дана

60

200

200

12000

 

Барлығы:

   

2950

2800

153900,0

Барлығы: 4285 257274,0


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 КӘСІПОРЫННЫҢ  ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ  ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

3.1. “Меркі  ірімшік зауыты” ЖШС – да  өндірістік бағдарламаны жоспарлауын  жақсарту жолдары.

 

Егемендік алғаннан кейінгі бұрынғы КСРО құрамындағы елдермен алдағы экономикалық және басқа қатынастар үзілді де, ол елдің өндірісінің тоқтауына, сонымен бірге халықтың әл – ауқатынының төмендеуіне алып келді.

Соңғы жылдар ішінде елде қиын әлеуметтік – экономикалық мәселелер көбейіп кетті, әрине  ол экономикалық өсуді тежейді. Қазақстанның өндірісінің дамымауының себебі, ол негізгі құрал – жабдықтардың табиғи және моралды тозығы, олардың орташа жасы 20 жыл. Ал пайдалану уақыты 45-50 жыл.

Кеңес дәуірінде  өндіріс көлемін орталықтан белгілеп, өнімнің сапасына емес санына көп көңіл бөлінген, яғни онда стандарттардың тек мемлекеттік қана түрі болған. Қазіргі кезде шекара ашылып, халықаралық стандарттарға сай нарыққа кіріп, өнім өндіруге жаңа талаптар қойылды. Қазіргі нарық экономикасында кез келген кәсіпорын өз өнімін жоғарғы технологиямен және арзан бағамен, барлық үлгілерге сай етіп шығаруы керек, ондай болмаған жағдайда ол нарықта бәсекеге қабілетті бола алмайды, өйткені белгілі тауарларды шығаруға маманданған мемлекеттер өзіндік құны төмен тауарларды арзан бағамен алып кіріп, ұлттық тауарлардың бәсекеге қарсы тұра алмауын қамтамасыз етеді.

Кез келген өңдеуші  кәсіпорын үшін ең басты сұрақтарының бірі не өндіру керек, қандай мөлшерде және кім үшін деген сұрақтар көп  ойландырады, әрине бұл сұрақтарға жауап іздегенде ең алғаш нарықты зерттеу қажеттілігі баршамызға мәлім болуы керек. Нарықта сұраныс деңгейін, шығаратын өнімде алмастырушы тауарлардың тізімін, сапасын, бағасын анықтап, өз өніміңді салыстырмалы түрде мүмкіндігінше арзанырақ етіп шығаруға тырысады. Маркетинг заңдары әртүрлі болғандықтан тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру да әртүрлі болады, әрбір тұтынушы өзінің табысының мөлшеріне, талғамына, тауар бағасына, пайдалылығына қарап тауар сатып алады. Сол сияқты кәсіпорында өз өнімдерін шығарғанда халықтың жоғары бөлігіне, орташа табыстың және халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне арнап тауар шығаруы керек. Өндірістік бағдарламаны жасағандағы маркетингтік жобаға сүйену бірден – бір тиімді әдіс болып табылады, яғни оның негізінде тауарлық стратегия, тауарлық саясат және өндіріс стратегиясы жатуы қажет.

Сонымен кәсіпорынның тиімділігі төмендеп, тұтынушы қажеттілігін неғұрлым толығырақ қанағаттандыруда жатыр, тұтынушылар неғұрлым көп  болса, соғұрлым өнім көлемі мен ассортименті кеңірек болады.

Сонымен бірге 80 – жылдары кәсіпорынның тиімділігін қамтамасыз ететін тағы бір бағыты анықталды – ол ресурстық бағыт. Гарвард мектебінің ғалымдарының ізденістері негізінде табылған кәсіпорын тиімділігі сала құрылымы мен таңдалған стратегиясына байланысты. Біздің ойымызша нарықтық бағыт ресурсттыққа қарағанда тиімді, алайда әрбір кәсіпорын өзінің ерекшелігіне байланысты бағыттарды тиімді үйлестіріп, өзіндік ерекше стратегиясын таңдай білу қажет, тиімділіктің негізі сонда деп білемін. Осындай стратегияларға сүйену арқылы кәсіпорын ең тиімді деген өндірістік бағдарламасын жасайды. Осыдан шығаратын қорытынды кәсіпорын барынша тиімділікке қол жеткізейін десе, нарықтық – ресурстық бағыттарды үйлестірген жөн. Нарықтық – ресурстық бағытқа сүйеніп, өндірістік бағдарламаның өзіндік түсінігін таптық, ол – кәсіпорын таңдаған тауарлық стратегиясына сәйкес оны тауарлық саясатта жүзеге асыра отырып, тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған және оны жүзеге асырғанда кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік, табыстылық және басқа мақсаттарға жеткізетін жоғары сапалы тауар шығаруы.

Зерттеу көрсеткендей нарықтық ресурсты бағыт өндірістік бағдарламаны қалыптастырғанда келесі принциптерді ұстанғандығын қажет  етеді: жүйелілік, релеванттылық, икемділік, тепе – теңдікті кәсіпорынның барлық басқару деңгейлерінің интеграциялануын, кәсіпорынның  өндірістік бағдарламасын жасағанда уақыт факторын ескеруін.

 Кәсіпорын  өзінің эволюциясында бірнеше  кезеңдерді бастан кешіреді, ол: пайда болуы, тұрақтануы, дамуы,  жетілуі және құлдырауы. Әрбір кәсіпорын осы кезеңдерді өнім көлеміне өзгерістер  енгізіп, қай уақытта қандай іс -әрекеттер жасау керектігін дәл табуы қажет, сонда ғана кәсіпорын табыстылыққа жетеді.

Сонымен кәсіпорынның қазіргі өмірлік циклының қажетті  өнім көлемін, өткізу көлемін, табыс көлемін, өсу қарқынын біле отырып оны нақтылаған түрде өндірістік бағдарламада ескеруіміз қажет.

Дипломдық жұмыстағы  зерттеулер көрсеткендей, өндірістік бағдарламаны қалыптастырғанда әсер  етуші факторларды зерттеген  жөн, ол: ішкі және сыртқы факторлар. Ішкі факторларға: шикізат ресурстары, өндірістің техника мен технологиямен қамтамасыз етілуі, ҒТП  жетістіктерін қолдану, жұмысшылармен қамтамасыз етілуі, т.б. Сыртқы факторларға: экономикаға тән дамудың циклдығы, сұраныс, бәсекелестік пен нарықты реттеу. Аталған факторларды нақтыландырумен түпкілікті есептеу кәсіпорынның өндірістік бағдарламасында көрініс тауып, кәсіпорын динамикасымен нарық динамикасы арасындағы байланысты көрсетеді.

Кәсіпорынның  өндірістік бағдарламасын қалыптастырғанда тек қана тұтынушылардың қажеттілігін ескеріп қана қоймай, кәсіпорынның мақсаттарына жету жолдарын  ескеруі қажет. Бұл жағдайда нарықтың талабы мен кәсіпорын мақсаттарын үйлестірген жөн. Осы орайда кәсіпорын менеджерлері өндірістің барынша көп пайда түсіретін көлемін анықтау қажет. Сондықтан да кәсіпорынның   өндірістік бағдарламасында белгілі тауар түрлерін алып тастау мен енгізуден бұрын тиянақты талдауды қажет етеді. Неғұрлым сатылатын тауарлар аз табысты немесе керісінше болуы мүмкін.

Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастырудың теориялық негіздері