Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастырудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 16:02, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып, нарықтық экономика жағдайында бір жағынан тұтынушылардың билігі, екінші жағынан кәсіпкерлік іс- әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркетингтік зерттеулер, бәсекелестерді, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................4-5
1.КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың мәні және мазмұны...6-8
1.2.Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрылымы мен көрсеткіштері......................................................................................9-12
1.3.Өндірістік бағдарламаны әзірлеу әдістемесі...............................13-29
2. «МЕРКІ ІРІМШІК ЗАУЫТЫ» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ
2.1 “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС-ның жалпы техника-экономикалық сипаттамасы......................................................................................30-42
2.2 Кәсіпорынның өнім өндіруі мен өткізуін талдау.....................43-45
2.3 “Меркі ірімшік зауыты”ЖШС өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау...........................................................................46-49
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС – да өндірістік бағдарламаны жоспарлауын жақсарту жолдары.....................................................50-53
3.2 Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасуының жаңа әдістері........................................................54-62
Қорытынды.....................................................................................63-64
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................65

Работа содержит 1 файл

экономика.doc

— 521.00 Кб (Скачать)

Кәсіпорынның  өндірістік қуаттылығы – бұл белгілі уақыт мерзімінде шығарылған өнім бірліктерінің саны немесе көлемі. Белгілі уақыт мерзімінде алынған кәсіпорындар қуаттылығы тұрақты көлеммен есептеледі. Сондықтан өндірісті өзгерту шаралары бойынша өзгертулерді енгізу және бұйымдардың номенклатурасы өзгерту қажеттілігі туады.[8]

Қалыпты жетістік қуаттылығы – бұл бір жыл ішінде анықталған жағдайларда өндірілген өнім бірліктерінің саны, ол нарық  конъюктурасын зерттеу кезінде  қарастырылып сұраныс көлеміне қатысты  болу керек.

Қалыпты жетістік қуаттылығы қалыпты жұмыс жағдайларында жүзеге асады, ол құрал – саймандарды орнату есебінен, кәсіпорынның техникалық ережелерді сақтау (жұмыс кезінде қалыпты үзіліс уақыты, тоқтатулар, мейрам күндер;техникалық қызмет көрсетуге бөлінген уақыт; жұмыс ауысымы құрылымын талап ететін құрал – сайман ауыстыру; негізгі құрал – саймандарды бөлшектер бойынша қолдану еместігі) және басқару жүйесінде қолданылады.

Номиналды максималды қуаттылық – бұл техникалық қол  жеткізілетін қуаттылық – ол негізінен  орнатылған құралдың қуаттарына қатысты болады және жеткізушімен кепілденеді. Өнімнің максималды шығаруына қол жеткізу үшін мүмкіншілік шектеріндегі жұмыстарды орындау керек, өндірісті қамтамасыз ету құралдарын жоспардан тыс қолдану, регламенттелген жұмыстар үшін өндіріс шығындарын қалыпты деңгейінің көшірілуіне алып келетін материалдар, детальдар, қор бөлшектері және көмекші құралдар қолданылады.

Кәсіпорынның  қажетті қуаттылығын анықтау  техника – экономикалық зерттеу  есебі кезінде жүзеге асады:

  • нақты бір бұйымның нарыққа ену деңгейі және сұранысты болжау;
  • талап етілген ресурстардың болуы;
  • өндірістің типтері (бірліктік және сериялық);
  • шығарылған өнімнің түрлері және көрсетілген қызмет түрлері;
  • қолданылатын технологиялар;
  • берілген өндіріс түрінің минималды рентабельділік мөлшері.

Өндірістің  минималды рентабельді өлшем  көрсеткіші көптеген өндіріс кәсіпорын  және жобалардың үлкен бөлігі үшін қолданылады, ол өндірістің минималды  көлемін береді, яғни шығындау көлемі анықталады. Мысалы: күніне 300 тонна  өнім шығарушы цемент зауытының қуаттылығы рентабельді емес деп саналады, өйткені мұндай өндіріс үшін вертикалды шақта пештері қажет. Олардың өнімі айналмалы пештерден алынатын нарықта бәсекеге түсетін өніммен бәсекелесе алмайды.

Дамыған елдердің өнеркәсіптік экономиканың көптеген секторларында кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы тез өсу тенденциясына ие болған. Ол өндіріс масштабының тиімділігімен шартталады. Үлкен және қуаттылығы инвестициялық шығындарды талап етеді. Олар кері төмен болады. Өйткені өнім көлемін ұлғайту өндіріс шығындарының төмендеуіне алып келеді.

Фирманың минималды  рентабельділігінің өлшемін анықтау  кезінде әлемдік тәжірибеге сүйену керек, өйткені өндіріс шығындары  арасында оның бизнес жоспар және аналогтық  шығындар басқа да кәсіпорындар осындай  өнімді шығару кезінде өзара байланыса анықталады. Егер осындай аналогия ресурстарының шектелуіне байланысты немесе сұраныс көлеміне байланысты қолданылатын болса өнім бағасы және өндіріс шығындары көтеріледі, ол мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі және ішкі нарық бәсекелестігін жоғалтады.

Басқа да негізгі  фактор анықталған қуаттылығы бар өндіріс  бірліктерінің жұмысы үшін жиі қолданылатын технология және құрал – саймандар  болып табылады. Әрине технология және құрал – саймандарды қуаттылығы төмен кәсіпорындардың жұмысы үшін қолдануға болады, бірақ мұндай өзгертулерге шығындар жоғары болып кетеді. Осы себепке байланысты әртүрлі саладағы жобалар өндірістің анықталған минималды рентабельді өлшеміне қатысты болу керек. Бұл шарт құрал – саймандар, машина жинау бойынша кәсіпорындар үшін оңтайлы, өйткені сериялық өндіріс үшін өнімнің сериялық шығару үздіксіз немесе жартылай үздіксіз өндіріс үлкен деңгейіне жеткізілуі тиіс. Сонымен қатар тұтынушының көзқарасы бойынша өндірістің қажетті, тиімді өлшемін толығымен анықтауға болады және қолданылатын технологиялар мен құрал – саймандарды да анықтауға болады.

Кәсіпорынның  қуаттылығын таңдаулы нұсқауларын  анықтау барысында кәсіпорынның қалыпты жетістік қуаттылығын және жобаланған сату көлемін жете бағалау  қажет. Бірнеше өнімдер үшін бірінші  шығарушы немесе бірінші нарық үшін жаңа өнім, сұраныстан жоғары және бірінші кезеңде сату көлемі бірнеше жыл бойы өсетін сұранысты қанағаттандыру керек. Бірақ та мұндай жоспарлау өндіріс қуаттылығын аяғына дейін қолданбау деңгейінен төмен болмауы тиіс. Өйткені сатудан түскен түсім өндіріс шығындарына тең болады тағы сол сияқты рентабельділік деңгейі де тең болады. Шығынның өсуі және сату көлемінің өсуі бойынша кәсіпорынның қуаттылығы жеткіліксіз болуы мүмкін. Сұраныс және өндіріс арасындағы өсімі айырылыс ең соңында өндірістің кеңейуінің себепшісі болады. Егер өндірісті тез арада кеңейту жоспарланса онда белгілі уақыт мерзімінде нарыққа ену кәсіпорынның қалыпты жетістік қуаттылығын орнату қажеттілігі тууы мүмкін. Бұл жағдайда сату өсімін кәсіпорынның қуаттылығын кеңейтуді болашақпен байланыстыру керек. Кәсіпорынның қуаттылығы және сату көлемін болжау арасындағы өзара байланыстылық, бағалар бойынша сұраныс икемділігі немесе шығындалу арақатынасы қуаттылық, нарықтық конъюктураны болжау сенімділігіне тәуелді болады. Әртүрлі өндіріс деңгейлері кезінде техника – экономикалық зерттеу компоненттері бір – біріне әсер ету қажеттілігін есептеу қажет. Сонымен қатар әртүрлі құралдардың баламалы нұсқаулар ағымын дайындау қажеттілігі тууы мүмкін. Өндірістің инвестициялық және өндірістік шығындарын екі немесе үш балама деңгейі үшін анықтау керек. Сонымен қатар өнім бағасына әсер етулерді анықтауымыз қажет, ал өнім бағалау кезінде өндіріс қуаттылығы негізінде жоспарланады және сату болжамы құралады. Кәсіпорынның жетістік қуаттылығы таңдалған болса, онда әртүрлі зерттеу компоненттерінің тиімді ара қатынасын анықтайды және коммерциялық тиімділігін көзқарасы бойынша қарастырады.[9]

Әртүрлі жобалар  үшін өндірістің анықталған стадиялары кезінде үлкен шығындалған қуаттылықты  болжау керек. Мұндай жағдайда шығындар ара қатынасы – қуаттылық жақсы әсер етеді және сұраныс өлшемімен анықталған стадиялар. Осындай әртүрлі комбинациялар мүмкін болады және ең керектісіне тоқталуымыз қажет.

Кәсіпорынның  қуаттылығы туралы ой нақты жобада мүмкін болатын өндіріс интеграция деңгейін анықтау, өндірілетін тауар санын өзгерту кезінде өзгереді. Инвестициялық шығындарға интеграцияға тәуелді болады, интеграция деңгейі төмен болса, инвестициялық шығындар төмен болады.

Кәсіпорынның  қуатын есептеу үшін арнайы формулалар жоқ.

Құрастырушы техника – экономикалық зерттеулер өндіріс саласына тәуелді әртүрлі  мағына береді. Бірақ та техника  – экономикалық зерттеу кезінде компоненттердің ара қатынасы, оны ұлғайту бойынша әртүрлі іс -  шаралар өндіріс қуаттылығының икемсіздігіне әсер ете алады. Қалыпты жетістік қуаттылығын таңдаумен қатар оның ортақ құндылығын есептеу және өндірістің әртүрлі құрастырушысы жете сұраныстарын есептеу қажеттілігі негізінде пайда болуы мүмкін. Жобаны тұтынушыларын жұмыс күші кезінде анықтау қажет. Бұл нақты сұраныс тек технологияның және құрал – саймандарды анықтаумен анықталады. Бірақ та өндіріс технологиясы квалификацияланған персоналды болуына тәуелді болса, көптеген жобалар үшін сұраныстың жұмыс кезінде анықтау кәсіпорынның қалыпты жетістік қуаттылығы анықталады.

Кәсіпорынның  өндірістік қуаты дегеніміз –  номнеклатура мен ассортимент бойынша, кәсіпорындардың құралдары мен  өндіріс алаңын прогрессивті технологияның, еңбек пен өндірісті тиімді ұйымдастыра  отырып, өнімнің максималды көлемін  өндіруді айтады. Өндірістік қуат пен өндірістік бағдарлама түсініктері жоспарлы есептерде сәйкес келмейді. Егер біріншісі кәсіпорынның белгілі уақыт кезеңінде өнімнің натуралды түрде максималды көлемін шығаруға жауап берсе, екіншісі жоспарлы кезеңдегі өндіріс қуатын пайдалануын сипаттайды. Жоспарлау кезінде өндірістік бағдарлама да өндірістік қуат та бірдей натуралды және құндық түрде көрінеді. Өндірістік қуатты жоспарлау оның көлеміне әсер ететін факторларға байланысты. Қуатын есептегенде келесі факторлар ескеріледі: негізгі өндірістік қорларының құрылымы мен мөлшері, құрал – жабдықтардың сапалық құрамы мен физикалық және моральдық ескіруі, құрал – жабдықтың өндіруінің техникалық нормалары, өндірістік алаңды пайдалану,  өнімдердің еңбек сыйымдылығы, қолданылатын технологиялар, жұмыс істеу режимі, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру деңгейі, жұмыстың уақыт қоры, шикізат сапасы мен жабдықтаудың динамикасы. Өндірістік қуат – тұрақсыз. Қуаттың келесі себептері болады: құрал – жабдықтың тозуы, өнім шығарудың өсуі, өнім номенклатурасы мен ассортиментінің кеңеюі, жұмыс істеу уақыт қорының төмендеуі, құрал – жабдықтардың лизингтік уақытының бітуі. Бұл факторлар кері бағытта да жұмыс істейді.[11]

Нақты және жоспарлық  қуатты айыра білу қажет. Олардың  сәйкес келуі оны меңгеру деңгейіне байланысты. Жоспарлы қуатты меңгеру деңгейі келесі көрсеткіштермен сипатталады: меңгеру ұзақтылығымен жоспарлық қуатты меңгеру деңгейімен, қуатты пайдалану ұзақтығымен, меңгеру кезеңіндегі шығарылған өнім көлемімен, өзіндік құнның жоспарлы өнім деңгейіне жеткенде еңбек өнімділігі мен рентабелділігі.

Жобаланған  қуатты меңгеру кезеңінің ұзақтылығы деген – оны қабылдау актіге қол  қойған күннен бастап, тұрақты өнім өндіруге дейінгі уақытты айтамыз. Меңгеру кезеңіндегі обьектілердің  өнім өндіру көлемі осы көрсеткіштерді ескеру негізінде анықталу қажет. Меңгеру деңгейі – бұл белгілі мерзімде жобадағы қуаттың меңгерілуі. Ол белгілі кезеңдегі өнім өндірудің жобалық қуатының қатынасымен анықталады. Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу әдісін қарастырайық. Оны есептеу үшін келесі мәліметтер қажет: бір стоноктың жұмыс істеу қоры, стонок саны, құрал – саймандардың өнімділігі. Кәсіпорынның өндірістік қуаты ондағы басты цехтардың, учаскелердің, құралдардың қуаты арқылы анықталады. Өндірістік қуатты есептеудің екі әдісі бар:

- құралдардың өнімділігі бойынша;

- тауарларды жасаудың еңбек сыйымдылығы бойынша.

Үздіксіз өндірістерде өндіріс қуатын әдетте – құрал  – саймандардың өнімділігімен, ал дискретті  өндірісте - өнім шығарудың еңбек  сыйымдылығы бойынша есептелінеді.

1.Агрегаттық өндіріс қуаты (Ма) жоспарлы жылдық уақыт қорын

(Фп) оның уақыт  бірлігі өнімділігіне (Эа) көбейткенге  тең.

 

                              Ма = Фп*Эа                  (8)

 

Өндірістік  қуатты есептегенде агрегаттың жоспарлы жұмыс істеу қорын есептеген жөн. Уақыт қорының күнтізбелік (Фк), режимдік (Фр) және жоспарлы (Фп) түрлері болады. Өндірістік құралдардың күнтізбелік уақыт қорын есептеу арқылы басқа да уақыт қорларын есептеуге болады. Ол күнтізбелік кезеңдегі күндер санын күндегі сағат санына көбейту арқылы табылады. Агрегаттың режиміндегі уақыт қоры (Фр) жылдағы күнтізбелік күндер санына (Дк) және жұмыс істелген күндер (Дн) мен кәсіпорындағы ауыспалы жұмыс санына байланысты.

 

                     Фр =(Дк – Дн) *t                          (9)

 

Мұндағы: t – машинаның күндік жұмысының орташа саны.

Уақыт қорының жоспарлы жұмысы (Фп) режимдік қорымен (Фр) жоспарланған кезеңдегі құрал – жабдықтарды жөндеуге, дұрыстауға, орнатуға кеткен уақыт шығындарының айырмасына тең.

 

              Фп= Фр – tn = Фр (1-(tp + tn)/1)              (10)

 Мұндағы: tp – режимдік  қормен салыстырғандағы құрал  – жабдықтарды жөндеуге кеткен  уақыт шығындары; tn – режимдік  қормен салыстырғандағы құралдарды  дұрыстауға, орнатуға және тағы  басқа кеткен уақыт.

2. Учаскенің,  цехтың өндірістік қуаты, ол бір типті құрал – жабдықтармен жабдықталғанда – бір агрегаттың нормативтік, жылдық өнімділігін, осындай құрал – жабдықтардың орташа жылдық паркіне көбейту арқылы табылады және өндірудің орындалуының орташа коэффициентін ескерген.

                         Му = Ма* К*n                                (11)

3.Кәсіпорынның  өндірістік қуаты негізгі цех  бойынша саналады. Ол үшін барлық  цехтардың өндірістік қуаты есептеліп,  кәсіпорынның қуаты, диаграммасы  құрылады. Машина жасау мен металл  өңдеу кәсіпорындарында негізгі цех болып құрастыру цехы саналады. Сонымен кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын құрағанда бір жағынан қуатын өндіруге бағытталса, екінші жағынан бар қуатты толық пайдалануға бағыттау қажет.

Өнім өндіруді жоспарлау өндірістік бағдарламада бекітілген өнім өндіру көлеміне қажет ресурстармен толық жабдықталған жағдайда жүзеге асады. Сондықтан өндірістік бағдарламаның өндірістік қуатқа негізделіп жасалуы негізгі шарт болып табылады.

Өндірістік  бағдарламаны есептеудің қысқаша алгоритмі  келесідей болады:

  1. Тапсырыстар қоржыны талданады.Онда ең үлкен үлес салмағы бар өнім таңдалады. Ол үшін ассортимент өнім түрі мен көлемі бойынша сыныпталып, ең көп өткізілген өнім түрі таңдалады.
  2. Негізгі өнім ретінде таңдалған тапсырыстар қоржынындағы өнімнің бір түрі ассортиментінің қайта есептелуі жүргізіледі. Қайта есептеу коэффициенті тауардың әр бір түрінің еңбек сыйымдылығын, таңдалған өнім еңбек сыйымдылығына бөлу арқылы анықталады. Содан соң өткізу жоспары бойынша өнім санын қайта есептеу коэффициентіне көбейтеміз. Қорытындылар қосылады да қосынды өндірістік бағдарлама жоспары болып табылады.
  3. Жоспарлы кезеңде орташа өндірістік қуатты пайдалану талданады. Жасалған талдау негізінде, қолданылған өндіріс қуаты техника мен технологиялық прогрестер, өндірістік алаң мен құрал – жабдықтар қолдану деңгейі және кәсіпорын өндірісі мен еңбекті пайдалану деңгейі анықталады. Орта жылдық өндірістік қуатты пайдалану коэффициенті – нақты және жоспарлы өнім өндіруді нақты немесе жоспарлы орта жылдық өндіріс қуатына бөлу арқылы анықтайды.
  4. Бұл кезеңде өндіріс қуатын қолдануды жоғарылату жоспарланып отыр, ол өз кезегінде ішкі өндірістік қорларды пайдалану негізінде жүзеге асады. Ішкі өндірістік қорларды және қолда бар өндірістік қуаттарды пайдалану экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді. Экстенсивті режимдік қор шегінде құрал – саймандардың тиімді жұмыс істеуі уақытының жоғарылау қоры. Интенсивті факторға уақыт бірлігіне санағандағы құрал – жабдықтардың жүктелуі және жылдық өнімді өндіруді жоғарлату.

Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастырудың теориялық негіздері