Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастырудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 16:02, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып, нарықтық экономика жағдайында бір жағынан тұтынушылардың билігі, екінші жағынан кәсіпкерлік іс- әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркетингтік зерттеулер, бәсекелестерді, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................4-5
1.КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың мәні және мазмұны...6-8
1.2.Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрылымы мен көрсеткіштері......................................................................................9-12
1.3.Өндірістік бағдарламаны әзірлеу әдістемесі...............................13-29
2. «МЕРКІ ІРІМШІК ЗАУЫТЫ» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ
2.1 “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС-ның жалпы техника-экономикалық сипаттамасы......................................................................................30-42
2.2 Кәсіпорынның өнім өндіруі мен өткізуін талдау.....................43-45
2.3 “Меркі ірімшік зауыты”ЖШС өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау...........................................................................46-49
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС – да өндірістік бағдарламаны жоспарлауын жақсарту жолдары.....................................................50-53
3.2 Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасуының жаңа әдістері........................................................54-62
Қорытынды.....................................................................................63-64
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................65

Работа содержит 1 файл

экономика.doc

— 521.00 Кб (Скачать)

Мазмұны

Кіріспе

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып, нарықтық экономика жағдайында бір жағынан тұтынушылардың билігі, екінші жағынан кәсіпкерлік іс- әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркетингтік зерттеулер, бәсекелестерді, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.

Курстық тақырыбының мақсаты болып кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастыруда жаңаша ұсыныстарды қарап, оның теориялық және практикалық негіздерін зерттеу.

Курстық жұмыстың тақырыбына сай міндеттері болып:

    • нарық жағдайында өндірістік бағдарламаның             қалыптасуының теориялық негіздерін ашып көрсету;
    • өндірістік бағдарламаны жоспарлаудың әдістерін қарастыру;
    • сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасаудағы ерекшеліктерін анықтау;
    • кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау саналады.

Зерттеп отырған кәсіпорынның мәні болып, кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасу үрдісі болып табылады.

Зерттеудің  обьектісіне сүт өнімдерін шығаратын  “Меркі ірімшік зауыты”ЖШС-і табылады. “Меркі ірімшік зауыты”ЖШС-і Меркі ауданының алдынғы қатарлы сүт өнімдерін өндіруші кәсіпорын болып табылады. Негізгі қызметі – ауыл шаруашылық шикізаттарын қабылдау, өндіру және қайта қорытып, олардан халық тұтынатын тағам түрлерін шығару болып табылады. Бұл кәсіпорынның басты тапсырмасы қоғамдық тұтынушыларды өз өнімдерімен қанағаттандыру, түскен пайданы еңбек ұжымының мүшелері мен кәсіпорын меншігінің экономикалық - әлеуметтік жақсартуға пайдалану.

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Бірінші тарауда – кәсіпорында өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың теориялық негіздеріне тоқтала келе, олардың мәні мен мазмұнын және бағалау әдістерінің тиімділігін арттыру факторлары қарастырылады.

Екінші тарауда  «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС-нің экономикалық белсенділігі мен кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрылымына талдау жүргізіледі.

Үшінші тарауда  кәсіпорынның бағдарламасын қалыптастыруды жетілдірудің негізгі бағыттары  мен оны жақсарту жолдары және кәсіпорынның экономикалық әлеуетін көтеру, сонымен қатар «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС-де кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын арттыру жолдары қарастырылып отыр.

Қорытынды бөлім  зерттелу тақырыбының мазмұнына  сәйкес оның негізгі бөлімдері бойынша  қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады.

Курстық жұмысты жазу барысында кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптасуының теориялық және практикалық аспектілеріне терең зерттеу жүргізіле отырып, оның экономикалық мәні, кәсіпорында тиімді пайдаланудың ерекшеліктері, кәсіпорында ұйымдастырылу саясаты, сонымен қатар өндіріске иновациялық жаңалық енгізу құралы  қарастырылады. Курстық жұмысты жазу барысында ҚР заңдылық құжаттары,оқулықтар интернет сайттарының және кәсіпорынның нақты мәліметтері, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары, үкімет бекіткен бағдарламалар мен қаулылар, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің ақпараттары қолданылды.       

1-Тарау.КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1.Өндірістік  бағдарламаны қалыптастырудың мәні және мазмұны.

Өндірістік  бағдарлама тұтынушылар үшін өнім өндіретін  кез келген кәсіпорында жасалады. Өндірістік бағдарламаны жасаған кезде әртүрлі факторларды ескеруді қажет етеді. Өндіріс саласына байланысты өнімнің бірнеше түрлерін анықтайды: материалдық өндіріс (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс, тағы басқа) және материалдық емес өндіріс(тасымалдау, сауда, білім беру, денсаулық сақтау және тағы басқа) кез келген өндірісте өндірілетін өнімдердің сыныптамалары мен топтамалары болады, сол бойынша мысалға өнеркәсіпте машина жасау,тігу және тоқыма, аяқ киім тігу өнеркәсіптері бар. Қызмет те өз кезегінде бөлінеді: темір жол, теңіз, әуе, автомобильдік және басқа да тасымалдар.

Кәсіпорынның  өндірістік бағдарламасы – тұтынушылардың тапсырысы мен келісім – шартқа байланысты өндірілетін өнімдер мен қызметтердің жиынтығы болып табылады. Өндірістік бағдарламаны жасағанда кәсіпорынның негізгі мақсаты ескеріледі, яғни өнім табыстылығы мен капитал рентабельділігінің жоғары деңгейін сақтай отырып өндірісті кеңейту.Осы жоспарларды орындау үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді даму стратегиясын жасайды.[1]

Ұзақ мерзімді стратегияны жасағанда өндірістік бағдарламада көрсетілген өнім номенклатурасының  өмірлік циклының ұзақтығын ескерген жөн.Әрбір тауардың өмірлі циклы 4 кезеңнен тұрады: басы, дамуы, жетілуі, ескіруі. Сатылған өнім көлемі мен тауардың өмірлік циклының фазасы бойынша Сонымен әрбір кәсіпорын өндірістік бағдарламаны қажет етеді және оны құрау кезінде маркетингтік зерттеулерге сүйену керек.Маркетингтік зерттеуге сүйену жоспарлауға және өндірістік шешімдерді қабылдауға әсер етеді және де өз кезегінде өндірістік бағдарламаға да әсер етеді. Осыған орай өндірістік бағдарламаны жасағанда оның түбінде тауарлық стратегияға, тауарлық саясатқа және өндіріс стратегиясына сүйенген жөн.

Диверсификация  – капитал мен табыстың тиімділігін  жоғалту тәуекелімен инвестицияланған және басқа жолмен кәсіпорынға түскен қаражатты бірнеше обьектілер арасында бөлу.

Өндірістік  диверсификация – бір уақытта  бір – бірімен байланыссыз  өнім түрлерін шығару және өнім ассортиментін кеңейту.

Өндірістік  бағдарламаны диверсификациялау алдында  нарықтағы сұраныс пен ұсынысты зерттеу қажет, одан кейін өнімнің  қай түрін өндіруді жоғарлату  керектігі анықталады. Кейіннен барып  өндірістік бағдарламаның орындалуына қарай диверсификациялау қажеттілік деңгейі табылады.

Тауарлар мен  қызметтердің әр түрлі түрлері өндірістік бағдарламаның номенклатурасы деп  аталады.Өнім ассортименті өндірісте  ерекше бір тауарлардың үлес салмағымен сипатталады. Өндірістің әртүрлі кезеңдерінде сату көлемін жобалаудан кейін жете өндірістік бағдарлама құрастырылады. Мұнда өндірістің деңгейлері анықталады, олар белгілі уақыт мерзімінде қол жеткізілуі тиіс. Мұндай бағдарламалар құру үшін әртүрлі өндірістік кезеңдердегі іс шараларды және оларды жүзеге асыру графиктерін жете қарастыру керек. Көптеген жобаларға бірінші кезеңде толық қуаттылыққа жету мүмкін емес.

Технологиялық, өндірістік және коммерциялық әртүрлі  қиыншылықтар салдарынан жобаларды  жүзеге асырудың үлкен бөлігі осы  бірінші кезеңде үзіледі, бір жағынан сату көлемінің жекелеген өсімі және нарыққа ену қиындығы, екінші жағынан өндірістік процестерінің шығындарын меңгеру мүмкін емес. Өнімді сату өндірісінің мінездемесіне тәуелді кәсіпорынның ортақ қуаттылығы бірінші жылдары 40 – 50 % ғана жете алады. Тек үшінші және төртінші жылдары толық қуаттылыққа қол жеткізуге болады. Бұл өнеркәсіптік бұйымдарды өңдейтін кәсіпорындар үшін, бірінші жылы есептелінген қуаттылыққа қол жеткізуге болады. Бірақ та бұл жерде бірінші жылдың шығару көлемі кәсіпорын қуаттылығының мүмкіндігімен төмен деңгейде жоспарланады.

Технологиялық ерекшеліктерінің есебі және басқа  жағдайлар кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын, өнімнің шығару көлемдерін жылдарға бөлу арқылы құруға мүмкіндік  алады.

Сонымен әрбір  кәсіпорын өндірістік бағдарламаны қажет етеді және оны құрау кезінде маркетингтік зерттеулерге сүйену керек. Маркетингтік зерттеуге сүйену жоспарлауға және өндірістік шешімдерді қабылдауға әсер етеді және де өз кезегінде өндірістік бағдарламаға да әсер етеді. Осыған орай өндірістік бағдарламаны жасағанда оның түбінде тауарлық стратегияға, тауарлық саясатқа және өндіріс стратегиясына сүйенген жөн.

Диверсификация  – капитал мен табыстың тиімділігін  жоғалту тәуекелімен инвестицияланған және басқа жолмен кәсіпорынға түскен қаражатты бірнеше обьектілер арасында бөлу.

Өндірістік  диверсификация – бір уақытта  бір – бірімен байланыссыз  өнім түрлерін шығару және өнім ассортиментін  кеңейту.

Өндірістік  бағдарламаны диверсификациялау алдында  нарықтағы сұраныс пен ұсынысты зерттеу қажет, одан кейін өнімнің қай түрін өндіруді жоғарлату керектігі анықталады. Кейіннен барып өндірістік бағдарламаның орындалуына қарай диверсификациялау қажеттілік деңгейі табылады.

Сонымен кәсіпорынның тиімді жұмысының түбінде тұтынушылардың қажеттілігін толық қанағаттандыру жатыр. 80 – жылдары кәсіпорынның тиімділікке жеткізетін қағидасы ашылды, ол – ресурсты бағыт. Ол бағыттың өкілдерінің айтуынша  нарық тұтынушының ғана нарығы сипатына иеленгенде, кәсіпорын сәттілігі оның потенциалымен анықталады. Екі түрлі қағиданың өкілдерінің бірінікі ғана дұрыс деп айту қате болар еді. Әрине біздің айтуымызша өндірістік бағдарламаны жасағанда нарықтық қағида басты орын алғанымен ресурстық қағиданың өз орнын мойындамасқа болмайды, оның себебі өз ресурстарын жақсырақ меңгеріп, өндірістік бағдарламаны құраған кәсіпорын сөзсіз бәсекеге қабілеті жоғары болатыны бәріне мәлім.[2]

Ресурстық бағыт  ең бірінші өндірістік стратегияның жасалуымен тығыз байланысты, ал ол экономикалық әдебиеттерді қарасақ  оның негізгі үш түрін бөліп қарауға болатынын көрсетті, шығындарды минималдау, сапаға негізделген және уақыт факторын тиімді пайдалану стратегиясы. Сондықтан да жетістікке толық жету үшін екі қағиданы да үйлестірген үлкен көрегендік болады. Негізгі тақырып бойынша толық зерттеулерді келесі тарауларында қарастырытын боламыз.

1.2.Кәсіпорынның  өндірістік бағдарламасының құрылымы  мен көрсеткіштері

Нарық жағдайда дамып отырған әрбір кәсіпорынның тактикалық жоспарының басты бөлімі болып өндірістік бағдарлама табылады. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы оның шығаратын өнім ассортименті мен номенклатурасына сәйкес қажеттіліктерді анықтайды. Сонымен бірге  өндірістік бағдарлама қажетті өндіріс қуатын, жұмысшылар санын, шикізаттар мен материалдар көлемін және көлік қажеттілігін белгілейді.

Өндірістік бағдарлама көптеген басқа жоспарлармен тығыз  байланысты: еңбек және жалақы бойынша, өндіріс шығындары бойынша, табыс пен рентабельділік және қаржы жоспарымен.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар біздің жағдайда “Меркі ірімшік зауыты”ЖШС-і  өз өндірістік бағдарламасын мемлекеттік тапсырыстар бойынша, жеке тұтынушылар тапсырысымен және тағы басқа нарықтық қажеттіліктерді ескере отырып жасайды.

Мемлекеттік тапсырыстар  көбінесе халықшаруашылық маңызы бар, сирек кездесетін өнім өндірушілерге  ғана беріледі. Мемлекеттік тапсырыстар экономикасы дамыған барлық елдерде тараған және оның негізгі қағидаларына қайшы келмейді. Сонымен бірге мемлекеттік тапсырыстар алған кәсіпорынның беделін арттырады және ол көбінесе тендер арқылы беріледі. Мемлекеттік тапсырыс негізінен оны ең тиімді және сапалы орындайтын кәсіпорындарға беріледі.

Өндірістік бағдарлама екі бөлімнен тұрады: өнім өндірудің  натуралды түрдегі жоспары және құндық түрдегі өндіріс жоспары. Натуралды түрдегі өндіріс жоспары тауардың белгілі ассортиментіне, номенклатурасына және сапасына сәйкес өнім өндіру көрсеткіштерінен тұрады. Натуралды түрдегі өнім көлемінің өлшеуіштері ретінде: дана, тонна, шаршы метр, куб және тағы басқа. Кейбір кәсіпорындарда екі түрлі өлшеуіштер қолданылады,мысалға: мата өндірісінде погондық және шаршы метрмен, қағазда тонна және шаршы метрмен, құбырларды тонна және погондық метрмен. Жоспарда екі өлшеуішті қолдану өндірістің нақты көлемі мен оның тұтынушылық қасиеттерін толығырақ сипаттауға мүмкіндік береді. Арналуы бойынша бірдей, бірақ тұтынушылық қасиеттері әртүрлі тауарларды жоспарлау кезінде шартты -  натуралды өлшем бірліктері қолданылады, мысалға: қуаты бойынша әртүрлі отын түрлерін өндіруді жоспарлау кезінде қуаттылығы тоннасы 7000 Ккалл тең отынды шартты отын тоннамен өлшейді.[3]

Құрылыс материалдарын  өндіруді жоспарлау шартты қуаттылығы миллион данамен есептелсе, консерві өндіру шартты банкамен. Тауардың бірдей түрін өндіретін, бірақ қуаттылығында, көлемінде, еңбек сиымдылығында  айырмашылығы бар кәсіпорындарда да шартты және шартты – натуралды көрсеткіштер қолданылады. Ал біздің зерттеп отырған кәсіпорын “Меркі ірімшік зауыты”ЖШС - өндіретін өнімі данамен өлшенеді. Өнімді натуралды түрде өндіру мен өткізу нақты өндірілген өнімді нарық қажеттілігімен, өндірістің қуаттылығымен және қажетті өндіріс ресурстарымен сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Алайда натуралды өлшеуіштерді қолдану көп арналымды диверсификациялық кәсіпорындарда өндірістің жалпы көлемі мен құрылымын табуды, шығындарды есептеуді, сатудан түскен табыс пен таза табысты есептеуді қамтамасыз ете алмайды. Оны есептеу үшін ақшалай түрдегі өнім өндіру жоспарын жасау қажет.

Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастырудың теориялық негіздері