Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:30, курсовая работа
Кәсіпорынның маркетинг қызметіндегі маркетинг-микс кешендері негізгі орынға ие және де оның басты ядросы – тауар саясаты болып саналады. Қазақстан кәсіпорындарындағы тауар саясатының қалыптасуын зерттеу көтерме сатушылардың тапсырыс беруі арқылы тауар ассортиментін жоспарлау саясатынан, барлық проблемалардың кешенін құратын тауар саясатына өтудің тиімділігін көрсетті.
3.2 Тауарды жылжыту үрдісінде халықаралық стандарттарды қолдану ерекшеліктері
Қазіргі таңда кәсіпорындағы өнім сапасын басқарудың халықаралық тәжірибеде көрсетілген 9000-сериалы ИСО халықаралық стандарты кең таралуда. Бұл стандартта көрсетілген құжаттарға сай өнім сапасы саласындағы саясат, яғни, өнім сапсын қамтамасыз ететін, жақсартатын және оны басқаратын тікелеи сапа жүйесі көрсетіледі.
Сапа саласындағы саясат кәсіпорын қызметінің қағидасы түрінде немесе ұзақ мерзімді қағида ретінде қалыптасуы мүмкін. Оларға жататындар:
ИСО стандартына сай, өнімнің өмірлік циклі шетел әдебиеттерінде сапа сабақтастығын білдіреді және де ол он бір кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдер құрылымы 6-суретте көрсетілген.
6-суретте көріп отырғанымыздай, сапа сабақтастығы 11 кезеңді қамтиды (маркетинг; өнімді жобалау, жасау; материалды техникалық қамтамасыз ету; өндірістік өнімді дайындау және жасау; дайындау; байқау жүргізуді бақылау; қораптау және сақтау; өткізу; монтаж және эксплуатация; техникалық қызмет көрсету; утилизация).
Бірінші кезең маркетингтен басталып, өндіріс процесінің соңы да маркетингке қайта келеді. Нақты айтар болсақ, өнім сапасы мен бәсекеқабілеттілігі, тәжірибелі және сериялық өндірістен бастап, сапасны басқару мен бақылау әдіс-тәсілдері, транспорттау және сорттау әдістемелері, монтаж бен сатудан кейінгі қызмет көрсетуді қамтитын шығарылған өнім сервисі мен оны өткізуге дейінгі барлық маркетинг кешенінің функциялары орындалып отырады. Шетелдік фирмалардың тәжірибесіне келер болсақ, ISO халықаралық стандартарының барлық талаптарын орындаған жағдайда фирма өнімдерінің сапасы ғана жақсарып қоймай, жалпы қызмет аясы бір бағытта жүргізіліп, еш қиындықсыз әлемдік нарықққа өз өнімдерін шығара алады [15, 108б.].
Еліміздегі нан және
нан өнімдерін өндіретін
2.Өнімді 3.Материалды-техникалық
жобалау,жасау
1.Маркетинг
11.утилизация.
10.Техникалық
қызмет көрсету
9.Монтаж және
эксплуатация 8. Өткізу 7. Қораптау және
6-сурет – Сапа саласындағы кәсіпорын саясаты
болып отыр. Ең алдымен тауар саясатына келер болсақ, мұнда өнім сапасын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар оның ассортиментін де ұзарту қажет деп ойлаймын. Мысалы, Алматы қаласының нан нарығын алып қарасақ, мұнда негізінен дәстүрлі бірінші сортты кірпіш наны, батон, қара бидай наны (ржаной) және де тар ассортиментте «Президенттік», «Плетенка» және т.б. нан топтары бар. Әрине біз нан түрлерін шетелге шығара алмаймыз, бұл өз нарығымызда халыққа ең басты тұтыну көзі болып қала бермек. Алайда шетелдік нарыққа шығару үшін біздің ойық тоқаштар, пряниктер, кептірілген нандар немесе ұлттық тағамдарды шығаруға болады емес пе? Бұлай дейтін себебіміз қазақ халқы ежелден сақтау мерзімі ұзақ өнімдерді тұтынған. Ұлттық өнімдерді мықты бәсекеге төтеп бере алатындай етіп, ISO халықаралық стандартының барлық талаптарына сай сапалы етіп шығаруды отандық кәсіпорындар қолға алуы қазіргі заман талабы.
Осы негізде «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-ы ISO 9001:2000 халықаралық стандартына өту үшін 2007 жылдан бастап қызмет етіп келеді. «Ақсай» нан-тоқаш комбинатының өнімдері Республикамыздың нан нарығындағы сапалы өнімдердің бірі. Құрылғанына 20 жылға жуық уақыт өтсе де бұл комбинат еліміздің облыс орталықтарынан өз филиалдарын ғана ашып қоймай, сонымен қатар көршілес Ресей мемлекетіне де өз тауарларын ұсынуда. Жаңа нарыққа жаңа тауармен деген саясатты жүргізіп отырған «Ақсай» нан-тоқаш комбинатының технолог мамандары мен Алматы технология институтының ғалымдары бірігіп жоспарлап отырған ұлттық өнім «Алтын жент» болып саналады. Бұл өнім құрамында қатты заттар көп болғандықтан оны асықпай шайнап, сорып жеу керек. Ал ішек ауруларымен ауырып жүрген адамдар ауыз керіп, еріп тұратын тамақты ұмытулар кереетігін ескере кетсек, «Алтын жентті» тұтыну арқылы өз ауруларына шипа табатыны да сөзсіз. Бұл өнім бір жағынан халықымыздың ұлттық тағамы болса, екінші жағынан емдік қасиеті де бар. Сапа менеджіменті арқылы басқаруды қолға ала отырып, өз өнімдерін жақсартып отырған «Ақсай» нан тоқаш комбинатының өнімдері бірнеше халықаралық сапа кепілдіктеріне ие болды, атап айтсақ Женевада өткен сапа жәрмеңкесінің «Алтын жұлдыз» белгісін, Мальтада өткен жәрмеңкенің «Хрусталді жауынгер» белгісін және елімізде өтетін жыл сайынғы азық түлік жәрмеңкелерінің жүлделерін жеңіп алды.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына жолдауында елімізді әлемдік елу бәсекеқабілетті елдердің қатарына енгізуіміз керектігін ұсынды. Ол үшін әрине, біз әлемдік нарықтағы бәсекеге төтеп бере алатын сапалы тауарлар шығаруымыз керек, біздің кәсіпорындарымыз әлемдік стандарттарға сай жұмыс істеуі қажет [15, 120б.].
Қорытынды
Кәсіпорынның маркетинг қызметіндегі маркетинг-микс кешендері негізгі орынға ие және де оның басты ядросы – тауар саясаты болып саналады. Қазақстан кәсіпорындарындағы тауар саясатының қалыптасуын зерттеу көтерме сатушылардың тапсырыс беруі арқылы тауар ассортиментін жоспарлау саясатынан, барлық проблемалардың кешенін құратын тауар саясатына өтудің тиімділігін көрсетті. Бұл әсіресе, тұтынушылардың талғамын ескере отырып, тиімді тауар ассортиментін құрумен, тауардың жаңа түрлеріннарыққа шығарумен, өнім сапасы мен бәсекеқабілеттілігін арттыру бойынша маркетингтік стратегияларды жасаудан, тауардың өмірлік цикліне байланысты маркетинг саясатын шығарудан, тауар белгісі мен қораптарын тиімді пайдаланудан көрінеді.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында үздіксіз дамуын қамтамасыз етуі – бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің бірі. Яғни тұтынушылар сұранысы мен нарық талаптарына бағыттала әрекет етуі қажет. Сондықтан да тауар саясатының талаптарына бүкіл кәсіпорын қызметі – жаңа тауар идеясынан бастап, өндірістен тауарды алып тастау туралы шешімді қабылдағанға дейін бағынуы керек. Міне, сонда ғана кәсіпорын бәсекеқабілетті өнім дайындап, нарықтағы өз позициясын нығайта алады. Кәсіпорынның нарықтағы позициясын, ең біріншіден, тауардың бәсекеқабілеттілігі анықтайды. Сондықтан кәсіпорын тұтынушылардың талаптарына сай жаңа өнімдерді нарыққа шығарып қана қоймай, оның өмірлік циклін, бәсекеқабілеттілігін (бәсекеқабілеттілікті тұтынушылар анықтайтынын ұмытпау қажет) және ассортиментік саясатын қадағалап, тұтынушылар талаптарына сай өнім өндіру жолында еңбек етуі керек. Тауар қаншалықты жоғарғы сапалы болса да, нарықта сұранысы болмаса бәсекеқабілетті бола алмайды.
Қазақстан нарығында нан және нан өнімдерін, тоқаш және кондитер өнімдерін, сонымен қатар кептірілген нан мен жартылай фабрикаттар шығаруға маманданған «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-ғы табысты қызмет етіп келеді. Кәсіпорын үшін ең басты фактор - өнім сапасы болып табылады. Себебі, өнім сапасы нарық сегментінің кеңеюін, кәсіпорынның өсіп, өркендеуін, сондай-ақ пайданың өсуін қамтамасыз етеді. «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты Алматы қаласындағы қатаң бәсекеге қарамастан сәтті қызмет етуде. Онымен қоса Қазақстанның ірі-ірі қалаларынан өз филиалдарын, кішігірім сауда өкілдерін ашуда. Атап айтсақ, Өскемен қаласындағы және Көкшетау қаласындағы нан зауыттары жергілікті халықтардың талаптарына сай өнім түрлерін шығарып, нарықтың ауқымды бөлігін қамтып отыр. Сонымен қатар Астана, Атырау және Шымкент қалаларынан филиалдарын ашу жоспары өз күшіне еніп келеді.
«Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-ның тауар саясатын зерттеуде қаржы-шаруашылық қызметін талдау жасалды. Комбинат барлық істерін шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыру арқылы жүргізеді. «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-ның өндірістік, әлеуметтік қызметі және еңбекақы төлемі еңбек коллективінің жұмыстары негізінде жүзеге асады. Кәсіпорынның өткізуден түскен түсімінен материалды шығындар өтеледі. Пайда кәсіпорын қызметінің жалпылама жинақтаушы көрсеткіші болып саналады. Пайданың бір бөлігін комбинат мемлекеттік бюджет пен екінші дәрежелі банктер алдындағы борышын өтеуге жұмсайды, ал екінші бір бөлігі толықтай иелігіне түседі. Бұл жағдайда кәсіпкерлік қызметті талдау және бақылау «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-ның өмірлік цикліндегі ең маңызды кезең болып саналады.
Тауар саясатының ішінде жаңа тауар бойынша емдік-диеталық және де профилактикалық сипаттағы нандарды өндіріске енгізу оң нәтиже береді деп ойлаймын. Сонымен қатар, ұлттық сипаттағы «Алтын жент» өнімі тұтынушылардың арман-тілектерін орындайтын, әрі ойларынан шығатын өнім болатынына сенемін. Тағы бір тоқтала кететін жайт, қазақша аталымдағы нандарды шығаруды немесе нан өнімдерінің атауларын қазақшаға аударуды қолға алған жөн.
«Ақсай» НТК ЖШС-ы нарықтағы өз позициясын жоғалтып алмас үшін, сондай-ақ өзі иемденетін нарық үлесін ары қарай кеңейте беру мақсатында нақты құрылған маркетинг бағдарламасын жасауы қажет. Соның ішінде: комбинат жұмысының күшті және әлсіз жақтары, мақсаттары мен міндеттері, мақсатты нарықтық даму стратегиясы, маркетингтік стратегия, тауар стратегиясы, баға стратегиясы, тауар қозғалысын құру стратегиясы, өткізуді ынталандыру стратегиясы, бағдарлама бюджетін құру стратегиясы. Жалпы тауар стратегиясы – бұл кәсіпорынның нарықтағы қызметінің тиімділігін жоғарылату мақсатында тауар ассортиментінің және номенклатурасының ықшамды бағыттарын дайындау. Осы арқылы, біріншіден, тауар құрылымын ықшамдау, екіншіден, тауардың әр түрінің өмірлік циклі кезеңін анықтау, үшіншіден, жаңа тауарды дайындау және енгізу, төртіншіден тауардың сапасын және бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету. Соңғы жылдары комбинат әр түрлі жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысып, бірнеше медалдар мен белгілермен марапатталды. Соның нәтижесінде кәсіпорын кәсіпорын өнімдерінің сатылуы жоғарылап, комбинаттың беделі артып отыр.
Шығарылған өнімді нарықта ұзақ уақыт ұстау үшін «Ақсай» НТК ЖШС-ы өнімнің инновациялық, модернизациялық, дифференциалдық және элименациялық стратегияларын қолдану арқылы тауар ассортименті жаңаландырады.
Комбинат өнімі жоғарғы сапаға ие болғандықтан ИСО халықаралық стандартына өту тиімді. Өткен 2009 жылы «Ақсай» нан-ттоқаш комбинаты ЖШС-ның Женевада сапа бойынша өткен конкурста «Алтын Жұлдыз белгісін, Мальтада өткен сапа кепілдігін растайтын алтын белгіні ұтып алуы кәсіпорынның өнім сапасының кепілі болып отыр.
«Ақсай» НТК ЖШС-ның барлық өнімдері тұрақты жоғары сапаға ие, сондықтан да нарықтың беделді үлесін қамтып, тұтынушылардың ойынан шығатын өнімдерін ұсынып отыр. Тұтынушының арман-тілектерін орындайтын, сұранысқа ие өнім шығару дұрыс жүргізілген тауар саясаты мен болашаққа дұрыс жоспарланған тауар стратегиясына байланысты екенін маркетинг тұрғысынан бізге мәлім.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының «Тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және тауардың шығу тегінің аталуы туралы»заңы. Егемен Қазақстан, 1993. 12 наурыз – 308б.
2. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан 2030: жарлық қазақстандықтардың көркеюі, қауіпсіздігі және әлеуметтік жағдайының жақсаруы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы – Алматы : Білім, 1997. – 412б.
3. Есімжанова С. Р. Маркетинг: Оқу құралы. – Алматы: «ЭКО» баспа үйі, 2009. – 506б.
4. Есімжанова С. Р Маркетинг в Казахстане: теория методология, практика. Алматы-Аян Эдет, 2001. – 154б.
5. Сейдеханов А. С. Калиева Н.М. От болезней-хлеб полезный. Жизнь 2008. – 369б.
6. Сатыбалдин С. С. Маркетинг және шаруашылық механизм. Ғылыми конференциялар жинағы 2007. – 496б.
7. Ф. Котлер Маркетинг негіздері: Профессор М. Ізбасардың жалпы редакциялауымен ағылшын тілінен тәржімеленген – Алматы: «Жазушы», 2000. – 712б.
8. Серімова А. А. Қазіргі таңдағы нан өнімдерінің сапасы. Ақиқат, 2007. – 259б.
9. «Ақсай» НТК ЖШС-ның есеп беру деректері мен балансы. 2006-2007. – 145б.
10. «Ақсай» НТК ЖШС-ның есеп беру деректері мен балансы. 2007-2008. – 136б.
11. «Ақсай» НТК ЖШС-ның есеп беру деректері мен балансы. 2008-2009. – 216б.
12. «Ақсай» НТК ЖШС-ның есеп беру деректері мен балансы. 2009-2010. – 219б.
13. ҚР-ның статистика жөніндегі Агенттігі – Қазақстан нан өнімдерінің тұтынылуы бойынша 2010. – 381б.
14. Маркетинг. Оқу құралы. Н. Қ. Мамыровтың жетекшілігімен. Алматы-экономика, 2006. – 462б.
15. Алтынбаев Б. А., Истаева А. А. Основы маркетинга. Алматы. Экономика, 2008. – 478б.
Информация о работе Маркетинг жүйесіндегі тауар саясатының теориялық аспектілері