Маркетинг жүйесіндегі тауар саясатының теориялық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:30, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның маркетинг қызметіндегі маркетинг-микс кешендері негізгі орынға ие және де оның басты ядросы – тауар саясаты болып саналады. Қазақстан кәсіпорындарындағы тауар саясатының қалыптасуын зерттеу көтерме сатушылардың тапсырыс беруі арқылы тауар ассортиментін жоспарлау саясатынан, барлық проблемалардың кешенін құратын тауар саясатына өтудің тиімділігін көрсетті.

Работа содержит 1 файл

Акмарал курсовая.doc

— 490.00 Кб (Скачать)

 «Ақсай» НТК ЖШС-ы өз қызметін өз еркімен жоспарлап, өндірілген өнімнің, қызметтердің және нан комбинат жұмысшыларының жеке табысын көтеру мен кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін сұраныс аясында перспективалық дамуын анықтайды.

«Ақсай» НТК ЖШС-ы жұмыс істеп тұрған өндірістік бөлімшелерден тұрады. Өндірістік бөлімшелер өнімді шығарумен тікелей байланысты. Осы өндірістік бөлімшелердің жиынтығы (өнім дайындалатын цехтар мен учаскелер, коймалар, лабораториялар, шеберханалар, энергетикалық шаруашылығы және т.б.) саны және құрамы комбинаттың өндірістік құрылымын анықтайды.

«Ақсай» НТК ЖШС-ы Қазақстан Республикасының стандарттары бекіткен сапа және қауіпсіздік талаптарына сай, 250-ден аса нан, тоқаш, кондитер, пряник және әртүрлі кептірілген нан өнімдерін өндіреді.

Комбинат өзі өткізетін  өнімдерінің өнімді сертификаттаған  нормативтік құжаттарына  сай  болуына жауапты. Жоғарғы білікті  мамандар мен коллективтің адал еңбегінің, олардың жауапкершілігінің арқасында  комбинат нан және кондитер өнімдерін өндіретін ірі кәсіпорындардың ішінен орын алды. Комбинаттің басты стратегиялары:

- өндіретін өнімнің  ассортиментін кеңейту;

- шығарылған өнімнің  сапасын үнемі жақсарту үшін  тозығы жеткен құрал-жабдықтарды  жаңалау;

- өткізуді ынталандыру үшін делдалдар арқылы сату.

Коммуникация стратегиясы  сатып алушымен жақсы қарым-қатынас  және баға саясаты концепциясына  негізделген. Ішкі нарықтағы бәсекелестердің  баға саясатын талдау негізінде баға стратегиясы икемді төмендеуге бейім. Комбинат өнімдерінің топтық номенклатурасы төмендегідей болып келеді:

1. бидай ұны нандары; 

2. бидай және  қара бидай ұны қоспасынан істелетін нандары;

3. қара бидай ұны нандары;

4. кебек қосылып дайындалатын нандар;

5. күнбағыс және зығыр дәндері қосылған нандар;

6. булочка өнімдері;

7. қатпарланған нан өнімдері;

8. ойық тоқаш өнімдері;

9. кептірілген нан өнімдері;

10. пряник өнімдері;

11. торттар мен пирожныйлар;

12. кекстер менорамалар;

13. печеньелер;

14. жартылай фабрикаттар.

Өндірістік ассортимент  пен цехтардың белгіленген жұмыс режимі есебінен комбинат қуаттылығы тәулігіне 133,4 тоннаны құрайды [8, 115б.].

2009 жылы орташа тәуліктік өнімді өндіру 90,4 тоннаны құрады. Қуаттылықтарды пайдалану пайызы 52,9% деңгейінде болды.

- 1 сұрыпты бидай ұнынан  дайындалатын «Алматинский» наны 0,65кг. – 43,0 тн/тәу. (57,86%);

- 0,75 кг. салмақтағы қара  бидай мен ақ бидай ұнынан  дайындалатын шаруа наны –  14,0 тн/тәу. (18,88%);

- жоғарғы сортты бидай  ұнынан дайындалатын батон (0,4кг.) – 6,5 тн/тәу. (8,7%);

- тоқаш өнімдері 3,85 тн/тәу. (5,1,%);

- нанның басқа да  түрлері («Президент», «Бородинское»  және т.б.) 3,95тнг/тәу. (5,3%);

- торттар және басқа  да кондитер өнімдері 1,74 тн/тәу. (2,33%);

- сдобный өнімдері 0,39тн/тәу. (0,56%);

- пряниктер 0,36 тн/тәу. (0,51%);

- бәліш өнімдері 0,31 тн/тәу. (0,44%);

- құрғақ нан өнімдері 96,6 кг/тәу. (0,14%);

- печеньелер 32,7кг/тәу. (0,05%);

Барлығы  тәулігіне  орташа өнімділік 90,4 тн/тәу.(100%).

Жоғары да айтып өткен  ассортимент бойынша ЖШС-ның өндіріс қуаттылығы тәулігіне 163,0 тоннаны құрайды және де жобалық 15 кешенді тораптың толассыз жұмыс істеуі негізінде қамтамасыз етілуі керек. Яғни кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы 43,61 қолданылады, бұл жобалық қуаттылықтан 2,5 есе аз. Нан-тоқаш комбинатының өндірілген өнім ақауларын құрғақ кептірілген нан өнімдерін жасауға қажетті жартылай фабрикаттар жасауға пайдалану арқылы төмендетеді, ал бұл кептірілген нандар дайын өнім шығарылады және де өндірістік қажеттіліктерге де қолданылады.

«Ақсай» нан-тоқаш комбинатының өндірістік құрылымы барлық өндірістік бөлімшелері (цехтар, участоктар), қызмет көрсетуші шаруашылықтарды, өндірістік процеске тікелей және жанама әсер етеді.

Комбинатта цехтардың, участоктардың, жұмыс орындарының, дүкендердің мамандануы мен өнімнің үлкен көлемін шығару және номенклатура тұрақтылығының негізі болып саналатын нандарды, бәліштерді, тоқаштарды, кондитер өнімдерін жаппай өндіру ұйымдастырылған. Бұл кәсіпорында жұмыс орнының мамандануын үзіліссіз қызмет ететін конвейерлерді пайдалануын сипаттайтын өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісі қолданылады.

1 сортты бидай ұнынан  дайындалатын нанды өндіру бойынша  торап құрал-жабдықтарының өнімділігінің  техникалық-экономикалық нормаларының  салыстырмалы бірлігі:

«Бурат» ұн сепкіші – 09 т/сағ.

«Кузбас» қамыр бөлгіш машина – 0,98т/сағ.

«И8 ХТА» қамыр илейтін машина – 0,68т/сағ.

Иін қандыратын шкаф 0,78 т/сағ.

БНЕ - 50 пеші – 0,62т/сағ.

Комбинаттағы өндірістік тапсырма ағымдағы машина өнімділігінің  деңгейіне бекітіледі. Бұл машиналарға  нан пісіретін пешті жатқызуға  болады (0,62т/сағ).

Өндірістік рационалды ұйымдастыруға ырғақтылықтың, үздіксіздіктің, үйлесімділіктің қағидаларын сақтау қажет.

Үйлесімділік коэффиценті:

         Кп=(0,9:1,62+0,68:0,62+0,98:0,62+0,78:0,62+0,62:0,62)/5=1,29  (1)

         Яғни, жабдықтардың 30 пайызға толық қуатымен жұмыс істемеуі, құрал-жабдықтардың тоқтап қалуы байқалады.

Комбинаттың өндірістік циклдарына негізгі және қосымша  шикізаттарды дайындау мерзімі мен  дайын өнімді нан сақтау қоймасына  жібергенге дейінгі уақытты жатқызамыз.

Тц=(Stто+ Stno+S tko+S tоо+S tn)- Stсовм                                           (2)

Мұндағы:

Stто – барлық техникалық операциялардың ұзақтығы (370 мин.)

Stno – барлық қозғалыс операциялардың ұзақтығы (55 мин.)

Stko – барлық бақылау операцияларының ұзақтығы (40 мин.)

Stоо – барлық қызмет көрсетуші операйилардың ұзақтығы (30 мин.)

Stn – реттелмелі үзілістердің ұзақтығы (25 мин.)

Stсовм – біріктірілген  операциялардың ұзақтығы (40 мин.)

 Өндірістік циклың  айтарлықтай ұзақтығы 1- сортты «Жай  нанда» төмендегідей болып келеді:

         Тц = (370+55+40+35+25)-40=480 минут (8 сағат) 

 Жалпы шығарылған өнімнің айтарлықтай ауқымды бөлігін сапасы жақсарған, яғни тұтынушылық құндылығы жоғары өнімдер құрайды.  Өндірістік сипаттамасына келер болсақ, тәулігіне 162 тоннаға дейін өнім шығаратын жобасы бар, үш және екі қабатты өндірістік корпус 14 кешенді-механизаторлық   жолдармен жабдықталған. Олардың ішінде:

1. нан өнімдері – 142 тн/тәу;

2. ойық тоқаш өнімдері – 18 тн/тәу;

3. пряник өнімдері – 1,8 тн/тәу;

4. кондитер өнімдері – 1,6 тн/тәу.

 

1-кесте – 2008 жылғы өнім шығарудың жалпы көлемі ішіндегі сапасы жоғары өнімдердің үлесі

 

Көрсеткіштер

Шығару көлемі (тн)

Үлес салмағы %

1

Жалпы дайын өнімдер мен жартылай фабрикаттар

17857,5

100,0

2

Соның ішінде сапасы жақсарған өнімдер

3655,5

20,5

3

«Алматинский» наны

1108,3

6,2

4

«Баварский» наны

701,8

3,9

5

Плетенка

583,1

3,2

6

«Плюшка» булочкасы

457,7

2,6

7

Ойық тоқаш өнімдері (фас)

53,9

0,3

8

«Кокос» печеньесі

3,6

0,002

9

Көкнәр қасылған тоқаш

741,3

4,2

10

«Шоколадное приянигі

5,8

0,03


 

Комбинат жұмыс істейтін сыртқы орта келесідей сипатталады:

Тұтынушылары: Комбинат өнімінің негізгі тұтынушылары Алматы қаласының тұрғындары мен қала маңындағы  аймақтардың тұрғындары. Өткізу дүкендермен  келісім-шарт арқылы, әмбебап дүкендер арқылы, сондай-ақ фирмалық дүкендер мен сауда орындары арқылы жүзеге асады.

Кәсіби біліктілік, белсенділік  және де мықты жетекшіліктің арқасында  комбинат өз дамуының негізгі кезеңіне шықты: өнім ассортиментікеңейтуші  байланыстар көбейіп, серіктестердің саны да арта түсуде. Бүгінгі таңда 2000-нан аса сауда кәсіпорындары мен азық-түлік дүкендері, мемлекеттік мекемелер (университеттер, мектептер, бала-бақшалар және т.б.) «Ақсай» нан-тоқаш комбинатымен тұрақты іскерлік қарым-қатынаста. Олардың ішінде «Центральный», «Юбилейный», «Россия» және «Скиф», «Пятерочка», «Гросс», «Смат» әмбебап дүкендер желісі бар [9, 70б.].

Комбинат өз өнімін тұтынушыларға  жеткізу мақсатында Алматы қаласы мен  Алматы облысынан басқа Өскемен  және Көкшетау қалаларынан өз филиалдарын  ашты. Сонымен бірге диллерлар  арқылы әр облыс орталықтарына комбинат өнімі жеткізіліп тұрады. Олай болса комбинат өнімдерін Қазақстанның барлық аймақтарында біледі.

Өнімді өткізу сатушы ұйымдардың тапсырыс бөліміне бір күн  бұрын берген тапсырыстары бойынша  жүзеге асады.

Жабдықтаушылар: Негізгі өндірісті жабдықтауды жақын аймақтардағы шикізатты өндірушілер мен олардың өкілдері арасында  қалыптасқан келісім-шарт арқылы жүзеге асады.

Бәсекелестер: Алматы қаласында 8 ірі нан комбинаттары мен 150-ден  аса шағын наубайханалар, ұқсас  өнімдер шығаратын көптеген кондитерлік цехтар жұмыс істегендіктен «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты қызу бәсекелік  ортада жұмыс істейді. Сондықтан комбинат тиімді бағада сапалы.                                                                                                   

 

2-кесте – Алматы қаласының нан және нан өнімдері нарығы

 

Кәсіпорындар

тәуліктік өнім өндіру (тн.)

нарық үлесі %

1

«Ақсай» ЖШС-ы

90,4

20,1

2

«Алматы нан»

81,9

17,8

3

№3 нан зауыты

38,5

8,4

4

«Меркур нан»

36,9

8,09

5

«Шико»

29,1

6,3

6

«Брод мастер»

15,3

3,3

7

«Трапеза»

18,9

4,14

8

Шағын нан өнімдерін өндіруші кәсіпорындар

145,2

31,8

9

Барлығы: тәуліктік өнім

456

100


 

өнімнің жоғарғы деңгейін ұстап, сұранысы қанағаттандырылмаған өнімдерді шығаруға бағытталуы қажет (мысалы, орамалардағы әр түрлі ойық тоқаштардан завот лидер болып саналады).Сонымен қатар, нарықтың тиімді сегментін көрсету мақсатында нан өнімдеріне деген сұранысты зерттеу жұмыстарын жақсарту қажет. Шамамен бір тәулікте нан зауыттары шығаратын өнім көлемі 154,4 тонна.Алматы қаласындағы тәуліктік нан қажеттілігі 396-456 тонна. Осыған орай нан зауыттарының қажеттілікті қанағаттандырудағы үлес салмағы 33,9 пайызды құрайды (154,4×100/456=33,9%).

«Ақсай» НТК-ның үлес салмағы = 90,4 тн/тәу. × 100/456тн/тәу.= 19,8% (2-кесте).

Комбинаттағы кадрлар  сипатына келер болсақ, екі категорияға бөлінеді (3- кесте):

1. Өндірістік-өнеркәсіптік  персонал;

2. Өнеркәсіптік емес  персонал.

                                                                                                

 

3-кесте – «Ақсай» НТК ЖШС-ның  кадрлар құрамы

 

Жұмысшылар категориясы

2008 жылы

2009 жылы

Адам саны

%

Адам саны

%

1

Өндірістік өнеркәсіптік персонал

850

89,4

896

83,3

2

Соның ішінде:

жұмысшылар

мұндағы

774

557

81,5

68,4

802

747

74,5

69,5

3

негізгі жұмысшылар

217

13,1

55

5

4

көмекші жұмысшылар

74

7,81

94

8,7

5

жетекшілер мен мамандар

2

0,21

   

6

Басқа да қызметкерлер

1000

10,6

180

16,7

7

өнеркәсіптік емес персонал

 

 

950

100

1076

100

8

1 жыл ішінде әртүрлі себептермен:

-жұмысқа қабылданғандар;

-жұмыстан кеткендер

 

46

42

 

 

260

112

 

 

Информация о работе Маркетинг жүйесіндегі тауар саясатының теориялық аспектілері