Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:30, курсовая работа
Кәсіпорынның маркетинг қызметіндегі маркетинг-микс кешендері негізгі орынға ие және де оның басты ядросы – тауар саясаты болып саналады. Қазақстан кәсіпорындарындағы тауар саясатының қалыптасуын зерттеу көтерме сатушылардың тапсырыс беруі арқылы тауар ассортиментін жоспарлау саясатынан, барлық проблемалардың кешенін құратын тауар саясатына өтудің тиімділігін көрсетті.
0,71 < 1,98; 0,84 < 1,4
«Ақсай» НТК ЖШС-ы өз қызметін өз еркімен жоспарлап, өндірілген өнімнің, қызметтердің және нан комбинат жұмысшыларының жеке табысын көтеру мен кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін сұраныс аясында перспективалық дамуын анықтайды. Кәсіпорындардың маркетинг қызметіне жүргізілген талдау, нақты мақсаттарға іс жүзінде қол жеткізу үшін оның жекелеген бөлшектерінің маркетингтік шаралар түрінде қолданылатындығын көрсетті.
8-кесте – «Ақсай» НТК ЖШС-ның қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдау
№ |
Көрсеткіштер |
31.12.08 жылға |
31.12.09 жылға |
өзгеруі мың тг. |
2008ж. %-пен |
1 |
Меншіктік капитал, мың тг |
96343,2 |
133409 |
37065,8 |
138,47 |
2 |
Міндеттемелер, мың тг. |
190362,9 |
186285,5 |
-4077,4 |
97,85 |
3 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер, мың тг. |
156624,0 |
100684,8 |
-55939,2 |
64,28 |
4 |
Жабдықтаушылар мен |
21404,5 |
62941,2 |
41536,7 |
294,05 |
5 |
НҚ мен МЕА-дің бастапқы құны, мың тг. |
200561,8 |
268555,8 |
67994,0 |
133,90 |
6 |
НҚ мен МЕА-дің тозуы, мың тг. |
25266,6 |
53510 |
28243,4 |
211,78 |
7 |
Қалдық құны бойынша негізгі құралдар, мың тг. |
174753,7 |
214317,3 |
39563,6 |
122,63 |
8 |
Ағымдағы активтер, мың тг. |
111376 |
84995,5 |
-26380,5 |
76,31 |
9 |
ТМҚ, мың тг. |
30827,5 |
51080,2 |
20252,7 |
165,69 |
10 |
Жалпы капитал, мың тг. |
286706,1 |
319694,5 |
32988,4 |
111,50 |
11 |
Автономия коэффиценті |
0,33 |
0,42 |
0,1 |
124,18 |
12 |
Қаржылық тәуелділік коэффиценті |
0,66 |
0,58 |
-0,1 |
87,76 |
13 |
Қарыз қаражаттарының коэффиценті |
1,98 |
1,40 |
-0,6 |
70,67 |
14 |
Инвестицияларды жабу коэффиценті |
0,88 |
0,73 |
-0,2 |
82,99 |
15 |
ТМҚ-ды жабу коэффиценті |
3,21 |
0,74 |
-2,5 |
23,05 |
16 |
Негізгі құралдардың нақты құнының коэффиценті |
5,67 |
4,20 |
-1,5 |
74,01 |
17 |
Амортизацияның жинақталу |
0,13 |
0,20 |
0,1 |
158,16 |
18 |
Ағымдағы активтер мен қозғалмайтын мүліктің арақатынасының коэф. |
0,71 |
0,84 |
0,1 |
118,71 |
19 |
Меншіктік айналым құралы |
77637,1 |
- |
-77637,1 |
- |
Кәсіпорын дағдарысты жағдайдан
өзінің несиелік қарызын азайту, артық
ТМҚ мен негізгі құралдарды өткізу арқылы
ғана шыға алады. Кәсіпорын өзінің күшін
қаржылық тұрақтылықты көтеруге бағыттауы
керек, өйткені ол жалпы алғанда қанағаттанарлықсыз
болып табылады.
Кәсіпорындардың маркетинг қызметіне жүргізілген талдау, нақты мақсаттарға іс жүзінде қол жеткізу үшін оның жекелеген бөлшектерінің маркетингтік шаралар түрінде қолданылатындығын көрсетті. Сонымен қатар, отандық өнеркәсіп орындарындағы маркетинг көп ретте жарнама және тауарды өткізу ісіне бағытталған. Ал тауар саясаты маркетинг қызметінің негізі құрамдас бөлігі екенін ескере кетсек, онда тауар саясатына тоқталмай айналып өту мүмкін емес.
9-кесте – «Ақсай» НТК ЖШС-ның іскерлік белсенділігін талдау
№ |
Көрсеткіштер |
2008 ж. |
2009ж. |
Өзгеруі, мың тг. |
2008 ж. %-пен |
1 |
Өнімді өткізуден түскен табыс, мың тг. |
646402,6 |
797610,0 |
151207,4 |
123,4 |
2 |
Активтердің орташа жылдық құны, мың тг. |
258170,3 |
303200,3 |
45030,0 |
117,4 |
3 |
Меншік капиталдың орташа жылдық құны, мың тг. |
60058,4 |
114876,1 |
54817,7 |
191,3 |
4 |
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, мың тг. |
170423,3 |
194535,3 |
24112,2 |
114,1 |
5 |
Ағымдағы активтердің орташа жылдық құны, мың тг. |
87436,7 |
98185,8 |
10749,1 |
112,3 |
6 |
Несиелік қарыздың орташа жылдық мәні, мың тг. |
61360,7 |
59669,8 |
-1690,9 |
97,2 |
7 |
Активтердің айналымдылық коэффиценті |
2,5 |
2,63 |
0,13 |
105,1 |
8 |
Меншіктік капиталдың айналымдылық коэффиценті |
10,76 |
6,94 |
-3,82 |
64,5 |
9 |
Негізгі құралдардың айналымдылық коэффиценті |
3,79 |
4,10 |
0,31 |
108,2 |
10 |
Ағымдағы активтердің |
7,39 |
8,12 |
0,73 |
109,9 |
11 |
Несиелік қарыздардың |
10,53 |
13,37 |
2,83 |
126,9 |
«Ақсай НТК ЖШС-ның қаржылық-экономикалық жағдайы туралы толық көрініс алу үшін кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен табыстылығы көрсеткіштеріне талдау жасау қажет, олар 9 және 10 кестелерде көрсетілген.
9-кестеден көріп отырғанымыздай активтердің айналымдылық коэффиценті жыл ішінде 2,51-ден 2,63 есеге кішкене ғана өскен, яғни ол бір жыл ішінде өндіріс циклі неше рет болғанын көрсетеді.
Меншіктік капиталдың айналымдылық коэффиценті 10,76-дан 6,94-ке қысқарғанымен, ол әлі де жоғары болып қалуда, өз кезегінде ол несиелік ресурстардың тартылуына және болашақта кәсіпорынның табыстылығының төмендеуіне алып келеді. Негізгі құралдардың айналымдылық коэффиценті 3,79-дан 4,1-ге көбейген, ол негізгі құралдардың 1 теңгесіне өнімді өткізудентүскен табыстың көбейгенін көрсетеді, яғни негізгі құралдардың құнына қарағанда өткізуден түскен түсімнің өсуі есебінен қор қайтарымдылығы жылдам қарқынмен өсуде. Ағымдағы активтердің айналымдылық көрсеткіші бір жылда 7,39-дан 8,12-ге дейін өскен, ол ағымдағы активтердің құнына қарағанда өнімді өткізуден түскен табыстың 11%-ға көбірек өскенінен болған. Айналымдылық біршама жоғары, ол нан пісіру өндірісінің ерекшеліктерімен байланысты.
Сонымен қатар несиелік қарыздың өсуі байқалады, ол өткізуден түскен түсімнің өсуі мен несиелік қарыздардың кемінің салдары. Несиелік қарыздыңайналымдылығы 2,84-ке көбейген және 2009 жылы 13,37 есені құрады.
Төмендегі 10-кестеде «Ақсай» НТК ЖШС-ның табыстылық көрсеткіштері талданған. Кестедегі мәліметтер негізінде кәсіпорынның жалпы табыстылығы төмендегені туралы қорытынды жасауға болады.
10-кесте – «Ақсай» НТК ЖШС-ның табыстылығын талдау
№ |
Көрсеткіштер |
2008 ж. |
2009ж. |
Өзгеруі, мың тг. |
2008 ж. %-пен |
1 |
Өнімді өткізуден түскен табыс, мың тг. |
646402,6 |
797610,0 |
151207,4 |
123,4 |
2 |
Жалпы табыс, мың тг. |
230287,4 |
254049,1 |
23761,7 |
110,3 |
3 |
Өткізілген өнімнің өзіндік құны, мың тг. |
545522,6 |
720685,9 |
175163,3 |
132,1 |
4 |
Негізгі қызметтен түскен табыс, мың тг. |
100880,0 |
79624,1 |
-23955,9 |
76,3 |
5 |
Таза табыс, мың тг. |
82717,3 |
41632,9 |
-41084,4 |
50,3 |
6 |
Ағымдағы активтер, мың тг. |
111376,0 |
84995,5 |
-26380,5 |
76,3 |
7 |
Ұзақ мерзімді активтер, мың тг. |
175330,1 |
234699,0 |
59368,9 |
133,9 |
8 |
Меншіктік капитал, мың тг. |
96343,2 |
133409,0 |
37068,8 |
138,5 |
9 |
Ағымдағы активтердің |
0,74 |
0,49 |
-0,25 |
66,0 |
10 |
Ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы |
0,47 |
0,18 |
-0,29 |
37,6 |
11 |
Өткізілген өнімнің табыстылығы |
0,13 |
0,05 |
-0,08 |
40,8 |
12 |
Өткізу көлемінің табыстылығы |
0,36 |
0,32 |
-0,04 |
89,4 |
13 |
Негізгі қызметтің табыстылығы |
0,18 |
0,11 |
-0,08 |
57,7 |
14 |
Меншіктік капиталдың табыстылығы |
0,86 |
0,31 |
-0,55 |
36,3 |
Өнімді өткізуден түскен табыс (23 %), жалпы табыс (10 %), активтер (11 %), меншіктік капитал (38 %) көбейгенімен таза табыс (50 %) пен негізгі қызметтен түскен табыстың (24 %) төмендеуі байқалады, ол өткізілген өнімнің өзіндік құнының жылдам өсуі салдарынан болған. Өткізілген өнім бойынша шығындардың өсуінен өткізілген өнімнің табыстылығы 5 %-ға дейін төмендеген (2,5 есеге), сондай-ақ сату көлемінің табыстылығы 4 % -ға, өйткені өзіндік құнның өсуі өнімді өткізуден түскен табыстың 23 %-ға өсуі кезінде жалпы табыстың тек 10 %-ға көбеюіне алып келеді. Сонымен қатар негізгі қызметтің табыстылығы 18-ден 11 % -ға (1,6 есеге), меншіктік капиталдың табыстылығы 55 %-ға (3 есеге) төмендегенін көруге болады. «Ақсай» НТК ЖШС-ның жылдық есептемелері бойынша [11, 116б.].
2.3 Ақсай» НТК ЖШС-ның тауар саясатын тиімді басқару көрсеткіштері
Комбинат мамандарының сапалы әрі дәмді өнім шығаруындағы жетістіктері өткізу және маркетинг бөлімі қызметінің тиімділігіне байланысты. Комбинаттағы маркетинг қызметті коммерциялық департаменттің қарамағындағы клиенттермен жұмыс істеу бөлімі жүргізеді. «Ақсай» ЖШС-ның жеткізу қызметі толықтай дилерлердің еншісіне өткелі бері маркетинг бөлімі клиенттермен жұмыс істеу бөлімі болып қайта құрылды. Себебі олардың клиенттері ең алдымен дилерлер болып саналады, дилер арқылы тұтынушылардың тапсырыстары жүзеге асырылып қажеттіліктері қанағаттандырылады. Бөлім қызметкерлерінің ұйымдық құрылымын төмендегі 3-суреттен көруге болады.
3-сурет – Клиенттермен жұмыс істеу бөлімінің ұйымдық құрылымы
Бөлім қызметкерлері Алматы қаласындағы дүкендерде, әмбебап дүкендерде қоғамдық тамақтандыру орындарында сату көрмелерін, жарнамалау арқылы сатуды, жеңілдіктер арқылы сатуды міндетті түрде жүргізіп отырады. Бұл жұмыстарды комбинаттың өткізу бөліміне қарасты ванселлинг (ағылшын тілінен аударғанда жарнамалау арқылы сату немесе тікелей тұтынушыға сату деген мағынаны білдіреді) топтарымен бірге жүзеге асырады. Олар өз ойлары мен арман-тілектерін айтып отыратын тұтынушылармен тікелей бай ланыс жасап, тұтынушыларға «алғашқы қолдан» өнім сипаттамасын, химиялық құрамы мен колориялылығы, денсаулыққа пайдасы мен зияндығы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Маркетинг бөлімі тауар, баға, өткізу және жылжыту бойынша жұмыстарды атқарады. «Ақсай» нан-тоқаш комбинатының шығарылған өнімдерді өткізу көлемі орталық жеткізу арқылы транспортталады. 2007 – 2009 жылдар аралығында комбинаттың өткізу жұмыстарын дилерлар атқарғандықтан тұтынушылардан көптеген шағым түсулер себебінен 2010 жылдан бастап комбинат өткізуді өз қолына алды.
Кестеде берілген графиктен көріп отырғанымыздай, өткізу көлемі тұрақты дамып отыр. 2008 жылы барлығы 32884,45 тн. өткізілсе, ал 2009 жылы – 34224 тн. жоспарланып, нақты түрде 34469,44 тн. орындалды. 2008 жылғы орташа айлық өткізу көлемі 2740,37 тн, ал 2005 год айына 2852,2 тн өткізу жоспарланғанымен нақты түрде – 2872,45 тн өткізілді. Осыған орай 2008 жылғы өсу қарқыны 105%, ал жоспарлы жылғы 101%-бен орындалды. Орташа күндік өткізу көлемінің нақты орындалғаны жоспарланғаннан 1,03%-ға немесе 0,67 тоннаға асып түсті.
Ең төменгі көрсеткіш екі жылда да қаңтар айларында, себебі жылдың басы, мерекелердін кейін тұтынушылардың тұтынылу көлемі де төмендейді. Ал ең жоғарғы көрсеткіш екі жылда да желтоқсан айларында. 2009 жылға өсу қарқыны (желтоқсан айының қаңтар айына қатынасы бойынша) 121%-ды құрады.
Тауар саясаты – кез-келген кәсіпорынның қызмет аясындағы тауар ассортиментін қалыптастыру, жаңа тауарларды құру, бәсекеқабілеттілікті және тауар сапасын көтеру, тауардың өмірлік кезеңі, тауар белгісін пайдалану, қораптама және сервистік қызмет көрсету бойынша шешім қабылдауды талап ететін көп факторлы сала. Олай болса «Ақсай» НТК ЖШС-ның маркетинг қызметіндегі тауар саясатын, соның ішіндегі нан өнімдері бойынша қарастырып көрелік.
2009 жылғы есеп берулер бойынша кәсіпорын цехтарында нан және нан өнімдері келесідей көлемде өндірілген.
- нан өнімдері – 85,6%;
- ойық тоқаш өнімдері – 7,4%
- булочка өнімдері – 2,8%
- кондитер өнімдері – 2,7%
- кептірілген нан өнімдері – 1,5%
Мәліметтерден көріп отырғанымыздай ең көп көлемде өндірілетін нан өнімдері болып табылады.
Кәсіпорынның тауар
ассортименті өте кең. Биылғы жылдың
мамыр айындағы көрсеткіштер бойынша
комбинат шығаратын тауар
Жалпы «Ақсай» нан комбинаты өндірген өнім көлемі 2004 жылы - 100, 2005 жылы - 120, 2006 жылы – 153, 2003 жылы -161, 2004 жылы – 198, 2009 жылы 215 болса, 2010 жылдың мамыр айына дейінгі деректер бойынша 219 болып отыр. Комбинатта тауар ассортименті үнемі кеңейтіліп, әр жыл сайын 20-40 түрлі жаңа тауарлар қосылып отырады. Ассортиментті жаңарту көбінесе өндіріске жаңа технологияны енгізу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да комбинат бөлігіндегі инвестицияның көп үлесі жаңа технологияларды енгізуге жұмсалады. Сәйкесінше өнім өткізу көлемі, тиімділігі, пайдалылығы төмен төмен өнім түрлері өндірістен шығарылады.
Информация о работе Маркетинг жүйесіндегі тауар саясатының теориялық аспектілері