Управление предприятием

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 09:39, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі нарықтық жағдайда экономикамыздың қалыптасуы, отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі факторы болып табылады. Жалпы алғанда бәсекеге қабілеттілік өнімдердің сапасын қанағаттандыруға итермелейді.

Содержание

КІРІСПЕ
I ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІН АРТТЫРУ
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері
II ТАРАУ. «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
2.1. «РАХАТ» А Қ туралы қысқаша мағлұмат, адам ресурстарын басқару құрылымы
2.2. Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті, экономикалық көрсеткіші мен тиімділігі
2.3. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті және нарықтағы бағалау
III ТАРАУ. КӘСіПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолданылатын шаралар
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеу стратегиясын әзірлеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

ДипЛом распечакта.doc

— 560.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

I Тарау. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІН АРТТЫРУ

1.1  Кәсіпорынның   бәсекеге   қабілеттілігін   арттырудың  мәні мен маңызы

1.2  Кәсіпорынның   бәсекеге   қабілеттілігінің  көрсеткіштері  және  анықтау  әдістемелері

II Тарау. «Рахат» акционерлік қоғамы  ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ

ҚАБІЛЕТТІЛІГІ

2.1. «Рахат» А қ  туралы қысқаша мағлұмат, адам  ресурстарын басқару құрылымы 
2.2. Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті, экономикалық көрсеткіші мен тиімділігі

2.3. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті және нарықтағы бағалау

III Тарау. КӘСіПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігін арттыруға  қолданылатын шаралар

3.2  Кәсіпорынның  бәсекелестік жағдайда жұмыс  істеу стратегиясын әзірлеу

ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

   Кіріспе

 

   Диплом тақырыбының өзектілігі.  Қазіргі нарықтық жағдайда экономикамыздың қалыптасуы, отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі факторы болып табылады. Жалпы алғанда бәсекеге қабілеттілік өнімдердің сапасын қанағаттандыруға итермелейді.

   Біздің экономикамыздың дағдарысқа дейінгі ахуалын корсететін рейтингтің қортындысы бойынша 2006-2007 жылдары республика 50-ші орында болса, 2007-2008 жылдары – 61-ші, ал 2008-2010 жылдары 66-шы орынға төмендеді, бұдан біз еліміздің макроэкономикалық жағдайы тұрақты,тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік, инновациялық-технологиялық даму көрсеткіші бойынша орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.

  Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту   үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді еңгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.

Қазіргі уақытта Қазақстан  экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жалпы өнеркәсіптің әр түрлі салаларына жататын отандық кәсіпорындарға байланысты. Соңғы жылдары елдің жалпы экономикалық көрсеткіштеріне тамақ өнеркәсібі қызметі көрсеткіштерінің ықпалының күшейгені байқалады. Қазақстанның осы саласында 4059-ға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын мен өндіріс жұмыс істейді, оның 80%-ын шағын және орта кәсіпорын құрайды.

Қазақстанда кондитерлік өнімді тұтынудың деңгейі  дәстүрлі түрде жоғары, сондықтан  тамақ өнеркәсібінің кондитерлік  саласы қазақстандықтар үшін де, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін де өте тартымды болып табылады.

Экономиканың  тұрақты дамуға көшу жағдайында кондитерлік  кәсіпорындарды стратегиялық басқару  қажет. Осы мақсатқа жету үшін кәсіпорындар ұзақ мерзімді бәсекелік артықшылықты қалыптастыруға және өздерінің ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуі тиіс.

Қазақстанның  бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту проблемасын  шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Қазіргі уақытта  бәсекелестікті талдау мен бағалаудың өте көп әр түрлі әдістері қолданылады. Алайда шетелдік компаниялармен салыстырғанда отандық кәсіпорында осы әдістер өте төмен деңгейде пайдаланылады. Себебі, бұған осы әдістерді пайдалануға қажетті ақпаратқа қол жеткізудің қиындығы немесе осы ақпараттың шынайы болмауынан қажетті ақпараттық базаның, білікті мамандардың аздығы, озық консалтингтік компаниялардың жетекші мамандарын тарту үшін қаражаттың болмауы қолбайлау болып отыр. Экономикамыздың қазіргі жағдайына орай 50 ел қатарына қосылуда, ДСҰ (ВТО) кіруде республикамыздағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отыр.

    «...Қазірдің өзінде біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артықшылықтарды өсіре түсу маңызды...» деп 2010 жылғы 29 қаңтарындағы жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауында айтылды. Демек, дүние жүзі мемлекетттерінің ішінде алатын орнымыз осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігі де осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Халықтың тұрмысын үзбей жақсарта отырып, әлемдегі ең жақсы әлеуметтік стандарттарға жеткізу мүмкіндігі де осыған байланысты.  Ұлттық дамудың келешектегі басты мақсаты да, міндеті де осы бәсекеге қабілеттілік. Бұл біздер, қазақстандықтар үшін баршамыз іске асыруға жұмылатын шынайы ұлттық идея.

  Осыған байланысты фирманың бәсекеге қабілеттілігін басқару, оны арттырудың жолдары мен маңыздылығы мақсаттарының сол немесе басқа әдісті қолдануға болатын экономикалық принциптерді қарастырып талдау. Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша, өнімнің сапалық қасиеттерін жақсарту, кәсіпорынның баға саясатын, өнімнің табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды болып табылатын, маркетинг жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындап отырғандықтан, диплом  жұмысының тақырыбын “ Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқару және   оны арттырудың жолдары ” деп таңдауға себеп болды.

 Зерттеу объектісі «Рахат» Акционерлік қоғамы болып табылады.

 Дипломды зерттеудің мақсаты зеріттеліп отрыған обьекті өнімінің бәсеке қабілеттілігін арттыруды теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу және нақты тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.  Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:

- өнімнің бәсеке қабілеттілігінің экономикалық мәнін ашып көрсету;

- өнімнің бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін факторларды анықтау;

- өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістерін зерттеу;

- ұсынылған әдіспен «Рахат» АҚ-ның өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау;

- «Рахат» АҚ-ның  өнімінің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату жолдарын ұсыну.

   Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін     өнеркәсіптік кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру      мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық    құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері, мұнай өнімдері нарығыда      қызмет ететін «Рахат» АҚ-ның жылдық есептемелік құжаттары құрайды.

  Диплом  жұмысының құрылымы  кіріспеден, үш бөлімен, қорытынды мен пайдалынылған әдебиеттер көздерінен тұрады. Диплом жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі, теориялық және әдістемелік негізі, қарастырылған.

  Бірінші бөлімінде «Рахат» АҚ туралы қысқаша мағлұмат, адам ресурстарын басқару құрылымы, өнімнің бәсекеге қабілеттіліктің теориялық жақтары, қазіргі нарықтық экономикадағы орны қарастырылған. Ал екінші бөлімінде «Рахат» АҚ-ның  қызметіне, кәсіпорын  өніміне бәсекеге қабілеттілігі бойынша талдау  жасалады. Яғни сол кәсіпорын өнімі қаншалықты бәсекеге қабілетті екендігі талданады. Үшінші бөлімінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдары, бәсекелестік жағдайда жұмыс істеу стратегиясын әзірлеу қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІН АРТТЫРУ

 

 

1.1.  Кәсіпорынның   бәсекеге   қабілеттілігін   арттырудың  мәні мен маңызы

 

    Осы кезеңге дейін жасалып келе жаткан көптеген шаралар, Елбасымыз бен қабылданған мемлекеттік жобалар мен жолдаулар өз кезеңімен орынды әрі оң нәтиже беруде.  Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойды. Бәсекелік отанның дамуы шығарған өнімдердің сапасын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті  өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдейді. Өнімнің бәсекелік қабілетінің мазмұны "бәсеке" терминімен тікелей байланысты.

   Қазақстан Республикасы "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы"  заңында: "бәсеке – рынок субъектінің өз бетімен жасаған іс-әрекеттері, тиісті тауар рыногындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) айналасының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бір жақты ықпал ету мүмкіндігін, тиімді шектейтін және тұтынушыларға қажетті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіруді ынталандыратын жарыстастығы" – деп көрсетілген.

  Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес. Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес. Ол тауарлардың сапасы мен арзандығына байланысты. 19 ғасырдың ортасында нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай  нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен болды. Ол тұтынушылардың талабы мен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға еңбек өнімдерін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды.

Бәсекелестік- бұл нарық шуаруашылығына катысушулардың арасындағы өндірістің жақсы жағдайы  үшін, тауарды дұрыстап сату мен  сатып алу үшін бақталастық.

Бәсекелестік- экономикалық күрес, оқшауланған өндірушіредің өнім, жұмыс, қызмет көрсеті үшін өзінің мүдделерін қанағаттандырудағы өзара бақталастығы және олар осы өнімді сатумен жұмыстадағы өзара бақталастығы және олар осы өнімді сатумен, жұмысты орындаумен, сол бір тұтынушыға ғана қызмет көрсетуменбайланысты.

Бәсеке-тауар  өндірушілердің капиталды ыңғайлы  салу саласы үшін, өткізу нарығы, шикізат  көздері үшін өзара  жарысуы және бір мезгілде қоғамдық өндіріс пропорциясын стихиялы реттеудің өте әсерлі механизмі.

Бәсеке қоғам  өмірінде өте маңызды орын алады. Ол өз бетінше жұмыс атқаратындарды ынталандырады, тауар өндірушілер бәсеке арқылы бірін-бірі бақылауы да мүмкін. Олардың тұтынушы үшін күресуі бағаның төмендеуіне, өндіріс шығынының азаюына, өнім сапасының жақсаруына, ғылыми-техникалық прогрестің күшеюіне алып келеді.

Қазіргі жағдайда бәсекелестік күрестін бағалық тәсілі қолданылады. Бұған монополиялы  жоғарғы және монополиялы төмен  бағаларды қолдану жатады. Бағалық  тәсілге сондай-ақ бағалық дискриминация  тәсілі де жатады (әр жердегі әртүрді бағалар, демпингтік төмен  нарықтық бағалар).

Қазақстан Республикасындағы  бәсекелестік қатынастардың дамуы  көптеген меншік түрлері жұмысының  әлі төменділігімен тежелуде және экономикадағы  монополизациялау деңгейінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Бәсекелестік қатынастардың келешегі мемлекетсіздендіру процесімен, антимонополиялық заңдар қабьылдануымен байланысты және басқаға мемлекеттің бәсекелестікті қолдау шараларымен, ұлттық бәсеке қаблеттілікті мемлекеттің қоғауымен жүзеге асады.

Бәсекелестік күрестің баға еместік тәсілі де пайда болуда. Бәсекелестіктің баға еместік тәсіліне мыналар жатиады: тауар сапасының, жануаруын, дизайнын жақсартумен байланыстылығы, оның өте ұлкен асортименттілігі және сатылғаннан кейінгі өте жоғарғы сервистік қызметі. Бұл тәсілдер негізінен екі топқа жіктеледі: өнім үшін бәсекелестік және сату шарты бойынша бәсекелестік. [1. б. 1-3]

  Бәсекелестіктің негізгі 2 түрі бар:

  1.сала ішіндегі бәсекелестік – бұл саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғарғы еңбек өнімділігі бар, ғылыми техниканы қолданып кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорынның табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.

  2.салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалар арасындағы күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып халықтың әл-ауқаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми техникалық жетістіктер негізінде жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.

   Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әрқайсысы кәсіпкерліктің қай түрінен болмасын айналасуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар:

1. өзі араласып кәсіп  жасайды;

2. жұмысшылар жалдайды;

3. акция облигация сатып  алады;

4. акциясын банкке салады, кейбірулер өндірісті қаржыландырады  т.б.

   Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күн көруге тырысады.Еркін бәсекелестік жағдайын ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса 2-ші салада тауар жетіспейді. Бұл фирманың табысы өссе 2- шісі күйрейді. Сонда өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады. Ол монополия құруына әкелді, яғни нарықты басып алады. Жетілмеген бәсекелестік нарығы бұл таза монополия. Монополиялық бәсеке – бұл     олигополия. Таза монополия өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның 4 ерекшелігі бар:

1. сатушы тек қана бір фирма

2. сатылатын тауарлардың  орнын басатын тауар жоқ.

3. монополист нарықты  билейді және бағаны бақылайды

4. нарыққа кірер  жерге өте алмайтын кедергі  қояды. [1. б. 6-7]

  Нарықтық экономиканы дамытудағы бәсекенің мәнін XVIII ғасырда ағылшынның кемеңгер экономисі Адам Смит әйгілі "көрінбейтін қол" қағидасында ашып көрсеткен. Адам Смит бойынша бәсеке механизм іспеттес, сол арқылы жеке көзқарастар мен экономикалық тиімділік қалыптасады, салалар арасында игіліктердің тиімді бөлінуі жүзеге асады, пайда мөлшері теңеледі.

Информация о работе Управление предприятием