Маркетингтегі ақпарат жүйесін тұрғызу

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 21:12, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі даму кезеңінің ажырағысыз белгісі жаһандандыру және қоғамды ақпараттандыру болып табылады. Қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандыру ақпараттың және ақпараттық технологиялардың мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы рөлін түбірлі өзгертеді. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, оның әлемдік жүйеге интеграциясы ақпараттық технологияларды пайдаланудың масштабы мен сапасына және мамандардың кәсіпкерлік қызметіне тәуелді [1].

Содержание

1 Ұйымның маркетингтік ақпараттық жүйесін негіздеу....................................................................................................................6
1.1 Маркетингтік ақпарат жүйесі. Үрдістің экономикалық мәні............................6
1.2 «Мск пром снаб тоо» жауапкершілігі шектеулі серіктестік сипаттамасы...............................................................................................................26
1.3 Маркетингтік ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты.......................................................................................................................38
1.4 Маркетингтік ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар......................................................................................................................40
1.5 Концептуалды схема...........................................................................................50
2 Маркетингтегі ақпарат жүйесін жобалау.....................................53
2.1 Мәселенің қойылымы.........................................................................................53
2.2 Ақпараттық жүйедегі есептің орны...................................................................54
2.3 Кіріс ақпараты......................................................................................................55
2.4 Шығыс ақпараты..................................................................................................56
2.5 Ақпараттық база..................................................................................................57
2.6 Программалық қамтамасыз ету..........................................................................60
2.7 Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құралдар жабдығын сипаттау...................................................................................................61
2.8 Программалық қамтамасыз ету құрылымы......................................................62
3 Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және қолдануы мүмкін болатын сала....................................................................................64
Маркетингтегі ақпараттық жүйені тұрғызуға кететін шығынын есептеу..................................................................................................................64
Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау.....................................................................................................................69
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................71
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................72

Работа содержит 1 файл

ДР Маркетингтегі ақпарат жүйесін тұрғызу.DOC

— 631.00 Кб (Скачать)

      Жоғарыда  қарастырылған талаптарды іске асыру  үшін басқарушылық процесстерді локальді автоматтандыру үшін қажетті ақпараттық жүйені каноникалық жобалаудың көптеген әдіс, тәсілдері жарамсыз болып қалуда, тек қана CASE, RAD және компоненттік технолгияларды қолдану негізіндегі ақпараттық жүйені индустриалды жобалаудың әдіс, тәсілдері жобалық шешімдерді тез жасап және динамикалық өзгеруші қажеттіліктерге сай бейімделуін іске асыруға мүмкіндік береді. 

      Қазіргі күнгі КАЖ архитектурасы іскерлік процесстің күрделі операцияларын  бір бүтін ретінде бақаруға мүмкіндік  беретін ақпараттық жүйенің программалық компоненттерінің клиент-серверлік әрекеттесу принциптеріне немесе транзакцияның орындалуына негізделеді. Сондықтан мұндай ақпараттық жүйелер транзакцияны жедел өңдейтін жүйелер (OLTP- OnLine Transaction Processing) деп аталады.

      КАЖ-ң  клиент-серверлік архитектурасы  қолданушылардың ақпараттық жүйемен  және іскерлік процесстер немесе ұзақ транзакцияларды орындау процессінде  өзара әрекеттесуін қарапайымдандырады. Ұзақ транзакцияны КАЖ-ға жүгінуді талап  ететін, әр қайсысы бүкіл жиынтық орындалмай еш бағалыққа ие болмайтын іскерлік процесстің операциялар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Қысқа транзакцияны немесе жәй транзакцияны КАЖ компонентінің біреуіне жүгіну немесе клиенттің серверге жүгінуі ретінде қарастыруға болады.

      Сервер  ретінде клиенттің ақпараттық қажеттілігіне  қызмет көрсететін процессті түсінуге болады. Әртүрлі архитектураларда процесс  ретінде мәліметтер базаларын іздеу  немесе жаңарту болуы мүмкін, сонда  сервер мәліметтер база сервері деп  аталады немесе процессті мәліметтерді өңдейтін процедура орындауы мүмкін, мұндай жағдайда сервер қосымша сервер деп аталады.

   Сервермен байланысты анықтау, қызмет көрсетуге сұрау түрін анықтау, серверден қызмет көрсету нәтижесін алу, қызмет көрсетудің аяқталуын растау клиенттің міндеттері болып табылады. Қызмет көрсетуге сұрау жіберетін соңғы қолданушы, сондай-ақ соңғы қолданушымен шақырылған қосымша да клиент болуы мүмкін.

      Жалпы жағдайда клиент-серверлік архитектура  өзіне ұсынудың үш деңгейін қосады:

  • Мәліметтерді қолданушымен ұсыну деңгейі;
  • Мәліметтерді қосымшамен өңдеу деңгейі;
  • Мәліметтер базасымен өзара әрекет ету деңгейі;

  Бұл схема бойынша бір жағдайда қолданушы қосымшаның бақылауы мен қайта құруынан кейін мәлімметтер базасына түсетін мәліметтерді енгізеді, басқа жағдайда қажетті мәліметтер үшін мәліметтер базаларына жүгінетін қосымшамен мәліметтерді өңдеуге сұраныс жібереді. Қажетті мәліметтерді алып, қосымша оларды өңдейді, ал нәтижелерін мәліметтер базасына немесе қолданушыға ыңғайлы түрінде береді, мысалы, мәтіндік құжат, электрондық кесте, график түрінде береді.

      Клиенттер және серверлер локальдік немесе глобальдық есептеуіш желінің әртүрлі  түйіндерінде орналасқан кезде клиент-серверлік  архитектура көп қолданушылық жұмыс  режимін іске асырады және бөлінгіш болып табылады. Локальді желінің орталықтандырылған есептеуіш жүйеден артықшылығы  бұрын орнатылған есептеуіш құрылғылар арасындағы өзара қәрекет принциптерін қайта қарастырусыз біртұтас өткізу ортасы көмегімен есептеуіш ресурстарға ашық қосылу және қолдануында.

      Есептеуіш желіде клиент-серверлік архитектура  түрліше іске асуы мүмкін. Нақты  сұлбаны таңдау түрлі нұсқалар мекеменің  алыстатылған бөлімшелерінің территориялық  бөлінуімен, эксплуатациялық беріктік талаптарымен, тез әрекет етуімен, қызмет көрсету қарапайымдылығымен анықталады. Клиент-серверлік архитектураның әртүрлі сұлбаларын қарастырайық (сур.1).            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                           

                                      “Клиент серверархитектурасы 

                                     Қолданушының                   Қосымша                  Мәліметтер

                                         мәліметтерін ұсыну                                                      базасы                 

Орталықтандырылған

             жүйе 

 

  “Файл-сервер”

  архитектурасы 
 
 

 

   Екі деңгейлі

“Клиент-сервер”

 архитектурасы 

 

   Үш деңгейлі

 “Клиент-сервер”

  архитектурасы

    
 

  

   Көп деңгейлі

“Клиент-сервер”

 архитектурасы 

      
 
 
 

      Сур. 1. КАЖ-ң клиент-серверлік архитектурасының нұсқалары 
 

      Файл-серверлік  архитектурасы мәліметтерді өңдеудің ең қарапайымы болып келеді, осыған орай серверде тек қана мәліметтер файлдары орналасқан, ал клиенттік бөлігінде қолданушылар қосымшаларымен бірге МББЖ орналасқан. Файл-сервер өнімділігі жағынан және ДЭЕМ жедел жадысы жағынан айтарлықтай құатты болып, локальдік желінің орталық түйіні болып табылады. Файл-сервер желілік операциондық жүйе ортасында операциондық жүйе файлдарының  толығымен баламасы болатын және файл-сервердің сыртқы жадысында орналасқан файлдарға енуді ұйымдастырады.

      Берілген  жағдайда МББЖ программалары локальдік  желінің жұмысшы станцияларының жедел жадысында, ал мәліметтер базасының  файлдары файл-сервердің магниттік  дисктерінде орналасады. Арнайы интерфейстік модуль сұрау жасалған файлдардың қай жерде орналасқанын анықтайды. Осыған байланысты берілген МББЖ локальдік мәліметтер базасымен де, орталық мәліметтер базасымен де жұмыс істей алады. Файл-сервер мәліметтер базасын бірлесе қолдануды синхронизациялау жазуларды басқа жұмыс станцияларынан қол жетпейтіндей ету үшін, оларды түзету уақытына блоктайтын мәліметтер базаларын басқару жүйесіне жүктеледі.

      Файл-серверлерді  қолдану - мәліметтерді өңдеудің барлығы  жұмыс станциясында орындалады, ал файл-сервер тек мәліметтерді жинақтаушы және ену құралының функциясын атқарады дегенді білдіреді.

      Екі деңгейлі клиент-серверлік архитектурасы тек қана мәліметтер базасының серверін (DB-сервер) қолдану негізінде құрылған. Клиент бөлігі мәліметтерді ұсыну деңгейі болып табылады, ал серверде мәліметтер базасымен бірге МББЖ және қолданбалы қосымшалар орналасқан.   

       DB-сервердің файл-серверден айырмашылығы - оның жедел жадысында желілік  операциялық жүйеден басқа жұмыс  станцияларымен DB-сервердің сыртқы жадысында орналасқан мәліметтер базасын бірлесе қолдануын қамтаммассыз ететін орталықтандырылған МББЖ жұмыс істейді.

      DB-сервері  мәліметтер файлдарын тұтастай  желімен жіберуден бас тартуға  мүмкіндік береді, оның орнына  қолданушының сұрауын қанағаттандыратын мәліметтер базасынан алынған іріктемені ғана жіберу мүмкіндігі бар. Осымен қатар қолданушы қосымшасын екі бөлікке бөлу мүмкіндігі бар: бір бөлігі серверде орындалады және мәліметтер базасынан алынған мәліметтерді іріктеумен және агрегациялаумен байланысты, талдау және шешім қабылдауға қажетті мәліметтерді ұсынатын екінші бөлігі клиент машинасында жүзеге асырылады. Осы арқылы, сервер және клиенттік жұмыс станцияларының есептеуіш ресурстарын қосу нәтижесінде ақпараттық жүйенің жалпы өнімділігі артады.

      Мәліметтер  базасына сұрау реляциялық мәліметтер базалары үшін стандартқа айналған SQL тілінде жүзеге асырылады. Осыдан мәліметтер базасы сервері барлық реляциялық МББЖ-мен: Oracle, Informix, MS SQL Server, ADABAS D, InterBase, SyBase және т.б. сүйемелденетін  SQL сервері деп жиі аталуда. Клиенттік қосымшалар столдық МББЖ (MS Access, FoxPro, Paradox, Clipper және т.б.) тілі арқылы жүзеге асуы мүмкін. Осыдан клиенттік қосымшаның  SQL сервермен өзара әрекеті глобальдік мәліметтер базасынан мәліметтерді жіберу және оларды клиенттік қосымшалардың мәліметтер базалары құрылымына қайта құру мүмкіндігін қамтаммассыз ететін ODBC (Open Data Base Connectivity) драйвері арқылы жүзеге асырылады.

      Үш  деңгейлі клиент-серверлік архитектурасы API интерфейсі (Application Program Interface) арқылы клиенттік жұмыс станцияларының байланысы орнатылатын жеке сервер қосымшаларына қолданбалы программаларды орналастыруға мүмкіндік береді. Қосымшаның клиенттік бөлігінің жұмысы “сервистер” деп аталатын қосымшаның серверінің қажетті функцияларын шақыруға бағытталған. Өз ретінде қолданбалы программалар мәліметтер базасының серверіне SQL сұраулар көмегі арқылы қатынасады. Мұндай ұйымдастыру КАЖ-ң өнімділігі мен тиімділігін мыналардың есебінен едәуір жоғарлатуға мүмкіндік береді:

  • жүйелік ресурстарды елеулі үнемдеу кезінде көптеген клиенттік қосымшаларда мәліметтерді өңдеудің жалпы функцияларын көп рет қайталап қолдану;
  • қосымшалар сервері мен мәліметтер базасының серверінің жұмыстарының параллельдігі, осымен қатар қосымшалар сервері мәліметтер базасының серверімен салыстырғанда құатсыздау болуы мүмкін;
  • клиенттік орындардан қосымшалар сервері арқылы мәліметтер базасына енуді есептеуіш желіде сұраулардың орындалуын диспетчерлеу жолымен оптимизациялау.
  • біреуінің жұмыс бабынан шыққан жағдайда желіде бірін-бірі ауыстыра алатын бірнеше қосымшалар северінде программалық қамтамассыздандыруды дубльдеу нәтижесінде мәліметтерді өңдеудің жылдамдығы мен сенімділігін арттыру;
  • қолданушылардың ену өкілеттіліктерін тексеру жүйесін басқару функцияларын мәліметтер базасы серверінен қосымшалар серверіне ауыстыру;

      үш  деңгейлі клиент-серверлі КАЖ-і техно-жұмыстық жобалауының технологиялық желісін  қарастырайық (сур. 2.-3.). 

       

   

      Сур. 2. Үш деңгейлі клиент-серверлі КАЖ-і техно-жұмыстық жобалауының технологиялық желісі 

D1- Пәндік  облысты сипаттау;

D2- МБ-ң  таңдалған серверін сипаттау;

D3- Техникалық  құралдар мен желілік операциялық  жүйенің таңдалған конфигурациясын  сипаттау;

D4- Техникалық  тапсырма (қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктері);

D5- Жасаудың программалық құралдарын сипаттау;

D6- КАЖ-ң функционалдық құрылымын сипаттау;

D8- КАЖ-і  қолданушылар және олардың құқықтарының  тізімі;

D9- МБ-ң облыстарын толтыру журналы;

D10- Жолдама  құжаттар;

G1- Есептеуіш  желі;

G2- МББЖ;

G5- МБ-ң  сұлбасы басқарушы элементтермен  бірге; 

G6- Қосымшалар  сервері;

G7- Клиеттік  орындардың қосымшалары;

U1- Желілік операциялық жүйе және техникалық плтаформалар универсумы;

U2- МБ-ң серверлерінің универсумы;

U3- КАЖ-і  жасаудың программалық құралдарының универсумы;

 

                      

      Сур. 3. Клиент-серверлік ортада мәліметтер базасын жобалаудың технологиялық желісі   

D2- МБ-ң таңдалған серверін сипаттау;

D5- Жасаудың программалық құралдарын сипаттау;

D6- КАЖ-ң функционалдық құрылымын сипаттау;

D7- Таралған  мәліметтер базасының құрылымы;

D10- Жолдама  құжаттар;

G1- Есептеуіш  желі;

G2- МББЖ;

G3- МБ  жадысының облыстары;

G4- МБ-ң  сұлбасы;

G5- МБ-ң  сұлбасы басқарушы элементтермен  бірге;

      1. Корпоративтік ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын жасау.

   Бұл мәселе пәндік облысты сипаттау – D1 және техникалық тапсырма – D4 негізінде шешіледі. Берілген технологиялық операцияның шығуына КАЖ-ң функционалдық құрылымын сипаттау – D6 және техникалық құралдар және желілік операциялық жүйенің таңдалған конфигурациясын сипаттау – D3 қызмет етеді. Корпоративтік ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын жасау мыналарды анықтауға негізделеді:

Информация о работе Маркетингтегі ақпарат жүйесін тұрғызу