Маркетингтегі ақпарат жүйесін тұрғызу

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 21:12, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі даму кезеңінің ажырағысыз белгісі жаһандандыру және қоғамды ақпараттандыру болып табылады. Қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандыру ақпараттың және ақпараттық технологиялардың мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы рөлін түбірлі өзгертеді. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, оның әлемдік жүйеге интеграциясы ақпараттық технологияларды пайдаланудың масштабы мен сапасына және мамандардың кәсіпкерлік қызметіне тәуелді [1].

Содержание

1 Ұйымның маркетингтік ақпараттық жүйесін негіздеу....................................................................................................................6
1.1 Маркетингтік ақпарат жүйесі. Үрдістің экономикалық мәні............................6
1.2 «Мск пром снаб тоо» жауапкершілігі шектеулі серіктестік сипаттамасы...............................................................................................................26
1.3 Маркетингтік ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты.......................................................................................................................38
1.4 Маркетингтік ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар......................................................................................................................40
1.5 Концептуалды схема...........................................................................................50
2 Маркетингтегі ақпарат жүйесін жобалау.....................................53
2.1 Мәселенің қойылымы.........................................................................................53
2.2 Ақпараттық жүйедегі есептің орны...................................................................54
2.3 Кіріс ақпараты......................................................................................................55
2.4 Шығыс ақпараты..................................................................................................56
2.5 Ақпараттық база..................................................................................................57
2.6 Программалық қамтамасыз ету..........................................................................60
2.7 Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құралдар жабдығын сипаттау...................................................................................................61
2.8 Программалық қамтамасыз ету құрылымы......................................................62
3 Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және қолдануы мүмкін болатын сала....................................................................................64
Маркетингтегі ақпараттық жүйені тұрғызуға кететін шығынын есептеу..................................................................................................................64
Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау.....................................................................................................................69
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................71
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................72

Работа содержит 1 файл

ДР Маркетингтегі ақпарат жүйесін тұрғызу.DOC

— 631.00 Кб (Скачать)

Техникалық  құралдар кешені ақпараттың ауысуының  негізгі шарттарына толығымен сай  болуы керек және де жүйе астарынан  қызмет ету үрдісі кезінде құрал-жабдықтар  кешені максималды түрде тиімді болуы  қажет. Техникалық жабдықтау 6 кестеде көрсетілген.

       Кесте 6. Техникалық жабдықтау

 
Техникалық  құралдар атауы

Физикалық модуль

Сипаттамалары
ДЭЕМ  Intel Pentium 4 Процессор

Зерделік сақтаушы құрылғы

МҚДЖ

Монитор

Батырмалар тақтасы

Тышқан

Intel, 2.4MHz 

512Mb

120Gb

17 дюймдік

102 батырмалы

2 баспалы

Принтер Принтер HP LaserJet
Факс – модем Факс – модем Sony – 42S
Телефон Телефон Panasonik

 

Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар 

     Математикалық қамтамасыздандыру – АЖ есептерін  шешудегі, АЖ өңдеудегі математикалық  әдістер, модельдер, алгоритмдер жиыны.

     Математикалық қамтамасыздандыруға келесілер  жатады:

  1. өңделген ақпарат пен жиналған алгоритм, өңделген әдіс,
  2. сортталған мәліметтер, ізделген алгоритмдер.

     Математикалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек:

  • Ақпаратты жинау және өңдеу алгоритмін, сонымен қатар ЭЕМ мәліметтерді енгізу дұрыстылығын бақылау;
  • Мәліметтерді іздеу, іріктеуі құжаттарды принтерге басып шығару алгоритмдерін құрастыру;
  • Қолданылатын математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндіктерін ескеру керек;
  • Алгоритмнің кез-келген формасы қолданылады: формулалық, таблицалық, блок-схема, жазбалық.

       Математикалық қамтамасыздандыру  алгоритмдері келесі жалпы талаптарға  жауап беруі тиіс:

  • Қарапайым блоктарды декомпозициялау;
  • Қолданбалы программалық пакеттеріне және программалау тілдеріне қолданылатын стандарттарды іздеу және есептеу процедураларын максималды түрде пайдалану;
  • Программалардың орындалуын және есептің қызмет көрсету байланысын бақылау.
 

Программалық  жабдықтауға қойылатын талаптар 

     Программалық  қамтамасыздандыру – АЖ мен техникалық құралдар кешенін функционалдығын қамтамасыздандыру мақсатында өңдейтін программа жиынынан тұрады. Программалық қамтамасыздандыру математикалық негізінде құрылады да нақты «жұмыс істейтін» форма болып табылады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.

     Жалпы программалық жабдықтау – бұл  жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу  есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің “және – немесе ” шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлімі.

     Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен  бөлек функцияларды орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін программалар кіреді.

    Программалық  қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек: МБ мәліметтер құрамын кеңейту мүмкіндігі;

  • МБ әсерін тигізе алатын жаңа формаларды өндіру мен кіріс формаларының өзгеруі;
  • қаржы несие функцияларының жоспары мен құрамын динамикалық анықтау;
  • МБ көптеген сақталған мәліметтен мәліметті анықтау үшін іздеу саласын анықтау;
  • шығу мәләметтерін өңдеу мен таңдау әдістерін анықтау.

        Пакетті пайдалану максималды түрде ыңғайлы болу үшін келесі мүмкіндіктер қарастырылуы керек:

  • жұмыстың диалог режимі, яғни меню, сұраныстар;
  • диалогтың икемді болуы;
  • абсолютті түсінікті болуы;
  • қолданудың қарапайымдылығы;
  • үйренуге жеңіл болуы;
  • жұмыс үзілгеннен кейін жұмысты қайта жалғастыру мүмкінділігі;
  • жұмыс істеу барысында керек анықтамалардың шығуы;
  • тиісті дәрежеде ақпаратты қорғау.

       Программалық қамтамасыз етуді  өңдеу кезінде үнемдеу бойынша  қолданатын қағидаларын ескеру, яғни олар ыңғайлылық, тираждау  ыңғайлылығы және т.б. Ақпараттық жүйедегі айналыста болатын ақпарат көлемінің үлкен болуына байланысты программалық жабдықтау 7 кестедегі талаптарға сәйкес келуі керек:  

Кесте 7. Программалық жабдықтау 

Тип Атауы Мүмкіндіктері
Жалпы программалық жабдықтау
Операциялық жүйе Microsoft Windows NT Server 4.0 Күшті 32-битті  көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.
Microsoft Windows NT Workstation 4.0

MS Office XP

Дербес ЭЕМ  үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді  серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.
Microsoft Windows 2000 Дербес ЛЕЖ  үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.
МББЖ Microsoft Access 2003  
Арнаулы программалық жабдықтау.
ҚПП Delphi 7 Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау.
  Paradox 7 Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер  базасын жинақтау.
Қорғау
ОЖ  паролі Желіге  енуді бақылайды.
МББЖ  паролі МБ кестелеріне  ену құқын анықтайды.

Ақпаратты қорғау мен программалық  құралдарына  қойылатын талаптар 

     Ақпаратты қорғау деп – мәліметтер жүйесінде сақталынатын программа орындалуының басқару мүмкіндігі бар әдістер мен тәсілдер жиынтығын айтады.

     Жүйе  келесілерден қорғалынуы керек:

  • ішкі ақпарат жүйесіне заңсыз кіруден;
  • қауіпті жағдайда ақпараттың бүлінуі;
  • байланыс каналдарынан мәліметтердің өту кезіндегі бүлінуі;
  • операторлардың механикалық қатесі.

    Ақпараттық  және программалық құралдарды бұзылудан  және авторландырылған деректерден  алудан қорғау

    Ақпаратты қорғау дегеніміз – мәліметтер жүйесінде  сақталатын орындалған программаларға енуді басқаруға мүмкіндік беретін әдістер мен амалдар жиынтығы.

    Ақпаратты және программалық құралдарды қорғау мақсаты – көп программалы  есептеу жүйелеріндегі ақпаратты  ойланбай пайдалануды жою, мәліметтерді пайдалануды қажетсіз орындарды  анықтау және оларды жою, сондай-ақ қателіктердің салдарын жоюда құралдарды таңдау.

    Ақпаратты және программалық құралдарды қорғау жүйесі келесі сипаттарға ие болу керек:

    ● қауіпсіздік – кездейсоқ және әдейіге емес бұзудан мәліметтердің  қорғанысын қамтамасыз ету, жүйе немесе сонда сақталынатын мәліметтермен жұмыс істеуге пайдаланушының құқығын анықтауға мүмкіндік беретін әдістерді ашу модификациясы немесе жиынтығы;

    ● ұқсастыру – пайдаланушыларға, техникалық құралдарға және қорғалатын (мәліметтер элементіне, есептерге, программаларға, мәліметтер базасына) идентификаторларды иемдету (код атауы);

    ● конфиденциялылық мәліметтерге берілген және олардың қорғаныс дәрежесін  анықтайтын статус;

    ● құпиялылық – ақпаратты жабық  және қорғалуға жататын деп жариялайтын  құқығы;

    ● өкілеттілік – қорғалған мәліметтермен  сол немесе басқа процедураларды жүзеге асыруда пайдаланушының, терминалдың  немесе басқа объектінің құқығы;

    ● түпнұсқалық – қойылған идентификатордың объектіге қатыстығын тексеру.

    Кездейсоқ бұзылулардан ақпаратты және программалық құралдарды қорғау жүйесі келесілерді қарастырады:

    ● вирустарға қарсы программалардың  болуы;

    ● пайдаланушылар үшін сапалы құжаттаманың болуы;

    ● жабдықтарды жетілдірудің амалдарын  пайдалану.

    Ақпаратқа және программалық құралдарға санкцияланбаған енуден сақтандыру үшін келесі бақылау шаралары қолданады:

    ● парольді пайдалану. Пакетте бекітілетіндер: пакетті ашу паролі, әкімгер паролі. Бұл пакетті ашуға және нормативті – анықтамалық ақпараттың өзгерісіне шектеу қоюды қамтамасыз ету;

    • Белгілі бір директорияларға енуді шектеу;
    • Пайдаланғаннан кейін ақпаратты есте сақтау құрылғысынан жою;
    • Техникалық құралдарды және пайдаланушыларды бақылау;
    • Техникалық құралдардың құқықтарын анықтау (есептерді және ақпараттық файлдарды пайдалануға келісім берілген жұмыс күндері және сағаттары);
    • Техникалық құралдарды, есептерді және ақпараттық файлдардың пайдаланушыларынан ұқсастыру;
    • Шектеуі пайдаланудағы ақпараттарды өңдеу кезінде техникалық құралдардың және пайдаланушылардың жұмысын тіркеу;
    • Санкцияланбаған әрекеттер кезіндегі сигнализация;
    • әр түрлі бағыттағы көмекші программалар (бақылау және қорғаныс механизмі, берілетін құжаттар және т.б. құпиялық графигін ұсыну).                                                                                                                                                    
 

     Лингвистикалық, әдістемелік жабдықтауға қойылатын  талаптар 

     Лингвистикалық  қамтамасыздандыру – программаны, ақпаратты, техникалық қамтамасыздандыруды қолданушының, АЖ персоналының қатынас тілінің (тіл құралының) жиынтиғы мен ақпараттық жүйеде қолданылатын түсініктер жиыны.

     Лингвистикалық  қамтамасыздандыру ақпараттың және басқа элементтердің тілдік құралдарынан тұрады.

Лингвистиклық қамтамасыздандыруға келесілер  жатады:

  • ақпараттық база бірлігінің құрылымын сипаттайтын ақпараттық тілдер;
  • АЖ функциялау мен өңделу үрдісінде қолданылатын анықтамалар мен түсініктер жиыны. АЖ жұмыс орындары мен басқа жұмыс орындарында құжатты дұрыс толтыру үшін бірдей болу керек;
  • мәліметті манипулирлеу мен басқару тілдері;
  • автоматтандыру жүйесін жобалау мен ақпарат жүйесін жобалау тіл құралдары.

     Әдістемелік қамтамасыздандыруға қойылатын  талаптар.

     АЖ  әдістемелік қамтамасыздандыру – заң шығарушы, нормативтік актілер, қаржылық талдау, бухгалтерлік есеп, салық салу және білімнің басқа салаларындағы /инструкциялар/ мен аналитикалық ақпаратты өндіруге мүмкіндік беретін инструкциялар жиыны. 

     Эргономикалық қамтамасыздандыруға қойылатын  талаптар 

     АЖ  эргономикалық қамтамасыздандыру – адам әрекетінің жоғары тиімділігі үшін тиімді шарттарды құру мақсатымен өндірудің әртүрлі деңгейінде қолданылатын әдістер мен құралдар жиынтығы.

     Басқарма  АЖ тиімді функциялау үшін міндетті түрде  келесілерді өндіру керек:

  • басқарманың эргономикалық талаптарын қамтитын, осы  талаптарды орындаудағы әдістерден тұратын құжаттар пакеті;
  • кадрларды таңдау жүйесі мен жұмысшылардыоқыту деңгейін қамтамасыз ететін техникалық және оқу-әдістемелік құжаттардан құралған әдістер кешені;
  • ақпарат жүйесінде адам әрекетінің жоғары тиімділігін қаматмасыз ететін әдістер мен әдістемелер кешені.

1.5 Маркетингтік ақпараттық жүйесінің концептуалды сызбасы

       Концептуалды сұлба ақпараттық  жүйенің қызмет етуінің негізгі  әдістемелік ізденістерін көрсетеді.  Сұлбалардың жиынтығы иерархия  және сызықты байланысты құрылымды  көрсетеді. Ақпараттық жүйе жоба құжаттарын өңдегенде жүйедегі графикалық интерпретация маңызды орын алады, мысалы, ақпараттық үлгілер, алгоритмдердің блок схемалары, ақпаратты өңдеудің технологиялық үрдісі, құжаттар айналымы, ақпараттар ағымы және т.б.

Информация о работе Маркетингтегі ақпарат жүйесін тұрғызу