Лекциялық кешен

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 08:38, курс лекций

Описание работы

Айтылмыш жұмыс дәрістің конспектінің ша "Менеджмент" деген тәртіпке болып табылады

Работа содержит 1 файл

менеджмент лекция5555.doc

— 380.50 Кб (Скачать)

       Классикалық немесе әкімшілік басқару мектебінің әрі қарай дамуына 2 бағытта дамыды.

  1. Өндірісті жетілдірудің бағыты.
  2. Басқарудың жалпы прблемаларын зерттеу.

        Бұл бағытта Г.Эмерсонның сіңірген еңбегі зор еді. Ол инженер – механик болып жұмыс істеген. Ол Германияда білім алып, АҚШ-та жұмыс істеген.

Г. Эмерсон 1911 жылы «Еңбек өнімділігін өсірудің 12 принципі»  деген ғылыми еңбегін жазған.

Г. Эмерсонның принциптері:

1. Алғаш мақсатты  айқын қою.

2. Болашақ мақсатты  ескере отырып, әрбір жаңа процесті  талдауға шынайы көңіл бөлу.

3. Білікті кеңес беру, Кеңес беруде кәсіпорынға ғалымдарды, специолистерді шақыру керек. Оған қаржыны аямау керек.

4. Нақты белгіленген  тәртіп пен ережеге бағыну

5. Қызметкерлерге  әділетпен қарау

6. Дер кезінде  толық әрі сенімді есеп беру

7. Ұйым қызметін  мұқият және жедел басқару

8. Көрсеткіштері  мен жұмыс кестелері 

9. Жағдайды нормалау, тұрақтандыру

10. Операциялар  көрсеткішін жасау 

11. Үлгі  нұсқауды  жазбаша дайындау

12. Еңбек өнімділігін   арттыру үшін сый – ақы беру

  1. Адамдар арасындағы қатынастар мектебі.

Негізгі бағыты психология  жағдайында болады.

Психология  дегеніміз -  адамдардың мінез - құлқын, тәртібін зерттеу, оның өндіріске деген көзқарасын зерттеу.

Бұл мектептің  негізін салушы Эдуард Мейо. Ол шағын  өндірістегі жұмысшылардың еңбек  жағдайын зерттей келіп, мынандай қорытынды шығарды. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі тек қана жұмысшының жалақы мөлшеріне байланысты емес. Ол жұмысшылар ортасының психологиялық және әлеуметтік жағдайына байланысты  Э. Мейо « Неформальды топ» деген ұғымды басқару теориясына енгізеді. Жұмысшылар кейінгі кезде басшылардың ақшасының ықпалынан «Неформальды топтың » әсеріне қатты бағынады. Осы нәтижеге сүйеніп, бұл бағыттың өкілеттіктері мынандай қорытынды жасайды.

 Егер басшылар  өз қарамағының жұмысшылардың  жағдайын ескеріп, оларға әрдайым қамқорлық жасаса, онда жұмысшылардың еңбекке деген ықыласын артып, еңбек өнімділігін көтеруге мүмкіндік болады.

  1. Империкалық білім мектебі.

Империка - латын  сөзінен аударғанда «күнделікті  тәжірибе» деген мағынаны білдіреді.  Көбіне империкалық бақылау арқылы қорытынды шығарып ары қарай кеңес, ақыл, нұсқау беру жолдары империкалық мектептің негізі. Бұл бағыттың өкілдері: К.Девис, Нью Мэн т.б.

Бұл бағыт өкілдері негізгі мақсаты: жергілікті материалдарды  жинап, оны зерттеп, ықшамдап, одан белгілі – бір қорытынды шығарып, басшы алдындағы іс- әрекеттеріне жаңа нұсқаулар жасап беру.

Басшылардың еңбегі өзгерерде  оның өзгермейтін 2 қасиеті  анықталады.

  1. Басқарушы басшы қолдағы бар ресурстар негізділген толық, біртұттас жүйе құра білу керек.
  2. Оның әр шешімі, іс- әрекеті, кәсіпорынның болашақ дамуына бағытталуы қажет. Бұл бағыттың ерекшелігі басшының іс- әрекетін жан-жақты қамтитын  комплексті болуына көіл аударады. Басқарудың ерекше бір өнер түрі ретінде қарап оны насихаттап және күнделікті өмірде қолданып, тек қана таңдаулы мамандардың қолынан келеді деп есептеу. Тағы бір ерекшелігі қазіргі заман басшысы тек бір жақты маман болуы керек.

 

Тестлеу сұрақтары:

1. Ғылыми басқару мектебінің  негізін қалаушы?

  1. А. Смит
  2. Х. Мескон
  3. А. Альберт
  4. Хедоури
  5. Ф. Тейлор

2. Гренг пен Рейвеннің жіктеуі бойынша биліктің негізгі неше формасы бар?

  1. 3
  2. 4
  3. 5
  4. 6
  5. 7

3. Жүйенің негізгі  екі типі болады. Олар:

  1. ұзақ және қысқа
  2. ашық және жабық
  3. мерзімді және мерзімсіз
  4. ішкі және сыртқы
  5. шетел және ұлттық

4. «Ғылыми менеджмент  атасы» атты атақ қай ғылымға берілді

  1. Файоль
  2. Тейлор
  3. Мескон
  4. Фрейд

5. «Ғылыми-басқару»  мектебі нешінші жылы қалыптасты?

А. 1856-1915

В. 1985-1910

С. 1985-1916

Д. 1895-1915

Е. 1885-1911

6. Басқарудың  әмбебап әдістерін өндеу және  оны кез-келген ұйымда қолдану  қай мектептің мақсаты болып табылады?

А. ғылыми-басқару

В. басқарудағы  әкімшілік

С. психологиялық және адам қатынастары

Д. сандық мектеп

Е. а және в жауаптары

 

4-тақырып. Ұйым түсінігі және оның түрлері

 

Мақсаты: Студент жалпы мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің үйлестірілуін яғни ұйым туралы, оның мақсаты және басқару үрдісін оқыйды.

Сұрақтары:

  1. Ұйым туралы түсінік.
  2. Ұйымның жалпы сипаттамалары.
  3. Ұйымдағы басқару процeci.

 

Ұйым дегеніміз  – алға қойылған мақсатқа жету барысында  адамдар тобы еңбегінің саналы үйлестірілуі.

Әрбір топтың ұйым боллып есептелуіне төмендегідей талаптар қойылады.

    1. Осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның бар болуы керек.
    2. Барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.
    3. Топтың мақсатына жету үшін топ мүшесінің бірегей арнайы еңбектенуі керек.

Ұйымдардың  негізгі түрлері.

 Мақсатты  орындауда, нәтижеге қол жеткізуде  ұйымдар құралады.

1) Ресми ұйымдар.

2) Бейресми ұйымдар.

3) Күрделі ұйымдар  болып жіктеледі.

Ресми ұйымдар  деп- мақсатты орындауда басқару  процесін жүйелі үйлестіретін нақтылы  құрылымға ие болатын басшылық еркінен  құрылған адамдар.

Бейресми ұйымдар деп- қызмет барысындағы әлеуметтік қатыныстарға ішкі себептерге  байланысты ойламаған жерден құралады.

Күрделі ұйымдар деп- құрылым  мен мақсаттың жан- жанты кешенді  сипаты жағдайында пайда болады. Ресурстар  мүліктер басымдарына қарай тиімді үйлестірімдерді талап етеді.

Ұйымдар міндеттерді орындау барысында өздеріне тән бір қатар сипаттамаға ие болады.

Оларға мыналар  жатады.

1) Ресурстардың орын алуы.

2) Сыртқы ортадан тәуелділігі.

3) Көлденең және тік  еңбек бөлінісі.

4) Басқару қажеттілігінің  енгізілуі.

1) Ресуртар жалпы алғанда  кез- келген қызметі нәтижеге, мақсатқа қол жеткізуде ресурстарды тиімді пайдалану. Ұйымдағы ресурстар келесідей болып бөлінеді.

- адамдық;

- қаржылық;

- материалдық;

- технолгиялық;

- ақпараттық;

2) Сыртқы ортадан  тәуелділігі деп- ұйымның қызметі  мен нәтижесі көп жағдайында  оның қоршаған ортасындағы   экономикалық, саяси нарықтық, халықаралық,  технологиялық,  әлеуметтік факторларға  байланысты болады.

3). Көлденең еңбек бөлінісі деп- басқару процесіндегі әртүрлі қызметтерді орындау мақсатында компаненттерге жіктеледі, яғни ұйым ішіндегі өндірістік  қызметінің орын алуы.

Тік еңбек бөлінісі деп- басқару ісін күрделі, жүйлік сипатта  болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіріп отыру қажет, осыдан барып қызметінің анықталуы, өкілеттің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзеге асырылады. Ұйым ішіндегі басқару деңгейлері жоғары, орта, төменгі  болып бөлінеді.

 Жоғарғы буын- ұйымның жалпы стратегиясын, бағыт- бағдарламасын қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымдық дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыны (  президент, вицепрезидент, директор, басқарма) өз құрамына енгізеді.

Орта буын- жоғарғы  буын анықтамасында ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметін орындаудан өндірістік бөлім басшылары.

Төменгі буын- тікелей  орындар және төменгі қызметті орындайтын басшы буындар.

4) Басқару қажеттілігің  нарықтық экономикалық жағдайда  басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік меншік формаларының сан- алуандығы, шаруашылық орын алғанда басқарудың қажеттілігімен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі.

2. Мақсаттық  басқару- кәсіпорын мүлкінен тиімді  пайдалана отырып, алға қойған  нәтижелерге қол жеткізу.

 Басқару  шешімдерін ойластыруда қолда  бар ресурстар мен қоғамдық  қажеттіліктеріне негізделген мақсат  ерекше маңызды орын алады  және төмендегідей сипатқа ие  болады:

  1. Мақсат- нақтылы және өлшемді болуы тиіс, яғни оның орындалу барысын бағалау мүмкіндігі болуы керек.
  2. Мақсат- белгілі мерзімнен шектелуі тиіс. Осыған орай мақсаттар: ұзақ, орта және қысқа мерзімде болады.
  3. Ұйым мақсатына- сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүмкіндігіне  қарай айқын және оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылданады.

Қ.Р  ұйымдарының құрылуы  мен қызмет жасау тәртібі арнаулы  заң құжаттарымен белгіленген. Атап айтқанда 1995ж қаңтар айында қабылданған «азаматтық кодекстер» ұйымдарының түрлері мен негізгі белгілері заңды тұлға ұйымында белгіленген.

Ұйымның заңды  тұлға болып есептелуі  меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы мүмкіншіліктің болуы мүлік пен өз міндеттемелері бойынша жауап беруі қажет шарт болып табылады.

Өз қызметінің негізгі мақсаты пайда келтіру  болып табылатын ұйым, коммерциялық ұйым деп аталады, мұндай заңды тұлғалар мемлекет, кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндіру кооперативтер нысанында құралады.

Ал мұндай мақсатты көздемейтін және алған пайдасын қатысушыларға үйлестірмейтін ұйым коммерциялық ұйым, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында құрылуы мүмкін.

Ұйымдарды тиімді басқару сипаттамалары. 

  1. Экономикалық.
  2. Әлеуметтік психологиялық.
  3. Құқықтық.
  4. Ұйымдастыру, техникалық.
  5. Экономикалық тұрғы - өз құрамында өндірілген процесті басқаруды көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізуді материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарды үйлестіруді қамтиды.
  6. Ұйым алдында қойылған мақсатқа жетуде сол ұйымның барлық қызметін ұйымдастыру мен басқаруда орын алатын ерекше топтың қызметін белгілейді.
  7. Басқарудағы мемлекет, саяси экономикалық  институттар құрылымын, ол жүргізетін бағытын, анықтаған заңдарын көрсетеді.
  8. Өз құрамында орын алған жағдайда дұрыс бағалау, міндеттерді тұрақты белгілеу, оған жетудегі стратегияны қабылдау және қажетті ресурстарды реттеу, тиімді жобалау мен ұйымдастыру, бақылау мен ынталандыруды енгізу.

Тестлеу сұрақтары:

1. Ұйымның тиімді  дамуын  қамтамасыз ету мақсатында  түрлі басқару міндеттерін шешудің   ережелері  мен процедуларының  жиынтығы не  деп аталады?

  1. менеджмент қызметтері
  2. менеджмент әдістері
  3. менеджмент  функциялары
  4. менеджмент   принциптері
  5. менеджментті болжамдау

2. Ұйымның міндетті  ісін орындауды және мақсатына  жетуді  қамтамасыз ететін жан-жақты  жоспар жиынтығы не болып табылады:

  1. мақсат
  2. уақыт
  3. өнім
  4. стратегия
  5. басшы

3.  Ұйымдық  ықпал түріне  жатпайды

  1. регламенттеу
  2. нормалау
  3. әдістемелік түсіндірме
  4. нормативтер
  5. барлығы жатады

4.   Ұйымдар   санының өсуі, тауар мен қызмет  көрсету нарығының өсуі, І дүние  жүзілік соғыс, 1929-1933 жж. дағдарыс   және постиндустриалды  революцияның  басталуымен пайда болған мектеп

  1. ғылыми
  2. классикалық
  3. адамгершілік қарым-қатынас
  4. сандық ықпал
  5. бихевиористік

 

5-тақырып. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы

 

Мақсаты:Басқарудағы адамдардың негізгі көзқарасын, басқару көлемін, ұйымның ішкі ортасын және құрылымын оқу.

Сұрақтары:

    1. Ұйымның ішкі ортасы туралы түсінік.
    2. Ұйым құрылымы. Басқару көлемі.
    3. Басқарудың жағдайлык көзқарасындағы адам айнымалысының негізгі аспектілері

 

Басқарудың  тиімділігі мен менеджменттің іс- әрекеттерін экономикалық табыстар мен нәтижелер арқылы бағалауға  болады.

Менеджер ұғымы  ағылшын тілінен аударғанда «  бір нәрсені реттеу, теңестіру, басшылық ету » дегенді білдіреді. Менеджменттің міндетін ұйымдағы  бір ауыздылықты және ұйым мұқтажын өтеуді қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі кездегі  менеджменттерге төмендегідей талаптар қойылады:

  1. Өзіне деген сенімділік.
  2. Жеке басының бағалық қасиеттері мен өзін үнемі жетілдіру.
  3. Қызметкерлерді баулу және байланысты орнату қабілеттілігі.
  4. Басқару әдіс- тәсілдерін білу.
  5. Тиімді шешім қабылдауға дағдылану.

Информация о работе Лекциялық кешен