Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 15:55, курс лекций
Стратегиялық басқару - орталық буыны, кәсіпорынның жеке ресурстық әлеуетін, сыртқы ортаның мүмкіндіктері және қауіп-қатерлерімен салыстыруға негізделген стратегиялық таңдау болып табылатын стратегиялық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру процессі.
Кіріспе 8
1 тақырып. Стратегиялық менеджментке кіріспе
№1 дәріс
1.1 Стратегиялық басқарудың алғы шарттары
1.2 Стратегиялық басқару түсінігі
№2 дәріс
1.3 Стратегиялық басқарудың даму кезеңдері
1.4 Стратегиялық басқарудың алғашқы тұжырымдамалары
№3 дәріс
1.5 Ұлттық жағдайда стратегиялық басқаруды қолдану мәселелері мен болашағы
2 тақырып. Стратегиялық менеджменттің жалпы сипаттамасы
№ 4 дәріс
2.1 Стратегиялық менеджмент: мәні мен мазмұны
2.2 Басқару стилі және стратегиялық басқару
№ 5 дәріс
2.3 Экономикалық, саяси және ұйымдастырушылық аспект
2.4 Стратегиялық басқарудың оперативтік басқарудан ерекшелігі
№ 6 дәріс
2.5 Стратегиялық менеджмент құрылымы
3 тақырып. Стратегиялық басқарудың жалпы тұжырымдамасы
№ 7 дәріс
3.1 Стратегиялық басқарудың мәні
3.2 Стратегиялық басқарудың негізгі компоненттері мен кезеңдері
3.3 Стратегиялық басқару объектілері
№ 8 дәріс
3.4 Стратегиялық басқару түрлері
3.5 Стратегиялық басқару қағидалары
4 тақырып. Ұйым мақсаты мен миссиясы
№ 9 дәріс
4.1 Болашақ көріністі қалыптастыру
4.2 Биснес саласы мен миссиясын анықтау
№ 10 дәріс
4.3 Бизнес мақсатын белгілеу
4.4 Мақсаттар иерархиясын тұрғызу
№ 11 дәріс
4.5 Стратегиялық жоспарлау, (қысқа және ұзақ мерзімді)
4.6 Ұйымдастырылған орта
5 тақырып. Сыртқы ортаны талдау
№ 12 дәріс
5.1 Кәсіпорынның сыртқы ортасын талдау мақсаты мен сипаты
5.2 РЕST – талдау
№ 13 дәріс
5.3 Саладағы бәсеке мен жалпы жағдайды талдау
5.4 Бәсеке деңгейін бағалау
6 тақырып. Кәсіпорынның ішкі ортасын талдау
№ 14 дәріс
6.1 Ішкі ортаны стратегиялық талдаудың мақсаты мен қағидалары
6.2 Кәсіпорынның күшті және әлсіз тұстарын талдау
№ 15 дәріс
6.3 Шығындарды стратегиялық талдау және «құндылық тізбегі»
7 тақырып. Стратегияны таңдау, стратегиялық альтернативаларды жасау және талдау
№ 16 дәріс
7.1 Стратегияның мәні
7.2 Кәсіпорын стратегиясын сыныптау
№ 17 дәріс
7.3 Бизнесті дамытудың негізгі стратегиялары
7.4 Кәсіпорын стратегияларын анықтау
№ 18 дәріс
7.5 М. Портер бойынша стратегия
8 тақырып. Стратегия түрлері мен сыныптамасы
№ 19 дәріс
8.1 Стратегияларды сыныптау
8.2 Өндірістік стратегиялар
№ 20 дәріс
8.3 НИОКР стратегиясы
8.4 Бәсекелестiк маркетинг стратегиясы
№ 21 дәріс
8.5 Тұрақты даму стратегиясы
8.6 Гарвард мектебінің моделі, БКТ моделін қолдану
№ 22 дәріс
8.7 «Дженерал электрик - Маккинзи» тұжырымдамасы
8.8 Ұйым стратегиясы, (Минтцберг, Чандлер стратегиялары)
№ 23 дәріс
8.9 Бейімделу стратегиясы
9 тақырып. Стратегияларды корпоративтік деңгейде өңдеу
№ 24 дәріс
9.1 Артықшылықтарды бағалау және оның ролі
9.2 Әртараптандыру стратегиялары
№ 25 дәріс
9.3 Әртараптандырылған компанияның стратегиялық сараптамасы
10 тақырып. Стратегияны регламенттеу, стратегиялық өзгертулерді басқару
№ 26 дәріс
10.1 Стратегияны орныдаудың негізгі сатылары
10.2 Стратегиялық өзгертулер
№ 27 дәріс
10.3 Стратегиялық бақылау
11 тақырып. Стратегияны дайындау және енгізу
№ 28 дәріс
11.1 Стратегияны тұжырымдау
11.2 Стратегияны дайындау кезеңдері
№ 29 дәріс
11.3 Стратегияны іске асырудың ұйымдық қамтамасыз етілуі
11.4 Стратегияны дайындау процесін ақпараттық қамтамасыз ету
№ 30 дәріс
11.5 Ұйымның жоспарлар жүйесін стратегиялық талдау
11.6 Басқару шешімдерін, шешімдер көрсеткіштерін, стратегиялық ұстанымдардың тиімділігін бағалау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Глоссарий
Стратегиялық өзгертулер жүйелік сипатқа тән. Сол себептен олар кәсіпорынның барлық жақтарын қозғайды. Сондай-ақ стратегиялық өзгерту жүргізген кезде негізгі болып табылатын ұйымды екі бөлікке бөлуге болады. Біріншісі- ұйымдық құрылым, екіншісі – ұйымдық мәдениет.
Ұйымдық құрылым стратегиялық өзгерту объектісі ретінде. Әрбір кәсіпорынның ұйымдық құрылымының өзіне тән ерекшеліктері бар және де бөлімшелер арасында тапсырмаларды бөлу, қызметі бойынша дәрежесін көтеру және лауазымға тағайындау саясаты, бірігудің ең күшті жүйелері туралы басшының пікірін сипаттайды. Корпоративтік стратегияның өзгеруі кәсіпорындағы ұйымдық құрылымның өзгеруіне алып келеді. Егер құрылым қарастырылатын стратегияға сәйкес келмесе, онда стратегия орындала ала ма және стратегияны табысты жүзеге асыру үшін ұйымдық құрылым мен кадрлық ауысымда қандай өзгертулер енгізу керек, деген сияқты мәселелерді шешу қажет.
Жеке қызметтер түрін топтастыруға бола ма?
Орталықтандырылған функционалдық құрылым өндірілетін өнімнің шектеулі ассортименті кезінде тиімді. Диверсификацияланған компаниялар өздерінің жеке шаруашылық бөлімшелерін бөлу арқылы басқарудың орталықсыздандырылған құрылымына өтуге тура келеді.
Сол немесе басқа ұйымдық құрылымды таңдау көптеген факторлардан тәуелді, соның ішінде негізгілері:
Ұйымдық мәдениет стратегиялық өзгертулер объектісі ретінде. Ұйымдық мәдениет – бұл кәсіпорынның бүкіл тарихындағы ұйымның сыртқы орта талаптарына бейімделу және жұмысшы топтары арасында ішкі қатынасты қалыптастыру ережелері мен тәсілдерінің жиынтығы. Мәдениет стратегиялық курстың ауысуына ұйымның ықпалын көрсетеді, барлық басқару деңгейлеріндегі персоналдардың тәртіп ережелерін белгілейтін нормаларды анықтайды.
Осы
кәсіпорындағы жалпы
Ұйымдық мәдениетті қалыптастыру мен қолданудың 5 факторын бөліп қарайды:
Ұйымдық мәдениетті қалыптастырудағы әрбір фактордан, кәсіпорынның мәдениетін саналы өзгерту кезінде сәттілікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін арнайы тәсілдерді қолдануды талап етеді. Стратегияны орныдау сатысында негізгі күш ұйымдық мәдениеттің таңдалған стратегияға кейкес келуіне бағытталады.
Стратегиялық өзгертулерді жүзеге асыруды басқару. ADL консалтинг фирмасының зерттеушілері бес негізгі тәсілдерді бөледі. Онда кәсіпорын менеджерлерінің командасы мен көшбасшысының басқару стильдері басты белгі ретінде қаралады. Олардың қысқаша сипаттамасы 8-кестеде көрсетілген.
8 – кесте.Стратегиялық өзгертулерді жүзеге асыруды басқару
Тәсіл |
Көшбасшы үшін басты стратегиялық сұрақ (немесе менеджерлер командасы үшін) |
Кәсіпорын менеджерлерінің негізгі ролі |
1. Командир (автаритарлық тәсіл) |
Мен ұйымның стратегиясын қалай жасаймын? |
Стратегиялық жоспарлау саласындағы мамандар |
2. Бақылаушы (бақылаушы тәсіл) |
Мен ұйым стратегиясын меңгергенмін. Оның жүзеге асырылуын қалай қадағалауым керек? |
Барлық құрылымдар бойынша жүзеге асыруды бақылау |
3. Әріптес (серіктесуге негізделген тәсіл) |
Мен менеджерлерді стратегиялық жоспарлауға қалай тартуым керек? |
Негізгі үйлестірушілер |
4. Мәдениетті көшбасшы (ұйымдық мәдениеттің өзгеруіне негізделген тәсіл) |
Мен стратегияны жүзеге асыру процессіне кәсіпорын персоналдарын қалай тартамын? |
Оқытатын тренерлер |
5. Толағайларды тәрбиелеуші (толағайлық тәсіл) |
Тиімді стратегияны жүзеге асыру арқылы бизнес толағайы болуға ұмтылатын менеджерлерді қалай ынталандырамын? |
Кірісу шарттарының тапсырмасы және жеңімпаздар арбитражы |
Нақты жағдайдан тәуелді бес тәсілдің біреуі таңдалады.
№ 27 дәріс
10.3 Стратегиялық бақылау
Стратегиялық басқарудың қорытынды кезеңі – стратегиялық жоспардың жүзеге асырылу қадамдарын бақылау. Бақылау стратегияны орындаумен байланысты қауіптерді анықтау және оларды жою үшін қажет. Стратегиялық бақылау үрдісі келесідей жолдармен жүзеге асырылатын өзара байланысқан жұмыстардың жиынтығын сипаттайды:
Кәсіпорынды басқаруда бақылаудың үш типін ажыратады: стратегиялық (жұмыс істеу нәтижесі 1 жыл аралығында), тактикалық (6-12 ай), операциялық (6 айға дейін), яғни стратегия иерархиясымен қоса бақылау иерархиясы да болады. Корпоративтік деңгей үшін негізінен стратегиялық бақылау тән. Стратегиялық бақылау басты назарын бизнестің әртүрлі түрлері арасында тепе-теңдікті сақтауға бөледі. Бөлімдер деңгейіне тактикалық бақылау тән. Тактикалық бақылау менеджерлердің көңілін кәсіпорынның бәсекелестік ұстанымдарын жақсартуға шоғырландырады. тактикалық бақылау үрдісінде шығындар деңгейі мен нарық үлесі зерттеледі. Функционалдық деңгей үшін негізінен операциялық және тактикалық бақылау тән. Олардың төңірегінде орындалған тапсырыстардың саны, шағымдардың саны және т.б. секілді көрсеткіштер күн сайын немесе апта сайын зерттеледі. [22]
Кері байланыс механизмі арқылы бағалау мен бақылаудың тиімді жүйесі ақпараттармен тек стратегиялық жоспарларды орындау үрдісін ғана емес, сонымен бірге алғашқы стратегиялық әзірлемелерді қамтамасыз етеді.
Стратегиялардың орындалуы ұйымның өз стратегиясын жүзеге асыра алуы үшін жағдай жасайды.
1) Бақылаудың бірінші элементі.
Бірінші – жүзеге асыруды бағалау жүргізілетін болатын көрсеткіштерді жою
- тиімділік көрсеткіштері;
- адам ресурстарын қолдану көрсеткіштері;
- сыртқы орта
жағдайын сипаттайтын
- ұйым ішіндегі
үрдістерді сипаттайтын
2)Бақылаудың екінші элементі.
Бақылау параметрлері жағдайының ізіне түсу және өлшеу жүйесін жасау.
Бірінші жүйе - бұл нарықтық көрсеткіштер негізінде фирманың жұмыс істеуін бақылау жүйесі
- өнімдердің бағасы;
- фирма акцияларының бағасы;
- инвестициялық капитал табысы.
Екінші тәсіл – ұйымның түрлі бөлімшелерінің шығу жағдайын бақылау және өлшеу.
Үшінші тәсіл – толық процедурамен сипатталады, яғни қалай жұмыс істеу керек, қызметті қалай орындау керек?
Төртінші тәсіл – ұйымдағы құндылықтар жүйесі мен қатынастар нормасы белгілеу. Бақылау өзін-өзі бақылауға айналады.
3)Бақылаудың үшінші элементі.
- бақылау параметрларінің нақты жағдайын олардың қалауындағы жағдаймен салыстыру.
4)Бақылаудың төртінші элементі.
- салыстыру нәтижесін бағалау және түзеті бойынша шешім қабылдау. Түзетулер мақсаттың өзіне және оған жету құралдарына қатысты болуы мүмкін.
Тиімді бақылау сипаттамасы.
Теріс көріністер байқалуы мүмкін:
- ұйым мақсатын
бақылау параметрлерімен
- қызметкерлердің
қызметін шамадан артық
-басшыларға
бақылау жүйесінен келіп түсеті
Бақылау тиімді болу үшін, оған сипаттама:
- стратегияның орындалуына бағдарлану қажет;
- нәтижеге бағдарланған (жұмышылардың қызметін емес, нақты мақсаттарға жетуді бақылау);
- қазіргі заманға лайық болу керек ;
- «іске сәйкес» болу керек (кедергі келтірмей, қайта көмектесу);
- икемді болу керек ;
- бақылау процедурасы түсінікті болу керек;
Бақылау тиімді болу үшін, менеджерлердің әрекеттері келесілерге бағытталу керек:
- қызметтермен
қабылданатын стандарттарды
- қатал, бірақ
қол жетімді стандарттарды
- бақылау жүргізу кезінде екі жақты араласуды белгілеу;
- шамадан тыс бақылаудан аулақ болу;
- сыйақы беру.
Бақылау – кез-келген ұйымның тиімді жұмыс істеуінің негізі.
Бақылау - бұл бір жағынан кез-келген деңгейдегі менеджерлер міндеттерінің бірі, екінші жағынан мамандар тобының негізгі жұмысы болып табылатын және арнайы дайындықты талап ететін қызметтің ерекше бір түрі.
Ең тиімді бақылау
өзін-өзі бақылауға
Бақылау сұрақтары
Тема 11. Стратегияны дайындау және енгізу
11.1 Стратегияны тұжырымдау
11.2 Стратегияны дайындау кезеңдері
11.3 Стратегияны
іске асырудың ұйымдық
11.4. Стратегияны дайындау процесін ақпараттық қамтамасыз ету
11.5. Ұйымның
жоспарлар жүйесін
11.6 Басқару
шешімдерін, шешімдер көрсеткіштерін,
стратегиялық ұстанымдардың