Дәріс сабақтарының конспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 12:52, лекция

Описание работы

Кең мағынада алғанда басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның 3 компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару үрдістерін келесідей ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: Өлі табиғаттағы басқару үрдістері - техникалық жүйелерді басқару, тірі табиғатағы басқару үрдістері - биологиялық жүйелердегі басқару, ал адам қоғамындағы басқару үрдістері - әлеуметтік жүйедегі басқару үрдістері болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Конспект лекции по менеджменту.doc

— 355.50 Кб (Скачать)

Қосымша әдебиет: 20, 21

 

30-тақырып. Менеджмент тиiмдiлiгiн бағалаудағы методологиялық тәсiлдер

Ең жалпы мағынада басқару тиімділігі ретінде белгіленген уақыт мерзімінде минималды шығындармен жоғары нәтижелерге жетуі үшін кәсіпорынға қолайлы жағдайлар жасау түсініледі.

Талдау пәнінің екі жақты табиғаты бар. Мiндеттi қоюдың өзiнен-ақ тек жүйелi тиiмдiлiктi ғана емес, сонымен қатар жеке менеджерлердiң басқарушылық қызметiнiң тиiмдiлiгiн де талдау керектiгi туындайды.

Талдау пәнiн анықтаудағы ерекшелiктер кәсiпорынды басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау мен модельдеудiң әр түрлi тәсiлдерiмен байланысты. Басқару жүйесiн диагностикалауда екi модель мен екi тәсiлдi ажыратуға болады: «механистикалық» және «гуманистикалық» модельдер; «қатаң» және «қатаң емес» жүйелiк тәсiлдер.

Басқару жүйесi тиiмдiлiгi критерийлерiнiң кешендiк жиынтығын оның қызмет етуiнiң екi бағытын ескере отырып құруға болады:

-    қол жететiн нәтижелердiң өндiрiстiк-шаруашылық ұйымның белгiленген мақсаттарына сәйкес келу дәрежесi бойынша;

-    басқару жүйесiнiң қызмет ету процессiнiң оның мазмұны мен нәтижелерiне қойылатын объективтi талаптарға сәйкес келу дәрежесi бойынша.

Ұйымдық құрылымның әр түрлi нұсқаларын салыстыру кезiнде тиiмдiлiк критерийi ретiнде басқару жүйесiнiң қызмет етуiне салыстырмалы төмен шығындар жұмсау негiзiнде түпкi мақсаттарға неғұрлым толық та тұрақты жету мүмкiндiгiн қарастыруға болады.

Басқару аппараты мен оның ұйымдық құрылымының тиiмдiлiгiн бағалау кезiнде қолданылатын көрсеткiштер үш өзара байланысты топқа бөлiнуi мүмкiн:

-    ұйым қызметiнiң түпкi нәтижелерi мен басқару шығындары арқылы басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгiн сипаттайтын көрсеткiштер тобы;

-    басқару процесiнiн ұйымдастыру мен оның мазмұнын, соның iшiнде басқарушылық еңбектiң нақты нәтижелерi мен шығындарын, сипаттайтын көрсеткiштер тобы;

-    ұйымдық құрылымның ұтымдылығын және оның техника-ұйымдастырушылық деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер тобы.

Тиiмдiлiк, нәтижелiлiк көрсеткiшi ретiнде, шығындар мен нәтижелердi салыстыруды қарастырады. Нәтиже ретiнде қызметтiң соңғы нәтижесi болатын пайда, ал шығын ретiнде  негiзгi өндiрiстiк қорлар мен айналмалы қорлар қарастырылады.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Тиiмдiлiктi бағалаудың рангтiк әдiсi.

2. Басқару тиiмдiлiгiн бағалаудағы қызығушылық танытқан тҰлғалар теориясы.

3. Көпкритериялы тиiмдiлiктi анықтау әдiстемесiн қҰрастырудағы қиындықтар.

Негізгі әдебиет: 1, 6, 8, 9

Қосымша әдебиет: 21

 

 



Информация о работе Дәріс сабақтарының конспектілері