Дәріс сабақтарының конспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 12:52, лекция

Описание работы

Кең мағынада алғанда басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның 3 компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару үрдістерін келесідей ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: Өлі табиғаттағы басқару үрдістері - техникалық жүйелерді басқару, тірі табиғатағы басқару үрдістері - биологиялық жүйелердегі басқару, ал адам қоғамындағы басқару үрдістері - әлеуметтік жүйедегі басқару үрдістері болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Конспект лекции по менеджменту.doc

— 355.50 Кб (Скачать)
t-align:justify">Кәсіпорын құрылымын жобалауда келесі қағидалар басшылыққа алынады:

1. Ұйым мақсаттарын анықтау және нақтылау.

2. Мақсаттарға жету әрекет түрлерін белгілеу.

3. Еңбек бөлінісі және мамандандыру.

4. Жұмыстың әртүрлі түрлерін үйлестіру.

5. Мақсат бірлігі.

6. Басқарылу нормасы.

Ұйымды басқару құрлымында келесі элементтер орын алады:

1. Буындар, яғни звенолар (бөлімдер).

2. Деңгейлер (сатылар).

3. Байланыстар.

Басқару байланыстары сызықтық және функционалдық болып бөлінеді.

Сызықтық (вертикальды) өзара байланыстар жалпы басқару мәселелеріне сүйенген. Функционалдық (көлденең бағыттағы) өзара байланыстар басқарушылардың кәсіби қызметіне сәйкес басқару мiндеттеріне сүйенеді. Осыған байланысты басқарудың ұйымдастырушылық құрлымы сызықтық, функционалдық және аралас белгі бойынша құрылуы мүмкін. Сонымен қатар қазіргі кезеңде матрицалық және дивизионалдық құрылымдар қолданылады.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Басқару құрымының элементтері.

2. Басқару құрылымын құру қағидалары

Негізгі әдебиет: 1, 9, 10

Қосымша әдебиет: 22

 

6-тақырып. Басқарудың экономикалық механизмі

1. Басқарудың экономикалық механизмінің методологиялық негіздері.

Басқарудың экономикалық механизмінің методологиялық негізі болып экономикалық теориядағы белгілі адам моделі, оның экономикалық мінез-құлығы табылады. Адам мінез-құлығының негізінде экономикалық теория классиктері Адам Смит пен Давид Рикардо құрған адамның адамның рационалды экономикалық мінез-құлығы туралы таным жатыр: шектеулі ресірстар мен шектеусіз адамдақ қажеттіліктер жағдайында минималды шығын жұмсап, максималды нәтиже алу. Басқарудың экономикалық механизмінің фундаменті болып жеке меншік, нақтырақ айтқанда, жеке меншікке құқық табылады. Шаруашылық практика жеке меншікті тарихи анықьтады, соның нәтижесінде ол басқару және еңбек нәтижелері мен қызметті бөлудің құралы болды.

Сонымен, рыноктық экономикада екі маңызды фактор – капитал және басқару - өзара әрекет жасайды.

Экономикалық басқарудың үшінші категоряисы – еңбек. Өнім алуды басқару капиталды еңбекпен ұштастырады. Капитал, еңбек және басқару арасындағы эконмикалық қатынастар басқару жүйесінің типін анықтайды. Бұл қатынастардың сипатына байланысты екі «шекті» басқару типін атауға болады: а) бюрократиялық басқару және б) шаруашылық өзін-өзі басқару.

2. Ішкіфирмалық экономикалық механизм.

Компанияны басқарудың жүйеқұрушы компоненттерінің (қатысушыларының)  мүдделерін реттейтін механизм құрылғаннан кейін соңғы өнімге бағытталған ішкіфирмалық есеп қағидаларымен сәйкес өндірістік менеджмент кіші жүйесін құру керек.

Өндірістік-қаржылық қамтамасыз етуге жоспарлы-қаржылық, материалды-техникалық қамтамасыз ету, өткізу, техникалық бақылау қызметтері, көмекшілерге – аға механик, энергетик және т.б. жатады.

Басқарудың ішкіфирмалық экономикалық механизмін құрудың негізгі қағидасы - көмекші қызметтер мен өндірістік-қаржылық қамтамасыз ету бөлімдерінің негізгі өндіріске, яғни, соңғы өнімге өндірілетін өнімнің өзіндік құнының құрылымын талдау мен реттеу және еңбекті ынталандыру арқылы қатар бағыну болып табылады.

Компания рынок арқылы жабдықтаушылар, тұтынушылар және қаржылық мекемелермен байланыстар қалыптастырады. Байланыстардың екі түрі бөлінеді: а) тура және б) делдалдар арқылы. Бұл байланыстардың негізінде тауар өндірушілердің мүдделерін қорғау жүйесі жатуы керек.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Экономикалық басқару механизмінің әдістемелік негізі.

2. Экономикалық басқарудың негізгі категориялары

3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық байланыстар жүйесі.

Негізгі әдебиет: 1, 9

Қосымша әдебиет: 19, 22

 

7-тақырып. Экономикалық процестерді басқарудың психологиялық мәні

1. Іскерлік қатынас. Психологияда қарым-қатынас - эмоционалды-бағалау немесе танымды-бағалау сипатындағы ақпаратпен алмасудан тұратын екі немесе одан да көп адамдардың өзара әрекеттері ретінде белгіленеді.

Іскерлік қарым-қатынас – бұл бірігушілік қызметте пайда болатын қажеттіліктерден  және өзіне хабарлармен алмасуды, өзара әрекеттің басқа адамды түсіну мен қабылдаудың біркелкі стратегиясын құруды енгізетін іскерлік саладағы адамдар арасындағы байланыстар дамуының күрделі процессі.

Іскерлік қатынастың негізгі мақсаты сұхбаттасушы адамды белгілі бір іс-әрекеттерде өзіне жақындастыру үшін оларды белгілі бір қимылдарға және әрекеттерге бойсындыру, олардың көзқарастарына және ойларына әсер ету және өзгеру бағытында айналадағыларға коммуникатордың әсері болып табылады.

Коммуникация – сөздің қысқа мағынасында бұл басқарудың субъектісі мен объектісі арасында ақпаратпен алмасу; интеракция – бірігушілік қызметтің ұйымдастырылуының белгілі бір түрін болжайтын олардың өзара әрекеті; тұлғааралық перцепция – басқарудың объектісі мен субъектісінің олардың өзара түсінушілігі ретінде бір-бірін өзара тану  және қабылдау процесі.

2. Экономикалық келіссөздер. Келіссөздер – проблеманы шешуге бағытталған өзара қызмет түрі. Келіссөздер көзқарастары кейде сәйкес келетін, ал кейде сәйкес келмейтін кем дегенде екі қатысушыны ұйғарады. Әдетте, келіссөздер  серіктеспен өзара мүдделі проблеманы шешу және бірегей шешім қабылдау үшін  қажет. Алайда келіссөздер басқа да мақсатпен қолданылады. Бұл мағынада келіссөздер әртүрлі функцияларды орындауы мүмкін, оны серіктеспен қарым-қатынаста ескеру қажет. Келіссөздердің ақпараттық және коммуникативті функциялары өзара жақын, сондықтан бірегей ақпараттық-коммуникативтік функция жөнінде сөз жүргізуге болады.

Келіссөздердің елеулі функцияларының санына реттеу, бақылау және әрекеттерді үйлестіру жатады.

Келіссөздер – бұл әреккетт үстіндегі менеджмент. Кез келген басқарушылық әрекеттердің бастапқы нүктесі – мақсаттарды анықтау. Практикалық менеджменттің екінші сатысы – жоспарлау. Келіссөзде  - бұл ең жақсы жолды іздеу және оны түбегейлі зерттеу.

3. Келіссөз жүргізу әдістері. Кез келген келіссөз жүргізу әдістері жөнінде үш критерийдің көмегімен айтуға болады: ол орынды келсімге әкелуі керек; ол тиімді болуы керек; ол екі жақтың арасындағы қатынастарды жақсартуы, ең болмағанда оларды бұзбауы керек.

Позициондық сауда. Экономикалық келіссөз мақсаты -  екі жақтың бірегей шешім қабылдауы. Позициондық тәсілде шешім қабылдау созылады, ал шаруашылық шешімді қабылдаудағы кез-келген кешігу екі жақтық шығынға әкеліп соғады.

Достастық сауда. Позициондық сауданы жеңілдету қисынсыз келісімге алып келуі мүмкін (достастық позициондық сауда).

Принципиалды келіссөздер әдісі келіссөздердің Гарвардтық жобасы шеңберінде құрылған. Оның мәні проблемаларды олардың сапалық қасиеттерінің негізінде шешу, яғни әр жақ неге бара алады немесе бара алмайды деген сауда тұрғысынан емес, істің мәні тұрғысынан шешу.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Iскерлiк қатынас және оның функциялары

2. Iскерлiк қатынас процесiнiң құрылымы мен кезеңдерi

3. Экономикалық келiссөздердiң мәнi

4. Келiссөз жүргiзу әдiстерi

Негізгі әдебиет: 1, 10, 13

Қосымша әдебиет: 20

 

2-модуль. Ұйым менеджменті

8 -тақырып. Менеджмент қызмет түрi ретiнде

1. Менеджменттiң негізгі мақсаты қолда бар адамдың, қаржылық материалдық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы игіліктерге, табысқа жету. Қазіргі кездегі басқаруға қойылатын талаптардың негізгі бағдарламалары және олардың даму тенденциялары:

- Басқарудың кәсіптілігін дамыту яғни теориялық біліммен іскерлікті,тәжірибені ұштастыра білу;

- Басқаруды демократияландыру қызметінің орындалу барысы мен маңызды мәселелерді шешуге әріптестерді кеңінен тарта білу және басқарушы қызметкерлерді тиімді таңдау мүмкіндігі;

-   Еңбек бөлінісі негізінде басқаруды мамандандыру, сол арқылы басқару еңбегінің арнайы қызмет түріне бөліне отырып басқару персоналының жіктелінуі;

- Басқаруды шоғырландыру – мақсатты орындауға қолданылатын басқару әдістері мен формаларын өзара сәйкестендіру, үйлестіру;

- Басқаруды орталықтандыру – қазіргі кездегі өндірістік жүйенің күрделілігінен туындайтын өзіндік басқару мен өкілеттілік басшылықтарының бір органға жинақталуы жөніндегі тиімді аралық қарым-қатынастардың орнықтырылуы.

-  Басқару шешімдерінің көп нұсқалылығы – проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдау арқылы қосымша күттірмеген шығындарға басшылықтардың жол берілуі;

- Басқару еңбегінің мәдениетін көтеру, яғни басқару әрекетін орындауға моралді, этикалық құқықтық нормаларды кең қолдану.

2. Қазіргі кезде менеджерлерге қойылатын талаптар:

-    өзіне сенімділік және өзін-өзі меңгере білу;

-    жеке басының бағалы қасиеттері мен өзін үнемі жетілдіру;

-    бастамаларды іздестіру және өнертапқыштық;

-    қызметкерлерді баулу мен байланыс орнатуға қабілеттілігі;

-    басқару әдіс-тәсілін білу, басшылық қабілеті;

-    мақсаттылықпен тұрақты жоспарлау бақылау;

-    тығырықтан шығу, тиімді шешім қабылдауға дағдылану т.б.

Сонымен менеджер – басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді орындайтын жоғары қабілетті кәсіби маман.

3. Менеджер қызметінің жүйесі:

-    менеджердің кәсіби шеберлігі

-    тәуекелділік

-    мақсаттылық

-    ықпал ете білу

-    байланыс орнатуға қабілеттілік

-    қызметкерлерді жетілдіру біліктілігі

-    ұйымдылық мәдениеті

-    тәуелсіздік

-    жан-жақты білім

-    болашақты ойлау

-    өзіне сенімділік

-    өжеттілік

-    жаңашылдық

Басқарушылар үлгісі – қажетті іс-қимылды жүргізуде басшылар бойындағы арнаулы білімі, мінез-құлық белгілері мақсатқа жету ережелері, адамдармен қарым қатынас жасау әдісі, билік пен басқару шеберлігіне байланысты жіктелінуі. Осындай 4 үлгі бар:

1. Басқарушы-жетекші шешімді қабылдауға және оны жүзеге асыруда кәсіби біліктілігі, қызметкерлермен қарым-қатынас жасауы, жұмыс аймағында еркін әрекет етуі, ықыластығы мен әркімнің мүмкіндігін толық ұғына және бағалай білу арқылы маңызды орын алады.

2. Басқарушы-әкім – ұйымның табысқа жетуіне қатаң бақылау жарлық ету арқылы ұйымдастырудағы міндеттер мен жауапкершіліктің тығыз арақатынасын орнатып,басшылықпен өкілеттілікті бір органға шоғырландыру.

3. Басқарушы-жоспарлаушы нақты жағдадй зерттеп ұйымдағы ресурстармен мүлікутерді мақсатты орындауға бағыштайды. Жоспарлаушы қабылдаған шешімдер көлемді деректерге,ғ осыған дейін орын алған стратегияларға және ұйым басшылығын дамытуға сүйене отырып орнықтырылады.

4. Басқарушы-кәсіпкер – ұйым болашағын жаңа бағытта тәуекелге бел буа отырып, стандартсыз шешімдер арқылы белгілейді. Кәсіпкерлік басқару нақтылы мақсатты орындауға басқару саласын арттыруда бірегей іс-қимыл жасауды, қызметті ұйымдастырып ынталандыру жүйесін қолдануды, тәуекелділік әрекет пен жаңашылдық қызметті ұсынады.

Кәсіпкерлік басқару – субъектінің шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау, қаржыландыру мен басқару өнімді өткізуде олардың жиынтық бостандығы және толық құқығының болу шарты.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Дамушы жійе ретiндегi басқару

2. Басқарудың мазмұны мен даму логикасы

3. Ұйым iшiндегi басқару ұстанымы

4. Басқару типологиясы

Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 10

Қосымша әдебиет: 16

 

9-тақырып. Ұйым түсiнiгi мен түрлерi

1. Ұйым - алға қойылған мақсатқа жету барысында адамадар тобы еңбегінің саналы түрде үйлестірілуі. Әрбір топтың ұйым болып есептелуі үшін келесі сипаттамалар болуы қажет:

- осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның болуы.

- барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.

- топтың мақсатына жету үшін мүшелерінің бірегей арнайы еңбек етуі.

2. Ұйым түрлері.

Ресми ұйымдар – мақсатты орындауда басқару үрдісі жүйелі үйлестіретін нақты құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы.

Биресми ұйымдар – қызмет барысындағы әлеуметтік қактынастарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылатын адамдар тобы.

Күрделі ұйымдар – құрылыммен мақсаттардың жан-жақты кешенді сипаты жағдайында п.б.

3. Ұйымдардың негізгі сипаттамалары ретінде 1-кезекте ресурстарды қарастыру керек. Жалпы алғанда кез келген қызмет ол нәтижеге, мақсатқа қол жеткізуде ресурстарды тиімді пайдалану болып табылады. Ұйымдағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық.

2-сипаттама - ұйымның сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оны қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси, нарықтық, халықаралық, әлеуметтік және тағы сол сияқты факторларға байланысты.

Информация о работе Дәріс сабақтарының конспектілері