Дәріс сабақтарының конспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 12:52, лекция

Описание работы

Кең мағынада алғанда басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның 3 компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару үрдістерін келесідей ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: Өлі табиғаттағы басқару үрдістері - техникалық жүйелерді басқару, тірі табиғатағы басқару үрдістері - биологиялық жүйелердегі басқару, ал адам қоғамындағы басқару үрдістері - әлеуметтік жүйедегі басқару үрдістері болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Конспект лекции по менеджменту.doc

— 355.50 Кб (Скачать)

3-сипаттама - ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі: көлденең және тік еңбек бөлінісі.

Көлденең еңбек бөлінісі – өндіріс үрдісіндегі әртүрлі қызметтерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктеу. Яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметтердің орын алуы.

Тік еңбек бөлінісі – басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіруі қажет. Сондықтан қызметтердің анықталуы, өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөлу жүзінде асырылады. Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта және төменгі деңгей болып бөлінеді.

Жоғарғы буын ұйымның жалпы стратегиясын бағыт бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымның дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды өз құралына енгізеді.

Орта буын жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық ұйым басшылары.

Төменгі деңгей тікелей орындаушылар және де төменгші ішінара қызметкерлерді орындайтын басшы буындары.

4-ші сипаттама - басқарудың қажеттілігі. нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, меншік формаларының саналуандығы және шаруашылық дербестік орын алғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі.

Басқарудың мақсаты – кәсіпорын мүліктерін тиімді пайдалана отырып алға қойылған нәтижеге қол жеткізу.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Негiзгi  сипаттамалар көзқарасынаң ресми ұйтуды анықтау.

2. Ұйтлуды қашан сәттi деп санауға болады?

3. Тiк және көлденең еңбек бөлiнiстершнiз арасындағы айырымшылықты анықтау.

4. Менеджер мен кәсiпкер арасында қандай айырмашылық бар?

5. Басқарудың негiзгi іш деңгейiн, қысқаша, атаңыз.

6. Ұтымның сәттi болуы ішiн не қажет?

Негізгі әдебиет: 1, 6, 11

Қосымша әдебиет: 21

 

10-тақырып. Ұйымдардың iшкi және сыртқы ортасы

1. Ұйымның ішкі ортасы – ұйымның ішкі құрылымын сипаттайтын элементтер жүйесі. Ұйымның ішкі ортасын сипаттайтын 5 негізгі факторды немесе айнымалыны атап өтуге болады: мақсаттар, ұйым құрылымы, міндеттер, технология, адам ресурстары.

Технологиялар классификациясы:

1) Вудворд бойынша технологиялар 3 түрге бөлінеді:

-    кіші сериялы өндіріс немесе жеке тауарлар өндірісі

-    көп сериялы өндіріс немесе жаппай өндіріс

-    үздіксіз өндіріс

2) Томпсон бойынша технологиялар 3 топқа бөлінеді:

-    көп буынды технологиялар

-    делдалдылық технологиялар

-    интенсивті технологиялар

2. Ұйымның сыртқы ортасы және оның ұйым жұмысына әсері.

2.1. Сыртқы орта – ұйым жұмысына сырттан әсер етуші орта б.т. Кез келген ұйым ашық жүйе болғандықтан, ол сыртқы ортамен байланыста болады.

Сыртқы орта сипаттамалары:

-    сыртқы ортаның күрделілігі – сыртқы ортаның әсер етуші факторлар көп ірі болуы.

-    сыртқы ортаның қозғалмалылығы – ұйым жұмысына байланыссыз түрде факторлар әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Конъюктура нарықтың б.б. уақытындағы жағдайын сипаттайды.

-    cыртқы ортаның белгісіздігі – ұйым бәсекелестерінің әрекеттерін саяси жағдайын аладын ала білуі мүмкін емес.

-    cыртқы орта факторлары өзара байланыста болуы  - 1 фактор басқа факторларға әсер етуі.

2.2. Ұйым жұмысына тура әсер етуші факторлар ретінде:

- жабдықтаушылар

- материалдар

- капитал

- еңбек ресурстары

- тұтынушылар

- бәсекелестер

- делдалдар

- мемлекеттік органдар

Тура әсер ететін факторлар – ұйым қызметін өзгертуге дейін мүмкіндігі бар факторларды атаймыз. Бұл әсерді ұйым қызметкерлері өз тарапынан реттеп отыра алады.

2.3. Жанама әсер етуші факторлар – ұйым қызметіне әсер етеді, бірақ ұйым қызметкерлері бұл әсерді басқарып не не реттеп отыра алмайды. Бұл факторларды менеджер ескеріп отыруы керек. Мұндай факторларға жататындар:

- саяси жағдай

- табиғаттық

- экологиялық             

- әлеуметтік

- мәдени тарихи

- ғылыми техникалық факторлар б.т.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Ұйымдағы қандай айнымалыларды басшылық ескеруi керек?

2. Ұйымның қҰрылымына байланысы бар негiзгi концепцияларды қысқаша сипаттаңыз.

3. Қазiргi жаңа Ұйымдарда қолданылатын технологияяның жалпы үлгiлерiн сипаттаңыз.

4. Нелiктен мақсатты қҰру басшылық тарапынан қуатты қҰрал болып табылады?

5. Вудворд пен Томпсон бойынша технологияның жiктелуiн қысқаша сипаттаңыз.

6. Нелiктен басшылық iшкi айнымалылардың өзара байланысын бiлуге мiндеттi?

7. Ұйым мен сыртқы ортаның негiзгi өзара байланысын қысқаша сипаттаңыз.

Негізгі әдебиет: 1, 6, 9, 11

Қосымша әдебиет: 21

 

3-модуль. Менеджмент функциялары

11-тақырып. Менеджменттегi жоспарлау

1. Жоспарлау – ұйымның мақсатын және сол мақсаттарға жету үшін қажетті іс-әрекеттерді белгілейді. Жоспарлау функциясы келесі сұрақтарға жауап беру керек: 1) қазір қай жерде тұрмыз? 2) қайда болғымыз келеді? 3) сол мақсатқа жету үшін қазіргі кезеңде қандай әрекеттер жасауымыз керек? 

2. Жоспарлау қағидалары:

- орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру (басқарушы және басқарылушы жүйелердің арақатынасы)

- жоспар құруда жеке тұлға мақсаттарына емес, ұжым мақсатына бағытталуы;

- жоспардың ғылыми негізделуі;

- жоспарлаудың икемділігі, бейімділігі;

-    жоспарлау ұйым қызметіне қажет етілетін қызметкерлердің т.б. типін қабылдауға мүмкіндік береді.

3. Жоспарлау түрлері:

1) Индикативті жоспарлау - өз дамуында 3 негізгі формада жүзеге асқан:

-    конъюктуралық форма

-    құрылымдық форма

-    стратегиялық форма

2) Стратегиялық жоспарлау – ол объектінің келешектегі сапалық жағдайын анықтайтын жоспар түрі (ұзақ мерзімді).

3) Тактикалық жоспар – стратегиялық мақсатқа жету барысында құрылатын орта мерзiмдi жоспар.

4) Оперативтік жоспарлау – күнделікті іс-әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.

5) Ұйым ішіндегі жоспарлау

Бизнес жоспар екі мақсатта құрылуы мүмкін:

а) несие алу үшін

б) өз ішінде қолдану үшін

Уақыт мерзіміне байланысты жоспар 3-ке бөлінеді:

-    ұзақ мерзімді;

-    орта мерзімді;

-    қысқа мерзімді

4. Стратегиялық жоспарлау – ол басшылықтың іс-әрекеттері мен қабылданған басқару шешімінің жиынтығы. Бұл іс-әрекеттер мен шешімдер ұйым мақсатына қол жеткізетін арнаулы стратегияларды құрастыруға әкеліп соғады. Питер Лоранж бойынша, стратегиялық жоспарлау шеңберінде 4 негізгі  басқарушылық қызмет орын алады:

-    ресурстарды, қорларды бөлу;

-    сыртқа ортаға бейімделу;

-    ішкі координация: ұйымның ішкі күшті және әлсіз жақтарын анықтау

-    ұйымдық стратегияларды танып білу.

Стратегия ерекше «генерал өнері» дегенді білдіреді. Стратегия – ұйым миссиясы мен мақсатардың орындалуын қамтамасыз ететін жан-жақты, кешенді жоспар.

Стратегиялық жоспарлау процесі:

1. Ұйымның миссиясы

2. Ұйым мақсаттары

3. Сыртқы ортаны талдау және бағалау

4. Ішкі күшті және әлсіз жақтарды басқарушылық зерттеу

5. Стратегиялық баламаларды зерттеу

6. Стратегиялық баламаны таңдау

7. Стратегияны жүзеге асыру:

а) тактика

ә) саясат

б) процедура

в) ереже

8. Бақылау, жүзеге асыруды жоспарлау

а) бюджет

ә) мақсат бойынша басқару

9. стратегияны бағалау

а) құрылымды бағалау

5. Тактика – ұйымның жалпы мақсатына сәйкес келетін қысқа мерзімді жеке мақсаттарды анықтау сияқты ұзақ мерзімді жоспарлар мен үйлесетін орта және қысқа мерзімді жоспарларды да анықтау қажет. Қысқа мерзімді стратегиялар тактика деп қарастырылады. Тактикалық жоспарлардың сипаттамалары:

1) тактиканы стратегияны дамыту шеңберінде құрастырылады;

2) тактика орта буын басшылығы деңгейінде құрылады, ол стратегия жоғарғы буын басшылары деп құралады;

3) тактика стратегияға қарағанда қысқа мерзімге бағытталған;

4) тактикалық нәтижелер стратегиялық ңәтижелерге қарағанда жылдам оран алады және нақты іс-әрекеттермен үйлеседі.

Саясат – мақсатқа жету үрдісін және де жеңілдететін, басқару шешімін қабылдау және іс-әрекеттерді анықтау үшінқұрылатын жалпы басшылық.

Процедуралар – нақты жағдайда қажет етілетін іс-әрекеттерді анықтайды. Басқаша айтқанда, процедура стандартты, қайталанатын жағдайда  қажет етілетін іс-әрекеттердің алдын-ала бағдарланған тізбегі.

Ережелер жеке спецификалық жағдайдағы іс-әрекетті анықтайды.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Жоспардың қандай негiзгi түрлерi бар?

2. Жоспарлаудың үздiксiздiк қағидасы неден байқалады?

3. Қазiргi кезде жоспарлаудың ғылыми қағидасы қаншалықты маңызды?

4. Фирмадағы бақылау процесiнiң негiзгi кезеңдерi.

5. Стратегиялық жоспарлау технологиясы.

6. Қандай стратегиялық баламалар кеңiрек тараған?

7. Жоспар қҰрудың баланстық әдiсi неге негiзделген?

Негізгі әдебиет: 1, 6, 12

Қосымша әдебиет: 21

 

12-тақырып. Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретiнде

1. Басқарудың маңызды функциясының бірі ұйымдастыру.

Ұйымдастыру дегеніміз - мақсаттарға жету үшін адамдарға бірге тиімді жұмыс істеу мүмкіндігін беретін кәсіпорын құрылымын таңдау және оны құру процесі.

Ұйымдастыру функциясы жоспарлау функциясымен байланысты. Ұйымдастырудың басты компаненті адам болатын жұмыс құрылымын құрастыруға бағытталады. Басқарудың ұйымдастырушылық құрлымы сызықтық, функционалдық және аралас белгі бойынша құрылуы мүмкін. Сонымен қатар қазіргі кезеңде матрицалық және дивизионалдық құрылымдар қолданылады.

2. Сызықтық басқару құрылымы бойынша басқарушы басқаруға байланысты барлық функцияларды өзі орындайды. Бұл құрылым абсолютті түрде орталықтандырылған және дара басшылық қағидасы мен шешімдер үшін жауапкершілікке негізделген.

Сызықтық басқару құрылымы кішігірім ұйымдарда қолданылады, сатылар саны төртеуден аспайды.

3. Функционалды басқару құрылымында мамандар жеке топ болып бөлінбеген. Олар функционалды бөлімшелердің басшылары болады. Орындаушылар олардың тікелей қарамағында болады. Функционалды басқару орталықтандыру және дара басшылық қағидаларына негізделген. Әр осындай тізбек сызықтық басқару құрылымына кіреді.

              4. Сызықтық - функционалдық құрылымда толық билікті сызықтық басшы өз мойынына алады. Оған нақты мәселелерді шешуге, жоспарлауда, басқару шешімдерін дайындауда арнайы аппарат көмектеседі. Ол бас сызықтық басшының қарамағындағы функционалды бөлімшелерден түрады. Функционалды бөлімшелер өз шешімдерін жүзеге асыруда бас басшы арқылы немесе тікелей орындаушылар қызметтерінің басшылары арқылы орындайды.

5. Матрицалық құрылым кәсіпорында бір мезгілде бірнеше жобалар жасалынған кезінде қолданылады. Басқарудың матрицалық құрылымы екі түрлі басқару құрылымын біріктіру арқылы құрылады:

1. Сызықтық - функционалдық құрылым шеңберінде (тік бағыт бойынша) басқару ұйымының жеке қызметтері бойынша құрылады (өндіріс, өткізу, жабдықтау және т. б. ).

2. Бағдарламалық мақсаттық құрылым шеңберінде (көлденең бағыт бойынша) бағдарламаларды басқару ұйымдастырылады.

Жобаның мерзімдері мен сапасы үшін жоба басшысыжауап береді, ал арнайы мәселерді шешу үшін функционалды бөлімшелер басшылары жауап береді. Матрицалық құрылым мамандарды ең тиімді пайдалануға, жобаларды жасау мерзімдерін қысқартуға, олардың сапасын жақсартуға және оларды жасауға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

6. Дивизионалдық құрылымның негізін салушылар Пьер С. Дюпон мен Альфред П. Слоун болды.

Дивизионалдық құрылым бойынша ұйымды элементтер мен блоктарға бөлу тауарлар мен қызметтер түрлері, тұтынушылар тобы және географиялық аймақтарға байланысты болды. Бұл құрылым фирманың көлемі, диверсификациясы, технология мен сыртқы орта өзгерісі сияқты мәселелердің шешімі ретінде пайда болды.

Информация о работе Дәріс сабақтарының конспектілері