Дәріс сабақтарының конспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 12:52, лекция

Описание работы

Кең мағынада алғанда басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның 3 компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару үрдістерін келесідей ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: Өлі табиғаттағы басқару үрдістері - техникалық жүйелерді басқару, тірі табиғатағы басқару үрдістері - биологиялық жүйелердегі басқару, ал адам қоғамындағы басқару үрдістері - әлеуметтік жүйедегі басқару үрдістері болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Конспект лекции по менеджменту.doc

— 355.50 Кб (Скачать)

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Стратегиялық менеджменттiң пайда болу алғышарттары.

2. Стратегиялық менеджменттiң бес мiндетi.

3. Бәсекелес артықшылықтар көзi.

4. Стратегиялық өзгерiстердi басқару.

5. Қарсы тұру түрлерi.

Негізгі әдебиет: 1, 6, 9

Қосымша әдебиет: 24

 

16-тақырып. Қаржы институттарындағы стратегиялық менеджмент

1. Банктегі стратегиялық менеджмент

Банктегі стратегиялық жоспарлау. Стратегиялық жоспарлау ретінде ең алдымен ағымдық және перспективтік жоспарларды құру мен олардың уақытылы орындалуын бақылау қарастырылады. Банктердің көпшілігін басқару 3 деңгейде жүзеге асырылады. Шешімдер келесі деңгейлермен қабылданады:

а) жоғарғы басшылық;

б) бөлімшелер басшылары;

в) арнайы функционалды бөлім басшылары.

Әдетте стратегиялық жоспарлар 35 жыл мерзім аралығына қабылданады.

Стратегиялық жоспарлаудың кейбір ортақ белгілері бар:

 банктің жалпы стратегиясы эксперттердің тобымен құрылады және жоғарғы басшылық оған алғашқы инвестициялар бөлінгенге дейін қолдау көрсетуі керек;

 стратегияны құру барысында нақты қол жеткізуге мүмкін болатын мақсаттар қойылады, оларға қол жеткізудің нақты жоспарлары құрылады;

 болжамдалған жұмысты жүзеге асыратын мамандардың тобы анықталады;

 персоналды, менеджерлерді және техникалық қызметкерлерді дайындаудың стратегиясы ойластырылады;

 стратегиялық және ағымдық жоспарларды байланыстыру жүзеге асырылады;

 негізгі персонал сәйкесінше дайындалады;

 жоғарғы басшылық тарапынан стратегиялық жоспарлардың орындалуын үнемі бақылау жүзеге асырылады.

2. Құнды қағаздар  стратегиялық менеджменттің институты ретінде

Экономикалық категория ретінде құнды қағаздар  заңды статусына қарағанда мүліктік жағдайымен байланысты арнайы универсалды тауар, оны қарызға алу немесе инвестициялау арқылы иеленуші тұлға кәсіпкерлік табысты (дивиденд немесе пайыз) алуға мүмкіндік алады.

Қағаздардың құнды деп аталуының себебі олардың талап ету немесе алғашқы салынған капиталға табыстың қалыптасуында қатысу құқығының болуы және осымен байланысты активтердің көрінісі мен олардың орнын басушылары болып табылады.

Қазақстан нарығында айналыстағы құнды қағаздардың негізгі түрлерінің бірі акциялар болып табылады. Олар акционерлік қоғамның мүлкіне салынған салымды көрсетеді және дивиденттер түрінде табыс алу және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқықтарын береді.

3. Сақтандырудың стратегиялық ерекшеліктері

Табиғат пен адамзат қоғамында күрделі әлеуметтік-экономикалық, психологиялық жағдайлар туғызатын  түрлі катаклизмдер кездеседі және олардың басым бөлігі кенеттен пайда болады. Бұл  жағдайлардың өзіндік арнайы ерекшеліктері бар.

Бұл жағдайлар негізінен адам мен табиғат арасында қарама-қайшылықтарды және сонымен бірге бұл жағдайлардың қолайсыз салдарынан алдын-ала сақтану мен қорғау қажеттігін тудырады. Бұдан басқа осы құбылыстардан туындайтын жоғалтуларды қалпына келтіру қажеттігі объективті түрде туындайды. Дәл осы жерде сақтандыру стратегиясының мәні көрінеді.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Коммерциялық банк стратегиясын құру схемасы.

2. Бағалы қағаздар жiктелуi.

3. Мемлекеттiң қор рыногына әсер ету әдiстерi.

4. Сақтандырудың стратегиялық ерекшелiктерi.

Негізгі әдебиет: 1, 9

Қосымша әдебиет: 15, 24

 

17-тақырып. Кәсiпорынның қаржылық ресурстарын басқару

1.    Кәсiпорынның қаржылық ресурстарының мәнi, құрамы, құрылымы.

Фирманың қаржылық ресурстары, басқару объектiсi ретiнде, қаржылық мiндеттемелердi орындауға және ұдайы өндiрiстi қамтамасыз ету үшiн  шығынды жүзеге асыруға арналған кiрiс пен сыртқы түсiм нысанындағы ақшалай құралдардың бөлiгi болып табылады.Алайда, шынайы жағдайда қаржылық ресурстар  кәсiпорынның барлық пайдаланатын материалдық ресурстарының ақшалай бағасын бiлдiретiнiн, яғни, осындай көзқарас басқарушыларға тек ағымды ғана емес, стратегиялық сипаттағы шешiм қабылдауға мүмкiндiк беретiнiн ескеру керек.

Қалыптасу көздерiне байланысты қаржылық ресурстар меншiктi және тартымды, немесе несиелi, болып бөлiнедi. Бұлардың арасындағы түбегейлi айырмашылық кәсiпорын жойылған жағдайда оған салынған қаржыны талап етудiң заңды құқығына негiзделедi – меншiктi қаржылау көздерi тартымды және несиелi ресурстар бойынша есеп айырысқаннан кейiн жабылады.

Меншiктi қаржылық ресурстар келесiлер негiзiнде қалыптасады:

1. жеке меншiк иесi салған капитал немесе жарғылық капитал;

2. кәсiпорынмен жиналған резервтер – ағымды кезеңде бөлiнбеген пайда, өткен кезеңдерде жинақталған бөлiнбеген пайда және әр түрлi жолдармен қалыптасқан резервтi қорлар;

3. заңды және жеке тұлғалардың басқа жарналары (мақсатты қаржыландыру, қайырымдылыққа ақша бөлу және т.б.).

2.    Қаржылық ресурстарды басқару.

Қаржылық ресурстарды басқару - кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететiн қаржылық қызметiн ағымды және перспективтi басқарумен, қаржыландыру көздерiн iздестiру және олардың оңтайлы құрылымын анықтаумен, кәсiпорын активтерiнiң мөлшерi және оңтайлы құрамымен байланысты сұрақтарды шешетiн кәсiпорынды басқарудың жалпы жүйесiнiң негiзгi кiшi жүйелерiнiң бiрi болып табылады.

Шаруашылық етушi субъектiсiнiң қаржыны басқару жүйесiнiнң ұйымдастырушылық құрылымы, және де оның кадрлiк құрамы кәсiпорын мөлшерi мен оның қызмет түрiне байланысты әр түрлi әдiстермен құрылуы мүмкiн. Iрi компанияда қаржы бойынша вице-президент (қаржы директоры) басқаратын арнаулы қызмет құрылады. Оның құрамына әдетте бухгалтерия мен қаржы бөлiмi кiредi. Шағын кәсiпорында қаржы менеджменрiнiң рөлiн әдетте басқарушы немесе бас бухгалтер атқарады.

3.    Қаржылық ресурстарды басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру.

Инвестициялық және операциондық қызмет аяларында қаржылық ресурстарды басқару тиiмдiлiгiн арттыруға рентабельдiлiктi көтеру мен айналу мерзiмiн кемiту арқылы қол жеткiзуге болады. Айналмалы қорлардың айналымын тездету капиталды шығындарды талап етпейдi және де өнiмдi өндiру пен өткiзу көлемдерiн арттырады.

Қазiргi кезеңде iшкi қаржылық патологияның бiрнеше типтiк жағдайлары айқындалады, бұған сәйкес олардың белгiлерi, симптоматикасы, анықталған:

-    шикiзат пен материалдар қорларын артық мөлшерде жинақтау;

-    өндiрiстiк қуаттылықтың толық қолданбауы нәтижесiнде пайда болатын артық құрал-жабдықтар;

-    сұраныыс өсуi салдарынан кәсiпорын қызметiнiң бақылауға бағынбайтын кеңеюi;

-    дебиторлық қарызды сапасыз басқару.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Кәсiпорынның қаржылық ресурстарының мәнi.

2. Кәсiпорынның қаржылық ресурстарының қҰрамы.

3. Кәсiпорынның қаржылық ресурстарын басқарудың мақсаттары.

4. Кәсiпорынның мөлшерiне байланысты қаржылық ресурстарды басқарудың қҰрылымы мен функциялары.

5. Қаржылық ресурстарды басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру жолдары.

Негізгі әдебиет: 1, 6

Қосымша әдебиет: 22

 

18-тақырып. Салық менеджментi

1. Қазақстан Республикасында салық менеджментiнiң қалыптасуы.

Салық менеджментi – бiздiң ел үшiн салыстырмалы түрде жаңа теориялық және практикалық бiлiмдер саласы. Салық менеджментi түсiнiгiн көбiнесе қаржы менеджментi түсiнiгiмен шатастырады. Бұл салық менеджментiнiң ең алдымен практикалық қызметте пайда болып, бiлiмдер саласында теориялық тұрғыдан жалпылау және дамыту жүргiзiлмегендiкпен байланысты.

Қазiргi кезеңде салық менеджментiнiң шетел тәжiрибесiн отандық экономикада қолдану бiздiң салық заңдылығының ерекшелiктерiне байланысты мүмкiн емес болғандықтан, бұл бiлiмдер саласында әлi де түсiнiктер аппараты мен iшкiфирмалық басқарудың бұл функциясына бiркелкi тәсiл қалыптаспаған. Экономикалық әдебиетте көбiнесе бюджетке төленуi мiндеттi салықтар мөлшерiн минималдауға бағытталған «салықтық жоспарлау» және «салық салуды оңтайландыру» түсiнiктерi жиi кездеседi.

Әдетте, салықтық жоспарлау барысында нұсқалар сценарийлерi заңды жеңiлдiктердi қолдану және салыықтық төлемдердi уақыт бойынша ұтымды бөлу арқылы салыықтарды минималдау мен оңтайландыруды қарастырады.

2. Салық менеджментiнiң қағидалары.

Салықтық төлемдердi минималдау есебiнен компанияның ақша ағымдарын арттыру мақсатымен және қызмет уақытын, орнын және түрiн таңдаумен, неғұрлым тиiмдi келiсiмшарттық қарым-қатынастарды құрумен байланысты қабылданған заңдылық шеңберiндегi ұйымдастырушылық шаралар келесi қағидаларды орындауға негiзделедi:

1. Шығындардың сәйкес келу қағидасы;

2. Заңға сәйкес келу қағидасы;

3. Конфиденциалдылық қағидасы;

4. Бақылауға жату қағидасы;

5. Диверсификация қағидасы.

3. Кәсiпорында салықты басқарудың қҰрылымы.

Кәсiпорында салықтарды басқару қаржы немесе салық менеджерiнiң компетенциясына жатады. Ол жұмысты салықтық шығындар мөлшерi төмендейтiндей құруы керек. Салық салу саласындағы басқарушылық шешiмдердi қабылдау үшiн жауапкершiлiк кәсiпорын басшысында болады. Сонымен, салықтық басқару – салықтық менеджер, бухгалтер, заңшы және басшының бiрiккен еңбегi ғана емес, және де соны түрдегi шешiмдер мен ұйым жұмысының схемаларын күнделiктi iздестiру.

4. Салықтық басқару әдiстерiнiң жiктелуi.

Салықтық басқару әдiстерiн келесi белгiлер бойынша жiктеуге болады:

1. Субъектiсi бойынша:

-    корпоративтiк салықтық жоспарлау;

-    жеке салықтық жоспарлау;

-    аралас.

2. Объектiсi бойынша:

-    сыртқы (құрылтайшылар тарапынан);

-    iшкi (ұйымның атқарушы органдары тарапынан);

3. Заң ауқымы (әрекет ету аймағы) бойынша:

-    халықаралық;

-    ұлттық (жалпымемлекеттiк);

-    жергiлiктi.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Салық менеджментiнiң мәнi неде?

2. Салық менеджментiнiң негiзгi функцияларын атаңыз.

3. Кәсiпорында iшкi аудит қызметiн қҰрудың қажеттiлiгi.

4. Салықтық басқару әдiстерiн қандай белгiлерiне байланысты жiктеуге болады?

5. Кәсiпорында салықты басқарудың қҰрылымын сипаттаңыз.

Қазақстан Республикасындағы салықтың негiзгi түрлерiн атаңыз.

Негізгі әдебиет: 1

Қосымша әдебиет: 15, 22

 

19-тақырып. Инновациялық менеджмент

«Инновация» термині көптеген ғалымдардың пайымдауынша, шамамен XV жүзжылдықтың 1-жарты жылдығында «жаңару» немесе «заттарды жасаудың жаңа жолы» ұғымын білдіретін «innovation» ағылшын сөзінен пайда болды.

Австриялық ғалым Й. Шумпетер ХХ ғасырдың 30-жылдарында экономикалық ғылымға инновация түсінігін енгізді. Оның түсіндіруі бойынша инновация – бұл тұтынушылық тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және көлік құралдарын, жаңа нарықты және өнеркәсіпте жаңа ұйым түрін енгізу және пайдалану мақсатындағы өзгеріс. «Инновация» термині әлемдік экономикалық әдебиетте көпшілік мақұлдаған категория болды. Й.Шумпетер бойынша инновация – бұл жай жаңалық емес, ал өндірістің жаңа функциясы.

Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметтер туралы  заңына» сәйкес инновация  дегеніміз ғылыми техникалық зеріттеулер мен интеллектуалды  еңбектің нәтижесінде пайда болған жаңа немесе  жақсартылған өнім және жаңа немесе жақсартылған технология.

2002 жылдың шілде айында қабылданған "Инновациялық қызмет " туралы Заңы Республиканын ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін жаналык болды. Мақсаты- отандық өндірістің инновацияларға сүранысын арттыру, колданбалы зерттеулерді қолға алу, үлттык технопарктер қүру

Ғылыми-техникалык прогресс — кез келген мемлекеттін ұлтгық байлығының негізгі саласы. Барлык дамыған елдер тэжірбесі көреткендей, экономикалык даму, көркейтудің негізгі жолы  ғылыми-техникалык және инновациялык салада лидер болу. Инновациялар мен жаңалыктар экономиканык қүлдырауына төтеп беріп, ғылыми-тсхникалык прогрестін белсенді түрде дамуына жағдай жасап, үлттық экономиканын тиімділігі мен бәсекеге кабілеттілігін жоғарылатады.

И. Шумпетер өз теориясын Н.Д.Кондратьев толқындарымен байланыстырды. И.Шумпетерден кейін инновациялар теориясын циклдер теориясымен байланыстыра отырып Г.Менш, К.Фримен т.б ғалымдар жалғастырды. Ал МакКинзи  компаниясының менеджері Р.Фостердiң «технологиялық айырылымдар теориясы» И.Шумпетер теориясынан ерекше болды. Р.Фостердің айтуынша кез келген технологияның S - сияқты белгілі бір өмірлік циклі болады. Әр кәсіпкер өз технологисының өмір циклін жақсы білуі керек, технология құлдырау фазасына жақындаған уақытта ол технологияны жаңартуға немесе ауыстыруға даяр болуы керек.  Ғылыми –техникалық прогресс экономикалық өсу факторы ретiнде Солоу, Е.Домар және Р. Харрод моделдерi танымал.  Технологиялық кезеңдерді инновациялармен тығыз байланыстырушы ғалымдардың бірі А.Ансофф. Ол  техногиялық кезеңдердiң түрлерiн анықтап, өнім өндіру техногиясының , сұраныс және ұсыныстың өмiр кезеңдiрiн бір бірімен байланысын ашып көрсетті.

Инновация дегеніміз - Инновация дегеніміз интеллектуалды еңбек нәтижесі ретінде рынокқа тіпті жаңа немесе жаңартылған өнім және жаңа немесе жаңартылған технология түрінде шығарылатын жаңалықты айтамыз.

Информация о работе Дәріс сабақтарының конспектілері