Дәріс сабақтарының конспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 12:52, лекция

Описание работы

Кең мағынада алғанда басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның 3 компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару үрдістерін келесідей ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: Өлі табиғаттағы басқару үрдістері - техникалық жүйелерді басқару, тірі табиғатағы басқару үрдістері - биологиялық жүйелердегі басқару, ал адам қоғамындағы басқару үрдістері - әлеуметтік жүйедегі басқару үрдістері болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Конспект лекции по менеджменту.doc

— 355.50 Кб (Скачать)

Инвестицияны тарту және тиімді пайдалану - қазіргі кезеңде негізгі бағыты экономиканы өсіру және оны тұрақтандыру, оның әлеуметтік бағыттылығын күшейту, инвестициялық климатты жетілдіру мақсатында инвестицияның тиімділігін көтеру болып табылатын жүргізіліп отырған мемлекеттік инвестициялық саясатқа тікелей байланысты.

Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру шегінде жоғары қосылған құн иеленетін тауарларды өндіретін қазақстандық  компаниялардың капиталына үлестік қатынасу жолымен олардың дамуына мүмкіндік беруге мақсатталған Қазақстан инвестициялық қоры және инновацияны, венчурлық кәсіпкерлікті дамыту мен енгізудің кең өкілеттілігі жүктелген Инновациялық қоры құрылды. Бұл қорлар мемлекеттің жарғылық капиталға жүз проценттік қатынасуымен құрылды

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. «Жоба» мен «кәсіпорын» терминдерінің мәні ажыратыла ма?

2. Жобаның өмірлік цикліне қандай сатылар кіреді?

3. Жобаның сәттілігі неден құрылады?

4. ҚР-да жобаларды басқару жүйесінің әріқарай дамужәне өсу жолдары қандай?

Негізгі әдебиет: 1, 8

Қосымша әдебиет: 15, 22, 26

 

22-тақырып. Кәсіпкерліктегі тәуекелдерді басқару

1.           Экономика және бизнестегі тәуекел түсінігі.

Экономикалық өсу дәуірі Қазақстан үшін ұлттық инвесторлар мен Қазақстанда жұмыс істеп жүрген шетелдік компаниялардың белсенділігінің аса артуымен сипатталды.

Тәуекел бизнесмендер үшін көбінесе «шығын» түсінігімен ұштастырылады. Сонымен қатар, ол үздіксіз түрде ұтыспен, табыспен, пайдамен байланысты, себебі, инвестициялық шешім қабылдау алдында кәсіпкер мүмкін тәуекелді жобаның күтілетін табыстылығымен салыстырады. Пайда тәуекелді жаппаған жағдайда, шешім қабылданбайды. «Тәуекел» түсінігінің коммерциялық қызметке байланысты  көптеген нұсқалары шын мәнінде екі бағытқа бөлінеді:

Бірінші бағыт – тәуекелді коммерциялық қызметтің қаржылық нәтижелері тұрғысынан түсіндіру.  Тәуекел – кейбір қалаусыз жағдайлар пайда болғанда орын алатын шығындар қаупі немесе мүмкіндігі. Бұл мүмкін залал мөлшері.

Екінші бағыт – математикалық түсініктер аппаратына сүйеніп, тәуекелді ықтималдар теориясының құралдары көмегімен өлшеу негізінде оған анықтама беру.

2.           Тәуекелдерді басқару жүйесі.

Тәуекелді басқару теориясының қазіргі кезеңдегі дамуы тәуекелді басқару мен бағалаудың жағдайдың күтілетін сценарийінен неғұрлым ықтимал ауытқуларын болжауға мүмкіндік беретін жаңа тәсілдерін  анықтады. Осыған сәйкес, бұндай жағдайлар үшін тәуекелді нормалауға бағытталған шаралар кешені бағдарлананды. Сондықтан, тәуекел ретінде инвестициялық жобаны жүзеге асыру үрдісінде түзетуге болатынды қарастыруға келмейді.

Тәуекелді бағалау мен минималдау әдістерінің көп уақыт бойы болуына қарамастан, экономикалық әдебиетте «тәуекелді басқару» түсінігі соңғы уақытта ғана пайда болды. Бұндай жағдайдың себептері – келесі факторлар:

1. Тәуекелді басқару теориясы тәуекелді минималдау мен оны болдырмау әдістері мен шараларын енгізетін практикалық қызмет түрі ретінде пайда болды.

2. 1970-1990 жылдар кезеңінде тәуекелден бас тарту әдістері мен шараларыны күрделене түсті. Сондықтан, аналитиктерге неғұрлым фундаменталды құрылымдар іздестіруге тура келді. Ол өз кезегінде тәуекелді басқару проблемасын шешуге итермеледі.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Тәуекелді басқару аясының пайда болу себептері

2. Тәуекелді басқару процесінің 5 сатысы

3.Тәуекелдердің пайда болу әдістері

4. Альтманның z-  моделі

5. Zeta моделі

6.Тәуекелді тиімді ету әдісі

Негізгі әдебиет: 4

Қосымша әдебиет: 23, 27

 

5-модуль. Менеджменттегі байланыс процестері

23–тақырып. Менеджменттегі коммуникациялар

1. Коммуникация – басшылардың тиіміді шешімдер қабылдау үшін хабарлар, мәліметтер мен алмасуы және төмендегі буындарға қабылданған шешімді жеткізу. Басқару қызметінің барлық түріндегі ақпараттар, хабарлар мәліметтер айналымы коммуникациялардағы байланыс процестері деп аталады.

Әрбір басшы өзі басқаратын ұйымның мақсатына жету үшін басқарудың негізгі 4 функциясын орындау барысында әртүрлі хабарлармен мәліметтер мен жұмыс істейді және соңғылар ұйым мақсатына әсер етеді.

2. Ұйымдағы коммуникациялық процестер:

- ұйым аралық және ұйымдық сыртқы ортамен қарым қатынасы. Ұйымдар сыртқы қоршаған ортамен байланыста болуы үшін әр түрлі құралдар қолданылады.

- деңгейлер арасындағы байланыстар тік байланыс шеңберінде жүргізіледі. Ұйымдарда байланыстар тек жоғарыдан төмен емес, сонымен бірге төменнен жоғары байланыстар болуы мүмкін. Төменнен жоғары көтерілетін байланыстар жоғарғы буындарды төменгі буындарға жағдаймен таныстыру мақсатымен қолданылады. Бұл байланыс негізінен есеп беру, түсініктеме жазу, ұсыныс жасау.

- бөлімшелер арасындағы байланыстар. Ұйымда тік байланыстар мен бірге көлденең байланыстар да орын алады. Ұйымдар көп бөлімшеден тұратын болатын, олардың ортасында хабарлардың айналымы немесе алмасуы, мақсаттарды үйлестіріп іс-қимыл жасау үшін керек. Көлденең қатынастар бөлімшелердің тепе-тең қалыптасуына әсер етеді.

- басшылар және бағыныштылар арасындағы байланыстар. Байланыстың ең негізгі компоненті басшы және бағынышты арасындағы байланыстар қарастырады. Бұл қатынастар жан-жақты және әртүрлі хабарлар мақсаттарды белгілеу, идеяны табу, бөлімшелердің мақсатқа жетуі үшін атсалысу тиімді жұмыс етуі үшін талқылау жасау бағыныштылар қабілетін дамыту, оларды алдағы өзгерістер жайлы хабардар ету қажет және т.б. арқылы жүзіне алады.

- басшы мен жұмысшы топтары арасындағы байланыстар басшы арасындағы байланысқа қосымша ретінде басшылар мен жұмыс тобы арасындағы байланыстарды қарастыруға болады. Бұл байланыс жалпы басшыларға топтың жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін қажет.

3. Коммуникациялық процес дегеніміз екі немесе одан да көп адамдар топтарының хабарларымен,мәліметтермен алмасу.Оның негізгі мақсаты осы алмасу үстінде түсіндірушілікті  қалыптастыру болып табылады.

Коммуникациялық процесс элементтері:

-    жөнелтуші немесе жіберуші

-    ақпарат, хабар, мәлімет

-    арналар (хабар беру құралдары)

-    хабар алушы

Хабар алмасу үстінде жіберуші мен хабар алушы арапсында бірнеше өзара байланысқан кезеңдер орын алады. Бұл өте қиын процесс. Себебі әр кезеңде хабарлардың мағынасы бұзылуы немесе біршама бұзылуы мүмкін.

4. Коммуникациялық процесс кезеңдері:

1. Идеяның туындауы

2. Шартты белгілердің және арналардың таңдалуы.

3. Хабармен алмасу

4. Хабарды декодтау(қабылдаушы тарапынан)

Мәліметтер мен хабарлар айналысы қарастырыла отырып 2 тұжырымдамаға көңіл аударған жөн.

а) кері байланыс (кез келген коммуникация кері байланыс арқылы өз тиімділігін арттырады)

б) кедергілер

Кедергілер немесе шуылдар коммуникациялық процесстің тиімділігн төмендетуі мүмкін. Шуылдар дегеніміз хабарлардың өрескел түрде бурмалдануына әкеп соғатын кедергілер.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Менеджменттегі коммуникация рөлі. Коммуникация нені көрсетеді?

2.Ұйымдасқан коммуникацияның негізгі түрлері

3.Коммуникация процесінің негізгі элементтері мен сатылары

4.Коммуникациялық стильдер және олардың пайдалану облыстары

5.Коммуникациялық торлардың ерекшеліктері қандай?

Негізгі әдебиет: 1, 2, 6

Қосымша әдебиет: 21

 

24–тақырып. Шешім қабылдау процесі

1. Шешім- қажетті бір шараға келтіретін адамның ойлау ісінің нәтижесі.

Басқару шешімі – альтерниваны таңдау.

2. Басқару шешімін жіктеу теорияның және тәжірибенің тұрғынан аса маңызды. Басқару шешімін келесідей жіктеуге болады:

2.1. Функционалдық мазмұны бойынша: техникалық, экономикалық, әлеуметтік және т.б.

2.2. Жүзеге асыру мерзімі бойынша стратегиялық ағымдағы және оперативтік

2.3. Алғашқы ақпараттың сипатына байланысты анықталған жағдайда қабылданған шешімдер (рынокта жағдай тұрақты, ақпарат жеткілікті) және анықталмаған жағдайда қабылданатын шешімдер (рынокта жағдай тұрақты, ақпарат жеткіліксіз) болып бөлінеді.

2.4. Шешімдер жасауды ұйымдастыру жолы бойынша: жеке-дара, алқалық, ұжымдық

2.5. Мәселенің құрылымдану дәрежесіне байланысты: жақсы құрылымдалған және құрылымдалмаған мәселе бойынша шешімдер

3. Басқару шешіміне қойылатын талаптар:

1) басқару шешімінің негізделуі

2) шешімнің мақсаттылығы

3) шешімнің қайшылықсыздығы

4) шешімнің өкілеттілігі

5) шешімнің анық, ашық және түсінікті болуы керек

6) басқару шешімі үнемді және тиімді болуы керек

Шешім қабылдаудағы тәсілдер:

- Интуицияға негізделген тәсіл

- Пікірге негізделген тәсіл

- Ұтымды (рационалды) тәсіл

Ұтымды басқару шешiмiн қабылдау процесi.

a. Проблеманы диагностикалау

b. Критерийлер мен шектеулерді анықтау

c.  Барлық мүмкін баламаларды зерттеу

d. Баламаларды бағалау

e. Баламаны таңдау

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Басқару шешімінің түсінігі

2. Басқару шешімінің түрлері

3.Шешім қабылдау процесі

4.Шешім қабылдау әдістері

Негізгі әдебиет: 1, 6, 10

Қосымша әдебиет: 21

 

6-модуль. Топтық динамика және персоналды басқару

25-тақырып. Командалық менеджмент

1. Командалық менеджмент – бұл ұжым әрекетімен жеке әрекетке қарағанда көпке қол жеткізетін өзара жегулендіру әдісі. Команданы ортақ мақсатқа жету үшін бірігіп қызмет ететін адамдардың белгілі тобы ретінде сипаттауға болады. Команданың негізгі белгілері келесі:

 екі және одан да көп адамдардан тұрады;

 команда мүшелері қойылған мақсаттарға жетудегі ортақ әрекетке қатысады;

 командада оның мүшелерінің жеке қасиеттерімен сәйкес келмейтін өз бет-әлпетінің болуы;

 командада ішкі қалыптасқан байланыстармен қатар басқа командалар және топтармен де байланысы болады;

 команданың қойылған мақсаттарға жету мен міндеттерді орындауға бағытталған анық, реттелген және үнемді құрылымы болады.

Командалық жұмысты тез шешім қабылдау қажет болған жағдайда қолдану мүмкін емес, себебі командалық шешім қабылдау үшін көбірек уақыт керек етіледі. Ол топ ішінде өзара байланыстар мен қабылданатын шешім бойынша келісімге келу қажеттілігімен байланысты. Қазіргі кезеңде стандартты емес, күрделі мәселелерді шешу барысында жеке тұлғалардың білімдерін, көзқарастарын, қабілеттерін біріктіретін команданың (топтың) маңызы артып отыр.

2. Команда түрлері: мамандандырылған топ, өзін-өзі басқарушы топ, мәселелер мен міндеттерді шешу бойынша топ; уақытша және тұрақты топтар; ресми және биресми топтар; комитеттер. Ресми топтар – вертикалды, горизонталды және арнайы топ болып бөлінеді. Комитет ұзақ мерзімді болғандықтан көбінесе ұйымдық құрылымның тұрақта бөлігіне айналады.

3. Топтың даму моделі. Команданың дамуы белгілі бір кезеңдерден өтеді. Топтың даму моделіне келесі бес кезең (стадия) кіреді:

 топты қалыптастыру кезеңі;

 үйрену кезеңі,

 нормалау кезеңі,

 жұмысты орындау кезеңі,

 тарату кезеңі.

4. Командалық жұмыстың артықшылықтары. Командалардың әлеуеті менеджмент топтың барлық мүшелерінің жоғары өнімділігін ынталандырған жағдайда неғұрлым толық ашылады: еңбек интенсивтілігі артады, қатысушылардың жеке қанағаттану дәрежесі, олардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін біріктіру дәрежесі және ұйымдық икемділік арта түседі.

Команда кемшіліктері. Командалар даусыз артықшылықтарға ие болғанымен, олардың жеке тұлғалар мен ұйымға қатысты қауіп-қатер туғызатын кемшіліктері де бар.  Менеджменттің бұл қауіп-қатерлерді болдырмау мүмкіндігі бар, яғни ұйым басшылығы әлеуетті қатерлерге мұқият болуы керек: жеке мақсаттарға талпыну, уақыт ресурсының жоғары мөлшері, команда мүшелерінің ішінен біреуінің басым болуы, конформизм және ойдың топтасуы, өзін-өзі басқарушы топтарды артық бақылау, билік балансының өзгеруі.

5. Команда тиімділігі. Команда жұмысының тиімділігіне мүшелер саны, мүшелердің жеке қасиеттері мен өзара қатынастары, функционалдық мүмкіндіктері, көшбасшы тұлғасы мен оның басқару стилі, команда мүшелеріне көрсетілетін қамқорлық, топ ұйымшылдығы әсер етеді.

Тиімді командалар келесі маңызды бағытты қадағалауға қабілетті: команда тиімділігі оның мүшелерінің мақсаттар, жұмыс әдістері және міндетті табысты орындау арасындағы өзара байланысты анық түсінуіне негізделеді.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Топқа анықтама беріңіз және топтардың негізгі түрлерін салыстырыңыз

2. Команданың белгiлерi

3. Команданың даму сатылары

4. Командалық жұмыстың артықшылықтары

5. Командалық жұмыстың кемшіліктері

6. Команданың тиімділігін көтнру жолдары

Негізгі әдебиет: 1, 6, 10

Қосымша әдебиет: 21

 

26-тақырып. Лидерлік, билік және ықпал ету теориясы

1. Лидерлік - қазіргі кезде өте қажетті және бағалы фактор. Ол мінез-құлық ретінде қарастырылады. Лидерлік жалпы ұйымдық мақсатқа жету үшін жеке тұлғаның адамдар тобына әсер ету процессі.

Информация о работе Дәріс сабақтарының конспектілері