Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 12:52, лекция
Кең мағынада алғанда басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның 3 компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару үрдістерін келесідей ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: Өлі табиғаттағы басқару үрдістері - техникалық жүйелерді басқару, тірі табиғатағы басқару үрдістері - биологиялық жүйелердегі басқару, ал адам қоғамындағы басқару үрдістері - әлеуметтік жүйедегі басқару үрдістері болып табылады.
Инновациялық қызметтiң мазмұны. Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi:
1) қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу;
2) экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, iзденiс, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет көрсету;
3) инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу рыногын ұйымдастыру;
4) өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге асыру;
5) жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу;
6) бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өндiру және (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану;
7) инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;
8) инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияларды тарату;
9) игеру және iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне (оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялар жасауға Инновациялық даму қызметінің маңызды факторларының бірі инновациялық инфроқұрылымды қалыптастыру.
Инновациялық инфрақұрылым - инновациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететiн ұйымдар жиынтығы болып табылады. Инновациялық инфрақұрымының негізін инновациялық қорлар, венчурлы қорлар, технологиялық бизнес инкубаторлар, технопарктер және т.б ұйымдар құрайды
Инфрақұрылымының негізгі элементтері жалпы экономикалық жағдайдан бөлінбейді. Инновациялық инфроқұрылымның негігі элементтері жалпы экономикалық инфроқұрылым элементінің негізгі сипаты сияқты (көлік, байланыс, ақпарат, телекомуникация) және өзіне тән элементі (патенттік қолдау, сақтандыру, консалтингтік және инженерлік фирмалар, инкубаторлар), бұларсыз инновациялық қызмет нарық жағдайында өмір сүре алмайды.
Инфрақұрылым – экономиканың дербес саласы. Инфроқұрылым саласының ерекшелігі сол ол материалдық өнім шығармайды, тек қызмет етеді.
Ғылыми-техникалық орталықтардың қызмет көрсету деңгейінің кеңеюі, өспелілігіне байланысты оларды былайша тізіп көрсетуге болады: инкубаторлар, техникалық парктер, технополистер, ғылым мен технология аймақтары.
Инкубатор – инновациялық қызметтің көптеген түрлерін ұсынушы кешен, ол бір немесе бірнеше ғимараттарды алып тұрады, ал шағын инновациялық фирмалар осы ғимарат ішінен белгілі бір территорияларды жалға алып қызметін бастайды, инкубациялы кезең 2-3 жыл, осы мерзімнен кейін фирмалар өзбетінше қызмет жасау үшін бұл кешеннен шығып кетеді. Инкубаторда жаңа ғана қалыптасқан фирмаларға бухгалтерлік, маркетингтік (бизнес-жоспар жасау, өнімге жарнама, маркетингтік талдау жасау), компьютер, басқа да құрал-жабдықтарды жалға ұсыну сияқты көмектер көрсетіледі. Бұл ғылыми-өнеркәсіптік құрылымның негізгі мақсаты – шағын инновациялық фирмаларды ғылыми идеядан практикаға жеткізу, бәсеке күресіне төтеп бере алатын кәсіпорын дәрежесіне жеткізу. Ол кәсіпорындар инкубаторлардан шыққан соң технопарктерде немесе басқа да өнеркәсіптік орталарда қызмет етуге қабілетті болады.
Технопарк – ғылыми-техникалық, территориалды кешен, негізгі мақсаты шағын бизнес фирмаларының қызмет етуіне тиімді, ыңғайлы жағдай қалыптастыру. Олар жоғары оқу орындары, зерттеу орталықтары, зертханалар тұсында қалыптасады. Оның құрамына: зерттеу орталықтары, инкубатор, инновациялық орталықтар, маркетинг т.б. орталықтар енеді. Технопарк шығын инновациялық кәсіпорындарға қажетті бухгалтерлік, аудитторлық, консалдингтік, маркетингтік қызметтер ұсынып отырады.
Технополис – жеке қалалар негізінде құрылған ғылыми-өндірістік құрылым. Негізгі құрылымы – технопарктер, инкубаторлар, ғылыми орталықтар мен университеттер.
Ғылым мен технология аймақтары, ірі оқу орындары, ірі өндіріс кәсіпорындары шоғырланған территориясы шектелмеген ғылыми өнім өндіруге маманданған аймақ.
Технополистер мен ғылым мен технология аймақтары инновациялық фирмалар қызмет ететін "қаржы оазисіне" айналды. Мұнда мемлекеттік, коммерциялық банктер, өнеркәсіптік корпорациялар, венчурлы қорлар, қайырымдылық қорларының капиталдары шоғырланады, оның үстіне мемлекеттік жеңілдетілген салықтар, несиелер қосылды.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Шумпетер мен Фостердiң инноватика теориясының мәнi неде?
2. Инновациялық менеджменттiң негiзгi функцияларын қарастырыңыздар.
3. Инновация мен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты айқындаңыз.
4. Инновацияның негiзгi түрлерiн атаңыз.
5. Инновациялық үрдiстiң кезеңдерiн сипаттаңыз.
6. Инновациялық стратегиялардың негiзгi түрлерiн сипаттаңыз
Негізгі әдебиет: 1, 14
Қосымша әдебиет: 15, 22
20 –тақырып. Дағдарысқа қарсы басқару
Әлеуметтік-экономикалық дамудағы дағдарыстар
Қазіргі уақытта Қазақстанда елді әлемдік дамудың жалпы процестерінің арнасына көтеруге негізделген терең экономикалық өзгерістер жүргізіліп жатыр. Біртіндеп экономика саясаттың кепілі болудан, ал идеологиялық догмалар әрекет етуде жетекшілікке алынатын міндеттерден алшақтайтын нақты жағдайлар қалыптасады.
Тиімді басқаруға тек ішкі факторлар емес, сонымен бірге сыртқы факторлар әсер етеді. Сондықтан менеджерлер кәсіпорынға әсер ететін негізгі факторларды анықтай білуге міндетті, сондай-ақ олар сыртқы ықпалдарға әсер етудің ұтымды әдістерін таба біліп, ұсына білуі қажет. Ең алдымен, бұл – сыртқы ортаның белгісіздігіне негізделген дағдарысты жою құралы.
К. Маркс қоғамдық дамуда дағдарыстың көзі болып жеке меншікке негізделген және мүдделердің құрылымы мен қақтығысына әсер ететін экономика табылады деп дәлелдеген. Бұдан біздің елдегі көптеген алдағыны дұрыс болжай білмейтін тоғышар саясаткерлер мен идеологтар жеке меншікті ығыстыратын қоғамдық-экономикалық формация дағдарыстың болу мүмкіндігін жояды деген ой желісін қорытты. Сондықтан да өткен аралықта «дағдарыс» түсінігі алмастыратын «өсу қиыншылықтары», «даму мәселелері», «тоқырау» терминдері жиі қолданылды, бірақ мәні бойынша бір процесті білдіреді.
Кез-келген әлеуметтік-экономикалық жүйе пайда болғанда өзінің тіршілігінде екі тенденцияны иеленеді: жұмыс істеу және даму.
Жұмыс істеу – бұл тіршілік ету іс-әрекеттерін қолдау, оның тұтастығын, сапалық анықтылығын, мәнді мінездемелерін анықтайтын функцияларын сақтау.
Даму – бұл өзгермелі орта жағдайында өмір сүруін нығайтатын жаңа қасиеттерді иелену.
Жұмыс істеу және даму бір-бірімен тығыз өзара байланысты, әлеуметтік-экономикалық жүйенің негізгі тенденцияларының диалектикалық біртұтастығын бейнелейді. Бұл байланысты оның мінездемелері мен көрсеткіштерінен көруге болады.
Жұмыс істеу мен дамудың байланысы дағдарыстың басталу және оны шешу мүмкіндігі мен заңдылығын бейнелейтіндей диалектикалық сипат иеленеді. Жұмыс істеу дамуды тоқтатуы да мүмкін, сонымен бірге оның қоректену ортасы болып табылады, даму жұмыс істеудің көптеген процестерін бұзады, бірақ оның тұрақты жүзеге асуы үшін жағдай қалыптастырады.
Дағдарыс тек жұмыс істеу мен дамудың қарама-қайшылығын бейнелемейді, сондай-ақ жұмыс істеу процестерінің өзінде пайда болуы мүмкін. Бұл техника мен персоналдың біліктілігінің арасындағы, технология мен оны пайдалану жағдайларының (ғимарат, климаттық жағдай, технологиялық мәдениет т.б.) арасындағы қарам-қайшылық болуы мүмкін.
Дағдарыс – бұл әлеуметтік-экономикалық жүйеде (ұйым) оның қоршаған ортадағы тіршілік ету тұрақтылығына қауіп төндіретін қарама-қайшылықтың өте күшеюі.
Дағдары себептері әртүрлі болуы мүмкін. Ол модернизациялаудың циклдік қажеттіліктерімен байланысты объективті және басқарудағы қателіктер мен волюнтаризмді көрсететін субъективті болып бөлінеді.
Экономикадағы дағдарыстық құбылыстардың заңдылығы
ХХ ғасырдың 30-жылдарының ортасынан бастап 60-жылдарға дейін классикалық капитализм жағдайында экономикалық дағдарыс болмай қалмайтындығы және оның оған тән нарықтың табиғатынан туындайтындығы, ал кері салдарларын бәсеңдетуге болатындығы туралы Кейнстің теориясы үстемдік етті. теориясы үстемдік етті. Сонымен бірге Кейнс мемлекеттің тиімді жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатындағы экономикаға араласу идеясын ұсынады.
Экономиканы антициклдік реттеудің теориялық негізі (кәсіпорынды басқару) болып тиімді сұранысты ынталандырудың кейнсиандық моделі табылады. Ол АҚШ, Ұлыбританияда, Францияда 1929-1933 ж. аралығында әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарларын жою үшін және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де 60ж. ортасына дейін табысты түрде қолданылды.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Кризис дегеніміз не және ол әлеуметтік-экономикалық дамуда қандай рөл атқарады?
2. Кризистің пайда болу себептері қандай?
3. Кризис пен оның маңызын қандай салдар сипаттайды?
4. Циклдардың әр түрлерін есептеп шығыңыз.
Негізгі әдебиет: 1
Қосымша әдебиет: 25
21 –тақырып. Жобаларды басқару
Жобаларды басқару – бұл уақытында жобаны бiтiру, бекiтiлген бюджетке байланысты және техникалық спецификациялармен тiлек-талаптарға сәйкес басқару тапсырма.
«Жобаларды басқару» - жас ғылым, бiрақ ежелден бастап адамдар жобаларды басқаруды бiлген. Мысалы, атамзаман римдық архитектор және инженер Витрувий (бiздiң жыл санауымыздан I ғасырдың екiншi жартыда тұрған) жобаларды басқару бiрнеше ережелерiн негiздеген. Мысыр пирамидтер, µлы Кытай қабырғасы, Эйфель мұнара сияқты Ұлы тарихи ескерткiштер жобаларды басқару iскерлiксiз құру алмаған едi.
Жобаларды басқару – бұл даму сатыда табылған менеджменттiң жаңа бағдары.
Жобаларды басқару келесi процесстерден тұрады: жобаны әзiрлеу, жоспарлау, орындау, бақылау және жобаны бiтiру. Әр тұрақты кәсiпорындарда және әр жұмысты iстегенде дәл осы процесстер пайдаланады. Келесi сурет процесстердiң орындалуының жүйесiн және олардың өзара байланыстарын көрсетедi:
Жобаларды басқару – менеджменттің даму кезеңіндегі жаңа бағыты, сондықтан бірыңғай ережелер мен тәсілдерді – халықаралық өзара әрекет пен осы саладағы кәсіпқойларды сертификациялау үшін қажетті бірыңғай ақпараттық кеңістікті жасау мәселесі өзекті болып табылады. Сондықтан менеджменттің «жобаларды басқару» секілді бағытын қалыптастыру жағдайында осы пән бойынша барлық жаңа білімдерді жинақтау, жүйелеу қажет. Жобаларды басқару бойынша мұндай стандарттардың бірі болып «Жобаларды басқару» бойынша білімдер Жинағы (Project Management Body Of Knowledge) – Жобаларды басқару институтымен (АҚШ) құрастырылған «Жобаларды басқару» сияқты жаңа кәсіби тұрғыда жинақталған білімнің жүйеленген көлемі табылады. Жобаларды басқару бойынша білімнің толық Жинағы жобалармен жұмыс жасағанда қолданбалы білім мен дағдылардың кең көлемдегі тізімін құрайтын дәлелденген дәстүрлі әдістердің білімдерді енгізеді. Жобаларды басқару бойынша білімнің Жинағының алғашқы мақсаты (PMBOK) жобалық ортада жалпымен қабылданған стандарттарды теңестіру мен сипаттаудан тұрады. Бұл білім мен көрсетілген әдістердің көптеген жобаларға сәйкес келетіндігін және осы саладағы кәсіпқойлар арасында олардың құндылығы мен толықтығы жөнінде қарама-қайшы көзқарас жоқтығын білдіреді. Басқа жағынан алғанда, PMBOK стандарты – бұл тек ұсыныстар ғана. Бұл құжат сондай-ақ осы кәсіп шегінде жалпы категориялық аппарат пен сөздік қалыптастыру үшін мақсатталған.
Жобаларды басқару жүйесі
Жобалық менеджменттің объектісі ретінде орындалуы уақыт бойынша шектелген, сондай-ақ нақты қаржы, материалдық және еңбек ресурстарын тұтынумен байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған жұмыстардың ұйымдастырылған кешенін есептеуге болады.
Кез-келген жүйе секілді жобаларды басқару жүйесі (ЖБЖ) белгілі бір функцияларды орындайды. PMBOK Guide 2000 сәйкес ЖБЖ тоғыз бөлімнен тұрады:
1. Үйлестіруді басқару (Project Integration Management).
2. Мақсаттарды басқару (Project Scope Management).
3. Уақытты басқару (Project Time Management).
4. Құнды басқару (Project Cost Management).
5. Сапаны басқару (Project Quality Management)
6. Адам ресурстарын басқару (Project Human Resource Management).
7. Байланыс жасауды басқару (Project Communication Management).
8. Тәуекелді басқару (Project Risk Management).
9. Жеткізуді басқару (Project Procurement Management).
Қазақстан Республикасындағы жобалық менеджмент
Жаһандандыру және халықаралық интеграция жағдайында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы ұлттық және шетелдік инвестицияларды тиімді пайдаланумен және жұмыс істеуімен анықталады. Қазақстан үшін инвестиция – бұл тек экономикалық өсу көзі ғана емес, сонымен бірге әлемдік экономикаға ену үшін алдын-ала жағадй болып табылады.