Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: жағдайы және болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 03:24, дипломная работа

Описание работы

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Толық диплом.docx

— 1.10 Мб (Скачать)

ГНПФ -ның бухгалтерлерге көрсететiн қызметтерi:

  • жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысты заңнамалар турасындағы мәселелер бойынша бiлiктi кеңестер;
  • ГНПФ агенттерiнiң кәсiпорындарға шығуы арқылы қызметкерлермен зейнетақы шарттарын ресiмдеу;
  • Мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуға төлем құжаттарын  дайындау  үшiн бағдарламалар ұсыну;
  • Аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салыстырып тексерулер жүргiзу;
  • Қызметкерлердiң зейнетақы жарналары бойынша анықтама-растау қағаздарын құрастыру турасында қызметтер көрсету;
  • Қызметкерлердiң зейнетақы жарналарын аударуға байланысты проблемаларды шешуде кеңестер беру;
  • Зейнетақы жарналарын керi қайтару себептерiн анықтауда және оларды жоюда көмектер көрсету.

ГНПФ -ның басқа зейнетақы қорларынан айырмашылығы:

  • МЖЗҚ мемлекеттiң қатысуымен құрылды, 1998 жылдан берi, яғни  республикамызда жинақтаушы зейнетақы жүйесi  енгiзiлгеннен бергi уақытта салымшылармен жұмыста ең үлкен және өте құнды тәжiрибе жинақтады;
  • ГНПФ -  өз  салымшыларының мүддесi үшiн зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша лицензияны алғашқы болып алған және ол қызметтi кәсiби түрде дербес атқаратын ең бiрiншi қор;
  • 2 млн.400мыңнан аса адам ГНПФ -ны өзiнiң зейнетақы қоры ретiнде таңдап алды, ал ол Қазақстандағы әрбiр үшiншi салымшы деген сөз!
  • ГНПФ - елiмiздегi ұзақ уақыттан берi табысты қызмет етiп келе жатқан ең iрi, сенiмдi жинақтаушы зейнетақы қорларының бiрi;
  • МЖЗҚ  елiмiздiң барлық аумағында  Сiзге жетiмдi қызмет көрсету мүмкiндiгi бар және оның кең филиалдық және өкiлдiк желiлерi бар;
  • ГНПФ - зейнетақы қорлары арасында ең үлкен меншiктi және резервтiк капиталдары бар тұрақты қаржы қоры;

2008 ж. “ ГНПФ ” АҚ- ның активтерінің нарықтағы үлесін төмендегі суреттен көруге болады .

 

 

«ГНПФ» АҚ-ның активтерінің нарықтағы үлесі, %

 

 

Сурет 8

 

8 суреттен байқайтынымыз ГНПФ -ның активтерінің нарықтағы үлесі 22,70 %, ал басқа мемлекеттік емес ЖЗҚ-да 77,83%-ды құраған.

2008 жылдың басынан ГНПФ -на мiндеттi зейнетақы салымшыларының түсiмдерiнiң динамикасы  көрсетiлген, мұнда маусымдық тербелiстермен қорға түсiмдер деңгейiнiң көтерiлуi байқалады.

Бұл  суреттен көретініміз есептелген  инвестициялық табыс 49128503 мың теңге қордың  зейнетақы активтерінің 45,9 пайыздын  құрайды.

Өткен айда  қордың портфельдi инвестициялар құрылымында барлық қаржы құралдарының  үлес салмағының  азайғаны анық. Халықаралық бағалы қағаздар үлесi 5,29 пайыздан 2,51 пайызға  төмендедi. Қаржы министрлiгi мен  Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi мемлекеттiк  бағалы қағаздардың үлестерiнiң көбеюi, қордың бiрiншiлiк нарықта  Ұлттық Банктiң  қысқа мерзiмдi ноталарын сатып алумен байланысты.

Депозиттердiң  үлес салмағы 7,76 пайыздан 8,15 пайызға дейiн көбейедi. Инвестициялар портфелiнiң қалыптасқан  құрылымының тиiмдiлiгi, салымшылар үшiн  қордың табыстылығын анықтайды.

Заңдар базасына енгiзiлген соңғы  өзгерiстердi ескерсек,  мемлекеттiң  зейнетақы құжаттарының сақталуын  қамтамасыз етудегi кепiлдемелерi барлық қорларға бiрдей тартылады – инфляция деңгейiн есепке алып, индекстеу. Яғни, “ ГНПФ ” АҚ басқа ЖЗҚ-мен бiрдей құқықтарға ие.

Жекелендiрiлгеннен кейiн де қордың қызметi қазiргi қалпында қалады, өйткенi активтердi тиiмдi  басқару қордың қызметкерлер құрамының бiлiктiлiгiнде. Оның жұмысын ұйымдастыра бiлуге қатысты.

Бұдан басқа салымшыларға кез-келген қордың зейнетақы активтерi банк-кастодианда  сақталатындығын тағы бiр ескерте  кетсек деймiз. “ ГНПФ ” АҚ-тың банк-кастодианы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi екендiгiнiң де мәнi зор, ол өз кезегiнде салымшылар үшiн олардың зейнетақы қаражаттарының жоғары деңгейде сақталуын қамтамасыз етедi.

“Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы  қоры” АҚ  Қазақстанның зейнетақы  қызметтерi рыногындағы ең  iрi және жүйе жасақтаушы жинақтаушы зейнетақы  қорының бiрi болып табылады. Дамудың  таңдалып алынған стратегиясы мен  қаржы көрсеткiштерiнiң өсiмi қорға  Қазақстандағы серпiндi дамушы үш iрi қорлардың қатарындағы алдыңғы  орынды  иеленiп, өзiнiң ұстанымын  сапалы түрде одан әрi  нығайтуға  мүмкiндiк бердi.

Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы  қорларындағы салымшылардың жалпы  саны мен  зейнетақы жиналымдарын  көреміз.

 

01.04.10 ж. зейнетақы жүйесі бойынша  есептелінген инвестициялық табыстар

                                            « Сурет  9»

 

Бұл суреттен көретініміз 2010 жылдың 1 сәуірінде зейнетақы жүйесі бойынша есептелінген инвестициялық табыстар 221,591,601 мың теңге құраған, оның ішінде ГНПФ -ның үлесіне 54,197,615 мың теңге немесе 24,46 пайыз.

2010жылдың 1 сәуірінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі міндетті зейнетақы жарнасы бойынша салымшылардың саны 7.813.203 мың адам, ондағы МЖЗҚ-ның үлесі 2.317.030 мың адам немесе 29,66 пайызды құраған.  

01.04.10 ж. зейнетақы жүйесіндегі міндетті зейнетақы жарнасы бойынша салымшылардың саны,

                                                 мың адам

«Сурет 10» 

III. ЗЕЙНЕТАҚЫ  ЖҮЙЕСІ  ЖҰМЫСЫНЫҢ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ОНЫҢ   ДАМУ  БАҒЫТТАРЫ

3.1 Зейнетақымен   қамсыздандыру жүйесіндегі проблемалар және                           оларды   шешу жолдары

         Қазіргі уақыттағы әлемдік нарықтағы болып жатқан өзгерістер Қазақстан экономикасына да елеулі әсерін тигізуде. Зейнетақы жүйесі республиканың әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі қарқынды дамушы сектолардың бірі болып табылады.  Экономикада жұмыс iстеп, пайда әкелетiн зейнетақы жиналымдарының сақталуы мен олардың инвестициялық ресурстарға айналуының кепiлi туралы мәселе тек Қазақстанның алдында турған жоқ.. Халыктың зейнет жасына жету процесiнiң тездетуi мен зейнетақыға жұмсалатын каржының болашақтағы жетiспеушiлiгi зейнетақымен қамсыздандыру проблемасын шешудiң жаңа жолдарын iздеуге мәжбүрлеуде және де әлем елдерiнiң саясаткерлерi мен үкiмет алдында тұрған мәселелердiң бiрi болып табылады. Әртүрлi елдерде зейнетақы жүйесiн реформалаудың варианттары көп, бiрақ соңғы он жыл iшiндегi басым тенденцияға ие болғаны бөлу принципiнен жинақтаушыға ауысуы болды.

         Қазіргі    уақыттағы   әлемдік    нарықтағы болып     жатқан       өзгерістер     Қазақстан     экономикасына да елеулі әсерін тигізуде.    Зейнетақы      жүйесі      республиканың  әлеуметтік-экономикалық      жүйесіндегі қарқынды     дамушы     сектордың      бірі    болып   табылады. Осыған   қарамастан,    он жылдан астам уақыт шамасында қызмет     етіп келе жатқан     жинақтаушы   зейнетақы    жүйесінің     өзіндік проблемалары  бар.    Сондықтан    зейнетақы     жүйесін     қолдау және     дамыту     Қазақстанның    экономикалық саясатының  басымдылықты     бағыттарының     бірі    болып табылады.     Бүгінгі   таңдағы    жинақтаушы     зейнетақы жүйесін   жетілдірудің      негізгі   бағыттары     оны     одан     әрі     дамыту,    салымшылар    мен   алушылардың         құқықтарын     қорғау  ұзақ мерзімді    ішкі       инвестициялар     көздері     ретіндегі   зей нетақы     активтерін     басқарудың    тиімділігін    арттыру    болып     табылады.    

         Жинақтаушы зейнетақы қор жүйесі арқылы пайда болатын негізгі проблемалар төмендегідей:

         1) жинақтың жалпы сомасынан емес, қор қызметіне әсер ететін әр түрлі факторлар есебімен алғанда өзінің қордағы жинағы жайлы тұтынушылардың жеткіліксіз хабардар болуы (нарықтағы жағдай, қорға түсетін пайда, құнсыздану есебінен бөлінетін жинақ мөлшерінің жалпы құны).

         2)құнсызданудың салдары және бюджетке жеке зейнетақы бағдарламаларының әсері, жинақ пен экономика өсімінің деңгейі.

        Зейнеткерлікке     шыққаннан     кейінгі     зейнетақы   төлемін    индексикациялау    жинақтаушы    зейнетақы бағдарламаларына    қиындық,   туғызады.    Жалпылай алғанда, жеке сектордың  активтері жок,. Батыстағы  жеке зейнетақы    бағдарламалары   құнсыздану   мәселесіне ұшырады.      Көптеген елдерде    «ынтымақтастық»   жүйесінде    құнсыздануға    байланысты    қиындықтар туындайды. Дегенмен, бұл жүйедегі ең басты мәселе құнсыздану емес, зейнетақының мөлшерін кез-келген уақытта көбейтуге болады, мұндағы ең басты мәселе  уәделі зейнетақы төлемін көбейтуге берілген артық уәде мен қазіргі уақыттағы бюджеттік дефицит құнсыздану   оған «жинақтаушы зейнетақы» бағдарламалары да қарсы тұра алмайды. Жоғарыда айтылғандай, «жинақтаушы зейнетақы»     жүйесі    мемлекеттік    бюджетке    қатты   әсер етеді.  Егер «жинақтаушы зейнетақы» жүйесінің бағытында елеулі қозғалыс болса, бюджеттік шығын күрт өседі,  мұның себебі ұрпақтар ынтымақтастығы жүйесіндегі    жұмысшылардың    тіркелген    жарналары    зейнеткерлердің зейнетақысы    ретінде төленеді, сондықтан да «жинақтаушы зейнетақы» жүйесінің   ауысымында пайда болуы мүмкін жүйе жұмысшылардың зейнетақы қорын құрай алмайды, Бұл тіркелген зейнеткерлерге зейнетақысын қамтамасыз етумен қатар жүмысшылардың өздерінің жеке қорын құруға көмек беретін қосымша жарналар төлеуді қажет етеді, Қазіргі жүмысшы қауымын саяси түрде еңбекақысынан екі бірдей  мөлшерде жарна төлеуге бағындыру мүмкін еместігінен (жалпы және өз қорына), қайта қүрудың алғашқы   жылдарында   мыңдаған   бюджеттік   транс ферттер қажет. Мемлекет  аз мөлшердегі зейнетақы немесе құнсыздану мен басқа да қауіптерге кепілдік беретін болғандықтан, бюджеттік шығын деңгейі қандай жағдайда да төмен болмайды.

         «Ынтымақтастық»   және   жинақтаушы   зейнетақы жүйелері бір ғана мәселені шешеді, яғни жүмысшылар мен зейнеткерлер арасында   үлттық пайданы бөлісу мәселесін    шешеді .    Мемлекеттік    «ынтымақтастық» жүйесі үлкен  шығын шығара     отырып, көпшілікке    мулдем  аз   зейнетақы   төлейді.   Ал,   жинақтаушы   зейнетақы  жүйесіндегі құнсыздану зейнетақы бөлігінің қаржы саласын жоққа шығарып, зейнетақы қорының капиталын төмендетеді. Бүл мәселеге Латын Америкасының кей бір елдері тән болған.

             Қазақстандағы     зейнетақылық     қамтамасыз       ету жүйесі       қаржы   нарығының    қатысушыларының       белсенді       қолдауы      жағдайында      жүзеге      асырылды.    Осы     зейнетақы    реформасының    өзіндік      позитивті       жақтары      болды,    яғни    1998   жылдан   бастап    зейнетақылық реформалау     сәтінен     мемлекет     бюджетінде    болашақ   зейнеткерлерді    ұстау  ,    қамтамасыз ету шығындары      қарастырылмайды.                                                Зейнетақы жарналары жұмыскердің өзі таңдап                                                                         алған        жинақтаушы      зейнетақы       қорларында  ,   олардың   жекешоттарында шоғырландырылады  және  әрбір        адам өзінің    экономикалық        мүмкіндіктеріне        қарай өзінің болашақ зейнетақысын қалыптастыруға        жағдай    жасайды.

      Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің оғаштығы, ел экономикасының жалпы өрлеуі, үлттық валютаның нығаюы, мемлекеттік бюджет тапшылығының төмендеу жағдайында зейнетақы қорының нақты табыстылығы да өте төмен болады. Зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі 2005 жылдың 1 қаңтарына нақты табыс коэффициентінің  3,13-ке дейін төмендеуімен сипатталады, Бұл    біріншіден,инфляцияның  жоғары  деңгейімен түсіндіріледі: 2005жьілдың 1 қаңтарына ол 6,7%-ды қүрады. Екіншіден,   қаржы   нарығындағы   барлық санаттар бойынша табыстылықтың төмендеуімен. Сөйтіп, зейнетақы қорларының теріс табыстылығына жүйелік себептер (инфляция, ақшаның құнсыздануы, теңге бағамының көтерілуі, құралдар тапшылығы, барлық қаржы құралдары бойынша табыстылықтың төмендеуі) әсер етті.

        Шетелдің кұнды қағаздарына жұмсалым лимитін арттыруға қол жеткізген зейнетақы қорлары, құнды қағаздарды жақын шетелдерге инвестициялауға болады деп санайды. ЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық қоржынының құрылымы бойьнша бүгінгі бар зейнетақы активтерінің 50%- дан астамы мемлекеттік құнды қағаздарда болады. Зейнетақы қорларының  инвестициялық  саясатында  зейнетақы  активтерін нақты экономика секторына жұмсау, ЖЗҚ нақты инвестициядан алыс, яғни жаңа кәсіпорындарды   құру жұмсалымдарынан, ғылыми зерттеулерден, дайын  өнімдер  мен   көрсетілетін  қызметтерді  жүзеге асыруға немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құруға дейін іс жүзінде болмайды.

          Инвесторлар   арасындағы   бәсекелестіктің  жоғары  деңгейі сондай-ақ   ішкі   нарықтағы   ақша  ұсынымының   үлкен   көлемі зейнетақы    активтерін   инвестициялаудан    болатын    ағымдағы  пайдалылық инфляция деңгейінен төмен болып шығуына әкелді Бұл қаржы құралдарына ақша салынған сәтте, олар залалды болады  деп жобаланбау табиғи. Алайда кез келген    қаржы құралдарының бағалары сатып алынған сәттегі деңгейінде сақталмайды. Құнды қағаздар нарығындағы бағалар нарық жағдайына байланысты болады, әрі ішінара, кейде елеулі өзгерістерге ұшырайды .

          Тіпті   болашақ   зейнетақы   активтерінің  жұмсалымы   үшін қаржы   құралдарын  тандап   алуға  жауапты   бола   отырып,   ак тивтерді басқаруды жүзеге асыратын ЖЗҚ мен ұйымдар, жалпы экономикалық  сипаттағы   өзгерістерді  әрқашан  біле  бермейді, мысалы,   олардың   қызметіне   қатысты   сыртқы   фактор   болып табылатын құнсызданудың   өсуі. Сондықтан  төмен   табыстылықтың (белгілі бір жағдайларда, теріс) себептерінің бірі   зейнетақы қорларына байланысты болмайтын және қызметіне зиян келтіретіндей факгорлар болып есептеледі. Мұндайды болдырмау үшін, зейнетақы қорлары сияқты маңызды стратегиялық қаржы институтын мемлекеттің қолдауы және де жүйелі тәуекелдіктерді төмендету арқылы олардың ойдағыдай қызмет жүргізуі үшін жағдай жасауы міндетгі. Эмитенттер нарығының тез өсетін ішкі инвесторлар нарығынан айырмашылығы,  әзірге дамуда артта қалуда,  сондықтан  шетелдің  бағалы  қағаздарына жұмсалымдарды арттырған жөн.

Информация о работе Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: жағдайы және болашағы