Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: жағдайы және болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 03:24, дипломная работа

Описание работы

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Толық диплом.docx

— 1.10 Мб (Скачать)

        Жинақтаушы  зейнетақы  қорлары  салымшылармен  болашақ  зейнеткерлермен  жұмысты ұйымдастырады ,  олармен  зейнетақы  шарттарын  жасасады, зейнетақы  жарналарын  жинауды жүзеге  асырады, зейнетақы  жарналарына және  инвестициялық табысқа жеке есеп жүргізеді. Қордың  салымшылар алдындағы  міндеттемелері  зейнетақы шарттарынан  көрініс  табады , бұлар, өз кезегінде, зейнетақылық  жасқа толған  кезде  де , заңдарда көзделген жағдайларда да жинақталған зейнетақы  қаражатын  алу құқығын  қамтамасыз   етеді.  Сонымен қатар,  қор өз  қызметі үшін комиссиялық сыйақы алады, өз салымшыларының және мемлекеттік  оргаңдардың  алдында есеп береді, зейнетақы төлемдерін төлейді. Соған қоса, кор халықтың алдында түсіндіру жұмыстарьн  жүргізеді,шағымдар мен өтініштерді қарайды , салымшының өліміне, оның шетелге  шығуына байланысты   мәселелерді   шешеді.

        Жинақтаушы  зейнетақы   қорлары  салымшылардың  ақшаларына    билік жүргізе алмайды. Олардың ақшалары  банк-кастодианда сақталады .  Зейнетақы  активтерімен  жасалатън   кез келген  операциялар  мен мәмілелер олардың меншік иелерінің, яғни салымшылардың   мүддесі үшін  жасалуы  тиіс.

         Банк-кастодианның  тікелей  мақсаты - салымшылардың  бағалы  қағаздары мен ақшалай  қаражаттарын сақтау, зейнетақы  активтерімен  жасалатын мәмілелердің жүргізілуінің заңдылығына бақылауды жүзеге асыру.  Банктің   зейнетақы   қорының   алдындағы   зейнетақы активтерінің  сақталуына  байланысты   жауапкершілігі банктің  өз  капиталымен кепілденеді.

        Міндетті  зейнетақы   жарналарын   төлеу. Қазақстан Республикасының жұмыс істейтін әрбір азаматы міндетті   зейнетақы  жарналарын  төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап   алуға және  онымен   міндетті   зейнетақы жарналары   есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті.

         Қазақстан  Республикасының    заңдарына  сәйкес міндетті  зейнетақы   жарналарының   салымшысына міндетті зейнетақы   жарналары  есебінен , зейнетақымен  қамсыздандыру   туралы бір мезгілде екі және одан да көп шарт жасасуға,  сол   сияқты   салымшының  міндетті   зейнетақы   жарналарын   іс   жүзінде екі және   одан  да  көп жинақтаушы   зейнетақы   қорына енгізуіне , не жарнаны бір қорға төлеп, жинақталған зейнетақы   қаражатының   бір  бөлігін   басқа   жинақтаушы   зейнетақы   корында   сақтауына жол берілмейді.   Занды және жеке тұлғалар міндетті зейнетақы   жарналарын   салымшысының жалақысынан немесе өзге де табысынан  ұстап  қалады  және оларды көрсетілген   жинақтаушы зейнетақы корына   салымшының   әлеуметтік    жеке  кодына аударады.

      Жинақтаушы   зейнетақы  қорларына  зейнетақы салымдарын  төлеу міңдетті   болып  табылады   және  олар Казақстан   Республикасыньң Ұлттық  валютасымен төленеді.

      Міңдетті  зейнетақы  жарналарын  басқа адамдардың пайдасына  төлеуге болмайды . Міндетті   зейнетақы жарналары қызметкердің  ай   сайынғы жалақысының   10   пайызы   мөлшерінде белгіленеді.

         Ерікті  зейнетақы  жарналарын төлеу.    Қызметкер жинақтаушы  зейнетақы қорларына міндетті  зейнетақы   жарналарымен   қатар   ерікті  зейнетақы  салымдарын да төлеуі  мүмкін . Салымшы-жеке тұлғалар жинақтаушы  зейнетақы   қорларына  ерікті   зейнетақы   жарналарын , олармен   ерікті   зейнетақы  жарналары  есебінен   зейнетақымен   қамсыздандыру   туралы   шарт  жасасқан  жағдайда   өз   пайдасына  өз табысы есебінен енгізеді.

          Алушының пайдасына ерікті зейнетақы  жарналарының  салымшылары  ,  оларды   салық   салынғаннан кейінгі   табыс   есебінен  жүзеге   асырған    жағдайда  жеке және   заңды тұлғалар болуы мүмкін. Ерікті  зейнетақы жарналарын  төлеуді  салымшылардың  өздері жүзеге асырады.

          Ерікті зейнетақы   жарналарының   ставкасы , оларды төлеу тәртібі , сондай-ақ зейнетақы   төлемдерін  төлеу   тәртібі   ерікті   зейнетақы жарналары есебінен  зейнетақымен   қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі   бойынша   белгіленеді.

         Міндетті  зейнетақы   жарналары   есебінен  төленетін   зейнетақы  төлемдері.  Міндетті   зейнетақы жарналары  есебінен  зейнетақы төлемдері  жеке  зейнетақы шоттарында   жинақталған  зейнетақы  каражаты бар тұлғаларға  жеке  басын  куәландыратын кұжаты   болған жағдайда төленеді.

        Міндетті   зейнетақы   жарналары   есебінен  жинақтаушы  зейнетақы  қорларынан   зейнетақыларды төлеу, зейнетақы     алу   жасына толғанда  , қажетті  еңбек стажы болған жағдайда, сонымен қатар, егер алушы еңбек етуді тоқтатып, 55 жасқа толған жағдайда, жарналарды төлеу мерзімі кемінде  35 жылды  кұраған жағдайда және  жинақталған  зейнетақы  қаражатының   мөлшері  уәкілетті орган бекіткен шаманы кұраған жағдайда жүзеге асырылады.

          Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы  төлемдеріне  салық заңдарына сәйкес салықтар салынады.

Төтенше   және   барынша  радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін, кемінде 10 жыл тұрған азаматтар Казақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ  полигонындағы ядролық  сынақтардың салдарынан зардап  шеккен азаматтарды  әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес:

      «еркектер» жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде;

      «әйелдер» жалпы жұмыс стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы     тағайындалуына кұқылы.

        5 және одан да көп бала туып , оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда, жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға  құкылы, аталған  зейнетақы  жасы 1998 жылғы  1 шілдеден  бастап  жыл сайын  6  айға өсіп отырады, бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиіс. Жинақтаушы зейнетақы корында жинақталған зейнетақы қаражаты  бар адамдардың:

       1) ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының  9-бабының 1 -3 тармақтарында   көзделген   жағдайлар басталғаңда;

      2) 55  жасқа толғанда және жинақталған зейнетақы қаражаты ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болғаңда;

      3) егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, 1- және 2 -топтағы мүгедектердің;

      4)әскери қызметшілердің (мерзімді қызмет атқаратын әскери қызметшілерден басқа), арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен  ішкі  істер органдарының   қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп   қолданылатын  әскери  қызметшілердің,  ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық  атқару  жүйесі  комитеті , қаржы  полициясы  мен  мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің  еңбек сіңірген   жылдары үшін   зейнетақы төлемдерін  алуға құқығы бар.

      5) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кұжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың  жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құкығы бар.

       Жинақтаушы  зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары  есебінен  жинақталған   зейнетақы   қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен  мұраға  калдырылады

      Ерікті  зейнетақы  жарналары   есебінен  төленетін зейнетақы төлемдері. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы   қорларынан   төленетін  зейнетақы    төлемдеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларында   жинақталған зейнетақы қаражаты бар   мына адамдардың  құкығы  пайда болады:

      -55 жасқа толған  адамдардың

       - мүгедектердің

       -Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен,кету ниетін немесе фактісін растайтын  Қазақстан Республикасының заңдарында   белгіленген   кұжаттарды   табыс еткен адамдардың

Ерікті  зейнетақы жарналары  есебінен жинақтаушы зейнетақы  қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда,олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен  мұраға қалдырылады.

 

 

    1.  Зейнетақы реформасының қажеттілігi, бағыты мен бағдары

1998 жылғы 1 қаңтардан бастап “Қазақстан Республикасында  зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заң күшiне енiп, елiмiзде зейнетақы реформасы  қолға алынды.

Ел экономикасының нарықтық қатынастарға  ауысуы халықты зейнетақымен  сақтандыруды  қамтамасыз ету механизмiн өзгертудi  қажет еттi.

Бұл жеке меншiктiң үлес салмағының өсуi мен экономикалық қатынастарда  мемлекеттiк реттеудiң күшейуiне  байланысты едi.

Қазақстанда  компенсациялық  төлемдер  мен әр түрлi көмектерден тұратын  бiркелкi, кең  ауқымды бөлiктiң  бiрi -  зейнетақы жүйесi болды.

Мемлекеттен көмек алу құқығы әркiмде  болды. Жасы жеткен кездегi  зейнетақыдан  басқа  мемлекет  алдында  сiңiрген еңбегiне байланысты сондай-ақ  еңбек  ақысына қатысты емес  әлеуметтiк  зейнетақылар және басқа да  көптеген арнаулы зейнетақы  түрлерi болды.

Араларында тура байланыс болмаса  да жасы жеткен зейтнеткерлердің зейнетақылары  жұмыс iстейтiндердiң зейнетақы  жарнамаларына  төленiп отырды.Жоспарлы экономика  кезiнде  ол жүйенi  қолдану өте тиiмдi едi.

Ал нарықтық қатынастарға көшуге жаңа шаруашылық қатынастардың қалыптасуына  байланысты  бұрынғы зейнетақы  жүйесi бүгiнгi қоғамдық даму процесiнде икемсiз, жарамсыз болды. Қолданылып жүрген зейнетақы жүйесiндегi мiндеттi зейнетақы жарнамасының мөлшерi жұмыс беретiндердiң еңбек ақы төлеу қорының 25,5% құрады.

Жергiлiктi жерлерде  жиналған  жарнамалар былайша бөлiндi: 70 процент, жергiлiктi жерлердiң зейнетақысын төлеуге, 30 процентi зейнетақы  қорының  орталық  есебiне  келiп түсiп, зейнетақы  төлеуге  мүмкiндiгi жоқ басқа  облыстарға  қайтадан бөлiндi. Республика деңгейiнде  бұлай қайта бөлу, бiр жағынан, жергiлiктi жердегi жинауды төмендетсе, екiншi жағынан, күннен күнге жеткiлiксiз  болды.

Қазақстандағы  зейнетақы  жүйесiнiң  бүгiнгi күнгi жағдайына  бұдан басқа  да  факторлардың әсерi,  мысалы, тәуелдiлiк  коэффициентiнiң өсуi (зейнеткерлердiң  жұмыс iстейтiндерге қатынасының өсуi) жұмыс күшiнiң тұрақты сектордан  тұрақсыз секторға ауысуы мен демографиялық  өзгерiстер болды.

Сонымен, осы екi фактор мынадай  жағдайлармен тығыз байланыста  болды:

  • көптеген мекемелердiң  қаржы-экономикалық жағдайының нашарлауы;
  • жарналар мен  зейнетақы төлемдерi арасындағы  әлсiз байланысқан тәуелдiлiктен жарналардың жоғары ставкаларының болуы;
  • тиiстi бақылау механизмiнiң  жоқтығы кезiнде  төлеуден  жалтақтаудың тууы жарналарды тартуды қысқартты;
  • салық салу аймағына кiрмейтiн  тұрақсыз секторлардың қалыптасуы, зейнетақы  тағайындау кезiнде  көптеген жеңiлдiктердiң берiлуi заңды бұзушылық пен әлеуметтiк әдiлеттiк принциптерiнiң жойылуына,басқару қалыптаспауы  және  тұрақталған  демографиялық  жағдайлардың   барлығы.

       Қорытындысына  зейнетақы төлеуде ЖІӨ-нiң 2 процент  мөлшерiн құрайтын қарыздың пайда  болуы мен МЗҚ және бүкiл республикадағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнiң дағдарыс жағдайға  ұшырауына  әкелдi.

Бұдан  әрi зейнетақы  жүйесiн  қалыптасқан  жағдайда  сақтау дағдарысты одан әрi  ушықтырып, бүкiл жүйенi құлдыратуы мүмкiн едi.

Осы жағдайдан құтылу үшiн Үкiмет  зейнетақымен  қамтамасыз ету жүйесiн  қайта құру туралы шешiм қабылдады.

Қазақстан Республикасында  зейнетақымен  қамтамасыз ету  жүйесiн қайта  құру туралы  концепциясы 1997 жылдың наурыз айында  дайындалып, бүкiл  халықтың талқылауы үшiн баспасөз бетiнде жарияланды.

Көпшiлiк ескертпелер мен ұсыныстарды  ескере отырып, концепция толықтырылды да жаңа зейнетақы жүйесiне жаңадан  қосымша  құрылым ретiнде  мемлекеттiк  зейнетақы қоры қосылды. Мемлекеттiк  жинақтаушы зейнетақы қорын құру өтпелi кезеңде халықтың жаңа зейнетақы  жүйесiне деген сенiмiн арттырып, екiншi жағынан бүкiл зейнетақы  жүйесiнiң қалыптасуына жағдай жасады.

1997 жылы мамыр айында  концепцияның  қорытынды  нұсқауы бекiтiлiп,  маусым айында “Қазақстан Республикасының  жинақтауларын” кейiннен бiрiңғай  мемлекеттiк емес жүйеге бiртiндеп  ауыстыру едi.

Мемлекеттiк  ынтымақтасқан  зейнетақымен  қамтамасыз ету  жүйесi өтпелi кезеңде мемлекеттiк емес  жүйемен қатар жүрдi. Ал зейнетақы мөлшерi еңбек еткен жылдарына байланысты (6 айдан кем емес) мемлекеттiк ынтымақтасқан   зейнетақы жүйесi мен мiндеттi және дербес жеке жинақталудан тұрады .

Зейнетақы жүйесiнде  өзiн-өзi қамтамасыз ету ортасын қалыптастыруды  құру мен дамыту үшiн, зейнетақы жүйесiне жаңадан қатысушылардың iс-қимылын  реттеу және бақылау, оларды зейнетақы  жарнасының тиiмдi  мөлшерiмен қамтамасыз ету және жойылудан сақтауды қамтамасыз ету үшiн мемлекет жинақтау  жүйесiне мiндеттi зейнетақы төлемдерiн тағайындады. Жаңа зейнетақы жүйесiнiң зейнетақы  жинақталуын салымшылардың есебiнен  ғана емес, мемлекет  бақылауындағы  инвестициялық пайдамен де толықтыру  болды. Ынтымақтасқан жүйеге  мiндеттi зейнетақы жарнасы 25,5 процентпен 1998 жылдан бастап 15 процентке төмендедi. Мұның өзi мекемелер ауыртпашылықтарының  жеңiлдеуiне әкелiп, мекемелердi инвестициялаудың қосымша  көздерiн тудыруға жағдай жасады.

Мiндеттi зейнетақы жарнасының мөлшерi 10 процент болып, ол әрбiр жұмыс iстейтiн  азаматтың жеке  табысынан ұсталынатын  болды, сонымен ол әрбiр адамның  жинақтаушы жүйеге өз есебiне белгiлi бiр  соманы аударып, өзiнiң ертеңгi күнiн  қамтамасыз етуiне жағдай жасады. Сонымен  қатар, әрбiр азамат ерiктi жарналармен  өз есебiн толықтыруға мүмкiндiктерi бар.

Жасы жеткен зейнеткерлер және жұмыс  iстейтiндер, өз есебiне керектi соманы жинақтап үлгермегендер, еңбек жылдарына  байланысты, ынтымақтасқан зейнетақы  жүйесiнен зейнетақы алып тұратын  болды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: жағдайы және болашағы