Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 03:24, дипломная работа
Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.
3.Соңғы жылдары биржалық айналымның өсу қарқынымен салыстырғанда зейнетақы активтерінің басып озуының теріс тенденциясы байқалуда. Бұл факт, әрекет етуші KASE айналымының ЖЗҚ сұранысын өтімді қаржы институттарына шоғырландыруға қабілетсіз екендігін көрсетеді.
4.Биржа айналымы құрылымының деформациялануы, яғни валюта операциялары мен репо операцияларының үлесіне KASE биржалық айналымының қомақты үлесінің сәйкес келуі.
Егер зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі даму мәселелерін формалды түрде қарастырсақ, онда оның негізінде оларды шешу жолдарын ұсынуға болады . Аталған жеті мәселенің бесеуі ҚР бағалы қағаздар нарығының дамуына қатысып, ал қалған екеуі зейнетақы нарығы субьектілерінің қызметіне қатысты. ЖЗҚ жұмыстарының нәтижелеріне зерттеулер жүргізу ЖЗҚ көлемі ОҰБ табыстылығын анықтаудағы негізгі фактор болып табылатындығын көрсетеді және масштабтан үнемдеу жасауға байланысты шығындардың төмендеуімен түсіндіріледі.
Кесте 7
Биржа айналымындағы зейнетақы активтерін дамытудағы маңызды мәселелер және шешу жолдары
Зейнетақы нарығындағы субьектілерінің дамуының маңызды мәселелері |
Мәселелерді шешу жолдары | |
1 |
Биржа айналымындағы ЗНС үлесінің құлдырау тенденциясы |
-ҚРҚМ МБҚ КАSE-ге орналастыруға өту және бірінші ретті дилерлер институтын жою; МЕБҚ және МБҚ бойынша биржалық саудаға ЗНС кіруін ырықтандыру; -биржа нарығындағы ЖЗҚ ЗА инвестициялау нормасын жұмсарту. |
2 |
Нарықты локальды монополизациялауға алып келетін, неғұрлым әлсіз және бәсекеге қабілетсіз ЗНС дефолт сериясының басталу мүмкіндігі. |
-ЖЗҚ дамуын ҚБА тарапынан дистанциялы бақылау негізінде ерте диагностикалау; -ЗА қорғау көзқарасы бойынша ті басқару сұрақтарын нақты анықтау; -ЗНС дефолты кезінде шығындардың
бір бөлігін жабуда гі; -нарықтың үлесіне қатысты нормативтерді қатаңдату. |
3 |
Биржа айналымының өсу қарқынымен салыстырғанда- ғы ЗА басып озу тенденция- сы |
-МЕБҚН дамыту; МБҚН дамыту; -КАSE операциялар арқылы БҚ-мен жұмыс жасау операцияларының инвестициялық тартымдылығын заңды түрде реттеу; -сауда жасаушы қаржы институттарының санын көбейту мақсатында КАSE листингтік ере- желерін дифференциациялау және жұмсарту. |
4
|
Екі фактормен байланысты ЗА табыстылығының төмен- деуі: 1.БҚ барлық категория- лар және депозиттер бойынша табыстылықтың жалпы төм- ендеуі; 2.АҚШ долларына қатысты тенге ревальвациясы. |
-инфляциямен күресудің монетарлы ережелерін дамыту; -жекелеген нарықтарда- ғы бәсекелестікті күшейту (ауыл шаруашыл- лық және азық-түлік); -ұлттық валютаны қолдау мақсатымен келетін мұнай доллар-ларын теріс әсерлерін төмендету механизмін жасау. |
5 |
ҚР БҚР өзінің табиғаты бойынша нарықтық болып табылмайтын келісімшарттар бар. Бұл өз кезегінде ЖЗҚ ЗА нақты табыстылығын өзгертуі мүмкін. |
-БҚ-ды бағалау әдістемесін жетілдіру; - нарықтық емес келісімдердің орындалуына жол бермеу мақсатында биржалық сауданың шынайылығын арттыру.
|
6 |
БҚН дамуының жеткіліксізді- гі, ол МЕБҚ бойынша биржалық айналым үлесінің төмен болуын және БҚН қорлануының төмендігін көрсетеді. |
-ЗА тікелей инвестиция ретінде пайдалану; -орналастырылған зейнетақы жинақтарын төлеу бойынша мемлкеттің міндеттемелері б. т арнайы МБҚ шығаруды бастау; -ЖЗЖ қатысушыларының жеке зейнетақы жоспарларын жүзеге асыру, оның ішінде жалдамалы жұмыс істемейтіндер және кәсіби зейнетақы схемасы; -ірі жобаларды қаржыландыру үшін арнайы БҚ шығаруға қатысты сұрақтарды қарастыру; -ЖЗҚ ЗА олардың бағалы қағаздарына инвестициялай алатын, эмитенттердің қызметтерінің шынайылығын арттыру; -ЗНС қызығушылықтарын және құқықтарын қорғау қағидаларын, АҚ төлем тәртіптерін және АҚ қызметтерінің шынайылығын нығайту; -БҚ бойынша табыстарға салық салуға байланысты салық заңдарын жетілдіру; -нормативтік актілерде қаржы құралдарын- ың барлық түрлері бойынша инвестициялан ған ЗА қорғауға байланысты шараларды қарастыру ; -нормативтік актілерде лық жағдайы нашарлаған жағдайда, оның рейтингі төмендегенде және басқа да жоғарыда аталған факторлардың бірі орын алған жағдайда эмитенттер мен инвесторлардың іс-әрекеттерін қарастыру; -шет елдік корпоративтік БҚ ҚР БҚН шығуына рұқсат беру. |
7 |
ЗНС тәуекелдерін басқару жүйесінің болмауы, яғни: инвестициялық бақару кезең- інде жүйелік тәуекелдердің пайда болу тәуекелділігі бірнеше есе өседі. ЖЗҚ БҚП басқарумен айналысатын кі шігірім ЗРС үшін ЖЗҚ БҚП басқарудың көп функциялары бір немесе бірнеше қызметкер лердің қолында болу жағына ауып кету қаупі туындайды. |
-ЗНС тәуекелдерін басқару жүйесін енгізуге байланысты ҚБА, ЗНС қатысуымен мемлекеттік бағдарлама жасап шығару; -ЗНС қызметіне тәуекел- |
Ескерту- кесте автордың жүргізген зерттеулері нәтижесінде жасалды. |
Сонымен қатар, ірі ЖЗҚ үшін неғұрлым тартымды компенсациялық пакет есебінен мамандарды тарту жеңіл болып келеді. Сәйкесінше, ЖЗҚ ерікті немесе мәжбүрлеп біріктіру арқылы ЖЗҚ қорлануын көбейтуге байланысты шаралар қажет. ЖЗЖ-нің даму барысына талдау жүргізу нәтижесінде, ҚР жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін "пассивті" активтердің үлесі, яғни ұзақ мерзімді келешек үшін сатып алынатын активтер тиімді екендігі анықталды. Бастапқы кезеңде құралдарды тиімді таңдау мен әрі бағалы қағаздар портфелін маржиналды реттеу қысқа мерзімді салымдар жасауға қарағанда неғұрлым ұтымды стратегия болып табылады.
Қазақстандағы зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесі қаржы нарығы қатысушыларының белсенді қолдауы жағдайында жүзеге асырылады. Жүргізілген зейнетақы реформасының жағымды жақтары болды, яғни 1998 жылдан бастап зейнетақылық реформалау сәтінен мемлекет бюджетінде болашық зейнеткерлерді ұстау, қамтамасыз ету шығындары қарастырылмайды. Зейнетақы жарналары жұмыскердің өзі таңдап алған жинақтаушы зейнетақы қорларында,олардың жеке шоттарында шоғырландырылады және әрбір адам өзінің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай өзінің болашақ зейнетақысын қалыптастыра алады. Осыған қарамастан, он жылдан астам уақыт шамасында қызмет етіп келе жатқан жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзіндік проблемалары бар:
Қазақстандағы
ЖЗҚ қызметтерін әрі қарай
дамыту, зейнетақы жүйесіне жаңғырту
жүргізу жетістікке жетуге мүмкіндік
беретін бірқатар мәселелерді шешуді
талап етеді. Ең алдымен зейнетақы
жүйесінің сенімді
1. ЖЗҚ табысты қызметі олардың потенциалды салымшылары болып табылатын тұрғындар мен кәсіпорындардың сенім артуына байланысты. Олардың сенім артуы ЖЗҚ операцияларын бақылаумен және реттеумен тығыз байланысты.
2.Зейнетақы жүйесін жаңғырту міндеттерін ескере отырып, міндетті жинақтаушы жүйені қолданушы, екінші деңгейдегі мемлекеттік емес зейнетақы қорларының құрылуы жолдарын анықтау қажет. Бұл мәселе, жаңа қорларды құру және әрекет етуші ЖЗҚ біразын екінші деңгейдегі қор ретінде қайта құрылу мүмкіндігін қамтиды.
3.ЖЗҚ тиімді жұмыс істеуі активтерді басқарудың ашық және сатылы саясатынсыз мүмкін емес. Ол активтерді басқарумен айналысатын арнайы компаниялармен және қаржы институттарымен жүзеге асырыла алады.
4.Активтерді басқару, ЖЗҚ зейнетақы активтерімен қатар өздерінің жеке меншік құралдарын инвестициялай алады ма деген сұрақтарға жауап іздейді.
ЖЗҚ активтерін салуға болатын сенімді қаржы құралдарын нақты анықтау қажет. Қорлардың инвестициялық тәуекелділігін анықтауға мүмкіндік беретін критериилерді, нақты құралдарға мүмкін болатын салымдар лимиттері өңделіп шығарылуы керек.
Нәтижесінде ЖЗҚ ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларға, бағалы қағаздар сатып алуға ұтымды салым жасай алады.
Бірақ Қазақстанда, экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде тиімді және сенімді ұзақ мерзімді иивестициялау мүмкіндіктері шектеулі. Сондықтан, мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржы потенциялын тиімді орналастыру айтарлықтай күрделі мәселе.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің үлкен кемшіліктерінің бірі- ақпараттық қамсыздандырудың жеткіліксіздігі. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерін сипаттайтын арнайы сандық көрсеткіштердің тапшылығы жаңа зейнетақы жүйесінің қатысушыларының сенімсіздігін тудырады.
Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен ағымдағы пайдалылық экономиканың нақты секторына қаражат тартуға, экономиканың әртараптануына жағдай жасайтын 2003-2015 жылдарға Қазақстан Республикасының Индустриалдық инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Мұнай, газ жашина жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібін, көлік логистика өрісі қызметін жетілдіру экономиканың ұзақ мерзімді мамандануымен анықталады және капиталдың ұзақ мерзімді инвестициялануын талап етеді, бұл ЖЗҚ сияқты қаржы институты қызметінің ерекшелігі болып есептеледі.
3.2 Зейнетақы жүйесiнiң жұмысын жетiлдiру және оның даму бағыттары
Отандық қаржы институты ретінде, ЖЗҚ, экономиканың нақты секторын инвестициялауда мүдделі болатын мемлекетке қызмет етуі тиіс. Бұл үшін белгілі бір кепілдіктер қажет. Қазақстандық кәсіпорындардың корпоративті құнды қағаздарының сенімділігі артуға ,корпорация қызметі ашық, табысты, талдау үшін қол жетерлік болуы тиіс.
Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен ағымдағы пайдалылық (инфляция деңгейінен төмен) экономиканың нақты секторына қаражат тартуға, экономиканың әртараптануына жағдай жасайтын 2003-2015 жылдарға Қазақстан Республикасының Индустриялдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Мұнай газ, машина жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібін, көлік-логистика өрісі қызметін, металлургия, құрылыс материалдары өндіріс салаларын жетілдіру экономиканың ұзақ мерзімді мамандануымен анықталады және капиталдардың ұзақ мерзімді инвестициялануын талап етеді, бұл ЖЗҚ сияқты қаржы институты қызметінің ерекшелігі болып есептеледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын қаржыландыруға тұрғын үй проблемасын шешуді ұсынады. Зейнетақы активтерін инвестициялау құрылыс көлемін арттыруға мүмкіндік береді, бұл ондағы объектілердің, оның ішінде тікелей тұрғын үй бағаларының төмендеуіне әкеледі.
ЖЗҚ ірі инфрақұрылымдық және телекоммуникациялық жобаларды және жоғары технологияларды дамыту саласында да қаржыландыруға ұзақ мерзімді қаражаттар бере алады, зейнетақы қорлары жобалардың инвестициялық тәуекелдіктерінің қолайлылығын ескере отырып, мемлекеттік кепілдікпен жобалық облигацияларды шығаруы мүмкін. Инвестициялауға қатысушы зейнетақы активтерін қорғау үшін, эмитенттердің облигацияларының бір бөлігі теңгемен ішкі нарықта орналастырылатындай етіп, оларға валюта жайғасьмының лимитін белгілеу қажет.
Отандық кәсіпкерлерді қолдауды (нарыққа енгізу, нарықтың үлесін жеңіп алу,нарықты ұстап қалу т.б.) зейнетақы қорларын кеңейтумен, соңғыларының ресурстарын салыстырмалы түрде төмен пайыздармен айтарлықтай ұзақ мерзімге берумен қоса орындауға болады.
Зейнетақы қорлары құнды қағаздардың тек нарығын ғана ынталандырумен қатар, сонымен бірге шетелдің қаржы нарықтарымен бірігуі тиіс. Бұл - әрі зейнетақы активтерін, әрі инвесторды таңдап алу мүмкіндігін кеңейту. Отандық акция нарығы нақты дамуды талап етеді, сондықтан капитал нарығына корпорациялық қарыз алушылардың мүдделерін арттыру және тарту үшін жаңа қаржы құралдарын жасау керек Зейнетақы активтеріне басқаруды жүзеге асыратын зейнетақы қорлары мен ұйымдары алдындағы өткір тұрған мәселе - олардың кемшілігі нарықтың «тым қызып кетуі не» айналуы мүмкін. Біздің көзқарасымызша, бірқатар туынды құнды қағаздар шығару, оларды халықаралық нарықтарда нығайту , сондай-ақ кейбір қаржы құралдарының лимиттерін өзгерту қажет. Зейнетақы активтері есебінен банк депозиттерінің аз мерзімі сияқты шектеулер, жұмсалымдардың кішкентай лимиті (зейнетақы активтері сомасынан 10% және берілген банкінің меншікті капиталынан 25%),зейнетақы қорларын тежейді.Сондай -ақ нарықтың жаңа құралдармен республика экономикасы үшін мынадай маңызды - вокзалдар, теміржол және автомобиль, теңіз кемежайларының құрылысы сияқты инфрақұрылым жобалары есебінен молығуы мүмкін, зейнетақы активтерін биржадан тыс нарықта да пайдалануға болады.
ЖЗҚ салымшылардың мүдделігін арттыру үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне белсенді қатыса (оның ішінде ерікгі салымдармен де), салымшылардың ипотекалық және тұтынушылық кредиттерін алған немесе зейнетақыға шыққан кезде оларды жекеменшік отбасылық шағын бизнес құрган кезде т.б.кезде зейнетақы қорланымдарын (белгілі бір деңгейден артқан жағдайда) кепілдік сомасы ретінде пайдалана алар еді.
Үкімет пен Ұлттық банкке зейнетақы қорланымдарының нақты теріс табыстылығына әкелетін ақша жиынын реттеу бойынша шаралар қабылдаған орынды .Сол немесе басқа құнды қағаздарды сатып алу үшін шешім қабылдауға жауапкершілік зейнетақы қорларыыың активтерін басқаратын ұйымдарға жүктеледі, алайда зейнетақы қорларына да зейнетақы активтерін инвестициялау жөнінде тәуекелдіктерді басқару және ашықтықты қамтамасыз ету бойынша талаптарды қатайту қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін басқаратын ұйымдар осы заманғы тәуекелдіктерді басқару жүйесін енгізуі тиіс.
ЖЗҚ-на дербес инвестициялық шешімдер қабылдауға құқық берілгендіктен, олардың зейнетақы қорларына жұмсалымдарды әртараптандыру және зейнетақы қорларының қоржынына пайдалырақ және қауіптілігі аздау құралдарды енгізу бағыттарында жұмыс істегендері жөн. Мысалы, бірінғай сыныпты эмитенттердің вексельдеріне және «В» листингі облигацияларына инвестициялау бірақ мұнда бағасы тіпті «А» листингінде құнды қағаздардың инвесторлар мен эмитенттердің кредит орталығының түрлі дәрежесімен белгіленетінін ескерген жөн. Зейнетақы жүйесінің субъектілері, атап айтқанда, зейнетақы активтерін басқаратын зейнетақы қорлары мен ұйымдары, зейнетақы қорлары мен басқаратын ұйымдарының табыстылығын төмендетуге әкелетін инвестициядық табыстан ақша түсімін іске асыру тәуекелдігінің жоғары болу проблемасын көтеруде. Комиссиялық сыйақының деңгейі мен құрылымы қайта қарауды талап етеді.
Зейнетақы қорларында, оларға бәсекелестік құратын басқа қаржы институттарынан өзгеше мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға лимиттері болуы тиіс.
ЖЗҚ-ның үлестес болуын болдырмау үшін қызметкерлермен келісімшарт жасайтын тәуелсіз қызмет құру қажет. Бұл жеке зейнетақы шоттарын ашқан кезде қайталаушылық жағдайларын болдырмауға т.б. мүмкіндік береді.
Ерікті зейнетақы жарналарын тарту үшін аударым жасайтын субъектіге пайдалы болатын түрлі сипаттағы салық жеңілдіктерін енгізу ұсынылады. Халық арасында, әсіресе аймақтарда, түсіндіру жұмыстарын белсендірек жүргізу, зейнетақы қорына қатысушылар алатын артықшылықтарына және болашақта назар аудару керек . Халықаралық іс-тәжірибеге сәйкес, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін еліміздің халқын зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі дербес департамент немесе комитет құру қажет.
Информация о работе Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: жағдайы және болашағы