Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: жағдайы және болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 03:24, дипломная работа

Описание работы

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Толық диплом.docx

— 1.10 Мб (Скачать)
  • зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін төлеу бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін лицензиялау;
  • зейнетақы активтерін басқару мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша компания қызметін лицензиялау;
  • екінші деңгейлі банктердің және басқаларының кастодианды қызметін лицензиялау.

Зейнетақы қорларының табыстары еңбек Министрлігі  мен Қазақстан Республикасының  халқын әлеуметтік қорғаудың жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу бойынша Комитетпен бекітілген шекті  мөлшерінен жоғары емес шамада өз қызметі  үшін комиссиялық сыйақылар есебінен қалыптасады. Комитет жинақтаушы зейнетақы  қорларын бақылау мен реттеу үшін жаңадан, арнайы құрылған мемлекеттік  орган болып табылады. Зейнетақы  қорларының комиссиялық сыйақылар  мөлшері зейнетақы жарналарының 1%–ын және инвестициялық табыстың 10%–ын құрады. Осы қаражаттар көзінен зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін басқару бойынша компанияға комиссиялық сыйақылар төлейді. Зейнетақы қорының жеке қаражаттарын инвестициялаудан түскен табысы толықтай қордың өзіне ғана тиісілі.

     1.Республика экономикасындағы зейнетақы секторының рөлі

Жинақтаушы  зейнетақы қорлары экономиканың басқа секторлары сияқты республиканың  ЖІӨ-де өзіндік мәнге ие болып  табылады. (Кесте 1)

 

Кесте 1

Республика экономикасындағы зейнетақы секторының рөлі

Республика экономикасындағы зейнетақы  секторының рөлін сипаттайтын көрсеткіштер

1.01.05

1.01.06

1.01.07

1.01.08

1.01.09

1.01.10

ЖІӨ млрд.тг

5 870,1

7 453,0

10139,5

12849,8

16052,9

15986,5

Жинақталған зейнетақы қаражатының  ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен

8,2

8,7

9,0

9,4

8,8

11,6

Зейнетақы жарналарының ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен

6,5

6,9

6,7

7,1

7,4

9,3

«таза» инвестициялық кірістің ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен

2,0

2,1

2,5

2,6

1,9

3,0

Қорлардың жиынтық капиталының ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен

0,1

0,2

0,2

0,2

0,3

0,5


 

          2008 жылы өзінің даму қарқынын жылдан жылға табысты өсіріп жатқан жəне Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін ішкі инвестициялар көзінің бірі болып табылатын жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 10-жылы аяқталды.

2009 жылғы  1 қаңтарда 14 жинақтаушы зейнетақы  қоры (бұдан əрі – қорлар) өз  қызметін жүзеге асырды. 2008 жылғы  желтоқсан айында заңды тұлғаларға  зейнетақы жарналарын тарту жəне  зейнетақы төлемдерін жүзеге  асыру жөніндегі қызметке лицензия  берілген жоқ. 

  1. Қорлардың салымшылары(алымшылары)

Қорлар елдің жұмыспен қамтылған  халқын жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартуды жалғастыруда, соның нəтижесінде  салымшылардың дербес зейнетақы  шоттарының (бұдан əрі – шот) саны өсуде. Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаттарының өсу қарқыны   соңғы 7 жыл ішінде өткен   жылдардың тиісті кезеңдерімен салыстырғанда мынадай деректермен

сипатталады:

Кесте 2

(млрд. теңгемен)                                                                          

 

Күні

Жинақталған зейнетақы қаражаттарының сомасы

 

Өсім

Жинақталған зейнетақы қаражаттарының өсу қарқыны (%-бен)

01.012004

368,3

98,5

36,51

01.012005

484,0

115,7

31,41

01.012006

648,6

164,6

34,01

01.012007

909,7

261,1

40,26

01.012008

1208,1

298,4

32,80

01.012009

1420,5

212,4

17,58

01.012010

1860,5

440,0

31.0


 

Міндетті  зейнетақы жарналары бойынша  салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 415,5 млрд. теңге жинақталған зейнетақы  қаражатының жалпы сомасымен 9 613 112 болды. Міндетті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар шоттарының саны 2008 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 389 400-ге (4,22 %), оның ішінде желтоқсан  айында 47 157-ге (0,49 %) ұлғайды.

Міндетті  зейнетақы жарналары бойынша  салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 855,2 млрд. теңге жинақталған зейнетақы  қаражатының жалпы сомасымен 7 732 128 болды. Міндетті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар шоттарының саны 2009 жылғы желтоқсан айында 1 872-ге азайды, жинақталған зейнетақы қаражаты өз кезегінде 36,2 млрд. теңгеге (2,0%) ұлғайды.

2010 жылғы  1 қаңтарда міндетті зейнетақы  жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының ең көп саны 4 қорда  жинақталды: «Қазақстан Халық Банкі»  – 24,8%, «МЖЗҚ» – 22,5%, «Ұлар Үміт»  – 13,0% жəне «БТА Қазақстан»  – 11,3% немесе олардың үлесіне  барлық қорлар салымшыларының  жалпы санының 71,6%-ы келеді. 2009 жылғы желтоқсан айында 4 қордың үлесі 0,2 пайыздық тармаққа төмендеді.

  1. Cалымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты

Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы  қаражаты 2009 жылғы 1 қаңтарда 1 420,5 млрд. теңгені құрады немесе 2008 жылғы 1 қаңтармен  салыстырғанда 212,4 млрд. теңгеге (17,58%) ұлғайды. 2008 жылғы желтоқсан айында жинақталған  зейнетақы қаражатының жалпы  сомасы 42,1 млрд. теңгеге (3,05%) ұлғайды.

Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы  қаражаты 2009 жыл ішінде 440,0 млрд. теңгеге (31,0%) ұлғайып, 2010 жылғы 1 қаңтарда 1 860,5 млрд. теңге болды. 2009 жылғы желтоқсан  айында салымшылардың (алушылардың) жинақталған  зейнетақы қаражатының өсімі 36,3 млрд. теңге (2,0%) болды.

Зейнетақы жарналарының жалпы түсуі 2009 жылдың басынан бастап 304,1 млрд. теңгеге (25,7%), оның ішінде 2009 жылғы желтоқсан айында 33,5 млрд. теңгеге (2,3%) ұлғайып, 2010 жылғы 1 қаңтарда 1 488,8 млрд. теңге болды.

Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен, салымшылардың (алушылардың) шоттарына  бөлінген «таза» инвестициялық кіріс  сомасы (комиссиялық сыйақыны шегергенде) 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 481,7 млрд. теңге болды.

2009 жылғы  1 қаңтарда ең көп жинақталған  зейнетақы қаражатының сомасына 4 қор ие болды: барлық қорлардың  жинақталған зейнетақы қаражатының  жалпы көлемінен «Қазақстан Халық  Банкі» – 403,4 млрд. теңге (28,40%), «МЖЗҚ» – 245,5 млрд. теңге (17,28%), «ҰларҮміт» – 199,1 млрд. теңге (14,02%) жəне «БТА Қазақстан» – 179,9 млрд. теңге (12,66%) немесе жиынтығында осы 4 қордың үлесіне барлық жинақталған зейнетақы қаражатының 72,36%-ы келді. Желтоқсан айында үлесі 0,23 пайыздық тармаққа азайды.

2009 жылдың  басынан бастап «таза» инвестициялық  кірістің өсімі 174,7 млрд. теңге  (56,9%), оның ішінде 2009 жылғы желтоқсандағы  өсім 4,3 млрд. теңге (0,9%) болды. 

        Салымшылардың (алушылардың)2009 жыл ішіндегі жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі мынадай көрсеткіштермен сипатталды:  (Кесте 3)

 

 

Кесте 3

2009 жыл  ішіндегі жинақталған зейнетақы  қаражатының көлемі     мың тг

Күні

01.01.08

01.01.09

01.01.10

01.01.09 салыстырғандағы өсім

01.01.08 салыстырғандағы өсім

Жинақталған зейнетақы қаражаты

1 208,1

1 402,5

1 860,5

440,0

31,0

Зейнетақы жарналары

912,1

1 184,7

1 488,8

304,1

25,7

Таза инвестициялық кіріс

393,3

307,0

481,7

174,7

56.9

Таза инвестициялық кірістің Жинақталған  зейнетақы қаражатындағы үлесі

28,1

21,6

25,9

-

4,3


 

Көрсетілген кестеден 2009 жылдың басынан бастап жинақталған зейнетақы қаражатының  өсімі 440,0 млрд. теңгені құрағаны байқалады. Жинақталған зейнетақы қаражатының  орташа айлық өсімі 36,7 млрд. теңге  болды.

2010 жылғы  1 қаңтарда ең көп жинақталған  зейнетақы қаражатының сомасына 4 қор ие болды: барлық қорлардың  жинақталған зейнетақы қаражатының  жалпы көлемінен «Қазақстан Халық  Банкі» – 559,8 млрд. теңге (30,1%), «МЖЗҚ» – 293,4 млрд. теңге (15,8%), «ҰларҮміт» – 245,0 млрд. теңге (13,2%) жəне «БТА Қазақстан» – 207,7 млрд. теңге (11,2%) немесе жиынтығында  осы 4 қордың үлесіне барлық  жинақталған зейнетақы қаражатының  70,3%-ы келді.( Сурет 6)

 

      Сурет 6 Зейнетақы жарналарының, «таза» инвестициялық кірістің жəне  жинақталған зейнетақы қаражатының өзгеру динамикасы.

 

       Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмау мен аудармау жəне жинақталған зейнетақы қаражатын бір қордан екінші қорға аударым жасауды уақтылы жүзеге асырмау үшін өсімпұл сомасы 2010 жылғы 1 қаңтарда 11,2 млрд. теңге болды. Өсімпұлдың жалпы сомасының бір жылдағы өсімі 1,7 млрд. теңге (17,9%), оның ішінде 2009 жылғы желтоқсан айындағы өсім 0,4 млрд. теңге (3,7%) болды.

Зейнетақы төлемдері  жəне қорлардан сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2010 жылғы 1 қаңтарда 132,2 млрд. теңге болды немесе 2009 жылғы желтоқсан  айында 3,6 млрд. теңгеге (2,8%) өсті. Қорлар бір жыл ішінде алушыларға жалпы  сомасы 40,1 млрд. теңгеге (43,5%) зейнетақы  төлемдерін жүзеге асырды.

      «Таза» инвестициялық кірістің өсу қарқыны соңғы 7 жыл ішінде өткенжылдардың тиісті  кезеңдерімен салыстырғанда мынадай көрсеткіштермен сипатталды:

Кесте 4

(млрд. теңгемен)

 

 

Күні

«Таза» инвестициялық кіріс сомасы

 

Өсім

 

 

Өсу қарқыны(%-бен)

 

Жинақталған зейнетақы  қаражатындағы таза инвестициялық  кірістің үлесі(%-бен)

01.012004

99,2

21,3

27,34

26,93

01.012005

114,7

15,5

15,63

23,70

01.012006

155,1

40,4

35,22

23,91

01.012007

255,7

100,6

64,86

28,11

01.012008

339,3

84,0

32,85

28,12

01.012009

307,0

-32,4

-9,55

21,6

01.012010

481,7

174,7

56,9

25,89


 

 

 

2008 жылғы  қаңтар-желтоқсан айларында зейнетақы  аннуитет шарттарына сəйкес сақтандыру  ұйымдарына алушылардың жинақталған  зейнетақы қаражатын аударым  жасау жалпы сомасы 303,4 млн. теңгеге  297 алушыға жүзеге асырылды. Зейнетақы  аннуитет шарттарына сəйкес сақтандыру  ұйымдарына алушылардың жинақталған  зейнетақы қаражатын аударым  жасаудың жалпы сомасы 2009 жылғы  1 қаңтарда 448,1 млн. теңгені құрады.

Жинақтаушы  зейнетақы жүйесі жөніндегі ақпаратты  Агенттіктің сайтында орналастыру, сондай-ақ қорлардың ақпаратты бұқаралық  ақпарат құралдарында жариялауы  салымшыларға (алушыларға) қорды дербес таңдауға жəне зейнетақы заңнамасы  бойынша берілген жинақталған зейнетақы  қаражатын бір қордан екінші қорға  аудару құқығын пайдалануға мүмкіндік  береді.

2009 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақталған  зейнетақы қаражатын бір қордан  екінші қорға аудару желтоқсан  айында 15,0 млрд. теңгеге (4,84%) ұлғайып, 325,1 млрд. теңгені құрады. Жинақталған  зейнетақы қаражатын аудару 2008 жылғы  1 қаңтармен салыстырғанда 115,3 млрд. теңгеге немесе 54,96%-ға өсті. 2010 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақталған  зейнетақы қаражатын бір қордан  екінші қорға аудару 2009 жылғы  желтоқсан айында 29,8 млрд. теңгеге  (4,4%) ұлғайып, 710,3 млрд. теңгені құрады. Жинақталған зейнетақы қаражатын  аудару 2009 жылы 385,2 млрд. теңгеге немесе 2,2 есе өсті.

4. Қорлардың зейнетақы активтерінің құрылымы

2009 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша ЗАИБЖАҰ-да  инвестициялық басқаруда болған  зейнетақы активтерінің жиынтық  көлемі 2008 жылғы желтоқсан айында 44,3 млрд. теңгеге немесе 3,24%-ға өсіп, 1 412,9 млрд. теңге болды. 2008 жылы зейнетақы  активтерінің көлемі 200,9 млрд.теңгеге  немесе 16,58%-ға ұлғайды. 

2008 жылғы  1 қаңтардан бастап 2009 жылғы 1 қаңтарға  дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің  орташа айлық өсуі 16,8 млрд. теңге  болды. 

2010 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша ЗАИБЖАҰ-да  инвестициялық басқаруда болған  зейнетақы активтерінің жиынтық  2009 жылғы желтоқсан айында 448,0 млрд. теңгеге немесе 31,7%-ға өсіп, 1 860,8 млрд. теңге, оның ішінде 2009 жылғы желтоқсан  айында 36,0 млрд. теңге немесе 2,0% болды. 

2009 жылғы  1 қаңтардан бастап 2010 жылғы 1 қаңтарға  дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің  орташа айлық өсуі 37,3 млрд. теңге  болды. ( Кесте 5)

 

Кесте 5

Зейнетақы активтерінің жиынтық көлемін бөлу

Жинақтаушы зейнетақы  қорлары/ ЗАЙБЖАҰ

Зейнетақы активтері

млн тг

%-бен

«Қазақстан  Халық Банк ЖЗҚ» АҚ

560 755

30,13

«ГНПФ» ЖЗҚ АҚ

293 545

15,77

«Жетісу»  ЗАЙБЖАҰ АҚ

243 735

13,10

«Ұлар Үміт»  ЖЗҚ АҚ

243 735

13,10

«БТА  Қазақстан» ЖЗҚ АҚ

207 854

11,17

GRANTUM Asset Management ЗАЙБЖАҰ АҚ

108 512

5,83

«ГРАНТУМ» ЖЗҚ АҚ

108 512

5,83

«Капитал» ЖЗҚ АҚ

83 080

4,46

«МұнайГаз-Дем»  ЖЗҚ АҚ

60 667

3,26

«Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

60 640

3,26

«Нұр-Траст»  ЗАЙБЖАҰ АҚ

58 136

3,12

«Атамекен»  ЖЗҚ АҚ

58 136

3,12

«Отан»  ЖЗҚ АҚ

55 123

2,96

«Республика»  ЖЗҚ АҚ

42 515

2,28

«АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН» ЖЗҚ АҚ

40 058

2,15

«Қазақмыс»  ЖЗҚ АҚ

24 662

1,33

«Өрлеу» ЗАЙБЖАҰ АҚ

21 554

1,16

«Қорғау»  ЖЗҚ АҚ

21 554

1,16

Барлық ЖЗҚ бойынша жиынтық

1 860 836

100

Информация о работе Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: жағдайы және болашағы