Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: жағдайы және болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 03:24, дипломная работа

Описание работы

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Толық диплом.docx

— 1.10 Мб (Скачать)

Мемлекеттiк зейнетақы төлеудiң  көзi еңбек ақы төлеу қорларынан ұсталынатын мiндеттi 15 процент жарналар мен мемлекеттiк бюджеттiң трансферттерi болып әйелдер мен ер адамдар  арасындағы  зейнеткерлiкке шығу жасын бiрдей ету,  оларға бiр мөлшердегi соманы жинақтауға мүмкiндiк берер  едi.

Зейнетақымен қамтамасыз ету  жүйесiн  басқаруды дұрыс жүргiзу республикадағы экономикалық реформаны жүзеге асыруға  ықпалын тигiзiп, тұрақты емес сектордың  азаюы мен құнды қағаздар рыногының  дамуына әсерiн тигiзедi. Жекелендiрудi жүргiзумен, еңбек және құнды  қағаздар рыногын дамытумен қоса зейнетақы  реформасы экономиканы дамытудың  маңызды құралы болып табылады. Зейнетақы  жүйесiнде  қайта құруды жүргiзу үшiн 1997 жылы Үкiмет тарапынан фискалды,  институционалды және нормативтi құқықтық шаралар қолданылды. Осы бағытта  қаржыландыру жоспары жасалынып, тиiстi институттар  құрылды, керектi заңдылықтар  мен негiзгi реттеу ережелерi қалыптастырылды .

Өткен жылы жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерiн басқару  компаниялары және банк-кастодиандар жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң администраторлары  болып түгелдей белгiлендi.

Зейнетақы туралы жаңа заңға сәйкес қазiргi кезде  Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры және жеке меншiк  жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс iстейдi. Мемлекеттiк қор бiреу,  ал жеке меншiк қорлар көп. Жинақтаушы зейнетақы жүйесiне аударылатын  мiндеттi жарналардың ставкасы еңбек  ақы  қорының 10 процентi мөлшерiнде  белгiленген. Кейбiреулер мемлекеттiк  жинақтаушы қорға 15 процент, ал жеке меншiк  қорларға 10 процент аудару керек  деп есептейдi. Бұл дұрыс емес. 15 проценттiк ставка қазiргi зейнеткерлерге зейнетақы төлеудi қамтамасыз ету  үшiн Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа,  бұрынғы  ынтымақтастық жүйеге аударылады.

Жаңа заң бойынша  жеке меншiк  зейнетақы қорларының 2 түрi бар: корпоративтiк  және ашық. Корпоративтiк қорлар оның құрылтайшылары болып табылатын  кәсiпорындардың қызметкерлерi үшiн  ғана құрылған. Мысалы, “Қазақтелеком” компаниясы тек  өздерiнiң 45000 жуық қызметкерлерi үшiн ғана зейнетақы қорын құрды. Алайда, құрылтайшы ретiнде бiр ғана кәсiпорын емес, бiрнеше кәсiпорын  бiрiгiп корпоративтiк қор құра алады. Мұндай корпоративтiк қорларға  басқа  кәсiпорындардың  қызметкерлерi  жарнашы бола  алмайды. Егер осы  кәсiпорынның  қызметкерi  жұмыстан шығатын болса,  онда ол  корпоративтiк  жинақтаушы зейнетақы қорынан да  шығып, жинақталған жарналарын басқа  қорға аударады.

Жалпы корпоративтiк  қорлардың  тиiмдi жағы көп. Кәсiпорын осы қорларды құру арқылы өзiнiң қызметкерлерiне деген қосымша  қамқорлық жасайды. Қорлардың бәсекелестiгi жағдайында  корпоративтiк қордың құрылтайшылары өз қызметкерлерiнiң басқа кәсiпорындарға кетiп қалмауы үшiн оларға тиiмдi жағдай туғызуға тырысады, өйткенi  ешкiм еңбек адымын зейнетақы жарналарын тек бiздiң қорға аудар деп мiндеттей алмайды.

Ашық  зейнетақы  қорлары  елдiң  барлығы  үшiн жұмыс  iстейдi. Былайша  айтқанда , айлық табысы бар кез  келген адам өзiнiң тұратын орнына,  мамандығына және  қайда жұмыс iстейтiнiне қарамастан өзi қалаған ашық қорға келiп,  онымен шарт жасаса алады. Ашық қорлардың ол адаммен  шарт жасасудан бас тартуға құқығы жоқ. Қор жеке тұлғалармен- салымшылармен  шарт жасасады. Егер жарналар ерiктi болса, онда заңды тұлғалармен де шарт жасасуы  мүмкiн. Қордың  ең басты мiндетi –  жеке зейнетақы шоттарының есебiн  мұқият  жүргiзiп, оған қалай,  қанша  ақша түскенiн, қандай мөлшерде инвестициялық  табыс  есептелiнгенiн әрдайым  жазып отыру. Бұл көрсеткiштер мiндеттi түрде  көрсетiлiп, барлығы есептелiп  отыруы керек.

Зейнетақы қоры  жинаған барлық ақша оның банк-кастодиандағы  шотына түседi. Банк - кастодиан дегенiмiз ақшаның ғана емес сонымен қатар бағалы қағаздар  мен басқа да қаржылық  құралдардың есебiнен жүргiзетiн және сақталуын қамтамасыз ететiн банк. Зейнетақы қорының жеке есеп шоты болуымен  қатар банк-кастодианда  ашылған зейнетақы  активтерiн сақтайтын және оның есебiн жүргiзiп отыратын тағы бiр шоты болады. Бұл шотты зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания басқарады.

Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания – бағалы қағаздар рыногының  кәсiби  қатысушысы. Ол зейнетақы  қорында жиналған ақшаны қай саланы қаржыландыруға жұмсау жөнiнде  немесе дер кезiнде  қандай шара қолдану  туралы  инвестициялық шешiм қабылдайды. Өйткенi бағалы қағаздарды тек ұстап  отырып, одан табыс күту ешқандай пайда  әкелмейтiнi белгiлi. Бұл қағаздардың  құны  үнемi өзгерiп отырады, сондықтан  сауатты түрде сатып алу-сату немесе басқа  операцияларды шебер  жүргiзе алған компания ғана көп  табысқа  ие болады.

Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссия  барлық басқарушы компаниялар  бойынша  табыстың орташа өлшемдiк коэффициентiн  анықтап отырады,  яғни  өзiндiк  рейтинг жасайды. Егер соның нәтижесi бойынша  әлдебiр компанияның  табысы  осы  орташа  көрсеткiштен  белгiлi бiр процентке төмен болса,  онда  бұл компания салымшылардың  зейнетақылық жинақтарын өз қаражаты есебiнен толықтыруға тиiс болады.

Кастодиан - банк (сақтаушы-банк) тәуелсiз түрде зейнетақы активтерiнiң есебiн жүргiзiп отырады. Ол белгiлi  бiр дәрежеде бұл активтердiң сақталуының  кепiлi болып табылады, кейде тiптi зейнетақы активтерiн жұмсау кезiнде компанияның және қордың қызметiн бақылау қабiлетiне де ие болады. Өзара қарым-қатынастарын реттеу үшiн кастодиан-банк, зейнетақы қоры және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания кастодиандық шарт жасасады. Мұндай кастодиандық шарттың типтiк үлгiсi ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң, Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссияның және Ұлттық банктiң бiрлескен шешiмiмен бекiтiлген.

Мынадай принциптер жинақтаушы зейнетақы  қорының қызметiн жақсартуға жол  ашады:

  • салымшылардың мүдделерiн қорғау;
  •   салымшылардың-алушылардың барлық құқықтарының сөзсiз сақталуы.

Салымшылардың жинақтаушы зейнетақы  қорларына сенiмiн нығайтатын тағы бiр  нәрсе -  олардың  сақтандыру компанияларымен комиссиялық проценттерiнiң тәуекелдiк интенрациясы болуы тиiс. Жаңа жүйе бойынша  адам зейнет демалысына  шыққан кезде  олардың жинақталған зейнетақы қаражаты өздерiнiң келiсiмiмен зейнетақы қорларынан сақтандыру компанияларына берiлгенi жөн сияқты. Осы процесс  Чилиде кең таралған өмiрлiк рента мәртебесiн қамтамасыз етер едi.

Қазақстанда  нарықтық қатынастардың дамуы экономиканың зейнетақы секторына да өзгерiстер әкелдi .

Бiздiң республикамызда 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақымен қамтамасыз етудiң ынтымақтасқан жүйесi бiртiндеп жинақтаушы жүйеге көшiрiле бастады.

  • мiндеттi зейнетақы төлемдерiнiң бiр бөлiгiн жинақтау жүйесiне аударудан  пайда болған зейнетақы жүйесi тапшылығын жабуға керектi, жекелендiруден бюджетке түсетiн түсiмдердi ұлғайту;
  • құнды қағаздардың алғашқы  ұсыныстарын құру мақсатында, мемлекеттiк құнды қағаздарды сату, отандық және шетелдiк инвесторлардың қатынасуымен төлемдiк мүмкiндiктерi бар сұраныстарды қалыптастыру, заңдылық институционалдық және техникалық инфраструктураларды дамыту негiзiнде жетiлген капитал рыногын құру;
  • жекеленген зейнетақы қорлары негiзiнде,  жаңа ұлттық институционалды зейнетақы инвесторларын құру және осы инвесторлардың құралдарымен ұлттық капитал рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • шетел және ұлттық инвесторлардың құралдарын,  капитал және  Казақстандық кәсiпорындардың қарыздық мiндеттемелерiне, құнды қағаздардың рыногы арқылы тарту;
  • қазақстандық және бухгалтерлiк есептiң стандарттары мен аудиттiң халықаралық стандарттары негiзiнде, мекемелердiң қаржылық есептерiнiң растығын қамтамасыз ету.

Мемлекеттiк басқарудың тиiмдi  жолдарын,  макроэкономикалық тұрақтылықты, бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандартын қажеттi заңдармен қамтамасыз еткен жағдайда  жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету  жүйесi мен капитал рыногы арасында динамикалық қатынастар орнайды.

Зейнетақы жинағы халықтың көп жылғы жинағы есебiнде құнды қағаздар рыногы дамуына әсер ететiн негiзгi факторлардың бiрi болып есептелiнедi. Екiншi жағынан,  салымдардың қосымша пайда  табуын  қамтамасыз ететiн, мемлекеттiк және корпоративтi  құнды қағаздар рыногi зейнетақы активтерiн  инвестициялаудың  негiзгi  саласы болып есептелiнедi. Бұның өзi, зейнетақы қорларын бюджеттен емес, жекеленген зейнетақы қорлары мен капитал  рыногы арқылы қайтадан  бөлiнуiне  жағдай жасайды. Америка халықаралық экономикалық даму агенттiгiнiң (USAID) ұйымдастыруымен қараша айының 23-26 жұлдыздарында “Қазақстандағы зейнетақы реформасы”деген атпен семинар өткiзiлдi.Семинарда USAID-тiң қаржыландыруымен Қазақстанда зейнетақы реформасына кеңестiк қызмет атқарушы АҚШ-тың DAI және FMI компаниялары Қазақстанға  жаңа зейнетақы жүйесiнiң үш жобасын ұсынды. Мамандар американдық Джозеф Андерсон (DIA) мен чилилiк Марио Абухадба (DIA) ұсынған жобаларға жоғары баға бердi.

Үш  деңгейлi Адерсон-Абухадба ұсынған зейнетақы моделi мына мақсаттарға жетуге бағытталған:

  1. Қартаюына байланысты еңбек табысынан айырылған, мүгедек болуына байланысты және отбасындағы асыраушысынан айырылған жұмыскерлердi әлеуметтiк сақтандыру;
  2. Мiндеттi зейнетақы жүйесiнiң тұрақты жұмыскерлерiнiң орташа зейнетақы мөлшерiн орташа еңбекақы мөлшерiнiң 60 процентiне дейiн көтеру;
  3. Еңбекақы қорының мiндеттi жарнасының деңгейiн 25,5 проценттен 16 процентке төмендету;
  4. Ерiктi зейнетақы салымдарының базасын жасау және дамыту;
  5. Зейнет жарнасы мен зейнетақы төлемiнiң байланысын айқын көрсету және жарна жинаудың орындалуын жетiлдiру;
  6. Зейнетақы жүйесiнiң айқындылығы мен әдiлдiгiн жетiлдiру, әлеуметтiк ынтымақтықты дамыту;
  7. Ұзақ мерзiмдi салымды тиiмдi пайдаланып, елдiң экономикасының артуына ықпал жасау.

Жаңа зейнетақы жүйесiн енгiзу үшiн қазiргi зейнетақы жүйесiн реформалау керек. Бұл бағытта  төмендегi мәселелер түпкiлiктi шешудi қажет етедi:

  1. Қартаюына, мүгедек болуына  және асыраушысынан айырылуына байланысты зейнеткер болғандардан басқа зейнетке шығаратын барлық жеңiлдiктерге тиым салу;
  2. Үкiмет  ерекше немесе  жеңiлдетiлген зейнетақы тағайындаған жағдайда, бұл зейнетақының мемлекеттiк бюджеттен төленуi;
  3. Әрбiр жұмыскерге (салымшыға) мемлекеттiк және жекеменшiк қорларында шот ашу;

4.  Зейнетақы тағайындалғанда, жалпы жинақталған төлемнiң мөлшерiнiң анықталуы.

        

 

            1.3 Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелері

 

        Зейнетақымен  қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелері Зейнетақымен   қамсыздандырудың   қазақстандық  моделі ашық  және түсінікті болуы үшін, оны басқа   елдердегі  жүйелермен  салыстыру  қажет,   себебі   әр мемлекет, оның зейнетақы жүйесі  бірегей болып та былады.

Зейнетақымен    қамсыздандырудың   деңгейі   мен сапасы    -   бұл    ел   халқының   экономикалық   және әлеуметтік   жағдайының   маңызды   құрамдас   бөлігі  болып табылады .   Әр мемлекет  өзінде қалыптасқан экономикалық,   саяси,   моральдық,   діни   сенімдік  және тағы басқа  да  қоғамның даму ерекшеліктеріне байланысты  өз  азаматтарын әлеуметтік  қорғаудың өзіндік жолдары мен тәсілдерін таңдайды.Мұндай тәсілдер мен әдістер әр түрлі себептерге байланысты әр мемлекетте өзгеше болғанымен , бірақ жалпы бір мақсатты көздейді өз азаматтарын барынша әлеуметтік қорғау мен өмір сүру деңгейінің лайықты болуын қамтамасыз ету.

       Дамыған  мемлекеттердің  көбінде  әлеуметтік және   зейнетақымен   қамсыздандырудың   негізгі  үш қайнар көзі бар:

1)  Мемлекеттік     зейнетақы     жүйесі      (әлеуметтік сақтандыру шеңберінде);

2)    Зейнетақы қорлары;

3)    Сақтандыру компаниялары және басқа да қаржы ұйымдары.

Мемлекеттік         зейнетақымен         қамсыздандыру  жүйесі елдің барлық халқына немесе тек мемлекеттік жұмыскерлерге, қарулы күштерге, ал кейде теміржол қызметкерлеріне қызмет көрсетеді. Көптеген елдерде  жасына,   жұмыс   қабілетін   жоғалтуына   байланысты  халықтың басым   бөлігін   зейнетақымен   қамсыздандыру компаниялардың ,   фирмалардың ,   кәсіпорындардың халықаралық    ұйымдардың    зейнетақы    қорларына жүктелген. Мұндай қорларды «жеке меншік» немесе «өндірістік» деп атайды.  Сақтандыру  компаниялары  өз қызметтерінің бір түрі ретінде жеке және топтық зейнетақыны сақтандырумен айналысады .

Бір  елдегі  жеке  меншік зейнетақы  қорлары   мен зейнетақыны  сақтандырудың  даму  деңгейі,   мемлекеттік зейнетақымен   қамсыздандыру  жүйесінің  халық мұқтаждығына қаншалықты жауап беретіндігімен тікелей байланысты. Жеке меншік зейнетақы қорлары негізінен АҚШ-та кең тараған, керісінше, мемлекеттік  жүйе жақсы дамыған елдерде аз кездеседі, мысалы Скандинавия мен Австрияда.

        Қазіргі    уақытта    зейнетақымен     қамсыздандыру жүйелері реформалау    тек    қана    дамушы    елдерге ғана емес , тіпті жоғары дамыған елдерге де қажет.    Өндірісі    дамыған    елдерде    зейнетақымен қамтамасыздандырудағы         мемлекеттік         шығын айтарлықтай үлкен қаржыны қажет етеді мемлекеттік   бағдарламалар     жалақы   деңгейіне   байланысты   әлеуметтік    сақтандыруға   бөлінетін    ішкі   өнімнің  жалпы  төлемімен қаржыландырылады.  Дамыған елдердегі зейнетақы төлеміне  бөлінетін  қаржының  мөлшері орта есеппен алғанда жалпы ішкі  өнім  үлесінің 10 пайызын құрайды .Өндірістік дамыған  елдерде жеке түрде қаржыландырылатын    зейнетақымен    қамтамасыздандырудың    бағдарламаларын мемлекеттік бағдарламалар толықтырады,  олар  көбінесе алдын-ала төленетін жарналардың     жүйесіне негізделеді.

        Қазіргі таңда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне негізделген   реформалар   Латвияда,   Польшада,   Венгрияда, Ресейде (ерікті түрі),  Испанияда және Латын  Америкасының   16  мемлекетінде   жүріп   жатыр. Ең алғашқылардың бірі және мінездемелі болғандықтан Латын Америкасының тәжірибесіне кеңінен тоқталайық .

       Латын       Америкасының       ескі       зейнетақы жүйелерінің    мынандай    ортақ    сипаттамалары болған:

Информация о работе Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: жағдайы және болашағы