Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 03:24, дипломная работа
Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.
Теориялық тұрғыдан зейнетақымен қамтамасыз ету бірін-бірі өзара толықтыра түсетін көптеген элементтерден тұруы тиіс. Дамыған елдердің көпшілігінде зейнетақымен қамтамасыз етудің жеткілікті деңгейі үшін жауапкершілік үш субъектіге жүктеледі мемлекет, кәсіпорын және азаматқа. Қазақстанда мемлекет тек бақылау мен қадағалауды ғана атқарады. Сондай-ақ жұмыс беруші де өз қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі қамқорлықтан босатылған. Егер кәсіпорын жалақы берген кезде еңбекті төлеу қорының 10%-ын Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына аударады. Сөйтіп, азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз етілуі олардың өздеріне жүктелген. Қолданылып жүрген заңдарда косіпорындардың зейнетақымен қамтамасыз етуді қалыптастыру мүмкіндігі қарастырылған, алайда мұны пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайлар жасалмаған. Адам өкіметтің көңіл күйінен немесе саяси күнтізбеде немесе оған зейнетақыға шыққаннан кейін өз әл-ауқатының мүдделігінен тәуелді болатын зейнетақы мен қамсыздандыру үлгісі қажет.
Қазақстанның зейнетақы жүйесін экономиканы инвестициялаудың үлкен саласына (материалдық заттық базаға) айналдыруға мүмкіндігі бар. Тек бұл үшін жаңа нысандарды, әдістерді, тетіктерді, құралдарды т.б. белсенді ендіру қажет. Бұдан басқа, активтерді басқаратын жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылар алдындағы зейнетақы төлемдерін алған сәтіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, жарналардың сақталуы жөніндегі мемлекеттік кепілдіктерді орындау тәртібін, жеке еңбек қызметімен шұғылданатын адамдарды зейнетақы жүйесімен қамту жөніндегі шараларды қарастырудағы нақты жауапкершілігін анықтау маңызды. Тек табыс алу емес, қоғам мен мемлекеттің игілігіне серіктестік басты мақсат болу керек.
Кедейшілікті жою да осы бағытқа жатады. «Кедейшілікпен күрес» тұжырымдамасы — нақтылы емес. Бәлкім, бүкіл халықтың табыс деңгейін арттыру, кедей топқа әлеуметтік кемек, олардың әл-ауқатын өз бетінше арттыру үшін мүмкіндіктер жасау жөнінде әңгіме жүргізген жөн болар. Сондай-ақ жастардың оқуы, жұмыс күшіне бірігуі үшін мүмкіншілік берген жөн. Бұл міндетті зейнетақы қорлары, өздерінің құзырлық және қызмет аясы шегін де мойнына алуы табиғилық.
Елімізде тұрақты экономикалық өсуді қолдау ұзақ мерзімді инвестицияларды, халықтың ақшалай қаражаттарын сақтау мен көбейтуді, жаңартпалы қызмет пен күрделі құрылысты жүргізуді талап етеді. Бұл үдерістердегі ЖЗҚ-ның рөлі басым болу керек.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет етуі капитал нарығына оң әсер етеді, бәсекеге қабілетті өнімдерді жасауға ұмтылуы керекті қаражаты бола отырып оны, нақты өндірісті жандандырады, бұл ақша жиналымының артуына және оның сал дары ретінде, еліміздің экономикалық өсуіне және қоғамның әл- ауқатының артуына әкеледі.
Сондықтан зейнетақы жүйесі дамуының берілген кезеңінде экономиканың тек қана зейнетақы қорлары, шаруашылық жүргізуші субъектілер атынан салымшылар мен экономиканың нақты секторының субъектілері мүдделерінің жақындасуы ғана емес, сонымен бірге олардағы іс-әрекеттерінің үйлесімділігіне қол жеткізу қажет.
Кез келген осы заманғы гетерогендік жүйе сияқты, зейнетақы саласы күрделілігі түрлі дәрежедегі өзара байланысқан бөлікгерден тұратын күрделі баспалдақтармен берілген. Оның ерекшелігі
ел, аймақ бойынша аумақтық орналасуында және оның сырт пішіні әрі бүкіл жүйе, әрі оның жеке құрастырушылары бойынша дүркін-дүркін өзгеріп тұратындығында. Еліміздің зейнетақы жүйесі - салыстырмалы түрде жас, әрі жаңа. Ол тұрақты түрде жетілуде, кеңеюде, зейнетақы активтері белсенді түрде өсуде және бұл олардың қаржы қызметі нарығына қол жеткізудегі шектеуді қысқарту мәселесін көтеруге мәжбүр етеді. Бүгінгі күнде мынадай тыйым түрлері бар:
- зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бейрезидент, егер рейтингілік агенттердің біреуінің белгілі бір рейтингі болған жағдайда ұйымның құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды;
- офшорлық аймақтармен байланысты адамдардың жарғылық капиталына қатысуы шектелген;
-
директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің
кем дегенде үштен бірі Қазақстаи Республикасының
азаматтары болуы тиіс;
зейнетақы активтеріне инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын барлық
ұйымдардың жариялаған жиынтық жарғылық
капиталының 50%-нан арта алмайды.
Қаржы қадағалау органы екі сценарийді қарастырады. Біріншісі — тыйым салуды сақтау және екіншісі - шектеуді жою.
Тыйым салуды сақтау, бір жағынан, елден капиталдың жылыстауын жандандырады, екінші жағынан — жергілікті қаржы институттары арасында бәсекелестіктің төмен деңгейі сақталады, бұл әлемдік іс-тэжірибеге қарама-қайшы болады. Тыйым салуды жою нарыққа жаңа инвестицияларды әкеледі, құнды қағаздар нарығын жандандырады. Қарызға алу құны төмендейді және оның нәтижесі ретінде, халықаралық қаржы нарығында Қазақстанның бедел-бейнесі артады.
ҚР-ның алда тұрған ДСҰ-на кіру жағдайында түрлі жөнсіз шектеулерді алып тастаудың маңызды мәні бар және бір қалыпсыз жүйе ретінде әрбір зейнетақы қорының өздігінен дамуын мүмкіндік жасайды. Сонда ғана зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің түпкілікті мақсатына қол жеткізуге болады, халықтың, шаруашылық жүргізетін субъектілердің және мемлекеттің қажеттілігі мейлінше толық қанағаттандырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жетiлдiру бағытын бiз мынадай деп бiлемiз: төлемдердi өткiзу уақыты мен құнын қысқарту; төлемшiге жалпы төлем тапсырысындағы тек жекелеген, қате сомаларды сол қатенiң сипаты туралы ақпаратты бiр мезгiлде бере отырып (бұл жөнiнде бiз жоғарыда айттық) қайтары; салымшылардың қате шоттарының пайда болуын жинақтаушы зейнетақы қорларымен бiрлесiп жүйелi бақылау. ЗТМО зейнетақы шарттарын жасасу жөнiндегi агент ретiнде жинақтаушы зейнетақы қорларына көрсететiн қызметi бойынша жұмысын жақсарта алады және жақсартуға тиiс. ЗТМО-ның бекiтiлген ӘЖК және салымшы өтiнiшi негiзiнде жұмыс берушi-төлеушi төлейтiн зейнетақы жарналарын салымшы таңдаған жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы секiлдi қызметiн талдап жасау және ендiрудiң болашағы үлкен болып көрiнедi, бұл ретте салымшы оның мiндеттi зейнетақы жарнасы қайда аударылатынын жұмыс берушiден құпия ұстайды. Бұл салымшының өз зейнетақы қорын барынша еркiн таңдау жағдайын жасау үшiн қажет, ол үшiн жұмыс берушiнiң өз қызметкерiнiң таңдауына ықпал ету мүмкiндiгiн жою талап етiледi.
Қазақстандағы зейнетақы жүйесiн зерттеушi халықаралық ұйымдардың эксперттерi жүйені реформалаудың мынадай принциптерiн ұсынады:
Бұдан басқа
әр адамның жеке есебi болып,
ол қаржы саяси және
Қазiргi кезде зейнетақы
жүйесiн реформалаудың
Бiрiншi деңгей – мiндеттi түрде болатын, зейнетақысы ағымдағы түсiмнен қаржыландырылатын, кәрiлiктi қамсыздандыру шаралары белгiленетiн, төлемнiң көлемi және оны қаржыландыру жолы бiршама өзгеше жасалған жүйе
Екiншi деңгей - әркiмнiң мiндеттi, жеке жарнасы белгiленетiн, ол қаржы жекеменшiк зейнетақы қорларына жиналып, инвестицияландырылатын, сөйтiп қосымша табыс әкелетiн, кейiннен қосымша зейнетақы ретiнде төлем жасайтын жүйе.
Үшiншi деңгей - толығымен ерiктi, жекеменшiк зейнетақы қорлары арқылы ерiктi түрде жиналатын, кейiннен үлесiне қарай көлемi шектелместен зейнетақы алуға болатын жүйе. Бұл қорларға түскен қаржыдан салық алынбай, инвестицияланып, кейiннен төлене бастаған қаржыдан салық алынады.
Таяудағы мақсат зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөнiндегi мәлiметтердiң орталықтандырылған базаларын қалыптастыру болып табылады, олар аударылған зейнетақы жарналары мен ықпалдас зейнетақыларды төлеу туралы мәлiметтердi сақтауды қамтамасыз етiп, осында төлемдердi алушылар туралы ақпарат шоғырланар едi. Жинақтаушы зейнетақы жүйесi қалыпты қызмет етуiнiң аса қажет бөлiгi - өмiрбақилық төлемдердi қамсыздандыруды дамыту үшiн қамсыздандыру саласына қатысты заңдарды жетiлдiру тұрғысында жұмыс iстеу керек. Зейнетақы төлемдерi үшiн бiрден-бiр табыс көзi болып қалатын кезеңде зейнетақы жинақтарының жеткiлiктi болу проблемасы да шешiлген жоқ. Әр адамның назарына өзiнiң қарттығы туралы мүмкiндiгiнше ерте бастан ойланып, бұл үшiн жинақтар жасаудың әрқилы әдiстерiн қамдау керектiгiн, ақшасын банктердегi депозиттерге салу, құнды қағаздар, акциялар, облигациялар сатып алу және соның iшiнде, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне белсене қатысу керектiгiн түрлi әдiстермен жеткiзу қажет. Ол үшiн мүмкiндiктер бар, мәселен, мiндеттi зейнетақы жарналарына қосымша түрде ерiктi зейнетақы жарналарын да төлеуге болады. Өйткенi, статистика халықтың iс жүзiндегi жинақтары көп еместiгiн, ал жұмыссыздар ол-әзiр жинақтаушы жүйеге мүлдем қатыспағанын көрсетедi.
Қорлардың жұмысын одан әрi жақсарту үшiн мынадай жолдар қарастырылп отыр – төлемдердi өткiзу уақытын және оның құнын азайту , төлемшiге тек қате жiберiлген құжаттарды қайтару, зейнетақы жинақтау қорларымен бiрлесе отырып салымшылардың шоттарында қате кетпеуiн бақылау. Министрлiк үшiн салымшы мүддесi бiрiншi орында. Комитет аты мен затына сәйкес жұмысын атқарып жатыр, зейнетақы жинақтау жүйесiнде мемлекеттiң саясатын жүргiзедi. Өкiлеттi орган ретiнде зейнетаққы жинақтау қорларының орнықты жұмысын қамтамасыз етiп, халықтың зейнетақы салымдарын, салымшы мүддесiн қорғау әрдiсiнен көрiне бiлдi.
Көпшiлiктiң сенiмiне ие болып, зейнетақы төлемдерiн сақтауға кепiлдiк жүйесiн құрғанда ғана мемлекеттiк те, қор да өзiне-өзi қолдау жасайды, бәрi қосылып экономиканы нығайтуға негiз қалайды, елiмiздегi өткiр мәселелердiң бiрi – инвестиция тартады.
Қазiр, тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де қарттарға қаржылай жәрдем көрсетудi жақсартудың жаңа жолдары қарастырылуда. Кейбiр жылдардағы демографиялық өзгерiстер, адамдардың орташа өмiр сүру жасының ұлғаюы, туылған адамдардың санының азаюы, зейнет жасындығылардың санын көбейттi. Адамдардың бұрынғыдай бiр ай iшiнде отырмай, ата-аналарынан бөлек кетуi де әдетке айналған үлкендерге деген қамқорлықтың әлсiреуiне әкелiп соқты. Осының бәрi мемлекеттiк қамқорлық ауқымын ұлғайтуды талап етедi.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржы нарығында салыстырмалы түрде жаңа институционалды инвесторлар болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мемлекеттің қанағаттанарлықсыз әлеуметтік қамсыздандыруына қарсы құрылуына негізделген және оның дамуы корпорациялардың жоғары білікті жұмысшы күшін тарту талабы есебінен өріс алды. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржы институты ретінде халықтық ақша қаражаттарын ұлттық экономикаға инвестициялау үшін аккумуляциялау мүмкіндігін береді. Жұмыста зейнетақы қорларының макро- және микроэкономикалық қызметтері анықталған;
ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту мәселелерін зерттеу мен талдау нәтижелері мынадай теориялық және тәжірибелік тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:
1. Экономикалық жүйеде қаржы делдалдарының бір түрі болып табылатын зейнетақы қорлары маңызды белсенділікті арттырушы роль атқаруы тиіс, яғни капитал салымдарын қажет ететін өнеркәсіп компаниялары мен ұсақ инвесторлардың қызығушылықтарының балансын қамтамасыз ету керектігін нақтылай отырып, қаржы институттары жүйесінде Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының келесі ерекшеліктері негізделді:
Информация о работе Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: жағдайы және болашағы