Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 03:24, дипломная работа
Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.
1) Зейнетақы бағдарламасы тарату режимінде қызмет етпейді;
2) Жүйелердің принципті әмбебаптылығына
қарамастан зейнетақы
3) Мемлекеттік реттеу көптеген ведомстволар мен субжүйелер арқылы жүзеге асты
Зейнетақы реформасы барлық елдерде бір уақытта басталған жоқ. Бұл елдер бірінің тәжірибесін бірі ескере отырып, жаңа жүйеге күдікпен қарады. Алғашқы болып, 1981 жылы Чили бастаса, қалған елдер 90-шы жылдары жаппай зейнетақы жүйесін реформалауға бет бұрды. Сондықтан да, олар ерекше сипаттамаларға ие мемлекеттің қатысуы да әр түрлі және көрсеткіштері де өзгеше
Зейнетақы қорларының қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі елдің барлық қорларының зейнетақы активтерінің сомасының жалпы ұлттық өнімге қатынасы болып табылады. Келесі кестеде бұл көрсеткіштің өзгеру динамикасы мен 2015 жылға дейінгі перспективасы берілген .Инвестициялық саясат зейнетақы қорларының қызметінде өте маңызды мәселе болып табылады. Қазақстандық зейнетақы активтерін басқаратын ұйымдардың және зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің үрейлі жағдайын ескерсек Латын Америкасындағы қорлар зейнетақы активтерін қайда және қандай мөлшерде инвестициялайтынын талдау өте қажет. Бұл елдерде қорлар жинақталған депозиттерге, бондарға, ипотекалық вексельдерге акцияларға, сондай-ақ, шетелге инвестициялауға мүмкіндіктері бар. Мемлекет тарапынан заңды түрде белгіленген инвестициялаудың нормативтері, яғни шектеулері аймақтағы барлық елдерде бірдей емес.
Мысалға, Боливияда зейнетақы активтері 100 пайыз мемлекеттік құнды қағаздарға салынуы тиіс. Әрине мемлекеттік құнды қағаздар бойынша табыс аз болса да, олардың мемлекеттік кепілдемесі болады. Сондықтан да, бұл елдердің көбінде мемлекеттік құнды қағаздарға деген сұраныс та, норматив те жоғары. Чили мен Бразилияда ипотекалық вексельдерге көп көңіл бөлу арқылы, тұрғын үй мәселесін жақсы шешуде. Перудің зейнетақы қорлары керісінше акциялар мен бондарға, сәйкесінше 34,9% және 37,6% салып, мемлекеттік құнды қағаздар мен ипотекалық вексельдерге тек 0,4%-дан инвестициялаған. Қорыта айтқанда, Латын Америкасындағы зейнетақы реформасы нәтижесінде, сол елдерде инвестициялық жобаларды қаржыландырудың және жұмыс орындарының жаңа қайнар көздері пайда болды. Олар капитал нарығының дамуына, халық жинақтарының көбеюіне, жүмыссыздықтың азаюына және жалпы экономиканың нақты секторының өсуіне әсер етті. Бұл салымшылардың қартайғанда бүкіл еңбек өміріне сәйкес әділетті зейнетақы алуына мүмкіндік жасайды.
Тұтынушы өз салымының құнсызданбауына көзі жететіндей (құнсыздану қәупі төмен) және аздаған құнсыздану сияқты ерекшеліктерін есепке алып дамыған елдердің жекеменшік зейнетақылық бағдарламаларын жалпылай және бүтіндей сипаттайтын төрт негізгі белілерін көрсетуге болады:
Барлық жекеменшік зейнетақы бағдарламалары маңызды салық жеңілдіктері арқылы жәрдем береді. Құнсыздану қаупі болған жағдайда мемлекет тұтынушылардың жекеменшік зейнетақы қорындағы жинақтарымен сәйкесетін индексті мемлекеттік облигациялар шығарады.
Европалық экономикалық одақтың кейбір елдеріндегі 65 жастан үлкендердің 15 жастан 64 жасқа дейінгі халықтық үлесі мен мемлекеттің зейнетақымен қамсыздандыруға жұмсайтын шығынының ЖІӨ-дегі үлесі келесі кестеде көрсетілген .
Шығыс Европа елдерінің зейнетақы жүйесі. Енді Қазақстан сияқты экономиканы қайта жаңартуға, социализмнен қалған жүйеге әлеуметтік жағдай жасауға мәжбүр Шығыс Европа елдерінің зейнетақы жүйесіне тоқталайық.
Шығыс Еуропа елдерінің ішінде Польша, Венгрия, Чехия, Словакия елдерінің зейнетақы жүйелері ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл елдердің зейнетақы реформасының басты ерекшелігі мемлекеттік модельді игеру. Бұл елдердің халқы қартаю тенденциясына ұшыраған, сонымен бірге «әлеуметтік бағыну пропорциясы» деп аталатын өсім бар: еңбекке жарамсыз халықтың (зейнеткерлер, мүгедектер, балалар) еңбекке жарамдыларға қатынасы. Шығыс Еуропа елдерінің зейнетақы жүйесі қартайғанда міндетті түрде төленетін елеулі құн, орташа зейнетақының орташа еңбекақыларға байланысты жоғары пайызы мен зейнеткерлікке уақытылы шықпау қиындығын көрсетеді. Бұл жүйелердің айырмашылығы - қай мемлекеттің бұл мәселелерді қалай шешетіндігінде .
Сөз болып отырған төрт ел зейнеткерлерді қоғам тарапынан қамтамасыздандыру мәселесін шеше алмауда,олардың бәрінің алдында еңбекке жарамсыз халықтың үлесінің өсу проблемасы тұр. Сондықтан да, зейнеткерлерді зейнетақымен қаматамасыз ету мемлекеттік бюджет үшін өте қымбатқа түсіп отыр.
Бұл елдердің үкіметі «мемлекеттік зейнетақы» жүйесі күндердің күнінде жаңа демографиялық және экономикалық құрылымға сәйкес қызмет істеуін тоқтатады, сондықтан жинақ қорларына негізделген
«жинақтаушы зейнетақы» моделі өмірге ауадай қажет деп отыр. Алайда, тек Венгрия мен Чехия ғана осы бағытта елеулі күш көрсетті. Венгрия 1994жылы зейнетақы реформасы үшін заң шығару саласын құрды. Қазіргі кезде бұл елде еңбекке жарамды халықтың 5 пайызын иемденген және өз активтерімен ЖІӨ-нің бірнеше пайызын жинаған 18 ге жуық қор жұмыс істейді. Қорлардың әлі дұрыс дамымағандығы өздерінің қол жетерлік пайдасынан тыс инвестициялық табыс бағдарламасын тиімді пайдаланбайды. Салымшылардың саны да көп емес.
Чехия Шығыс Еуропа елдерінің ішінде алғашқы болып зейнетақы жүйесінің реформасын қолға алған. Чехтық реформаның ерекшеліктеріне тоқталайық Чехия мемлекеті алғашқы кезеңде зейнеткерлікке шығару талаптарын қатаң турде жүргізді, тіпті ескі жүйеде бәрінен төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер үлесіне жәрдемақы қосты. Зейнеткерлікке шығу жасы біртіндеп көтерілуде және 2007 жылға дейін ер адамдар 60 жаста, ал әйел адамдар 57-61 жас аралығында зейнеткерлікке шығатын болады. Нәтижесінде зейнеткерлер саны мейлінше жай өсуде (жыл бойы 3 пайызға жуық). Осылайша, ЖІӨ-де зейнетақы үлесі айтарлыктай өзгеріссіз қалады.
Чехияда жекеменшік зейнетақы қорлары 1994 жылы мемлекеттік жүйенің бір бөлімі ретінде кұрылған. Үкімет және жекеменшік зейнетақы қорлары адамдарға жәрдемақы төледі. Салымшы алатын жәрдемақының (субсидия) мөлшері қорға ай сайын төленетін жарнаның мөлшеріне байланысты болады. Чехияда 4 жекеменшік зейнетақы қорлары жұмыс істейді. Жарамды халық 5 млн-ға жуық деп есептеген де, саны 2-3 миллионға бағаланатын салымшылардың потенциалының әсері үшін кордың саны артық. Салымшылардың көпшілігі 4 бірдей ірі жекеменшік қорларды иемденген. Он мыңға жуық салымшылары бар жиырма қор не ірі қорлардың қарамағына алынады, не болмаса жұмысын тоқтатады, өйткені олардың көлемі клиенттердің жинағын тиімді ассигнациялауға жетпейді.
Жекеменшік қорларға салынған ақшалар мемлекеттік зейнетақы жүйесі жағынан түскен қысымды жоя алмайды, зейнетақы қорларының бүгінгі таңдағы жүйесі зейнеткерлер санының күрт өсуімен байланысты жағдайдан өзін сақтандыра алмайды. Адамдар мемлекеттік зейнетақыға сүйеніп, еркін зейнетақылық сақтандыруға сенім артпайды, ал жекеменшік қорлар мұны жинақтық суррогатты формасы ретінде карастырады.
Чехтық жүйенің кемшіліктері де аз емес. Мемлекет ақпарат алу мүмкіндігін шектейтіндіктен, бұл жекеменшік қорлар қызметі жайлы ақпарат алу үлкен проблема. Мысалы, жеке зейнетақы қорларының пайдасын салыстыру мүмкін емес, өйткені, олар салым және пайда мөлшері жайлы ешқандай мәлімет бермейді. пайда мөлшері жайлы ешқандай мәлімет бермейді. Зейнетақы қорларының қызметін реттейтін заң шығару саласының өзі әлсіз жұмыс істейді. Кейбір қорлар кейін зейнетақы төлеу үшін емес, қорларға берілетін басым мүмкіншілік алу үшін және мемлекет жәрдемі арқылы инвестицияларды пайдасымен және кепілдемемен қайтарып алуды көздеп отыр. Арнайы салық салымдары мұндай қорларды акция мен облигация девиденттерінен түсетін табысты салықтан босатады. Қорды мемлекеттік тұрғыдан реттеу салымның пайдасы мен сақталуына негізделмеген. Зейнетақымен қамсыздандырудың чехтық жүйесі Шығыс Еуропа елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып, реформаны қолға алса да, болашақ зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін осы күнге дейін толығымен шеше алған жоқ. Оның үстіне зейнеткерлер қатары жылдан-жылға көбеюде. Мемлекеттік жүйеге көмекші ретінде құрылған жекеменшік зейнетақы қорлары зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде маңызды рөл атқармайтын болды. Зейнетақы жүйесінің болашақта реформалануына орын алатын кедергілер -жекеменшік зейнетақылық сақтандыруға халықтың сенім артпауы. Мұның екі факторы бар: қарапайым халықтың ұзақ мезімді қаржы институттарына сенбеуі және мемлекет пен оның зейнетақысына халықтың үміт артуы. Чехиядағы зейнетақы жүйесінің екеуі де: мемлекеттік зейнетақы төлемі мен жекеменшік зейнетақы қорлары экономикадағы зейнетақы төлемдерін қаржыландыра алмайды. Бұл жүйенің ең басты тиімсіз кемшілігі – жекеменшік зейнетақы қорларының еркін жүйесін жасай тұра мемлекет өзінің зейнетақы төлемдерінің жүйесін мүлдем өзгертпеуінде. Қазіргі чехтық зейнетақы жүйесінде елеу лі өзгеріс болмаса, 2020 жылы ЖІӨ-нің 40% көлемінде зейнетақылық қарызға батады деген болжамдар бар.
Азия елдеріндегі зейнетақы жүйесі Азия елдерінде зейнетеқы жүйесі мүлдем басқаша Гонконгте кімнің пайдасы бекітілген күнелту минимумынан төмен болса, соған бюджеттен жәрдем ақша төленеді. 1988 жылы кәсіпкерлер үшін «жинақтаушы зейнетақы» жүйесінің бір түрі бойынша персоналды жүйе енгізілген, бірақ бұл жүйе бойынша төлем әлі жүргізілмеген. Мемлекет күнелту минимумынан жоғары қарт адамдарға әлеуметтік көмек береді . Сингапурда бір ғана қор бар, ол - Орталық сақтау (резервный) қоры, мұнда жұмысшылар мен жеке кәсіпкерлер өзінің еңбекақы қорынан 25,5%, ал жұмыс беруші 17,5 % қаржысын бөледі, кейін осы қор жұмысшы зейнеткерлікке шыққаннан кейін өзінің еңбек жолында төлеген жарналарының мөлшеріне сай ай сайын белгілі бір мөлшерде зейнетақысын төлейді. Қор мемлекет бақылауында болады, бірақ оның әлемдегі, қор нарықтарының операцияларына қатысуға өзіндік құқығы бар. Зейнетақы төлемінен басқа қор әр түрлі себептермен алынған ауруларға байланысты жәрдемақы төлейді. Сингапурлық жүйе "жинақтаушы зейнетақы" жүйесіне ұқсас, дегенмен мұнда тек бір ғана орталық қор бар. Осылайша, Азия елдеріндегі зейнетақы жүйесінің ерекшелігі сол, мемлекет уақытылы зейнетақы төлемін бекітпей-ак, тек қартайғандарға аз ғана мөлшерде жәрдемақы төлеуге кепілдік береді, сондықтан да Азия елдеріндегі қарт адамдардың кедейленуі - шешімі жоқ мәселелердің бірі болып отыр.
Экономикада жұмыс iстеп, пайда әкелетiн зейнетақы жиналымдарының сақталуы мен олардың инвестициялық ресурстарға айналуының кепiлi туралы мәселе тек Қазақстанның алдында тұрған жоқ.. Халыктың зейнет жасына жету процесiнiң тездетуi мен зейнетақыға жұмсалатын каржының болашақтағы жетiспеушiлiгi зейнетақымен қамсыздандыру проблемасын шешудiң жаңа жолдарын iздеуге мәжбүрлеуде және де әлем елдерiнiң саясаткерлерi мен үкiмет алдында тұрған мәселелердiң бiрi болып табылады. Әртүрлi елдерде зейнетакы жүйесiн реформалаудың варианттары көп, бiрақ соңғы он жыл iшiндегi басым тенденцияға ие болғаны бөлу принципiнен жинақтаушыға ауысуы болды. Зейнетақымен камсыздандырудың жинақтаушы жүйесі өз өздігiнен қартайған қоғамды барлық қиыншылықтардан қорғаушы бола алмайды. Әлемдік тәжірибе олардың қызметінің жетiстiгi бір мағыналы еместiгін көрсеттi, ал зейнетақымен қамсыздандырудың қазiргi жүйесiнiң реформалау бағыттарының әрбiр қадамы, жинақтаушы жүйесi концепциясының салдарынына кешенді бағалау мен белгiлi шарттарды сақтауды талап етедi, зейнетақы қаражаттарын болашақта зейнеткерлерге табыс әкелетiн инвестициялық ресурстарға айналуын болжамдайды. Бұл жүйенің күтiлетiн артықшылықтарына рынокта зейнетақы активтерін тиімдi басқару есебiнен, оның барлық қатысушылары үшін жаңа ережелердi сақтаған жағдайда ғана жетуi мүмкiн.
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорларының қазіргі жағдайына талдау
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері кастодиандық есеп режимінде кастодиандық келісімге сәйкес банк–кастодиандарда сақталады.Кастодиан бірнеше зейнетақы қорларына қызмет ете алады. Зейнетақы қоры, банк–кастодиан мен ЗАИБАҰ арасында үш жақты келісім құрылады. Үш жақты келісім бойынша зейнетақы қорлары өздерінің серіктестерін ауыстырғандығы туралы деректер тіркелген. Қабылданған инвестициялық шешімдерге сәйкес олардың аударымдарын әр түрлі қаржы құрал––жабдықтарға алынған инвестициялық табыс есебінен есептеп аударуды жүргізеді. Зейнетақы активтерін міндетті басқару, яғни әр түрлі қаржы құралдарына (екінші деңгейлі банктердің депозиттері, мемлекеттік бағалы қағаздары, акционерлік қоғамдардың А және Б листингі акциялары) белгіленген ақшалай құралдардың сомасын бағыттауды ЗАИБАҰ жүргізеді (ал 2003 жылдан бастап – сәйкес лицензиясы бар кейбір жинақтаушы зейнетақы қорлары). ЗАИБАҰ қаржы нарығының маркетингтік зерттеуін жүргізеді, инвестициялар бойынша негізделген шешімдер дайындайды және оларды банк–кастодиан мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қарауына шығарады. Зейнетақы жинақтарының сақталуы заңнамамен бекітілген шаралар жиынтығымен қамтамасыз етіледі:
Информация о работе Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: жағдайы және болашағы