Автор: k**************@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 19:34, диссертация
Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ,ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын,жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған,халық даналығы сақталған.
Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін,айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын ,сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл-мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған,екшелген,сыннан өткен асыл түйіні.
Қарама-қарсы антитезалық мағыналас бұл нақылдың түп төркіні қазақ халқының«Баймен бай құда болса,арасында жорға жүрер,кедей мен кедей құда болса арасында дорба жүрер,бай мен кедей құда болса арасында зорға жүрер»дейтін мақалынан өңделіп шыққан.
Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар.
Халықтың «Жақсы сөз жарым ызысы», «Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады» дейтін мәтелдеріне ұқсас жаңа нақыл.Оның «Жақсы сөз –шипа,жаман сөз-шаншу» дейтін нұсқасы да кездеседі.Сөз Ұлы Отан соғысы жылдарында айтыла бастаған.
Жалғыз ағаш орман емес,
Жалғыз кірпіш қорған емес.
Жалғыз жүріп елге тұтқа бола алмайсың,жеке шауып бәйге алмайсың,не де болса көппен бірге көр.«Көппен көрген ұлы той»,көр болып аспайтын асуы жоқ деген сөз.
Жақсы кісі ісінен мәлім,
Жылқы жасы тісінен мәлім.
Жақсы адамның адамдық асыл қасиеті біеірген ісінен,атқарған қызыметіннен мәлім болды деген ой жинақталған (Қазақ СССР ғылым академиасынның кітапхана қорындағы Н.Оңдасынов тапсырған нақылдардан.
Жалқаулық аздырады,еңбек оздырады.
Еріншек,жалқаулықтан бездіретін,өнегелі озат еңбекке шақыратын қанатты сөз.
Мұның қаракесек,қара дүрсін тү
Кен асылы жерде,сөз асылы елде.
Көп ақылы көл-дария,сөз ақылы халық арасында деген ой кен қазбаларымен ұйқасы айтылған халық нақылы.
«Кен асылы жерде,сөз асылы елде.Оны жинап –теріп,елеп-екшіп саралау бірбің емес,көптің үлесіне тиетін сыйлы сыбаға»
(«Мәдениет және тұрмыс»1970,
Көрнекті ісің үлгі болады,
Көріксіз ісің күлкі болады.