Макал мателдер

Автор: k**************@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 19:34, диссертация

Описание работы

Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ,ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын,жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған,халық даналығы сақталған.
Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін,айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын ,сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл-мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған,екшелген,сыннан өткен асыл түйіні.

Работа содержит 1 файл

tolegenova-g-makal-matelder.ppt

— 415.50 Кб (Скачать)

«Барымта жәбірлік көрген елдің (рудың, атаның ) жәбірленген елден зорлықпен мал. 

    Сүймеген  істің түбі -реніш 

    Сүйген  істің  түбі-кеніш

Әркімнің  өз сүйген ісі оны бақытқа жеткізеді.Бойға дарыған талант, қабілет,сол мамандықты сүйіп атқарудың түбі рахат кеніш.Ал,сүймеген, қолдан келмейтін іскі ұрынудың соңы реніш кейіске душар етеді дейтін  ойлар жинақталған қанатты сөз

  

                      Сырлы сөз сүйіндіреді

                       Сыпсың сөз-күйіндіреді

Сөз қадірін сипаттайтын және өсек  аяң, қаңқу сөздің адамға қандай зиянды әсер ететін жұптастырылған  қанатты сөз.

(Қазақ СССР Ғылым академиясының кітапхана қорындағы Зұлпықар ақыннан жазылып алынған нақыл сөздерден       

                      Сөз тапқанға қолқа жоқ

Бір істің,әңгіме даудың түйінін шеше алмай қиналып отырғанда, яки топ ішінде  тапқыр, ұшқыр сөзайтып көптің ойындағысын тапқанға ғалық осы қанатты сөзді арнайды.

                        Піл көтермегенді тіл көтереді.

Тілдің өткірлік ,тапқырлық,алғырлық құдіреті бейнеленген қанатты сөз.

                      Пілдей алып болсаң да,

                      Орнына жұмса күшіңді.

Құр қара күшке сүйене берме,күш құдіретіңді орнына жұмса.Пілдей күшің болса да,тарыдай тәсілің болсын,ақы,білімің,іс-тәжірибең мол болсын дегенде қолданылатын тәрбиелік мәні бар халық нақылы.

                     Құлаққа естілген қаңқу-жүрекке қадаоған шаншу.

Жала мен өсек-аяң,дөрекі сөздердің денсаулыққа қаншалықты зиянды әсер ететіндігі түйінделген қанатты сөз.

 
 
 
 

                        Кітап-білім бұлағы,

                    Білім-өмір шырағы.

        Оқушылыады кітап оқуға,оны қастерлеп күтіп ұстауға,кітап сөзін жете ұсынып,одан рухани азық алуға шақыратын бұл нақыл баспасөз бетіндегі мақалдарда жазылып келеді.

                    Кедей мен бай жолдас болмас,

                    Қасқыр мен қой қоралас болмас.

Информация о работе Макал мателдер