Макал мателдер

Автор: k**************@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 19:34, диссертация

Описание работы

Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ,ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын,жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған,халық даналығы сақталған.
Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін,айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын ,сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл-мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған,екшелген,сыннан өткен асыл түйіні.

Работа содержит 1 файл

tolegenova-g-makal-matelder.ppt

— 415.50 Кб (Скачать)

         Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы,өмірде болатын әр түрлі жағдайларды ұғындыратын,түсіндіретін оқу құралы іспетті.Мақал-мәтелде ,көбінесе,ортақ ой,жалпы ереже,анықталған қағидалар айтылады,формасы жағынан тілге жеңіл,құлаққа жағымды дыбысқа,ырғақ-ұйқасқа құрылады,көбінше көркем тілмен-өлеңмен жасалады.

 
 
 
 

 Негізгі бөлім

    • Мақал мен мәтелдердің өміршеңдігі –тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде,аз сөзбен көп мағынаны беретіндігінде,еске сақтауға қолайлылығында.

        Мақал-мәтел адам тұрмысындағы алуан түрлі уақиғаларды,қарым-қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді;айтылмас ойды ажарлайды,әрі анықтайды.Сондықтанда халық Сөздің көркі-мақал деп бағалаған.

       Мақал-мәтел-қос мағыналы шығарма ,онда көбінесе тура мағынамен қатар астарлы мағына да болады.Тура мағына мысал ретінде алынады да негізгі ой астарлап айтылады.Мысалы,Тырнадан қалауыл қойсаң,төбеңнен қиқу кетпес.

        Мақал-мәтел,әдетте бүкіл адам баласына ортақ.Сондықтан бір халықтың мақалын екінші халық төл шығармасындай қабылдай береді.Көптеген мақал-мәтелдер көнермей көп жасайды,әлденеще ұрпаққа,қоғамға қызымет етеді.Малым жаным садағасы ,жаным арым садағасы;Қоянды қамыс өлтіреді,ерді намыс өлтіреді дейтін ежелгі халық мақалдары Ұлы Отан соғысы кезінде де ел аузынан түскен жоқ,елдегі ембеккерлерді ,майдандағы жауынгерлерді жігерлендіретін құрметті сөзге,ұранға айналды.

       Мақал-мәтелдердің шығу,даму тарихын қоғам өмірінен,әлуметтік ой сананың өсуінен бөліп қарауға болмайды.Таудай талап бергенше,бармақтай бақ берсін;Ісінің ағына қарама,маңдайыңның бағына қара дейтін мақалдар өткен қоғамның санасын елес берсе,Талапты ерге нұр жауар;Еңбек етсең емерсің дейтін мақалдар халық сана сезімінің өскен кезін бейнелейді.Ал Оқу-өмір шырағы,кітап-білім бұлағы;Отан үшін отқа түс-күймейсің дейтін мақалдар жаңа заманның,біздің қоғамның ой-санасынан туған.

       Мақал-мәтелдер ауыз екі сөзді көркейту үшін ғана емес,көркем шығармаларда да көп қолданылады.Ақын жазушылар шығармаларында халық даналығын пайдаланумен бірге,сол үлгімен өздері де жаңа мақал-мәтелдер жасайды.Ыбырай Алтынсариннің Аш бала тоқ бала мен ойнамайды,тоқ бала аш баламен ойнамайды дейтін сөз мақалға айналып кеткені рас.Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Күйі бірдің күні бір дейтін сөзін де жаңа мақалға жатқызуға болады.

Информация о работе Макал мателдер