Автор: k**************@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 19:34, диссертация
Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ,ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын,жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған,халық даналығы сақталған.
Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін,айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын ,сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл-мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған,екшелген,сыннан өткен асыл түйіні.
«Білім қымбат,білу қиын» деген мақал осыдан алынып,жас өспірімдерге әдейі айтылған.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,үлкен жоқ болса кішіден сұра,қалайда соның уәдесіне жет ,шыңына көтеріл дегенді насихат етеді.Егер білім алу жолындағы қиыншылыққа төзбесең,еңбектенбесең қатарыңнан қалып қойсаң,өкінішті боласың.
Өкініш естен кетпейді,бір тойғаның түске жетпейді,Өнерлі жігіт өрге жүзер,өнерсіз жігіт жер соғар деп жастардың намысына тие,ойына қозғау сала айтатын жақтары да халық мақалдарынан көп кездеседі.
Адам болар баланың кісіменен ісі бар,
Адам болмас баланың кісіменен несі бар,-деп баланың психологиялық оқу процесіне зер салып,дұрыс бағытқа жөн сілтеп отырған.Адам болатын баланың талабы,ынтасы жас кезінен танылады.Көпшілікке ,оның игілікті жақсы жақтарына үйір бола бастайды.Қоғамшыл,көпшіл бола бастайды.Ақыл,парасатқа бой ұрып,игі жұмысқа тез үйренеді.
Мақал мәтел
үнемшілдік
Отан,туған жер
Өнер
аңшылық
Ата-ана
отбасы
білім
Төрт түлік
Ерлік,батырлық
Достық,жолдастық
Ынтымақ,бірлік
Бала тәрбиесі
«Мақал дегеніміз,-тағылым берерлік,ырғағы бар,тәжірибеде көп қолданылатын бейнелі,қысқа,нақыл сөйлем...Мәтел дегеніміз де өнерге берерлік бейнелі,ырғағы бар сөйлем.Мұның мақалдан айырмашылығы-мағынасы ашық болмай ишарамен айтылғандығы,сөйлемнің толымсыз болып келуі.
Мақалдар мен мәтелдер –мағынасы да,тұлғасы да әлдеқашан қалыптасқан,тез өзгере қоймайтын жанр.
Мақал мен мәтел-егіз жанр,туыс жанр.Дегенімен мағынасына , құрылысына, атқаратын қызыметіне қарағанда өзіндік айырмашылықтары бар.Мақал аяқталған бір тиянақты ойды білдіреді,өз алдына тұрып та дербес мағына береді.Мысалы:Толмасқа құйма,тоймасқа берме.
Мәтел жеке тұрып тиянақты ойды бере алмайды,тек белгілі бір ойды,пікірді ажарлау,айқындау үшін қолданылады,эпитет,теңеу қызіметтерін атқарады.Мысалы:Ат қойып,айдар тағып ,Қөргеннен көзі ақы алған деген мәтелдер тианақты ойды білдіріп тұрған жоқ.
Мақал мен мәтелдің осындай даралық ерекшеліктерінің түсіндіре келіп белгілі этнограф, жазушы В.И.Даль:Мәтел,халық сөзімен айтқанда-гүл,ал мақалдан-дейді.Осы пікірді дамытып фальклорист М.А.Рыбникова:Мәтел-бұл сөз оралымы ,қалыптасқан сөйлем,пікірдің элементі.Мақал-аяқталған пікір,біткен ой,-деп түйеді.