Макал мателдер

Автор: k**************@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 19:34, диссертация

Описание работы

Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ,ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын,жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған,халық даналығы сақталған.
Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін,айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын ,сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл-мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған,екшелген,сыннан өткен асыл түйіні.

Работа содержит 1 файл

tolegenova-g-makal-matelder.ppt

— 415.50 Кб (Скачать)
 
 
 
 

 Білім және ғылым министірлігі

                                                                       Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосы Б.Аманшин атындағы орта қазақ орта мектебінің 8 сынып оқушысы Төлегенова Гүлдесте

Мақал-мәтелдердің 

      тәрбиелік мәні

Секциясы:Қазақ тілі

Пәндік жетекші:Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалдаяқова Ақбөпе Әмитқызы

Миялы селосы 2008 жыл

 

 
 
 
 

 Жоспары:

1.Кіріспе.Мақал-мәтелдердің мәні

2.Негізгі бөлім.

       1)Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні

       2)Мақал сөздің мәйегі

       3)Ұлттық тәрбие берудегі мақал-мәтелдің рөлі

3.Қорытынды

4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 
 
 
 

 Кіріспе

           Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ,ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын,жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған,халық даналығы сақталған.

        Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін,айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын ,сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл-мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған,екшелген,сыннан өткен асыл түйіні.

        Адамның мінезіндегі жат қасиеттер де мақал-мәтелдерде жеркенішті түрде берілген.Халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік мәні бөлек.

        Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең,сөзіықшам да көркем,еске сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады.Сонымен қатар балаларға арналған мақалдар мен мәтелдердің ерекшеліктері оның құрылысы  мен жасалу жолынан емес ,мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмыстарына ,оқу-ағарту істеріне байланысты болуынан көрінеді.Мақалдар мен мәтелдер балаларға терең ой салумен қатар ,оларды көркем және обырызды сөйлеуге  жаттықтырады,сөз байлығын,сөздік қорын байыта түседі.

          Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі шағын,мазмұны бай,тілі көркем жанырға жатады.Мақал-мәтелдер өзін жасаушы халықпен бірге жасайды,біреулері ескіріп қолданудан шығып,екіншілері жасарып,жаңадан туындап жатады.

        Халық шығармасының басқа түрлері секілді мақал мен мәтелдердіде әуел баста  жеке адамдар шығарады ,оны біреуден біреу естіп,жаттап айта жүреді,өңдейді,өзгертеді,сөйтіп олар бірте-бірте жалпы халықтық мұраға айналады.Демек,мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген –білгенін жасаған қорытындысы,ақыл-ой түйіні деуге болады.

Информация о работе Макал мателдер