Автор: k**************@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 19:34, диссертация
Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ,ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын,жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған,халық даналығы сақталған.
Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін,айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын ,сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл-мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған,екшелген,сыннан өткен асыл түйіні.
Мақал-мәтелдер-ертек,аң
сөз өз басын жояар;Ауыздан бірде от,бірде су шығар,бірі жанса,бірі сөндірер;Аққан су ол-жақсы сөз,ол қайда ақса сонда гүл өсер дейтін мақалдарды оқимыз.
«Көре-көре көсем боласын,сөйлей-сөйлей шешен боласын»,деп еңбектенудің,талаптанудың,үзді
Халықтық шығармалар ішінде балаларға арнайы айтылған мақал мен мәтелдердің алатын орны да өз алдына ерекше.Бұл барлық айтылған ойдың,насихаттың жиынтығы,қорытындысы ретінде беріледі.Мысалы Ата балаға сыншы деген халық мақалы мейлінше дұрыс айтылған пікір.Бұл өмір тәжірибесінен алынған бірден бір даналық сөз.
Бала өсіруде,тәрбиелеуде халық өзінде бар барлық асыл сөз,даналық ойларын балаларға,жеткіншектерге арнады.Өз өмірін ғасырлық тәжірибесінен алынған асыл ойларын мақал-мәтел етіп,үлгі өнеге ретінде өмірінің жалғасы болатын баласына,немересіне қалдырып отырған.Бала-бауыр еті,көздің нұры деп босқа айтпаған.Кім болса да өз баласын білімді,өнегелі халық азаматы болып өссе екен деп арман еткен.Сол арманын іске асыру үшін қолда бар барлық мүмкіншілігін бала болашағының игілігінен аямайды.Оқу білім-өмір шырағы деген нақыл сөздерді әрқашан құлағына құйып отырған.
«Оқу білім азығы,білім-ырыс қазығы» деп өз болашағының ырысты болуы да сол білімиділіктен туатынын айтады. «Ақыл-тозбайтын тон,білім таусылмайтын кен» деп оның болашағы да соншалық босымды,мығым болатынын сан рет ескертеді.
Бірақ мұның өзі еңбексіз,әрекетсіз тектен-тек қолға түсе қылатын оңай олжа емес.Асуы қиын бел-белес,ұшы қиыры көрінбейтін құба жон екенін де ашық айтқан.Қажымай қайрат көрсету арқылы ғана оның үлесіне жнтуге болатынын ескертеді.