Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 17:45, реферат
Қазақ әдебиетінің негізін салушы көркем сөз шеберлерінің бірі – Бейімбет Майлин. Әдебиеттің поэзия, проза, драматургия саласында бірдей қажырлы да жемісті еңбек етіп, көркемдік жағынан құнды, көлемі жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырды.
Болыстыққа
сайланған Күлтай алғашқы
Ауыл өмірін, еле адамдарының психологиясын терең білетін жазушы «Раушан коммунист» атты повесіндегі оқиғаны осылай ғана бастайды да дамыта түседі, геройлары да ширап, шыныға бстайды. Соның барлығын кішкентай детальдарына дейін реальды жағдайда, өмірде болатын қалпында суреттейді. Ауылдан ешқайда шықпаған Раушан үшін – қоршаған өмірдің бәрі жаңалық, жол бойындағы поселкалар да, әртүрлі табиғат көркі де, тіпті жолда кездескен жолаушылар да жаңалық. Өмірге осылай ынтыққан Раушан жиналыс басқарушылардың бірі болып сайланғанына қандай қысылады. Сол жиналыстың барысында-ақ оның санасы ояна бастап, еңсесі көтеріліп бір саты болса да жоғары өрлеуге бет алғанын жазушы әуелі штрихтер арқылы шебер бейнелейді. Сол жиналыста Раушан шыға салып суырылып сөйлеп жатса шындыққа жанаспас еді. Жоқ, оны автор бар шындық қалпынан алыстатпай өз бояуымен ғана нанымды түрде суреттейді. Жиналыста баяндама жасаған Мәриям көп нәрсені аңғартады Раушанға. Раушан жұртқа көрінгісі келіп, не сөзі тасығандықтан сөйлемейді, «осы столдың басына келген адам сөйлеуге тиіс шығар деп ойлайды». Осы бір кішкентай детальдың өзі де Раушанның бүкіл характерін айқындап тұрғандай. Өйткені, ол тым ізетті, қарапайым, сыпайы да бала мінезді. Аңқаулығы да бар оның бұл кезде. Осы қасиеттерін сөйлеу кезінде де аңғартады, көрген-білгенін жас балаша жұрт алдына жайып салады. Раушанның санасы өсіп, ой-өрісінің кеңеюіне қала өмірін көруі, ондағы жақсылы-жаманды жәйттерді басынан кешіруі, тіпті Әбдіш тәрізді азғындардың жиренішті мінездері мен жағымсыз қылықтарын көріп қала оқығандарынан безінуі, оған Мәриямның берген ақыл-кеңесі, бәрі-бәрі себін тигізгендей. Қаладан ауылға қайтқанда көп білім алып, үлкен өмір көріп қайтқандай сезінеді Раушан. Повестің композициялық құрылысы да тек қана Б.Майлинге ғана тән әдемі де үйлесімді жүйеде шыққан. Мәриям Раушанды Әбілмен таныстырғанда ол жақында «Сабын көлге баратынын, сол кезде Раушанды ауылнай қылып сайлайтынын айтады. Енді елге қашан Әбіл келіп Раушанды ауылнай сайлар екен деумен боламыз, бірақ әңгіме олай болып шықпайды, бір сәтте Раушанға ауылнай есебінде ісі түсіп Демесін тәрізді қулардың келіп-кетіп жүргенін көреміз. Дәл осы бір көріністен яғни ауыл советтің председателі Раушаннан Демесіннің өз қызынан қалың мал «алмағаны» жөнінде куәлік сұрап келу кезінен бастап, повестегі оқиға мүлде шиеленісіп, тартыс та күшейіп кетеді. Дәл осы бір көріністен соң Раушанның бүкіл характері де өзгеше суреттелінеді. Ол бұрынғы үй-іші, ошақ басынан бөлек ештеңені көрмеген Раушан емес, енді өз жұмысына мемлекеттік көзқараспен қарайтын саналы да, іскер нағыз коммунист. Бәкен Раушанды жолсыздыққа, заңсыздыққа итермелесе де ол көнбейді. Осы қайшылықтар олардың отбасылық өміріне де салқындық тудырады. Демесін қудың азғыруымен болған Бәкен мен Раушанның арасындағы кикілжің аянышты халге жетеді. Ел аузындағы гулеген өсекке бір жағынан, тоңмайын күйеуінің надандығына, екінші жағынан қысылған Раушанның ой-санасындағы психологиялық тартысты жазушы шебер де нанымды түрде суреттеген. Осындай шиеленіс жағдайында Раушан үш жылдық оқуға кетеді де оның орнына елдің алаяқ қулары Бәкенді ауылнай сайлайды. Үш ай ауылнай болған кезінде жасаған жолсыздығы үшін Бәкен үш жылға сотталып та үлгереді. Повесте Раушанның өсу жолы да, Бәкен мен арасындағы қарым-қатынасы, өкпе-назы, реніш-күйініштері де өте нанымды дәлелдермен суреттелген. Жаңашыл Раушан мен әлі де ескі көзқарас шырмауынан шыға алмай жүрген Бәкеннің арасындағы кикілжің реніштердің негізін автор жаңа мен ескінің арасындағы бітімсіз күрестен іздейді.
«Раушан - коммунист». Б.Майлин шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік, мазмұны мен тілі қиысқан, көркемдігі жоғары, идеясы терең де күшті повесть екендігі даусыз. Солай бола тұрса да бұл повесть кемшіліктен де құр алақан емес. Біздіңше, повесте басты герой Раушанның өсу жолы, мінез-құлықтың алуан түрлі құбылыстары, әртүрлі ортаға байланысты өзгеріп, сын елегінен өту жолдары яғни образдың өсу динамикасы нанымды да шебер суреттеліп келеді де, оның оқуға кетумен байланысты тартыс түйіні тез шешіліп қалады. Соңғы көріністегі түрмеден шыққан Бәкеннің губерниялық газетке барып Мәриямға кездесуі, сол арқылы Раушанды тауып алуы сияқты жәйттер айтарлықтай нанымды болып шықпаған, автордың қолдан жасалынған схемаға бой ұрғаны байқалады. Дегенмен, бұл повесть жазушы творчествосындағы сәтті туған күрделі еңбектердің бірі болғандықтан да кезінде орыс тіліне аударылып, бүкіл оқушыларына ұсынылды. Б.Майлин «Он бес үй», «Қырманда» атты повестерінде ауыл өмірін, колхоздасу дәуірін суреттесе, «Раушан - коммунисте» ауылда өскен қазақ әйелі Раушанның санасы оянып, мемлекеттік ірі қайраткер дәрежесіне жеткендігі жайлы және ауыл өмірі мен қала өмірін қатар алып суреттейді. Осы повестерді жазу үстінде Б.Майлин өмірдің үлкен салалы арнасын қамтуды ойлайды, ірі полотнолы роман жазуға таланты мен шеберлігі толысқандығын жазушы өзінің – «Азамат Азаматыч» атты романын жазады.
Б.Майлиннің «Азамат Азаматыч» атты романында қазақ интеллигенциясының қалыптасуы, өсуі, өркендеу жолы, оларға жасаған ескі кертарпа ұйымдардың кедергілері яғни қазақ жас, мәдениетті, оқыған азаматтары, кеңес үкіметінің арқасында, қамқоршылығының нәтижесінде ғана жауларымен күрес үстінде шынығып, ширай түскенін, санасы өскендігі жайлы сөз болады. Романның басты геройы Азамат Азаматыч кеңес мектебінде оқып, тәрбиеленген жаңа дәуірдің өкілі. Оның мінезі де «ұяңдау, аз сөйлейді, көп тыңдайды, біреу сөйлесе төмен қарап күлімсірейді де отырады, мынауың теріс деп ешкімге қарсы айтпайды, өз пікірін ұсынбайды, шеке тамырын білеулендіріп ешкіммен керіспейді...». Осындай бір мінезбен түзу тұрып, түзу жүрген жаңа дәуірдің жаңа өкілін тап жаулары өз қарамағына іліндіріп алып, қолшоқпары жасамақ болады. Оның бірден-бір емі Азаматты байдың қызы Мәриямға үйлендіру керек те, сол арқылы қолбала жасап біраз нәтижеге жетеміз деп ұғады. Жездесі Рахымның айтқан сөзін екі етіп көрмеген жезөкше сұлу Мәриям бұл жолы да сол жездесінің айтуымен Азаматты қолға түсіреді. Мәриямға үйленген күннен бастап Азаматта әртүрлі ауытқулар, түсінбеушілік, Мәриямның жақындарына таптық көзқараспен қарай алмай, туыстық, жақындық деген жалған ұғымға бой ұрушылық байқала бастады. Бұрынғы ақтың офицері болған, большевиктерді аяусыз жаралаған қазіргі кезде неше түрлі жымысқы әрекеттерімен партия қатарына өтіп алған Жүністі жақтап Азамат үлкен саяси қателік жасайды, өйткені Жүніс Мәриямның туған бөлесі еді. Дәл осы Жүністің мәселесін қараған жиналыс Азамат үшін өмірлік сабақ болады, өйткені тура жолдан ауытқи бастағанына жолдастары ренжісе, Рахым, Жүніс тәрізді жауыздар өз ойларының алғашқы нәтижелері деп сезінеді. Медеу мен Шәймерденнің жиналыста айтқан ашық та ауыр сөздері Азаматты еріксіз ойландырады. Б.Майлин бұл романында бір Азаматты ғана емес, басқа да кейіпкерлерінің образын суреттеуде схемадан аулақ, оларды өмірдегі болатын шын адамдық қасиеттерімен реалды жағдайда суреттеген. Ұнамды образ қателеспейтін, кемшіліксіз «періште» болуы шарт емес, өмірде талай ұлы адамдардың де әбден қателесуі де ықтимал. Сол сияқты, керісінше адам болған соң қатесіз, мінсіз болмайды деу де дұрыс емес. Міне, үлкен реалист жазушы Бейімбет қаһармандарының іс-әрекетін суреттеуде өмірлік шындық дәрежеде көрсетуді негізгі міндет етіп қойған. Сондықтан да олар өмірлік, жанды типтік образ дәрежесінде шыққан. Азамат арам ниетті ұлтшыл көкжалдардың шырмауынан әзер дегенде, онда да қызметтес жолдастарының көмегі арқасында ғана шығады. Оған бұл істе қол ұшын беріп, тікелей қамқорлыққа алғандар тәрбиелі Алексеев, бірге оқыған жолдасы Шаймерден таза жанды жас қыз Қайша, жастық өмірін бай еісігінде өткізіп, таптық санасы ертерек оянған Медеу, Жақып сықылды жалшылар еді. Ұнамды образ қатарындағы бұл кейіпкерлердің әрқайсысының романдағы оқиға тартысына өзіндік қатысы бар және сол шиеленіскен тартыс үстінде олар жекелік, даралық екершеліктерімен, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік характерлерімен көрінеді. Алексеев тәжірибелі коммунист, жер бөлімі мекемесінің бастығы, қарамағындағы қызметкерлердің қайсысына болмасын үлкен қамқорлықпен қарап, олардың жеке қасиеттерін ажырата білетін ақылда да іскер басшы. Жүністі жақтағаны үшін Азаматтан мүлде күдер үзген жолдастары Алексеев әлі де шыдамдылыққа, сабырлылықққа шақырады. Кіммен қалай сөйлесу керектігіне де мән береді. «Азаматтың қысылғанын сезіп, Алексеев сөзін аяқтамай тоқтады. Азаматқа дегенде жұмсақтығы тым күшті-ау. Азаматты бірінші көріп сөйлескеннен-ақ ұнатып өзіне жақын тартты. Баулып, тәрбиелеп өзі сияқты шын іскер ғып шығармақшы болды. Солай болады деп сенеді де. Азаматтың басындағы қазіргі күйді Алексеев «уақытша болған жұмыс» деп қана қарайды. Осы күйден Азаматты құтқаруға өзін міндеттімін деп санайды. Ендеше сөзбен ұялтуға не мағына бар?- деп түйеді автор Алексеевтің ойын. Алексеев Азаматты командировкаға аттандырар алдында «Медеу ертіп барар. Қолың тигенде сен оны кітапқа баулы...», - деп тапсырады. Таптық көзқарасы айқын, өзіндік беті бар, Медеуді хат танытып білімге баулыса одан жақсы қызметкер шығады деп сенеді Алексеев. Шындығында да дәл солай дамиды оқиға. Алғашында кімнің жау, кімнің дос екенін ажырата алмай қарадүрсінге басып жүрген Медеу оқиғаның қою ортасына араласып жүруі нәтижесінде саналы адамның бейнесін танытады, тіпті Азамат Азаматычтың ең жақын досы болып шығады, оның көзқарасының түзеліп, қателіктерден арылуына да көп себі тиеді Медеудің. Шаймерден мен Қайша бейнесі де өмірлік өз бояуымен реальды жағдайда шынайы бейнеленген. Шаймерден де принципті жігіт. Ешкімге жалбаңдап жағыну дегеніңді білмейді. Қызметке орналасу жайын сөйлеспек болып Кәдірбаевқа алғаш кездескен кезде-ақ ол өзінің қасиетін байқатады... «Кәдірбаев Шаймерденге тым салқын қарады. Шаймерденнің қол ұстасып амандасқан қалпы: иіліп-бүгілмей өзін еркін ұстауы, жағынып сөйлемеуі, басқалар сияқтанып жұмыс жағдайын сұрап Кәдірбаевтың бірауыз лебізіне ынтығатын қалпын білдірмеуі – осының бәрі Шәймерденнің қай бағыттағы адам екенін Кәдірбаевқа бірден ашып берген болды. «Мынау опасный тип, мұнымен ойнауға болмайды екен» деген ой Кәдірбаевтың басында жылтыңдап, Шәймерденнен сөйлескенде осы ойдың көшесімен шығуға тырысты», - дейді автор. Жұмбақтап, не сыпайылап, жалпылап не жанастыра ишаратпен айту Шәймерден үшін жат қасиет. Ол тіпті өзінің бірге оқыған досы Азаматқа да «Азамат-ау, сені неден құдай атып жүр. Жүндібай қажының қызында сенің не атаңның құны бар еді? Сен осы кімсің? Кім болмақсың, ашып айтшы дейді.
Қайша да қазақтың нағыз әдепті, ақылды да ұстамды қызы. Ол романдағы оқиғаға Мәриям сияқты бастан-аяқ қатысып отырмағанмен, бір-екі жердегі көріністің өзінен-ақ кім екенін әбден танытқандай. Азаматты ол бірінші рет көрген кездің өзінде-ақ ұнатқан-ды. Бірақ ізет сақтап сыр білдірген жоқ болатын. Шәймерден Азамат дейтін жолдасым бар дегенде: «Құр сұрап қана қоймай, Азаматтың аты естілгенде Қайшаның әлпетінде де өзгеріс кірген секілді еді. Шаймерден себебін білейін деп қазбалап сұраса да:
Ячейка жиылысында Азаматтың Мәриямға үйленген хабарын есіткенде Қайшаның жүзі кәдімгідей құйқыл тартты». Осы бір қысқа ғана көріністе Қайшаның бүкіл табиғаты ашылып тұрғандай. Сабырлылық, ұстамдылық, әдептілік, сырға беріктік, махаббаттағы нәзіктік, қаяусыз адалдық тәрізді игі қасиеттер бір Қайшаның бойына сиғандай. Романның 1936 жылы Москвада орысша басылуында оған автордың «Қазақ қызы» деп ат қоюына Мәриям емес Қайша себеп болғаны анық. Өйткені ол автордың қазақ әйелі қандай болу керек деп алға тартып, мұрат еткен образы. Барлық шығармасында әйел мәселесіне үлкен мән беріп отырған жазушы талай қазақ әйелдерінің шынайы образын жасағаны мәлім. Бүкіл өмірін күңдікте өткізген бұрынғы өткен заманның қазақ әйелдерінен бастап көзі ашық, Күлтай болыспен, оқыған мемлекет қайраткері Раушандардың типтік образын суреттеуде шеберленген суреткер Қайша образын суреттеуде шеберленген суреткеркерлігін арттырып, жазушылық талантты үшкірлей түскен. Қайша бейнесі кең жоспарда берілген. Ол ауыл әйелдерінің арасында ғана емес, қала интеллигенциясына да өз ықпалын жүргізіп, үлгі өнеге бола алады. Азамат Азаматычтың дұрыс жолға түсуіне де септігі мол тиді. Азаматтан басқа Шәймерден мен Таңатардың да кемшіліктерін Қайша талай рет беттеріне басқан болатын. «Таңатардың мұндай қалыптарын,- деп жазады автор,- Қайша тым солақайлыққа жориды, Шаймерденді де соған қосақтайды. Ойлай берсе, кімнен болса да кемшілік табыла бермекші. Жұмыс бабында Қайша Шаймерденнің талай кемшілігін жұқалап көрсетті:
- Өзің
біреуді айыптағыш-ақсын,
Романда бітпей, аяқталмай қалған
жайлар көп. Мысалы Азамат
Романда ескі өмірдің сұрқиялық бейнесі, аласұрып жүрген азғындардың жиренішті қылықтары бірде юморлы мазақпен, бірде өткір сатирамен әжуаға айналған. Әсіресе, Қайдар үйіндегі қонақтардың қылығы, Әлішердің үйіндегі үнемі қайталанып тұратын карта ойындары өз бояуымен нақты да шебер суреттелінген. Егер жазушы Борсықбаев, Кәдірбаев, Бұқабаев, Шегіровтерді азғындаған алаяқтар бейнесінде суреттесе, Мәриямды солардың идеал тұтқан арманы, «бақыт құсы» деп отырып сол «періштенің» қылықтары арқылы күні өткен ескі қоғамның бүкіл табиғатын алдыңа жайып салады. Мәриям - нәпсінің құлы. Оны білмейтін, оған құмартпайтын Қарасай қаласында қазақ жоқ десе де боларлық. Азамат командировкада жүргенде Қайдардың үйінде Әлішермен шатасып масқара болған Мәриям үйіне көңілсіз қайтады. «Мәриямның бұл күйінен хабарсыз қара таяқтар, сақылдаған аязда шляпа киіп құлақтарын домбықтырып, жалтырақ бәтеңке аяқтарын қырып, бірінен соң бірі келіп есікті тақылдатып мазаны алды, -деп суреттейді автор – Мәриямның кейігені сондай, күнде келе беретін көзілдірікті кер шабдар жігітке:
Мәриямның
арсыздығын, «тұрмыс қызығынан»
басқаны есіне алмай өскен
азғындығын шегіне жеткізе
Сонымен,
бұл романда ұнамды
Информация о работе Б.Майлин әңгімелерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары