Б.Майлин әңгімелерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 17:45, реферат

Описание работы

Қазақ әдебиетінің негізін салушы көркем сөз шеберлерінің бірі – Бейімбет Майлин. Әдебиеттің поэзия, проза, драматургия саласында бірдей қажырлы да жемісті еңбек етіп, көркемдік жағынан құнды, көлемі жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырды.

Работа содержит 1 файл

анар.doc

— 426.50 Кб (Скачать)
  • Терезені қара, қалпынша көміп кетті, - деді Сақып әлденеге күрсініп.
  • Көмсе, көбірек ұйықтауға жақсы болар, онсыз да түс болмай тұрмайсың.
  • Ерте тұрып менің малым қаралмай жатыр ма, балам жылап жатыр ма? Қай малым қараусыз жатыр еді?
  • Жұртпен қатар тұрып пешке от жақсаң да ешнәрсең кетпес еді.

Жұрттың үйінен түтін  шығып жатқанда өлік шыққан үй құсап  мелшиіп біздің үй тұрады...

      Ал, жарапазанын  бастады. Серік болып жанына  азырақ отырайын десең, жер-жебіріңе  жетіп болады, - деп Сақып еріні  бұртиып, есіп отырған тарамысын  шашып жібереді» - деп суреттейді  жазушы. («Әдебиет майданы» 1932 ж,  №2, 8 бет). Ашумен Жақия ағаш қалыпты Сақыпқа қарай жіберіп қалады, ол барып Сақыптың жамбасына тиеді. Жақиядан таяқ жемек түгіл қатты сөзін де көтере алмай жүрген Сақыпқа бұл өте қатты батады. Ал Жақия болса бұған мән де берген жоқ. Бұл сияқты ұрыс екі күннің бірінде болады, оның қайсысына мән берсін. Жақияның тігісіне ұрыс-керістің ой мен көздің ешбір әсері жоқтығын автор былай суреттейді:

       «Жақияның  қолы - былғарыны жастай ұстап  үйренген қол. Көздің, ойдың көмегі  кейде керек болмай төселген  қол өздігінен істей береді; біздің шаншылған орнын біраз сипаумен саусақтың өзі-ақ тауып ала береді. Бұл екі қол денеден бөлек біткен болса, тігінді осы екі қолға артып, Жақия төсекте тыныш жатқан болар еді-ау! Осыны істесе белі мұндай шойырылытпас еді, тұла бойы сынған сынықтай болып қозғалтпай қалмас еді» (сонда, 8 бет). Осындай ерлі-зайыпты адамдардың ұрыс-керісі кезінде түнделетіп, борандатып Жақияның үйіне Сейіт пен Жақсылық келеді. Көптен көрмеген жиені Сейітті көргенде Жақия шын ниетімен қуанады. Әлгінде ғана ашудан өз терісіне өзі сыймай жатқан Сақып та ашуды ұмытып жадырай түседі. Шын пейілмен, бар ықыласымен қонақтарын қарсы алған Жақияның дастарханын жазушы оқушының көз алдына бар болмысымен елестете біледі.  «Ағаш шүмекті ескі самаурын екі иінінен дем алған кезде, Жақия қалбаңдап, қоңыр саулықтың терісінен істелген жарғақ дастарханды әкеп төрдің алдына жайды»- дейді де жазушы дастархандағы ыдыс-аяқты суреттеп кетеді. «Соғыстан шыққандай, кетік, сынық құрсау кеселер, пұшық құманша, кетік қасық қара аяқ дастархан басынан орын алды. Дүмбілез піскен таба нанды Жақия бауырсақша қастерлеп турап жатыр» ( 9-бет). Алаш отрядынан қашып келген Сейіт пен Жақсылықтың әрекеттері оқушыға түсініксіздеу болатын. Олардың не үшін қашқаны, алаштың оларға көрсеткен қиянаты да байқалмайтын. Соған қарап бұлардың ешбір себепсіз қашуы баланың ойыны сияқты көрінетін оқушыға. Рас, казармадан біраз алыстаған соң Жақсылық  қалаға  қарап   тұрып:       «-Шығармастай қылып іліктірген темір тор еді, бір құтылуға бұдан да құтылып шықтым-ау!» дейді. Бірақ оның неге «темір тор» екендігі оқушыға жете бермейтін. Міне, енді жазушы алаштың шын бет-бейнесін оқушыға анықтап береді. Сейіт пен Жақсылық Жақияның үйінде жатқанда Жақияның көрші ағайындары Әбділда мен Жүсіп қаладан жаман хабар ала келеді. Уездік «Алашорда» съезінде алаш пайдасы үшін түндік басы 130 сомнан ақша жиналсын деп қаулы алынғандығын айтады. Сонымен 130 сом түгіл 130 тиыны жоқ үш кедей қашып кетуді шығарады. Бұлардың үйде жоқ кезінде келген ауылнай алаш милиционерлері үш кедейді әйелдерін зәбірлеп, аяғында үшеуінің де күн көріп отырған жалғыз сиырларын айдап әкетеді. Міне, алаштың кім екенін білуге асыққан оқушы дәл осы бір көрініс кезінде әбден қанық болады. Енді жазушы сол бір аласапыран кезеңдегі қазақ байлары мен солардың есігінде жүрген жалшы, кедейлердің өмірі жайлы сөз қозғайды. Әбділда екі ай бойы сөйлесіп жүріп Жақсылыққа жұмыс тауып береді. Онысы - Кәкім деген байдың есігінде жүру. Жұмыс ақысы да белгісіз. Әйтеуір, жүре берсін, ақысын кейін сөйлесе жатармыз» деген Кәкім байдың сөзіне мәз болып Жақсылық Кәкімнің үйіне барады. Жиырма үш жастағы қарулы жігіт Жақсылықтың ойын жегідей жейтін жайлар көп! Әкесі Жоламан мен шешесі Гүлбарша жылап қалған еді. Олардың өлі-тірісін білмейді, баруға қорқады. Ес білгелі көргені жәбір-жапасы мен азары, соның ешқайсысына қарсы тұра алмайтыны, қарсы тұруға құдіретінің жоқтығы, әкеге ара түсемін деп, әкесін де, өзін де өлтіріп ала жаздады. Өз өміріне өзі риза болмайды, бірақ одан құтылудың амалын білмей қиналады. «Бүйтіп жүргенше адам болудың не мағынасы бар,»- деп сары уайымға да салынады. Бірақ жолдастарымен сырласа кетсе, оның ойы дұрыс болмай шығады. Өйткені бәрінің де көретіні осы...

        Міне, Бейімбет Жақсылық образын осындай реалистік шындығымен суреттейді. Іш қазандай қайнағанмен әрекетте дәрмен жоқ. Қазан төңкерісі жеңіп, патша тағынан түскен кезде яғни 1918 жылы Жақсылық тәрізді оқымаған жастардан қайбір революциялық әрекет күтуге болар еді. Сондықтан да өмірді жақсы білген жазушы Сейітті де, Жақсылықты да бар шындығымен суреттеп, олардың өз бойларына ылайық ой беріп, әрекет жасатады. Жақсылық Кәкімнің үйіне келсе, оның үйінде Кәрібоз, Кетік деген малайлары бар екен. Жақсылықпен алғаш танысқандар осы екі малай жігіт. Кәрібоз бен Кетік өмірін суреттеу арқылы жазушы кедей өмірінің басқа бір қырын танытады. Егер Әбділда, Жүсіп, Жақиялар өз алдына үй тігіп, отын түтетіп отырса, Кәрібоз бен Кетік отыздан асса да отбасын құра алмай Кәкімнің есігінде жүр. Бұлардың да тұрмысын  оқушыға бірер сөзбен ғана таныстырып өтеді жазушы.  «Үйдің ортасы пеш. Пештің маңы бұрқыраған тезек, ағаш, шөп-шалам. Босаға жақ қуыс сығыса толған: қозы, лақ, арық бұзаулар. Үй-іші малдың қиы сасиды.

  • Бұл біздің күркеміз болады, - деді Кәрібоз арсалаңдап келіп: - Кетік

екеуміздің жататын  жеріміз мынау, - деп үйдің бір  жақ бұрышындағы көң мен араласып жатқан бір жапырақ құрым кигізді көрсетті. Құрым кигіздің үстінде бірер майлы көрпе, кірмен салтақтанған бір-екі жастық та көрінеді».

      Бейімбеттің «Тартыс» романындағы кедейлер – таптық санасы әлі ояна қоймаған, немесе енді-енді жан-жағына қарайлап, әділетсіздікті ептеп ұға бастаған кедейлер. Көзін ашқалы Кәкім байдың есігінде жүрген Кетік пен Кәрібоз үшін өздерінің бастарынан кешіп жүрген сиықсыз, азапты өміріне ешкім кінәлі емес, бәрі заңды сияқты көрінеді. Бір адам туғаннан бақытты болып туады да, екінші адам бақытсыз боп, яғни сол бақытты адамды бақытты жасау үшін қызмет етуі керек сияқты көрінеді. Қысқасы «Тартыс» романы да - тап тартысын бірсыдырғы дұрыс суреттейтін көркем туынды.

     «Атылмаған оқ» повесі екінші рет «Жұлдыз» журналының 1976 жылғы 6- санында жарияланды. Оқушы қауым жылы қарсы алды.  Повестің басты кейіпкері – кедей, басты тақырыбы – кедей өмірі. Автор бұл шығармасында да кедейдің жаңа өмірге келу жолын, оның бұралаң қиындығын ашуды мақсат тұтқан секілді. Шығарма жиналыстан, баяндамашының баяндау сарынындағы берекесіздікті суреттеуден басталады. Баяндамашы туралы сөйлеген болу керек. Дегенмен, шешеннің сөзінен ештеңе ұқпаған халық біртіндеп тарай бастайды. Осы тараған топтың ішінде повестің екі кейіпкері кездеседі: «-Таныс болайық. Байбақты Танауовпын, - деді әлгі жігіт қолымды қаттырақ қысып». Мұны айтып отырған лирикалық кейіпкер (яки автор). Повесть осылай бірінші жақтан лирикалық кейіпкер атынан баяндалады. Байбақты Танауовтың Айбаламен жолығуынан бастап шығарманың негізгі желісі де бой көрсетеді. Бұл екеуінің кездесуінің, тіл қағысуының ерекшелігінен туған жұмбақты сырды лирикалық кейіпкер қалай да шешуді ойға алады. Осы мақсатпен ол Айбаланы іздеп табады, берекесіз «көзілдіріктің» әкім екендігін білмек: «-Не айтатыны бар: ол кәдімгі Байбақты Танауов! – деді Айбала сұрланған пішінмен.

      - Танауов! Қой-ә, ол қайдан келеді мұнда? – деп, Орақ отырған орнынан ұшып тұруға ыңғайланған адамдай қозғалып қойды. Сары бұжыр әйел мен қара кемпірге де үрейленген пішін кірді». Бұл үзіндіден Танауовтың Айбала мен оның жақындарына қатысты жасаған әлде бір үрейлі іс-әрекетінің елесі белең бергендей болады. Мұны егжей-тегжейлі Айбаланың естелік дәптері арқылы айқындалуға тиіс. «... Мен бір жағынан осы тетрадты пайдаланып, екінші жағынан Айбаланың ауыз екі сөзімен толықтырып, оқиғаны бастан жазуға кірістім» - деп жазады автор (лирикалық кейіпкер).(Осы жерден бастап лирикалық шегініс жасалады). Айбала дәптеріндегі әңгіме іштей «Тілек, «Тілек», «Кек», «Ұшқын», «Қап» тоқта, бәлем!», «Шиеленіс» деп бірнеше тақырыпшаларға жүйеленеді. Мұның бәрі енді бейтарап, үшінші жақтан баяндалады. «Тілекте» Сержан саудагер атқосшысы Ыбыраш екеуі тракторды күтуде. Тракторды айдап Иван келеді. «Комсомол ұясының хатшысы мұның қазақ даласына баратынын біліп: сенің міндетің трактор жұмысына бірер адамды үйретіп қана қайту емес, ауыл жастарының арасында үгіт жүргізіп, комсомол қатарын өсіруге күш сал...» деген. Комсомол ұясының, Иванның тілегі – осы. Сержанның тілегі бөлек:             «-Ыбыраш, атыңды жек. Елге жетіп бағайық. Жұмыс кезі. Тракторының қызығын көрейік...» Сырт қарағанда, бұл екі адам (тап) тілегі бір секілді. Трактор тілін үйрету (малайға). Сөйткенмен, болашақ тартыс, қақтығыстың өзі осы тілектің ішкі мәнінен туындайтындығы анық аңғарылады. «Кек». Мұндағы негізгі мазмұн Жалбырдың ішкі толғанысы арқылы беріледі. Кей істеріне қарағанда повестегі Жалбыр жазушының осы атты пьесасындағы Жалбыр секілді. 16 жылғы дүрбелеңде ауылнайдың тізімін, болыстың кеңсесін өртеуге қатысқанына қарағанда осындай ойға келуге болады. Пьесадағы көріністер мұнда жоқ. Повесте Жалбырдың кеңес өкіметінің алғашқы жылдары тұсындағы өмірі көрсетіледі. Жазушының Жалбырдың рухани, әлеуметтік жағынан оянуын суреттеуде қолданатын тәсілі 1924 жылы жазылған «Айранбай» әңгімесіндегі Айранбай образын ашудағы тәсілімен ұқсас, сарындас секілді.  «... ұзақ күн ойласа да, Жалбыр басынан өткеннің мыңнан бірін шолып шыға алмайды. Өткен өмірде езу тартып сүйсінгендей бір жұмыс болсайшы! Осының бәрін Жалбыр кейде жалғыз үйліктен көріп, осы өлкеге қаңғырып келген өз әкесі Жауғаштар отағасының да жағасынан ала түседі. «Сандалып... не мархабат табам деп келеді екен осы елге... өз елінде отыра бермей» - дейді де, осы елдегі өзі сияқты жалаң аяқтарды қарастырады: оңып отырған бірі жоқ-ау, бәрінің күні осы: жалтаң, жалынышты, жағыну. Әсіресе, осы «Қара ит өлген» басындағы елден осыны көресің. Олай болса, былтырғы бір өкіл айтқандай, кедей бір өңкей неге шықпайды? Сосын, байдың шаңырағына қобызды неге тартпайды?.. Әй әттеген-ай!.. «Мұның бәрі Жалбырдың ішкі үні. Жалбыр санасындағы осы қарсылық бірте-бірте ширала түседі. Айбалаға байланысты дау («Қой, тоқта бәлем!») тұсында ол «көлеңкеде отырып, байдың үйіне қарай түсіп, шар қайрақпен қара балтаны қайрай түседі». Ал Айбалаға төнген қауіп сейілген кезде «Әттеген-ай»дегендей боп, қара балтасының жүзін қолымен тағы бір ұстап, ірге жағына тығады».

       Өмірлерінің белгілі бір кезеңдерінде Жалбыр да, інісі Аманбай да, баласы Сарбас және Жоламан, Нұржан секілді жалшы (малайлар) да өз басының малайлық ауыр халіне көнбістікпен қараған (тұстары да). Дегенмен өмір ағымы Сержан саудагердің үрейін алған, берекесін кетірген күш бұларды езгіге, езушіге қарсы шығарады. Жалбыр қара балтасын қайрайды. Сарбас пен оның жолдастары өз өмірлерінде тұңғыш рет өз еріктерімен байдың жұмысын тастап, жолға шығады. Сарбастар енді комсомол. Жаңаның жаршысы. Бұлардың санасындағы өзгеріс біртіндеп, баяу, бірақ тиянақты  түрде жүреді. Бұл істе комсомол тапсырмасымен келген тракторист Иванның үлесі де бар. Жазушының мақсаты осы істің өрбуін, жаңа арнаға ұласуын көрсету болса керек. Шығарманың тақырыбы да басты мақсатқа орай ашыла қалған. Шығармада айқын бой көрсететін тұлғаның бірі – Сержан саудагер образы. Бұл кездері Жалбырдың, Жалбыр секілділердің басын жарып, «қиқа-жиқа» ететін Сержанда бүгін ол қуат жоқ. Әйтсе де (аудандық) жер бөлімінде қызмет ететін баласы Зұлқарнайдың нұсқауымен ол әлі де көп істер жасауға бейім. Трактор алуы да сол Зұлқайнардың өзінен басталып отырған іс. Енді бұл «үлгілі шаруа» болып көрінбек ел көзіне... Бұл да, бәйбішесі Мәдина да – типтік дәрежедегі образдар. «Мәдина бәйбіше: «осы қайнымның құйған шәйі тәтті болады», - дейді. «Ыбыраш атқосшыға соның өзі үлкен атақ. Тағы бір үзінді: - Әй, көшір айт: Сержандікі мал қайда?

  • Мал жоқ. Мал - өлген. Какой бай – Сержан? – деді Ыбыраш шытынап қабағын түйіп.
  • Сволыш! – деді Иван даусын созып».

  Иванның соңғы  сөзі! – оның Ыбырашқа деген  күйініші әрі бағасы. Мұнда әділеттілік  те бар.

       Повесть Танауов пен Айбала маңындағы әңгімелерді іздеуден басталғаны белгілі. Айбала туралы кейінірек жазуды (повестің соңына қарай) ойлаған болу керек. Шығарманың аяқталуынан бұл образдар нақты, толыққанды болып үлгермеген әлі. Айбалаға қарағанда Танауовтың іс-қимылы, біршама мол көрініс береді. Айбаланың дәптерінде бұл кейіпкер бір рет елес бергендей болады. Байдың төңірегіндегілер оны әжептәуір арқа тұтады:

      « - Ауданға  жеткізсек... онда Байбақты бар...»  деседі олар.

      Байбақты да Зұлқарнай секілді тонын айналдырып киген біреу болар ма деген ой келеді.

     Байбақтының кейінгі әлпеті оның (автормен) лирикалық кейіпкермен қатынасынан аңғарылады. Повесть аяқталмаған болса да, автор идеясы анық. Ол идеяның шығатын, өрбитін желісі – оқиғалар жүйесі де едәуір айқын. Өмір шындығы диалектикалық тұрғыдан суреттеледі. (Аяқталмағанына қарамастан), повестің реалистік сипаты да жақсы көрініс тапқан. Б.Майлиннің бұл повесінің 30-жылдарда жазылған қазақ  прозасының бір биік (шоқысы) үлгісі болып қалуы мүмкін еді...

     Бейімбеттің «Құсайын Құлбеков» атты повесі бірінші рет жазушының (Асулардан асқанда) атты екі повестен тұратын кітапшада жарияланған. Жазушы кітаптағы шығармаларын «повестер» демей «әңгімелер» деп атаған. Шындығында екеуін де аяқталған повесть деп атауымыз керек. Өйткені екеуі де повестің жүгін арқалап биікке көтеріп шыққан. Екеуінде де шынайы бейнеленген характерлер, толық қанды образдар жасалынған. Суреттелінген тартыс та ширатыла келе шыңына жетеді.

      «Құсайын  Құлбеков» сол 1933 жылы жарияланған  алғашқы қалпында қалып қояды.  Шындығында бұл шығарма - аса  дарынды жазушының дарқан қолынан туған классика. Одан жас жазушылардың алатын үлгісі мол, үйренер жолдары да көп. Көлемі шағын ғана повесте бірнеше кесек мүсіндер, шынайы характерлер жасалынған. Ауыл адамдарының образын Бейімбеттей реалистік бейнеде шебер суреттей білген қазақ жазушысы жоқ деп білеміз. Бейімбетті бір кезде сынаржақ сыншылар «ауыл ақыны», «ауыл жазушысы» деп сынауы да тегін емес. Өйткені, жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиетінде Мырқымбайдың, Раушанның, Күлтайдың, Бәкеннің т. б. Толып жатқан Бейімбет жасаған образдарды басқа жазушылардың ешқайсысының творчествосынан кездестіре алмайсыз. Енді осы повестегі кейіпкерлердің жасалу жайына көшейік. Басты кейіпкер - Құсайын Құлбеков. Оны автор былай суреттейді: «Құсайын Құлбеков «атқа мінер» атқа ие болды да кетті. Қалай не болғанын кім білген, адам елегендей де болған жоқ. Қылжақтап жүруші еді. Әке-шешесі ерте өлді де, одан қалған құрым үйге, бір-екі қараға, екі інісіне өзі қожа болып, «Құсайын Құлбеков» болып ауылнайдың тізбесіне тіркелді.

      Құсайын  образының реалистігі сонша, тіпті ол өзінің бойындағы қайшылығы мол қасиеттерімен көрінеді. Ол өзі Нұртайдың есігінде жүргенін, соның құлы екенін сезбейді де. Нұртайдың қос күрең атының билігі өз қолында деп ұғады. Сол қос күреңді баласынан бетер күтеді, суарады, жем береді. Оның үстіне Нұртай оған: «Атыңды күтіп қой, бірер күндер бозғыл жанына барып қайтамыз» немесе жол үстінде Қайдар кездесіп Нұртайға «Дәуітбайдың ауылына барып қонайық. Күләш сұлуға ат шалдырмай кетуің ұят емес пе?» дегенде Нұртай: «- тізгін өзімде емес қой. Құсайын біледі... Барсақ па екен, Құсайын? деп алдап қояды. Нұртайдың осы сөздеріне Құсайын шын сенеді. Құсайынның аңқаулығын да, ақымақтығын да жазушы осы бір юморлармен әдемі байқатады. «Жанат ішікке оранып, шананың төрінде Нұртай жатады. Екі бетін аяз жалап, жаңа дақ беріп келе жатқан мұртына көк сүмбелі мұз сіресе қатып, «Әйт» деп жекіріп, күреңдерді орғыта түсіп Құсайын отырады.

      - Бай,  бай, Құсайын-ай, жылқыға дегенде  аруағың бар-ау,- деп сырттан қарағанда  оны көтеріп қояды.

Информация о работе Б.Майлин әңгімелерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары