Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 17:45, реферат
Қазақ әдебиетінің негізін салушы көркем сөз шеберлерінің бірі – Бейімбет Майлин. Әдебиеттің поэзия, проза, драматургия саласында бірдей қажырлы да жемісті еңбек етіп, көркемдік жағынан құнды, көлемі жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырды.
«Осы атақтың өзі неге тұрады?» деп жазады жазушы. Осы бір жолдардың өзі-ақ Құсайынның характерін аңғартқандай. Оның үстіне Нұртай мырза карта ойнап, біреулерді ұта қалса ұтқан ақшасынан бес сом беріп Құсайынды да ойынға араластырады. Бұдан артық сый-құрмет бола ма? Егер жұмысы болып біреу келе қалса да Нұртай: «Маған несіне айтасыз, мен үйде отырған кісімін. Бұл күнде тізгін Құсайындарда, өзі сельсовет, Құсайынға өзіңіз де жолығыңыз, мен де айтайын» дейді. Құсайын сіңірі шыққан кедей, сүйген жары үшін беретін бес жүз сомды таба алмай екі інісінің малайлыққа тұрған жерін айналдырып, олардың бірнеше жылғы еңбек ақысы жетпеген соң тағы біраз жылға інілерінің еңбегін сатып, Беренге үйлену үшін күйеу-құда боп барады. «Тегі малың болсын» деп Нұртай қартаңдау қызыл қойын Құсайынның арбасына артады. «Қыз көрімдік» болсын деп Нұртайдың бәйбішесе мен тоқалы тесік теңгелер мен орамал шаршыны Құсайынның қалтасына тығады. Өзінің алаңғасар ақкөңілділігінің арқасында Құсайын таптық көзқарастан мүлде айырылады. Оның арманы Беренге үйленіп, оны Нұртайдың үйіне түсіріп, сол үйдің келіні ету. Нұртай - қу. Ол Құсайынның аңқаулығын жақсы біледі. Келешек Құсайын сияқты кедейлердікі екендігін де сезеді. Сондықтан да оны алдап арбайды. Тіпті, Нұртайдың Құсайынды көтермелеп сөйлеп отырып алдауы кейде мазаққа айналып кетеді. Нұртай Құсайын арқылы бүкіл кедей атаулыны мазақ етіп тұрғандай көрінеді оқушыға.
Сыртқы
әлеумет те Құсайынның бұл
қылығын әртүрлі бағалайды.
Құсайынның мінезімен де оқушысын жазушы былай таныстырады: «Дәбдірлеп сөйлейді, бір сөйлесе көп сөйлейді, мақтанып, асыра сілтеп, өтірік айтып алатын да әдеті бар: «әйелге дегенде аруағың күшті» деп келеді. Бірақ, «аруақты» өзі үшін жұмсап, сынап көрген емес».
«Әйелге дегенде аруағы» Құсайын Беренді керіп ұнатқанымен жөндеп сөйлесе алмай, әрі ызасы келіп, әрі ынжықтығы артып, қайтсе де осы қызға үйленуге бел байлап қайтады. Нұртайдың тапсыруымен Жанпейіс пен Ділдәбек деген екі қарт құда түсуге Шәкеңнің үйіне аттанады. Беренді Құсайын Нұртайдың үйіне түсіреді. Нұртайдың бәйбішесі мен тоқалы бір күңге жарыдық, енді қандай жұмысқа, қалай жұмсаймыз деп бастары қатып жүргенде Берен: «мен біреудің үйіне күңдікке келгенім жоқ, ешкімнің жұмысын істемеймін» дейді. Құсайынның арманы орындалмай қалады. Оның бар ойы Берен Нұртайдың үйінің отымен кіріп, күлімен шықса, бәйбіше мен тоқалдың айтқанын екі етпей қызмет қылса, өзі бұрынғыдай Нұртайдың атқосшысы болып жүре берсе... Оның бірі де болмайтын болды. «Қарап отырғанда бірдеңе бітіресің бе, істей сал» деп ақыл айтқан Құсайынға Берен: «Немене, осы үйдің күңдігіне әкеліп пе едің? Асырай алмасың бар, қатын алып нең бар?» - дейді. Содан кейін Құсайынның аузына құм құйылады. Енді Құсайынның отбасында басқа трагедия басталады. Нұртайдың үйінде жастайынан малайлық қызметте жүрген тағы бір Қарабек жігіт бар, ол Құсайыннан көп кіші. Құсайын қос күрең аттың божысын ұстап кетіп Берен үйде жалғыз қалғанда Қарабек Беренмен оп-оңай тілдесіп, әңгіме қыза түседі. Арада өсек гулейді. Аяғы қырғын төбелеспен бітеді. Береннің Қарабекпен әңгімелесіп отырған үстінен шыққан Құсайын Беренді жұдырықпен салып өтсе, Қарабек Беренге ара түспек болып Құсайынның жағасынан ала түседі, Құсайынға болысқан болып Нұртайдың тоқалы Зиба Қарабекті күрекпен соғады. Содан барып тоқал Қарабектің таяғына жығылады. Енді айқай шу көтеріледі. Бірақ Қарабекті жабылып сабауға бата алмайды. Ол заманның өтіп кеткеніне біраз адамдар қатты өкінеді. Осы үлкен айқай үстінде Берен әкесінің үйіне тартып отырады.
Көлемі
шағын ғана повесте қанша
Шәріп жиырмасыншы жылдардағы қазақ ауылындағы кедей шалдың типтік бейнесі. Шәріп бойынан ұлттық қасиеттерді де анық байқауға болады. Береннің характері үздіксіз даму үстінде өрбиді. Қыз кезінде-ақ турашыл мінезімен көрінген Берен бірте-бірте өмірді дұрыс танып түсіне бастайды. Құсайынмен болған бірінші ренжістен кейін Берен Құсайынды мықтап қолға алады. Қайтып келген соң үш-төрт күннің ішінде Нұртайдың үйінен бөлініп, Жүсіп дегеннің босағасына барып кіреді. Құсайынды байдың үйіне мүлде жібермей қояды. Нұртайдың қос күрең атын баға алмай қалған Құсайын бұрынғы күнін ойлап қатты қайғырады, қорланады. Сонымен оның әлі де таптық санасы ояна қоймайды. Кеңес үкіметінің арқасында кедейлер билікті өз қолына алып бірлесіп колхоз құрып жатса да Құсайынға әсер ете қоймайды. Жеті, сегіз жылдан бері көрмеген, өзіне тете інісі Қасеннің де бай тырнағынан босанып келгенін жақтырмайды:
- «Қой,
шатаспа, орныңа бар. Еңбек
ақыңның алынып қойғанын
Қасен Құсайынның туған інісі болғанмен ағасына мүлде ұқсамайды. Ол Құсайындай емес, айналасында болып жатқан өзгерістерді тез ұғады, өзін құл ретінде жұмсаған байдан да оп-оңай құтылады. Комсомолға жазылады. Қарабекті көргенде бірден шүйіркелесіп тіл тауып кетеді. Екеуінің мақсат-мүддесі бір екендігін де түсінеді. Бұларға Берен қосылады. Үшеуі бірігіп үй салуға кірісті. Жастардың қалжың-әзілі жарасып үй базар болуға айналды. Мұның бәрі, әрине, Құсайынға шаншудай қадалады. Ол не болса соны желеулетіп ұрыс шығаратын болды.
«-Не көрінді саған? Біздің сөзіміз шаншу болып қадалса, жайлы жеріңді іздеп тапсайшы» - дейтінді шығарды Берен.
Құсайынның арманы осы ма еді? Ол әйелінен осындай сөз естимін деп ойлады ма? Жоқ, ол Беренді Нұртайдың үйіне түсіріп, өзі Нұртайдың туған інісіндей болып араласып кетпек еді... Осы ойдың бірі де орындалмады. Берен Құсайыннан қорқуды қойды. Тіпті, ол Құсайыннан таяқ жегелі бері әбден беті ашылып оны адам қатарына санап, жолдас тұтуды қойды. Осыған Құсайын қатты қиналады. Құсайынның басында болған осы бір шым-шытырық психологиялық тартыстарды автор шебер суреттейді. Оқушы Құсайынның санасының тез ояна қоймағанына, айналасында болып жатқан өзгерістерді түсіне алмағанына ренжиді. Бір жағынан, Құсайынның осыншалық «соқырлығына» жаны ашиды. Құсайын - тақыр кедейдің өкілі. Ол теңдікті кедейлермен бірлесе отырып пайдалануы және іске асыруы керек еді, өзі сияқты бай есігінде жүрген жалшы кедейлердің бой түзеп, байларға қарсы күресіне араласып кетуі керек еді. Міне, оқушы Құсайыннан осындай әрекеттер күткен еді. Жоқ, жазушы оқушысының ойынан тез шыға қоймайды. Құсайынның басын қатырып, миын улаған қайшылықтарды түгел және бүкіл реалистік шындығымен суреттейді. Соның нәтижесінде Құсайын сол бір кезеңнің нағыз типтік образы дәрежесіне көтерілген. Колхоздасу кезінде Құсайын типтес кедергілер аз болды ма? Байдың есігінде жүргеніне қорланбай, әлеуметтік таптық күреске мән бермей, байдың үйінен ішкен көжесіне мәз болған кедейлер аз болды ма? Кедей-жалшы атаулының бәрі бірдей кеңес үкіметін дұрыс түсініп, «Қызыл тудың» маңына бірден ынтымақтасып, бірлесе кетті дегенге кім сенбек? Сондықтан да дәуірдің асқан шебер суреткері осы жәйттерді жіті байқап көрегендікпен сезе білген. Ол өмірге де бірге араласып куә болғандығы сөзсіз себін тигізген. Құсайын образын жазушының жан-жақты суреттегені соншалық, тіпті оның іс-әрекеттерін, мінез-құлқы, ой-парасатына бірде ренжіп қиналсаң, енді бірде жаның ашиды.
Сайлау болады екен деген хабар бүкіл болысқа жайылады. Бұрынғы сайлауларда Нұртай мен Абдол екі партия болып елді екі жікке бөлуші еді. Енді олар бірігіп, ел ынтымағын күшейтіп, біреулерге қарсы күреспек. Олар қарсы болған «біреулері» кім екені бұқара халыққа белгісіз - «Құбылып бара жатқан заман... Алтау ала болса, ауыздағы кетер» деген. Баяғыдан бері партия құрып, елдің берекесін алғанда мүйізіміз шыққан жоқ. Елді ойлайтын да кезіміз келді. Біз бірігетін болдық» - деп көпірді Нұртайлар. Өздерінше әр ауылдан кімдерді сайлау керектігін де шешіп қойды. Бірақ олардың ойынан ештеңе шықпады. Балқай бастаған кедейлер мәселені мүлде басқаша шешті. Олар сайлауға қатынаса алмайтын адамдардың тізімін көпшілікке оқыды. Олар: Нұртай, Жанпейіс, Ділдабек т. б. еді.
Сельсоветке
мүшелер аталғанда Қайралап
«Асулардан
асқанда» атты повестің
IV. Қорытынды
Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Бейімбет Майлиннің басқалардан айырмашылығының өзі де - оның әдебиетіміздің негізгі үш саласында (поэзия, проза, драматургия) бірдей мол еңбек етіп, аз жыл шығармашылық өмірінде көптеген құнды шығармаларын қалдырғандығында. Б. Майлин өмір шындығын күрескерлік даму үстінде алып, ақиқат жанды суреттер жасап, айқын да көркем образдар тудырды; сөйтіп өмірдің терең сырын танытты.
Қысқасы, Бейімбет әңгімелерінде елімізде болып жатқан күрделі оқиғалардың бәрі дерлік сөз болып, суреткердің қаламына ілігіп отырды. Бейімбеттің бұл қасиетін заманымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов: «Бейімбет Майлин әңгімелерінде терең шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым-қатынастары әрдайым нанымды болып шығады және бұл шығармалардың түр үлгісінде дөңгелек келген тұтастық айқын аңғарылады. Бейімбет әңгімелерінің көп топтары төңкерілістің ең алғашқы жылдарынан бастап отызыншы жылдардың ортасына дейін кеңес дәуірінде, қазақ ауылында болған өмірдің ұзақ көркем шежіресі деуге болады», - деп әділ бағалаған.
Б. Майлин шығармашылығының тағы да бір ерекшелігі – ондағы реализмнің күштілігі, шындық көріністердің басымдылығы. Б. Майлин асқақтаған романтизмге де, қияли фантазияға да әуес емес, ол көбінесе өмірде болған, көріп білген, түсінген оқиғалар жайында жазды. Әрине, бұдан Б. Майлин өмірде көріп білгендерін қаз қалпында көшіре салады екен деген ой тумаса керек, өйткені егер олай болса, көркемдік құндылығы шамалы болған болар еді. Б. Майлин өмірде болатын саналуан оқиғаларды жазушылық талғамынан сұрыптап өткізеді де үлкен топшылауға, көркемдеп суреттеуге нақты детальдармен, штрихтармен дәлелдеу арқылы барады.
Жазушы барлық шығармасында әйел мәселесіне үлкен мән беріп отырғаны, талай қазақ әйелдерінің шынайы образын жасағаны белгілі. Қоғамымыздың дами түсуі үшін әйелдердің үлкен күш екендігін ұғындырды.
Колхоздастыру
еліміздің тарихында,
Информация о работе Б.Майлин әңгімелерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары