Б.Майлин әңгімелерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 17:45, реферат

Описание работы

Қазақ әдебиетінің негізін салушы көркем сөз шеберлерінің бірі – Бейімбет Майлин. Әдебиеттің поэзия, проза, драматургия саласында бірдей қажырлы да жемісті еңбек етіп, көркемдік жағынан құнды, көлемі жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырды.

Работа содержит 1 файл

анар.doc

— 426.50 Кб (Скачать)

 

         І. Кіріспе

 

Қазақ әдебиетінің негізін салушы көркем сөз шеберлерінің бірі – Бейімбет Майлин. Әдебиеттің поэзия, проза, драматургия саласында бірдей қажырлы да жемісті еңбек етіп, көркемдік жағынан құнды, көлемі жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырды.

  Қазақ әдебиетінде прозалық жанрды дамытуға Б. Майлин айрықша үлес қосқан суреткер. Ол шағын әңгімелері мен новеллаларында талай айқын мүсіндер мен кескіндер, жарқын бейнелер жасады. Оның проза саласындағы тұңғыш еңбегі 1915 жылы жазылған «Шұғаның белгісі» атты повесі – тақырыбы, тіл көркемдігі, жазылу шеберлігі жағынан қазақ әдебиеті тарихындағы шоқтығы биік, кезеңді шығармалардың бірі. «Раушан-коммунист» повесі мен «Азамат Азаматыч» романы – Б. Майлин шығармашылығының ғана емес, қазақ әдебиетінің табысы, көрнекті шығармасы.

Бейімбет Майлиннің  шығармашылығы 1956 жылдан кейін ғана жан – жақты зерттеле басталды. Ол туралы оның өмірі мен шығармашылық қызметі жайлы бірнеше кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды жеке монографиялар жазылды. Темірғали Нұртазиннің «Бейімбет Майлин творчествосы» (1966 ж.), Бейсенғали Наурызбаевтың «Дәуір суреткері» (1967 ж.), Рәзия Рүстембекованың «Бейімбет Майлиннің драматургиясы» (1969 ж.), Т.Бейісқұловтың «Қанатты қаламгер» атты монографиялық зерттеулері жарық көрді.

Бейімбет Майлиннің  прозасы өзіндік ерекшелігі, стилі, тілі, көркемдік айла – тәсілі бар  ерекше проза. Ол жиырма жыл бойы үздіксіз өсіп, дамып ұлғайып отырған проза. Оның идеялық мазмұны әрдайым  көркемдік түріне сай келіп отырады. Сондықтан да социалистік реализм әдісі Бейімбет прозасында берік орын алып шын мәніндегі көркемдік құдіретін таныта алады.

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Әдебиет жанрының дамуына өз үлесін қосып, халықтың тұрмыс – тіршілігінің сан қырын өз шығармасына арқау еткен жазушы Бейімбет Майлиннің мұралары зерттеле, сан қырынан талдана берері хақ. Әдебиет әлеміне өзгеше сарынмен келген Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы, проза саласындағы шығармалары сөз болып, мектеп бағдарламасында оқытудың жолдарын арнайы зерттеудің өзектілігі айқындалады.

Зерттеудің  мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен келген жазушы Бейімбет Майлиннің прозасы және мектеп бағдарламасында оқытудың тиімді жолдарын жүйелеу мақсаты бойынша мынадай басты міндеттерді шешу көзделді:

  • Жазушының проза жанрындағы әңгіме, новелла, мақала – очерк, фельетондарын,  повестері мен романдарын жүйелеу;
  • Прозалық шығармаларының тақырыптық, көркемдік ерекшеліктерін саралау.
  • Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Б.Майлин әңгімелерінің  негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары

 

 

 Бейімбет Майлин - әдебиетіміздің барлық саласында әртүрлі жанрларында бірдей қызмет еткен жазушы. Оның шығармашылығына тән халықтық, қарапайымдылық қасиет тек поэмасында ғана емес, прозалық, драмалық шығармаларында да ерекше байқалады.

      Әдебиетіміздің проза саласында, әсіресе, оның көркем әңгіме сияқты шағын жанрында Бейімбеттей көп еңбек еткен жазушы кемде- кем. Қара сөздің техникасын қазақ жазушыларының ішінде Бейімбеттей жақсы білетін кісі кемде – кем десе де болғандай. «Қазақ әңгімелерінің аса көркем үлгілері Бейімбеттің өзгеше мұрасынан танылатын» деген Мұхтар Әуезовтің пікірі жазушы шығармашылығына берілген әділ баға.

       Бейімбеттің проза саласындағы тұңғыш еңбегі – «Шұғаның белгісі» атты атақты повесі. Бұл шығарма жазушының прозадағы тырнақалды еңбегі бола тұра көтерген тақырыбы, тіл көркемдігі; оқиға тартысын өрбітудегі жазу шеберлігі жағынан қазақ әдебиеті тарихындағы кезеңді шығармалардың бірі болып есептелінеді. Повестегі басты образ – Шұға махаббат бостандығын аңсап, сүйген жігіті Әбдірахманға қосылу тілегін орындай алмай, қайғы – шермен қаза болады. Повестің негізгі тақырыбы-махаббат бостандығын аңсаған жастар жайы. Өз заманының көзі ашық оқыған жігіті Әбдірахман Есімбек деген байдың Шұға деген жас қызына ғашық болады. Қыз да Әбдірахманды ұнатады. Көбірек жүздесіп білісудің нәтижесінде бұл екі жас бір – бірін көрмесе тұра алмайтындай дәрежеге жетеді. Екеуі де махаббат құшағына бөленіп тату – тәтті өмір сүруді аңсайды. Әкесінің Әбдірахманға қарсы екенін сезген Шұға өз арманына жете алмайтынын білген соң күйіктен ауырады. Оның ауруы асқынып, өмірден үміті үзіле бастағанын сезген әке Әбдірахманды шақыртады, жалғыз қызының айтқанына көнбек те болады, бірақ Әбдірахман келгенше Шұға қайғылы халде өліп кетеді. Повестегі негізгі мәселе Шұғаның тағдырымен тығыз байланыстырылған. Шұғаның махаббаты, арман – мүддесі, қайғылы зары, трагедиялық халі түгелдей әңгіменің арқауын құрайды. Оқиға сол желі арқылы өріліп ширатылады да, сол жіптің үзілуімен бітеді. «Шұға өмір сүрген ортаны, заман жайын, дәуір кейпін де аңғартарлықтай бірнеше характерлер жасай білген. Шұға - Әбдірахмандар мен  олардың махаббатына сүйсіне қарап, қайғысына ортақтасушы. Шұға тарихын әңгімелеуші «сиректеу сақал  мұрты бар, қара бұжыр» кісі де, Есімбек байдың малайы Базарбай да ұнамдылық мінез-құлқымен өздерінің жарқын бейнесін танытса, бұларға жау болып көрінген Есімбек бай мен Қажыбай, Айнабайлар да өздерінің кертартпалық, жұғымсыз әдет-ғұрыптарымен оқушының соншалықты жеркеніш сезімін тудырады. Көлемі шағын ғана шығармада бірнеше кейіпкерлердің мінез-құлқы мен характерін драмалық, жекелік ерекшеліктерімен шынайы суреттей білу - жазушының асқан шеберлігін көрсетеді. Бірақ, реалист жазушы Бейімбет ұнамды кейіпкерлерін жылтыратып, боямалап, әсіре қызыл қуыршақ бейне етіп көрсетуден мүлде аулақ. Ол өз кейіпкерлерін адамға тән қадір-қасиет, жақсылы-жаманды мінез –құлқымен жанды бейне ретінде суреттейді. Бұған Әбдірахманның ынжықтау, басқа түгіл өз қара басын қорғап ала алмайтын осалдықтарының  өзі-ақ айғақ бола алады. Қалайда Бейімбеттің бұл шығармасы көркемдік шеберлігі жағынан құндылығын осы кезге дейін жоғалтпаған ірі туынды, көрнекті шығарма болып табылады.

       Прозадағы  алғашқы шығармаларының бірі  – «Сексен сом». Мұнда Егеубай  деген кедейдің бір күндік  өмірін суреттеу арқылы жазушы  «елім, жұртым» деп өтірік көлгірсіген  алаш өкіметінің елді тонаушылық  саясатының бет пердесін әшкерелейді.  Жалғыз аты бар Егеубайға «алашорда» ашылыпты, соның шығыны деп үй басы «сексен сом» беретін болдық» деген Тынымбайдың хабары аспаннан жай түскендей көрінеді. Бұдан бір ай бұрын да 80 сомды төлей алмағаны, үшін «мынау большевик қарсылық көрсетіп тұр» деп ұстатып жібере жаздағаны есінде. Енді,міне, «Сексен сом» үшін алаш жігіттері Егеубайдың жалғыз көк шолақ атын алып кетеді.

       Ел басына туған аштық апаты жайлы да жазушы біраз шығармаларын жазады.Солардың ішінде асқан реалистікпен суреттелгендері – «Күлпаш», «Аштық құрбаны», «Әже». Осы үш әңгімеде бұл мәселе үш қырынан көрінеді.

        «Күлпаш» әңгімесі 1922 жылы жазылған. Кедей үйінің жұпыны түр-әлпеті. Ішерге ас, киерге киім жоқ. Алты айғы қыс аштық қысып әбден жүдеген жандар. Күлпаш пен баласы Қали аштықтан ісінген, сенері - ел қыдырып қайыр тілеп кеткен Мақтым. Мақтым ертемен тұрып ел қыдырып кетсе, әйелі Күлпаш сол бірдеме әкелетіндей өзін-өзі адастырумен болады. Елден қайыр сұрап кеткен Мақтым да дорбасын мойнына арқалаған бойы күн батып кеш қарая үйіне әрең жетеді. «Қыржиып тырысқан қысқа тон қаудырлы қатқан жаман тымақ, аяғында қонышынан басылған жаман етік; мойнында дорбасы бар жағы суалып, көзі адырайып, адам бейнесі кеткен біреу есіктен кіреді. Бұл - Мақтым еді.» деп жазады жазушы. Осы өмір үшін күресуге де ешбір дәрмен қалмай, аштықтан құтылудың амалын таба алмай отырған Күлпашты туған сіңлісі Раушан келіп айландырады. Раушанның ақылы бұл түріңмен аштан өлесің. Одан да Жұмағазыға ти. «Оған тисең өзің би,өзің хан боласың, 40-50 қарасы бар. Бір ауылдың байы. Бұрынғы қатынынан бала қалған жоқ. Жасы биыл тап 40-та.» Аштықтан шаршаған Күлпаштың қайрат - жігерден, ақылдан да айрыла бастағанын сезген сіңлісі: «....Не бар тамақ соның үйінде, бұзылмаған қазы, бүрулі ет, шұжықтың саны жоқ....Әлі күнге дейін дастарханның наны үзілген емес» деп қызықтыра түседі. Тамақтарды тізіп өткенде Күлпаштың аузынан  суы ағып, есі кете жаздайды. «Қарағым-ай, өздерің білші...мен естен танған кісі ғой – дейді ақырында. Сонымен аштық әуелі Күлпаштың бойын жеңіп сай – сүйегін босатса, ойын да, ақыл – есін де, адамдық, аналық қасиетін де жеңеді. Жалғыз ұлы Қали мен сүйіп қосылған жары Мақтымды өлімге қиып, өз басының тірі қалу қамын ойлап, көрмеген, білмеген Жұмағазының үйіне соның тоқалы болуды мойындап кете барады. Жазушы Күлпаш басындағы осы бір ауыр күйзелістерді қарапайым ғана суреттермен шынайы бейнелейді. Күлпаштың жалғыз ұлын да тастап кетуге бет алғанына оқушы сенеді, енді оның кетуін, Жұмағазыға әйел болған күндерді суреттеудің қажеті де болмай қалады. Енді жазушы баласын сағынып, жолдасы Мақтымды аяп, соларды өлімге қиып кеткеніне арланған ананың аяулы келбетін суреттейді. Әңгімені тебіренбей оқу мүмкін емес, кейіпкермен бірге еріксіз күйзелесің – «Әттең кедейлік, әттең аштық, қылдың – ау!..» деп жазушымен бірге ренжисің. Қысқа ғана әңгімеде жазушы бір отбасының басына тап болған трагедиялық халді шебер көрсете білді. Реалист жаушы өмір шындығын айнытпай дәл басады.

        Аштыққа байланысты әңгіменің бірі – «Аштық құрбаны». Бұл әңгіме тақырыбы жағынан «Күлпаш» әңгімесіне сабақтас, тек көркемдік шешімі өзгешелеу. Қайрақбай кедейдің отбасы аштыққа алқынып, содан құтылудың амалын таба алмай қиналып, күйзелген күңгірт күндері сөз болады. Қайрақбайдың жер үйінің іші ит байласа тұрғысыз азынап тұр. Отқа жағар отын, ішерге ас жоқ. Қайрақбайдың әйелі Шырынкүл сөніп бара жатқан оттың шоғын шыпшамен көсеп жайнатқан болады, бірақ жанып біткен қамыстың шоғы сөніп қала береді. От сөнгенде бұлардың өмірі де сөнетіндей сезінеді. Қара судан бөлек ішетін ұрттам тамақ жоқ. Екі күннен бері дым татқан жоқ. Мұның ар жағы не болмақшы?  «Жақ сүйегі сорайып, екі көзі аларып, еңсесі түсіп Қайрақбай отыр: Екі көзі жаутаңдап, әкесінің шоқпыт күпісіне орана түсіп, сегіз – тоғыз жасар бала Таңсық жатыр. Бәрінен де қайғылы, бәрінен де жүдеу, біресе жылаған шешесіне, біресе еңсесі түскен әкесіне қарап жаутаңдап Дәмеш отыр», - деп суреттейді жазушы Қайрақбай отбасының ауыр күндердегі көрінісін. Дәмеш - он алтыға шыққан қыз. Ол қатарлы жұрттың балалары кісіге жалданып әке – шешесін асырап отыр. Неге еркек бала болып тумағанына күйінеді Дәмеш. Аштықтан шаршаған Қайрақбай отбасының жайын түсінгендей боран да үдей түседі, жел ысқырып, ұлығандай, сақылдап күлгендей, сарнап жылағандай болады. Қараңғылық түнеріп әлемді тұншықтырып бара жатқандай секілді сезінеді. Аштықтан құтылудың бірден-бір амалы - Дәмешті күйеуге беру деп біледі анасы. Әке – шешесін, бауыры Таңсықты аштық тырнағынан ажыратып қалу үшін жанын садақа қылуға Дәмеш те әзір. Алыстағы шал Тілеумағамбет тоқалдыққа сұрап отыр дегенді естігенде Дәмештің жүрегі мұздап, тұлабойы қалтырап кетеді. Апыр – ау, өлейін деп отырып қызды қайтеді екен? Өзі өлгенше қатын үстіне болса да балаларының біріне неге әпермейді екен?.. Болса да сатылатын болған соң, тым болмаса жас жігіттің душар болмауын қарашы!» деп армандайды аштықтан құтылу үшін өзін құрбандыққа әзірлеген Дәмеш. Оқиғаның одан арғы шешімі Дәмештің Рахилаға жазған хаты арқылы баяндалады. Рахилаға Дәмеш өзінің басынан кешкен жәйттерді: Тілеумағамбет шалдың үйінде күнін өткізіп жүргенде ол үйге бір «төре» қонақ болып, оған Дәмеш арызын айтып өзіне, әке – шешесіне бостандық алғанын, ақырында сол «төре» екеуі қосылып, бақытты өмірге жеткені жайлы баяндайды.

      Бейімбеттің бұл әңгімесінің құндылығы өз кезіндегі оқиғалардың ыстық – суығы басылмаған кезінде оған батыл қадам сілтеуі.

      «Әже» атты әңгімесінің құндылығы да өте қызық. Қысқа әңгіменің өзін жазушы алты бөлімшелерге бөледі. Бірінші бөлімде Злиханың өз ойымен өзі арпалысқан ішкі сырына қанық боласыз. Злиханы Сарымсаққа ешкім зарлап қосқан емес, өз еркімен сүйіп қосылған қосағы. Содан бері тоғызыншы жыл. Сарымсақтай момын жоқ, Злихаға ол мынауың теріс деп көрген емес. Злиха еркін өсті. Сол еркіндігі ақыры өзінің түбіне жетті. Тілінің қызықтығымен ұйытқан Ұлпа мен еңбектеген Бақыттың кінәсі не? Олардың көзін жаудыратып жетім қалдыратындай не көрінді Злихаға? Неге бұзылды ол? Оны Злиханың өзі де түсінер емес: - «Құдай – ау, осы пәлеге мені салғалы жүрген кім? Мен неден аздым? Маған не көрінді? Бақытжанды қайтем? Ұлпанды қайтем? дейді өзіне- өзі Злиха. Екінші бөлімде Сара, Кәрібай, Жалмақ үшеуінің кеңесі суреттеледі. Ауылдың қуы Сарыға Жалмақ Сарымсақтың Злихасын  Кәрібайға алып бер дейді. Үшеуі сөз байласады. Күйеуінен де көңілі қалмаған, сүйікті балаларын аялап өсірген тату – тәтті отбасы бар Злиханың надандығын пайдаланып азғыра түсу, сөйтіп көрмеген, білмеген қайдағы бір Кәрібайға қосу. Злиханы  азғырушы - оның бөлесі Қожантай. Үшінші бөлімде - Сарымсақтың түсі. Түсінде оны біреу жардан құлатып жіберіп, ирелеңдеген біреу Злиханы дедектетіп әкетіп барады. Злиха! деп шошып оянғанда қолы Злиханың бос жастығына тиеді. Әйелін іздеп әбігер болады да қалады. Төртінші бөлімде Злиханың Кәрібай үйіндегі күйеңкі өмірі суреттеледі. Өзінің алданғанына өкініп, өксігін баса алмай жүрген Злиханың аянышты өмірі көз алдына елестейді. Бесінші бөлімде өкпе ауруына шалдыққан Злиха әкесінің үйінде өлім халінде жатыр. Балаларын сағынады. Басынан кешкен оқиғаларды әжесіне сайрап отыр. Кәрібайдың үйінен қашып шыққан күні шананың үстінде келе жатып түс көреді. Сарымсақ іздеп келеді. Алтыншы бөлімде үйіне жетер – жетпесте Злиха өліп кетеді. «Әжелеп» балалары қалады. Осы әңгімеде жазушы нені көрсетпек болған? Злиха, Күлпаш пен Дәмеш тәрізді аштықтан алжасқан жоқ. Күйеуінен зәбір көрген, не байлықтан мастанған да жан емес. Олай болса, шығармада автор уағыздаған идея не? Злиқа - адасқан әйел. Өз бақытын өзі бұзды. Өз бақытын аяққа басқан адам бақытты болуы мүмкін емес. Жұрттың өсегіне еріп өз отбасын ойрандаған адам тағдыры трагедиямен аяқталатынын меңзейді жазушы.

      «Отбасында» атты әңгіме, өлеңдер жинағы 1926 жылы Қызылордада жеке кітап болып жарық көрді. «Еңбекші қазақ» кітапханасы» шығарған. «Еңбекші қазақ» басқармасы «Оқушыларымызға» деген арнау жазған. Онда былай делінген: - «Еңбекші қазақтың» жалғыз – ақ арманы - қазақ еңбекшілерін көбірек өз маңына үйрілтіп, соларды қай жақтан болса да тәрбиелеп, өкіметпен жақындастыру... Мыңдаған қазақ еңбекшілерін, жылдап жазылған алдырушыларын мұнан да көбірек баулу мақсатымен басқарма өңкей жылдық алдырушыларына сыйлық тарту есебінде осы кітапшаны шығарып отыр». Кітапша «Жер ошақ басында» атты өлеңмен ашылған. Онда жаңа үй болған жас келіншек Маржанның жар астына жер ошақ құрып сабын қайнатып жатқаны суреттеледі. Кітапшада «Өңгелбай», «Құлақ», «Серттескендер», «Заман», «Мектеп» атты әңгімелерімен қатар «Мақтым, Күлпаш», «Шал мен қыз» атты өлеңдері жарияланған. «Заман» атты әңгімесі мен кейінгі екі өлеңі жинақтарына кірген. Ал «Өңгелбай», «Құлақ», «Серттескендер» осы кітапшадан кейін қайта жарияланбаған. Бұлардың жазушының алғашқы әңгімелеріне жатқызуға болады (1923-24 жылдары жазылған). Әңгімелердің қай – қайсысы да қысқа мазмұнды, оқиғасы ширақ құрылған көркем әңгімелер. Мысалы «Өңгелбайды» алайық. Өңгелбай болыс болып сайланады. Жұрт ол туралы «еті тірі, пысық, ретін табар» деп ойлайды. Оның ептеп шикілігі де бар. 4-5 жыл бұрын ол дәулетті адамдардың қатарына жатушы еді, бірақ жалпы елге келген жұрт мұны мүлде әлсіретіп кеткен. Өйткені ол кезде Оңғарбай карта ойынымен қызығып жүрді де, малдың қалай біткенін білмей де қалады. Қазір бір аты, бір сиыры бар. Оның хатшысы етіп бұрынғы болыстың писары Алексейді ұсынады. Оны халық «Әлеке» дейді. Талай адамға «протокол», «постановление» жазған Алексейге арызын айтады, еңбек ақысын байдың бермей жүргендігіне шағым жасай келіпті: Оған «арызыңды сотқа бер» деп құтылған кезде 2 - ауылдың ауылнайы келеді. Ол орысша жазылған бұйрықты өздеріне қайтып әкеледі де бұйрықтардың бәрі қазақша жазылу керек деген губерниялық комитеттің шешімін ала келеді. Болыс сасады.

    • Алексей ғинардың бірінен бастап бұйрықты қазақша жазу туралы приказ келді ме?
    • Никакой приказ жоқ.
    • «...  ...» газетінде бар дейді ғой? Ол қайда?
    • Қандай газет?
    • Қазақша.
    • Бәйбіше майлыққа газет сұраған соң мен бәрін бергем. Болыс қысылды.
    • Қатын, уа қатын!
    • Немене?
    • Газет алдың ба?
    • Газеті несі?
    • Антұрған мұсылманша тасқа басқан жазуы бар қағаз.
    • Алексей берген қағаздары бар еді.                                                   

Информация о работе Б.Майлин әңгімелерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары