Б.Майлин әңгімелерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 17:45, реферат

Описание работы

Қазақ әдебиетінің негізін салушы көркем сөз шеберлерінің бірі – Бейімбет Майлин. Әдебиеттің поэзия, проза, драматургия саласында бірдей қажырлы да жемісті еңбек етіп, көркемдік жағынан құнды, көлемі жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырды.

Работа содержит 1 файл

анар.doc

— 426.50 Кб (Скачать)

Өлмеген жан талай қызық көреді,

Жарқыраған сәулелі күн алдыңда».

        Бұлардан басқа да Хасен Баймұрзин, Асылбек Ташпаев, Байтүгіл Амантаев сияқты жазушының замандастары оқиғаның растығын әңгімелеп береді..

      Сонымен, Бейімбет Майлиннің «Он бес үй» атты повестінің оқиғасының негізі өмірде болған, жазушының өз көзімен көріп, басынан өткізген шындықтан алынған. Бұл, әрине, Бейімбет Майлин өзі көрген оқиғаның сол қалпында көркем шығармаға айналдырды деген сөз емес. Көркем шығарманың оқиға желісі өмірдегі шындықтан алынған деген пікірді қуаттау үшін ғана айтылып отыр.

       Жазушының «Әміржанның әңгімесі» атты көлемді де бағалы шығармасында оқиға Әміржанның атынан баяндалады. Ал, Әміржанның бойындағы психологиялық жан құбылыстары мен оны қоршаған адамдардың іс-әрекеттерін автор өз баяндауы арқылы жеткізеді. Әміржан өмірі арқылы жан-жақты еңбек адамының бай да мазмұнды өмірін баяндайды. Оқиға «Ұйым» колхозының шаруашылығын суреттеуден басталады да сол колхоздың бастығы Дәуғара Жұмабаевтың көрсетуімен әңгімеші Әміржанмен әңгімелеседі. «...Ерінбесеңіз түгел тыңдаңыз,- дейді... Әміржан: -Мен айтып шығайын,- деп, қай жерден бастарын білмеген кісідей, тағы бірсыпыра отырады. «Бала күнгі өмірімді сізге айтып қайтейін. Ол бір таусылмайтын жыр ғой. Әкемді көргем жоқ, шешем берірек келген соң өлді, әкеммен бір туысқан әйел болушы еді, маған қожа сол кісі болды. Оның өзі кісі есігінде еді. Мені Дүтбай дейтін біреуге қойшы ғып жалдады. Шағын ғана дәулеті бар кісі екен. Бірақ қаттылыққа келгенде адам дейтін мінезі жоқ ит еді. Дүтбайдың таяғы еске түскенде ұйқыдан шошып оянатын кездерім болады...»

     Өз өмірі жайлы әңгімені осылай бастаған Әміржан бірнеше мәселенің басын қосып оқиғаның сюжеттік желісін үдете түсті. Оның өз басынан кешкен өмірінің бәрі қызық. Ол 1916 жылы майданға алынып, қыс ішінде, сақылдаған сары аязда «барақта» жатып ағаш кесіп, окоп қазды, тірі қайтамын-ау деген үміт жоқ еді. Бірақ тірі келді. Елі жабылып жеңгесіне үйлендірді, онысы бір түннен кейін қашып кетті. Бір кезде малайлықты бастан бірге өткізген Дәуғара қызылдардың отрядында екен Әміржан да соған қосылады. Бір жылдан соң Қуанышбек қарттың үйін іздеп келеді. Осыдан кейінгі оқиғаның басым көпшілігі Рабиға екеуінің арасындағы қарым-қатынастары жайлы болады. Оқиға желісін түгелдей дерлік Әлімжанның әңгімесімен баяндағанымен бірнеше кейіпкерлердің нақты образдары жасалынған. Дүтбай, Баймағамбет сияқты байлар, Өтебай тәрізді алаяқ қу, күйеу жігіт Досжан т. б. Ұнамсыз кейіпкерлердің іс-әрекеттерін суреттеу үстінде жазушы Әлімжан, Дәуғара, Рабиға, Апалайлардың іс-әрекетін де шынайы бейнелеп көркем сөз аясында суреттейді. Өтебай тәрізді қулар кеңес үкіметі тұсында-ақ зұлымдық әрекеттері арқылы ауыл советтің председателі қызметін атқарып жүреді. Өтебай типтес адамдар әр ауылда да бар. Олардың қатысуынсыз ешбір іс бітпейді. Тіпті бой жеткен қыздардың тағдыры да осылардың қолында. Соны сезген Өтебайлар ойына келгенін жасайды. Бұл жерде де дәл солай. Қой аузынан шөп алмайтын жуас қарт Қуанышбектің жас қызы Рабиғаны Досжан дейтін жасы қырықтан асқан күйек сақалды, құжырайған кәрі шалға жас балғын қызды бермекші Өтебай. Өйткені, Досжанның атақты құлаторы аты Өтебайдың тақымында. «Барлық билікті соған бердік» - деп қыз әкесі Қуанышбек қарт отыр. Дәл осы жерде Рабиғаның көз жасын аяп, мәселеге Әміржан кіріседі. Повестегі оқиға тартысының өзі осы Әміржан мен Рабиға тағдырымен тікелей байланысты болатын. Әкенің әлсіздігін сезіп қызына өктемдік жүргізуі жағынан повестің сюжеттік желісі «Беренге» ұқсайды. Онда да оқиға дәл осылай ширатыла түсетін-ді. Рабиғаны зорлап алып кетейін деп отырған жерінен Әміржан қайтарып алып келеді. Түнделетіп бір топ адам артынан қуып келіп Рабиға үйінің берекесін кетіреді. Енді дәл Берен басында болған оқиғаға тап болармыз деп отырасың, бірақ автор бұл жерде басқа шешім тапқан. Өтебай қу тағы да қулығын асырып, Әміржанның сөзін тыңдаған болып, жігіттерін алып кетеді.

       Әміржанның образы талай-талай ауыртпалықтарды бастан кешірген, ақыры теңдікке қолы жетіп, сауатын ашуға мүмкіндік алған адал  бейнесін көз алдыңа елестеді. Ол қулық-сұмдығыңды білмейді, ойындағысын ашық та, батыл айтатын адал, жоқ жерде ашулана салатыны да, не болса соған өкпелей қоятыны да бар. Ашулана сөйлегенде өзі білетін бес-алты сөзбен ауызорыс сөзін араластыра айтатын әдеті тағы бар. Рабиғаны күйеу жігітке апарып, көрсетуге келген бір топ жеңгелеріне Әміржан: «- Советский власть сендер үшін орнатқан шығармын?... Слабоданы білесіңдер ме! Слабода болғанда, әммә еркек, әмме әйел бір кісі болады. Мынау әйел екен деп кемітуге не имеешь право! Советский закон такой. Буржуйлер жас қыздарды жылатып ала берсін! – демейді. Вот мына Рабиға жылап отыр, значит ол риза емес болған болар. Ал менің бұған кірісуім керек болады. Кіріспейтін болсам, майданға неге бардым? Бармауым керек еді. Мен керек дедім, бардым... Сондықтан әммә әйелдерге слабода жариялап, буржой сволочтардың қарнын тілу керек».

        Әміржан мен Рабиға екеуінің арасындағы кикілжің әңгіме де өкпе араздан туған жәйттер. Партияға кірсем қайтеді деп ақылдасқан Рабиғаға Әміржан әуелі сауатыңды ашып алсайшы, арызды өзің жазатын дәрежеге жеткен соң кірісерсің деген-ді. Әміржанның бұл ақыл-кеңесіне өзінше ренжіген Рабиға арызды басқа біреуге жаздырады. Бюро мәжілісінде Рабиғаның арызын қарағанда Әміржан қолын көтермей қалыс қалады. Кейін Әміржан мәселесі тұсында Рабиға оны партия қатарынан шығарушылар жағында болады. Әңгіменің бар шатағы осы ғана. Арасынан салқындық кірген ерлі-зайыпты адамдардың жарасуына дәнекер болатын жәйт арадағы баланың тағдыры екендігін жазушы шебер суреттеп, өмірлік бояуымен тартымды бейнелей білген. Бұлардың да Белжан деген баласы бар. «... Ашуға тығылған Әміржан баласын сүйген соң жадырап, басын көтереді. Баласын алдына отырғызған күйі жылжып жақындап, манағы серпіп тастаған дастарханын қайтадан жайып:

  • Шәй құйшы Белжанға, - деді. Рабиға шәй құйып берді.
  • Қантыңнан таста, - деді Әміржан. Нақ осы минутта осы екеуінің

арасына мына қара бала дәнекер боп, ерлі-зайыпты адамға ұқсатып жіберген сияқтанды...

       - Ашуланамын деп,  шәй ішпедің білем, ішесің бе?- деді Рабиға күлімсіреп.

       - Құйсаң құйшы!  – деп, Әміржан бөрікті жерге  тастай беріп, дастархан басына  бұрынғыдан да бетер төнді».

       Осы бір штрих  жазуышының адам психологиясын  тануда асқан шеберлігін көрсетеді.  Арада болған айлық араздасу, суысудың бәрін бала Белжанның  бір жымиып келіп әке қойнына  кіруі жуды да кетті, бәрін  ұмыттырды. Рабиғаның артынан  қуып келген жауыздардың іс-әрекетін суреттейтін қорқынышты көріністі жазушы кейінірек 1935 жылы жазған «Берен» атты повестінде әсерлендіре, тартысын қоюлата түседі. Мысалы «Әміржанның әңгімесінде» (1932 ж) «Есіктің алды тықырлап, аяқтың дыбысы келіп-ақ қалды. Күн ұзаққа жүрекпен алысып күткен минут – осы. Мұның ақыры не болады?

      Біреу есікті жұлқа  тартып қарады да:

  • Аш – деген дауыс шаңқ етті.

Есік сықырлап сынуға айналды. Енді бірер минут жұлқыласа, опырылып қолдарына барғалы тұр. Есік ашылды десе, аш қасқырдай тісін қайрап тұрғандар үйге тап бермей ме. Үйге кірді десе, кімнің ажалының жететіні айдан анық...»

     1935 жылы жазылған «Берен» атты повестің де дәл осыған ұқсас көріністі яғни жас Беренді қараңғы түннің бірінде қорлап әкетпек болған зұлымдардың суық әрекеттерін жазушы былай суреттейді:

      - Үн жоқ. Күшті  дауыл соққандай үй сықыр-сықыр  етеді. Мына жұлқылауын қоймаса,  үйді көтеріп тастаулары да  мүмкін. Жабықтан түсулері де  кәдік. Үйде бұғып отырғанмен  жан сақтау қиын, одан да айқасу  керек... Аяқ дыбысы. Алқынған біреудің демалысы. Құрулы қолын алға созып, біреу табалдырықтан аттағандай болды... Береннің ойы астан-кестен. Береннің ызыңдаған шу... Берен кіндік темірді қос қолдап ұстап сілтеді... Омақата құлаған адамның басы Береннің аяғына келіп қақтықты. Бұдан кейін Берен өзін-өзі ұмытты».

      Қысқасы, Б.Майлиннің «Әміржанның әңгімесі» атты повесі де еліміздің колхоздасу дәуіріндегі тарихынан, сол кездегі тап тартысы жайлы елес беретін көркем туынды.  Колхоздасу дәуірінің алғашқы жылдарында (1930-1933 ж.ж.) Өлкелік комитетінің асыра сілтеуден туған қателіктерін қазақ даласындағы тап жаулары шебер пайдаланып қоғамымызға аз кесірін тигізген жоқ. Олар жаңа ұйымдасқан артель мүшелерінің арасында іріткі салып, колхозды үлкен күйзеліске ұшыратты. Бірақ көп ұзамай Өлкелік партия комитетінің жаңа басшылары бұрынғы қателіктерді тез түзеп, шаруашылықты өркендету мәселесін қолға алған еді. Міне, бұл кезеңнің тарихы әдебиетімізде із қалдырды. Қазақ әдебиетінде С. Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасы М.Әуезовтің «Білекке білек» әңгімесі, Мүсіреповтің «Бір адым ілгері, екі адым кейін» повесі, Бейімбеттің «Талтаңбайдың тәртібі» атты пьесалары т. б. шығармалар сол дәуірдің шындығын суреттеген болатын. Б. Майлиннің 1933 жылы жазылған «Қырманда» атты көркем повесі де колхоз құрылысының алғашқы асыра сілтеу кезеңінен кейінгі жаңа өмірге бетбұрысты көзге елестете отырып, еңбек, тәрбие, мораль мәселелерін және тап тартысының әлі де бітпегенін, күшейе түскенін суреттеуге арналған. Повесте алуан түрлі адамдарға жекелік, даралық мінездемелер, олардың өзіндік өзгешеліктері суреттелінгендіктен де жазушы көп жағдайда шегіністер жасап кейіпкерлердің бұрынғы тарихымен де оқушыларды таныстырып отырады. Повесте кейіпкер саны көп және олардың арасындағы шым-шытырық қарым-қатынас күрделі күрес үстінде суреттелінген: Олар «мен доспын», не «жаумын» деп айқайлап тұрмайды, өмірлік шындық қалпында адамға тән құбылмалы өзгешеліктермен, кейбір артықшылық не әлсіздік қасиеттерімен шынайы бейнеленген. Оқиға «Малшы» колхозындағы шаруашылыққа байланыстырылған. 1930-31 жылдардағы асыра сілтеушіліктің салдарынан ыдырап 10 үй қалған артельде Ертай басқарма ағасы болып келгелі жүзге тарта үй колхоз болуға ұйысты. Ертай жаңа басшылықтың жіберген адамы. Сондықтан да оның алдында жаңа адамдарды тәрбиелеу міндеті тұр. Колхоз болудың шын табиғатын түсіндіру, жеке меншікке үйір елді көпшілік, қоғамдық түсіндіру,  меншікке баулу, қоғам мүлкіне өз мүлкіндей қарауға тәрбиелеу, санасы төмен бірен-саран адамдар болса олармен жұмысын жүргізу – міне, жаңа келген басқарма ағасы Ертайдың алдында тұрған күрделі міндеттер осылар еді. Ертай еңбекші таптың арасынан шыққан аздап сауаты бар, саналы жастардың бірі. Ол не істесе де ойланып, алды-артын кесіп, пішіп барып орындауға кіріседі. Колхоздың әрбір мүшесіне өзінше мінездеме беріп, оны книжкесіне жазып қойып жүреді. Мысалы оның книжкесіндегі «Бәкен мен Ақсүйрік» деген жазуда былай делінген: «Бәкен отыз жетіде. Хат танымайды. Асыра сілтеу кезінде атқамінерлік істеген. Жұмысқа қыры жоқ. Колхоз құрылысына тым салқын қарайтын адам. Мұны басқарма мүшесіне ұсынушылар арам оймен ұсынған болып шықты. Тәрбиемен түзелетін адам емес. Әйелі Ақсүйрік – «өсекші, мақтаншақ, көпірме болды. Бәкенге мықты қожа. Бұзықтыққа бейім. Алды-артына абайламайтын лақпа мінезден құр емес». Осы бір аз ғана сөзбен берілген мінездемеде Ертайдың іске тиянақтылығы, әрбір колхозшыға деген қамқорлығы сезілгендей. Ертай бастаған бір топ ұнамды кейіпкерлердің образдары өзіндік ой-сезімімен, өзіне ғана тән мінез-құлқымен суреттелінген. Нұрыш, Дүйсен, Өмірбек, Жамал, Тұмарша, Тасмағамбет, Қатиралардың әрқайсысы әртүрлі өзіндік қыры бар, өзіндік жан-сезімі, ой-толғанысы бар кейіпкерлер. Өмірбек, Ертайдан кейінгі ең саналы кейіпкер болса, Нұрыш бұрын байдың сенімді жігіті болған, конфискеден оның бағалы заттарын жасырып, кейін талай опық жеудің нәтижесінде санасы жетілген кедей. Дүйсен болса Жамантай байдың Әсия деген қызына үйленіп, әйелі мен Жүсіптің ықпалында көп уақыт болып шатасқан, кейін Ертайлар жағына шыққан жас. Бәкен мен Ақсүйрік те оқиға шиеленісе келе түйіні шешілер мезетте халық жағына шыққандар. Әбдірақ бригадирдің де мінезі қызық. Адалдығы да, аңқаулығы да бір басына жетерлік. Ол үшін аспан астындағылардың ала құласы жоқтай.  Тасмағамбет те тартымды суреттелінген образ. Талай рет ауылдық кеңеске мүше болып сайланды, бірақ суырылып шығып көзге түскені аз болды. Тасмағамбеттің ол айыбын жазушы «сол кездегі бірге жүрген жолдастарынан еді, кедей атынан кеңеске мүше қылып өткізгені болмаса, осыны баулып өсірейін деген тілек оларда болмады, әкей-үкей болып араласып кете алмады да, Тасмағамбет белгісіз көптің бірі болып қала берді» - деп түйеді. Оның тіпті отбасындағы мінезі де қызық. Өз әйелі Злиқаға «жолдас қатын» деп қалжыңдауды әдетке айналдырған ол кейінірек Злиқа басқа адаммен көңіл қосып, енді енші алуға келгенде де ренішін білдірмей, қалжыңмен шығарып салады.

  • «Өмір бойы әзіл араластырмай сөйлемейтін Тасмағамбет не айтарын білмей осы жерде бір қысылды:

      -   Ау, қатын-ау... мені тастағанда тілегенің  мынау бір шертік пе?...Тәуірлеу  біреуіне тисең болмайтын ба  едің? - деді. Злиқаның барлық бұйымын беріп, өз қолынан аттандырды.

      - Жолдас  қатын, ренжімей аттан... Жолың  түскенде келіп тұр,-деді қоштасқанда». Міне, осы бір жолдарды оқығанда  Тасмағамбет жайлы не қылған, «жігерсіз», «жасық» адам еді  деп те ойланамыз. Жазушының мына бір суреттеуінен кейін ғана Тасмағамбеттің табиғатына қанық боламыз. «Дегенмен, Злиқа аттанып кеткенде, ішін бірдеме жалап бара жатқаннан жаман тынышсызданды. Көз жанарына жас толды. Сөйтіп тұрып өзін жеңуге тырысты: «Нешеуа, бала белде, қатын жолда, қайғыратын нем бар?» Жалғыз кемпірді арқалап жүрсем де асырармын»- деді өзін жұбатып.

     «Қырманда» повесінде Бейімбет ұнамды кейіпкерлердің де образдарын типтік дәрежеге көтерген. Ертай бастаған ауыл коммунистері мен комсамолдары колхоз құрылысын нығайту ісінде оңай кедергіге кездесіп жүрген жоқ. Оларға Жүсіп бастаған бір топ жауыздардың зұлымдық әрекеттерімен күресу оңайға түспейді. Бір Жүсіптің алаңы да аз емес. Оның қолында айла тәсілмен қатар тіпті байдың тоқалын өлтіріп қылмыс жолымен түсірген байдың алтын сандығы бар. Ол сандықта не жоқ. 1928 жылы конфискеленген байдың асыл заттарын тығудағы оның ең үлкен мақсаты сол дүниеліктердің бәрін колхозды ірітіп бүлік салу жолына жұмсау. Оның ықпалындағылар: магазин сатушысы топас та надан, бұзақы Жағыпар; колхозға іштей қарсы, көкауыз Кұтпан; жұмысын әбден былықтырған, колхоз счетоводы Досқожа, бұрын Жамантай деген байдың қызы атанған, сайқал әйел Әсия, Бәкен мен Ақсүйрік, т. б. Ұнамсыз кейіпкерлер ішіндегі ең айлалы қуы да, ақылды, залымы да Жүсіп еді. Оның тым қауіпті жау екендігін Ертай жақсы сезінеді. Сондықтан да автор: «Әсіресе, осы Жүсіп колхозға келіп араласқалы Ертайда ұйқы болмады» деп суреттейді.

       «Қырманда»  повесінде суреттелінген адам  образы көп. Сан алуан адамдардың  неше түрлі характерлерін айқындау үстінде жазушы сол шытырман оқиғасы мол, тартысы тығыз қиын кезеңнің  тарихын суреттесе, екінші жағынан, әрбір кейіпкерінің іс-әрекеттеріне мінездеме беру кезінде автор өз идеясын, арман тілегін алға тартып отырады. Қоғамды құрметтеу, қоғам мүлкін көздің қарашығындай қадірлей білу отбасында бірлікті, татулықты көздеу. Шығарманың басты идеясы осындай проблемаларға құрылған.

        Б.Майлиннің бейнелеу тәсіліндегі  ерекшеліктерінің бірі- қаһармандарының  психологиялық ой сезімдерінің  шындығын шебер бейнелеуінде еді.

      Екі адамның ара қатынасын диалогтар арқылы бейнелесе, кейде автор ішкі монологтермен кейіпкердің жан-жүйесін терең ашып көрсетеді. Бейсенбай мен Айнагүл, Нұрыш пен Жамал, Тасмағамбет пен Тұмарша, Қамза мен Қатира арасындағы махаббатқа құрылған аралық қатынастарды Ертай, Жүсіп, Дүйсен, Досқожалардың әр қайсының өзіндік арман ойларын баяндаулары да күшті психологиялық қалыпта көрінген.

      Повесть құрылысындағы кемшілікті де айтқан жоқ. Ол-автордың әр оқиғаны бір бастап кейде олардың аралық қатынасын жоғалтып алатындығы, әрбір кейіпкердің өмірбаянына түсінік беру мақсатымен автор шегініске әуестенуінен туған кемшіліктер.

      Қорыта  келгенде Б.Майлиннің «Қырманда»  атты повесі колхоздасу дәуірінің  өмірлік, шындық тарихын көркем бейнелейтін күрделі шығарма.

      Б.Майлин «Қырманда» атты повестін кейінірек 1935 жылы қайта өңдеп «Алтын сақина» атты сценарий жазған. Онда автор оқиға дамуын ширата түсіп, тартысты үдеткен.

     Б.Майлиннің жиырмасыншы жылдардағы қысқа әңгімелері мен новеллаларында («Қырмызы», «Талақ» т.б.) басты тақырыптың бірі болған әйел теңдігі, отбасы мәселесі, махаббат ұғымы жайлы оқиғаларды суреттеу мәселесін автор тоқтатқан жоқ, қайта дамыта түсіп – қазақ ауылының үй ішіндегі, тұрмыс-салтындағы сан алуан сырларын ашып, қазақ әйелдерінің жарқын бейнесін көлемді әңгімелер мен повесть романдар да шынайы да шебер мүсіндеуді көздеді.

       Б.Майлиннің  «Күлтай болыс» (1925) атты атақты  повестінде алғашқы ері мен  екі-ақ жыл отасып жесір қалған, отбасы, ошақ қасынан бөлек ештеңеде ойы жоқ мүсәпір әйелдің тағдыры сөз болады. Қызыл шырайлы, келісті келген, жап-жас жесір әйелде ойы болмаған адамдар әуелі аз болмайды. «Күйеуі өлген Күлтайға ие көбейді. Қатыны бар бола тұрса да, «жақындарының ішіндегі бой басы түзуі мен ғой» дегендей боп Бірмағамбет қырындап Күлтәйды өзіне икемдей бастады. Ата жөнінен тым жақын болмаса да «Нұрпейіс ақсақалды риза қылсам маған керте болатын кім бар» - деп қатыны өлген Әжігерей мырза икемденді» - дейді жазушы әңгімені бастар алдында. Бірақ өжет мінезді Күлтай ешкімнің тәлкегіне көне қоймайды, сүйген жігіті Жұмабайды өзі іздеп барып, бай қолында малайлықта жүрген қайнысын босатып алып қайтады да соған қосылады.

      Күлтай жаңа заманның тілегіне ілесе берейін деген игі ниетпен оқыған ағасы Смағұлдың жәрдемімен газет-журналдар алдырып, білімін аз да болса көтерумен болады. Елдегі болыс сайлауы кезінде Байқасқа мен Нұрқожа бастаған екі рулы топ екі партияға бөлініп, таласады да Нұрқожа жағы басымырақ түсетінін сезіп, Байқасқа ақыры өзі жеңе алмайтынын сезген соң «Болыстықты Күлтай келінге байлаймыз», - дейді. Ондағы ойы біріншіден Нұрқожаны сүріндірсе, екіншіден Күлтайды да мазақ ету еді.

Информация о работе Б.Майлин әңгімелерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары