Курс лекций по "Земельному праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 04:48, курс лекций

Описание работы

2007 жылғы 6 шілдедегі № 279-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша»мемлекеттік қажеттіктер» деген сөздер «мемлекет мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылды; «шаруа (фермер) қожалығын», «Шаруа (фермер) қожалығын», « шаруа (фермер) қожалығы», «шаруа (фермер) қожалығының» деген сөздер тиісінше «шаруа немесе фермер қожалығын», «Шаруа немесе фермер қожалығын», «шаруа немесе фермер қожалығы», «шаруа немесе фермер қожалығының» деген сөздермен ауыстырылды; 2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)

Содержание

І бөлiм. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 12 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік органдардың жер қатынастары (13 - 19 баптар)
саласындағы құзыреті
2-бөлiм. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану
құқығы және жерге өзге де заттық
құқықтар
3-тарау. Жерге меншік құқығы (20 - 27 баптар)
4-тарау. Жер пайдалану құқығы (28 - 41 баптар)
5-тарау. Жер учаскесі - меншік құқығының, (42 - 63 баптар)
жер пайдалану құқығының және өзге де
заттық құқықтардың объектісі ретінде
6-тарау. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер (64 - 66 баптар)
пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану
кезіндегі құқықтары мен міндеттері
7-тарау. Сервитуттар (67 - 75 баптар)
8-тарау. Жер учаскесі мен жер пайдалану құқығын (76 - 80 баптар)
кепілге салу
9-тарау. Жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану (81 - 96 баптар)
құқығын және өзге де заттық құқықтарды тоқтату
3-бөлiм. Жер санаттары
10-тарау. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер (97 - 106 баптар)
11-тарау. Елді мекендер жері (107 - 110 баптар)
12-тарау. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және (111 - 121 баптар)
ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер
13-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, (122 - 127 баптар)
сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени
мақсаттағы жер
14-тарау. Орман қорының жері (128 - 131 баптар)
15-тарау. Су қорының жері (132 - 136 баптар)
16-тарау. Босалқы жер (137 - 138 баптар)
4-бөлiм. Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге
орналастыру, мониторинг және жер кадастры
17-тарау. Жерді қорғау (139 - 143 баптар)
18-тарау. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау 144 - 148 баптар)
19-тарау. Жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры (149 - 163 баптар)
және жер мониторингі
5-бөлiм. Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету
және қорытынды ережелер
20-тарау. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын (164 - 168 баптар)
қорғау және шығынды өтеу
21-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (169 - 170 баптар)

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының Жер кодексі.docx

— 167.83 Кб (Скачать)

3. Егер нормативтiк құқықтық  актiде мүдделi тұлғаның меншiк  иесiмен немесе жер пайдаланушымен  шарты негiзiнде сервитут белгiлеу  көзделсе, олардың мұндай шарт  жасасудан немесе меншiк иесi  немесе жер пайдаланушы қоятын  шарттың талаптарынан бас тартуына  мүдделi тұлға меншiк иесiне немесе  жер пайдаланушыға талап-арыз  беруi арқылы сот тәртiбiмен дауласа  алады.

4. Егер нормативтiк құқықтық  актiде жергiлiктi атқарушы органның  актiсi негiзiнде сервитут белгiлеу  көзделсе, сервитут белгiлеуге мүдделi тұлға, меншiк иесi немесе жер  пайдаланушы бұл актiге сот  тәртiбiмен шағымдана алады. 

 

68-бап. Жеке тұлғаның бөтен жер учаскелерiнде болу және солар арқылы өту құқығы

1. Жеке тұлғалардың жалпы  жұрттың кiруiне жабық емес  жер учаскелерiнде еркiн, қандай  да бiр рұқсатсыз болуға құқығы  бар.

2. Егер бiреудiң жеке  меншiгiндегi немесе жер пайдалануындағы  жер учаскесi қоршалмаған болса  немесе жеке меншiк иесi немесе  жер пайдаланушы учаскеге өзiнiң  рұқсатынсыз кiруге болмайтынын  өзге де әдiспен белгiлеп қоймаса,  егер бұл жеке меншiк иесiне  немесе жер пайдаланушыға зиян  келтiрмейтiн болса, осы учаске  арқылы кез келген адам өте  алады. 

 

69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы

1. Жеке меншiк иесi немесе  жер пайдаланушы - көршi жер учаскесiне  жеке меншiк немесе жер пайдалану  құқығының субъектiсiнен, ал қажет  болған жағдайда өзге учаскеге  де жеке меншiк немесе жер  пайдалану құқығының субъектiлерiнен  осы учаскелердi шектеулi пайдалану  құқығын (жекеше сервитут) табыстауды  талап етуге құқылы.

2. Көршi немесе өзге де  жер учаскесiн шектеулi пайдалану  құқығы (жекеше сервитут):

1) егер жеке меншiк иесiнiң  немесе жер пайдаланушының өз  учаскесiне басқа жолмен өтуi  мүмкiн болмаса, өте қиын болса  немесе шамадан тыс шығындарды  керек етсе, көршi немесе өзге  де жер учаскесi арқылы жаяу  және көлiкпен жүрiп өтудi;

2) көршi немесе өзге де  учаскеге сервитут белгiленбейiнше  қамтамасыз етуге болмайтын, электр  таратудың, байланыстың қажеттi желiлерiн  тартуды және пайдалануды, сумен,  субұрғышпен, жылумен жабдықтауды,  мелиорацияны және жеке меншiк  иесiнiң немесе жер пайдаланушының  басқа да қажеттерiн қамтамасыз  ету үшiн белгiленуi мүмкiн.

3. Көршi немесе өзге де  учаскеге жекеше сервитут осы  учаскелерге жеке меншiк құқығы  немесе жер пайдалану құқығы  субъектiлерiмен жасалатын шарт  бойынша белгiленедi.

Жер учаскесiн шектеулi құқықпен пайдаланушы құқық субъектiсi жеке меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға  сервитутпен байланысты келтiрiлген барлық шығынды өтеуге тиiс.

4. Егер бұл мемлекеттiң  және жергiлiктi халықтың мүдделерiн  қамтамасыз ету үшiн қажет болған  жағдайларда жергiлiктi атқарушы  органдардың нормативтiк құқықтық  актiлерiнiң негiзiнде жер учаскелерiн  алып қоймай, қауымдық сервитуттар  белгiленуi мүмкiн.

Қауымдық сервитуттар:

1) ортақ пайдаланудағы  объектiлерге, зираттарға, қорымдарға  және өзге де ғибадат объектiлерiне  жер учаскесi арқылы жаяу немесе  көлiкпен өту;

2) жер учаскесiн коммуналдық,  инженерлiк, электр және басқа  да желiлер мен тораптарды, сондай-ақ  көлiк инфрақұрылымының объектiлерiн  жөндеу мақсатында пайдалану;

3) жер учаскесiнде межелiк  және геодезиялық белгiлер мен  оларға өту жолдарын орналастыру;

4) су алу және суат;

5) жер учаскесi арқылы  мал айдап өту;

6) жер учаскесiн белгiленген  мерзiмде және белгiленген тәртiппен  аң аулау, жер учаскесiнде орналасқан  тұйық су айдындарында балық  аулау, жабайы өсiмдiктердi жинау  мақсатында пайдалану;

7) iздестiру, зерттеу және  басқа да жұмыстар жүргiзу мақсатында  жер учаскесiн уақытша пайдалану;

8) жағалау белдеуiне еркiн  өту;

9) мемлекеттiк органдардың  шешiмiмен жер учаскесiн мәдени-көпшiлiк  iс-шаралар өткiзуге пайдалану;

10) қоғамдық және мемлекеттiк  мүдделерге байланысты өзге де  жағдайлар үшiн белгiленуi мүмкiн.

5. Егер Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе,  жекеше сервитут ауыртпалығын  көтерушi жер учаскесiнiң меншiк  иесi немесе оның жер пайдаланушысы  солардың мүддесiне орай сервитут  белгiленген тұлғалардан мөлшерлес  төлемақы талап етуге құқылы.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)  (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

6. Мемлекет меншiгiндегi және  жер пайдалануға берiлмеген жер  учаскелерi бойынша сервитут белгiленген  кезде, сервитут үшiн төлемақы   бюджетке түседi.

2007.06.07   № 279-ІІІ ҚР Заңымен     (бұр. ред. қара ) 7 тармақ   өзгертілді

7. Егер сервитутты белгiлеу  жер учаскесiн пайдалануда елеулi  қиындықтарға әкеп соғатын болса,  қауымдық сервитут ауыртпалығын  көтерушi жер учаскесiнiң меншiк  иесi немесе оның жер пайдаланушысы  қауымдық сервитутты белгiлеген   мемлекеттік органнан  мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы.

Қауымдық сервитут белгілеу жер учаскесін пайдалану мүмкін болмай қалатын жағдайға әкеп соқса, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы меншік немесе жер  пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі шығынды қауымдық сервитутты белгілеген мемлекеттік органнан толық көлемде өтеткізе отырып, өзінен осы жер учаскесін алып қоюды, соның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды не онымен құны тең жер учаскесін беруді немесе ол мүмкін болмаған жағдайда – басқа жер учаскесін оның құнын немесе оған құқықтарды жердің бағасына есептеп және шеккен шығындарды өтей отырып, беруді талап етуге құқылы. 

 

70-бап. Уақытша (маусымдық) пайдаланылатын мал айдау жолдары

1. Уақытша (маусымдық)  пайдаланылатын мал айдау жолдарын  жеке меншiк иелерiнен немесе  жер пайдаланушылардан жердi алып  қоймай, жерiнен жол өтетiн жеке  меншiк иелерiмен немесе жер  пайдаланушылармен келiсе отырып, аудандық (аудан аумағында) немесе  облыстық (екi немесе одан көп  аудандардың аумағында) атқарушы  органдар белгiлей алады.

2. Мал иелерi малды жолмен  айдап өткен кезде келтiрiлген  шығын үшiн жеке меншiк иелерiнiң  немесе жер пайдаланушылардың  алдында жауаптылықта болады. 

 

71-бап. Жер учаскелерiн iздестiру жұмыстары үшiн пайдалану

1. Геологиялық, геофизикалық, iздеу, геодезиялық, топырақты зерттеу,  геоботаникалық, жерге орналастыру,  археологиялық және басқа да iздестiру  жұмыстарын жүзеге асыратын жеке  және заңды тұлғалар бұл жұмыстарды  жеке меншiк иелерiнен немесе  жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн  алып қоймай жүргiзе алады.

2. Осы баптың 1-тармағында  аталған жұмыстарды жүргiзу үшiн  жер учаскелерiн пайдалануға рұқсатты, оның қолданыс мерзiмiн көрсете  отырып аудандық, қалалық атқарушы  органдар, ал егiстiкте, жақсартылған  шабындықтар мен жайылымдарда, көп  жылдық екпелер бар жерде, сондай-ақ  ерекше қорғалатын табиғи аумақтар  жерi мен орман қоры жерiнде  жұмыстар жүргiзу үшiн облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органдар  бередi.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)  (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

3. Аталған жұмыстарды  жүргiзу мерзiмдерi, олардың орны, шығынды өтеу және жердi нысаналы  мақсаты бойынша пайдалануға  жарамды күйге келтiру жөнiндегi мiндеттер, сондай-ақ басқа да  жағдайлар iздестiрушiнiң жеке  меншiк иесiмен не жер пайдаланушымен  немесе жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органымен (босалқы жерде, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылары жоқ басқа да санаттағы жерде) жасасқан шартында айқындалады.

4. Іздестiру жұмыстары  үшiн пайдаланылатын жер учаскелерiн  тiкелей мақсаты бойынша пайдалануға  жарамды күйге келтiру жеке  меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының iздестiрушiмен арасындағы шартта, учаскелердi мақсаты бойынша пайдалануға  жарамды күйге келтiру жөнiндегi жұмыстар iздестiру жұмыстарының  барысында, ал бұл мүмкiн болмаған  жағдайда жұмыстар аяқталғаннан  кейiн, топырақтың тоңдану кезеңiн  қоспағанда, бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей  жүргiзiлуге тиiс екенi ескерiле  отырып айқындалады. 

 

72-бап. Басқа да сервитуттар

Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде немесе тараптардың  келiсiмiнде көзделген жағдайларда  осы Кодексте аталғаннан басқа да сервитуттар белгiленуi мүмкiн. 

 

73-бап. Жер учаскесiне құқық ауысқан кезде сервитуттың сақталуы

1. Жер учаскесiне меншiк  құқығы немесе сервитутпен ауыртпалық  салынған жер учаскесiне жер  пайдалану құқығы басқа тұлғаға  ауысқан жағдайда сервитут сақталады.

2. Сервитут мәмiленiң, оның iшiнде сатып алу-сатудың және  кепiлге салудың дербес нысанасы  бола алмайды. Сервитут басқа  тұлғаларға қамтамасыз етiлуi үшiн  сервитут белгiленген құқықпен  бiрге ғана ауыса алады. 

 

74-бап. Сервитуттың тоқтатылуы

1. Сервитуттың қолданылуы  құқық иесiнiң бас тартуы, ұзақ  уақыт (3 жыл) пайдаланылмауы, оның  белгiленген мерзiмiнiң өтуi нәтижесiнде,  тараптар арасындағы келiсiм негiзiнде,  сот шешiмi негiзiнде және Қазақстан  Республикасының заң актiлерiнде  көзделген өзге де негiздер  бойынша тоқтатылады.

2. Қауымдық сервитут қоғамдық  қажеттер үшiн белгiленiп, ол  қажеттер болмаған жағдайда жергiлiктi атқарушы органның сервитутты  жою туралы шешiм қабылдауы  арқылы тоқтатылуы мүмкiн.

3. Сервитуттың қолданылуы  Қазақстан Республикасының заң  актiлерiнде немесе тараптардың  келiсiмiнде көзделген негiздер  бойынша бiржақты тәртiппен тоқтатылады.

4. Сервитут құқық иесiнiң  тиiсiнше пайдаланбауына, сондай-ақ  ол белгiленген негiздердiң болмауына  байланысты жеке меншiк иесiнiң  немесе жер пайдаланушының талап  етуi бойынша сот тәртiбiмен  тоқтатылуы мүмкiн.

5. Сервитут белгiлi бiр  мерзiмге белгiленген жағдайларда,  егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше  белгiленбесе, оның қолданылуы  белгiленген мерзiм аяқталған  соң тоқтатылады. Сервитут шарт  негiзiнде талап етiлетiн кезге  дейiн немесе белгiсiз мерзiмге  белгiленген жағдайларда сервитуттың  қолданылуы сервитутпен ауыртпалық  салынған жылжымайтын мүлiк иесiнiң  сервитутты тоқтату туралы талап  еткен кезiнен бастап бiр ай  мерзiм өткен соң тоқтатылады.  

 

75-бап. Сервитутты тiркеу

1. Егер осы бапта және  жылжымайтын мүлiкке құқықтарды  мемлекеттiк тiркеу туралы Қазақстан  Республикасының заң актiсiнде  өзгеше белгiленбесе, құқық иесiне  бөтен жер учаскесiн шектеулi  нысаналы пайдалану құқығын беретiн  сервитуттардың туындауы, өзгертiлуi және тоқтатылуы құқық кадастрында  мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

2. Сервитутты тiркеу кезiнде,  сервитуттың туындауына негiз  болған құжаттарға осы сервитутты  берушi тұлға куәландырған, сервитуттың  қолданылу аясының шекарасы бейнеленген  жер учаскесiнiң жоспары қоса  берiледi. Егер сервитут барлық  жер учаскесiне қатысты болса,  жер учаскесiнiң жоспарын беру  талап етiлмейдi.

3. Нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде туындайтын сервитуттар, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркеу объектiлерi болып табылмайтын өзге де сервитуттар мемлекеттiк тiркеуге жатпайды. 

 

8-тарау. Жер  учаскесі мен жер пайдалану  құқығын

кепілге салу 

 

76-бап. Кепiлдiң мәнi

1. Кепiл берушiге жеке  меншiк құқығымен немесе жер  пайдалану құқығымен тиесiлi жер  учаскесi кепiл мәнi болуы мүмкiн.

2. Егер Қазақстан Республикасының  заңдарында өзгеше белгiленбесе,  жер учаскесiнiң және жер пайдалану  құқығының кепiлiне жылжымайтын  мүлiк ипотекасы туралы ережелер  қолданылады.

3. Кепiлге салынған жер  учаскесi немесе жер пайдалану  құқығы осы Кодекске орай жер  учаскесiне құқығы жоқ тұлғаларға  қатысты кепiл ұстаушының меншiгiне  айналған жағдайда осы Кодекстiң 66-бабында белгiленген нормалар қолданылады.  

 

77-бап. Жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салуды шектеу

1. Жep учаскесiне немесе  жер пайдалану құқығына қатысты  мәмiлелер жасауға тыйым салынған  жағдайларда (осы Кодекстiң 33-бабының 2-тармағы және 36-бабы) жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салуға жол берiлмейдi.  

 

2007.06.07   № 279-ІІІ ҚР Заңымен     (бұр. ред. қара ) 2 тармақ   өзгертілді

2. Егер жер учаскесiнiң  бiр бөлiгiн нысаналы мақсатына  сәйкес дербес учаске ретiнде  пайдалану мүмкiн болмаса, жер  учаскесiнiң бұл бөлiгiн немесе  оның бiр бөлiгiне жер пайдалану  құқығын кепiлге салуға жол  берiлмейдi.

Кепiлге салуға берiлген жер  учаскесiнде немесе оның кепiлге  салуға берiлетiн бөлiгiнде орналасқан үйдi (құрылысты, ғимаратты) бiр мезгiлде  кепiлге салмай, бөлiнетiн жер учаскесiн  түгелдей немесе оның бiр бөлiгiн не бүкiл жер учаскесiне немесе оның бiр бөлiгiне жер пайдалану құқығын кепiлге салуға жол берiлмейдi.

Информация о работе Курс лекций по "Земельному праву"