Курс лекций по "Земельному праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 04:48, курс лекций

Описание работы

2007 жылғы 6 шілдедегі № 279-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша»мемлекеттік қажеттіктер» деген сөздер «мемлекет мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылды; «шаруа (фермер) қожалығын», «Шаруа (фермер) қожалығын», « шаруа (фермер) қожалығы», «шаруа (фермер) қожалығының» деген сөздер тиісінше «шаруа немесе фермер қожалығын», «Шаруа немесе фермер қожалығын», «шаруа немесе фермер қожалығы», «шаруа немесе фермер қожалығының» деген сөздермен ауыстырылды; 2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)

Содержание

І бөлiм. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 12 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік органдардың жер қатынастары (13 - 19 баптар)
саласындағы құзыреті
2-бөлiм. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану
құқығы және жерге өзге де заттық
құқықтар
3-тарау. Жерге меншік құқығы (20 - 27 баптар)
4-тарау. Жер пайдалану құқығы (28 - 41 баптар)
5-тарау. Жер учаскесі - меншік құқығының, (42 - 63 баптар)
жер пайдалану құқығының және өзге де
заттық құқықтардың объектісі ретінде
6-тарау. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер (64 - 66 баптар)
пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану
кезіндегі құқықтары мен міндеттері
7-тарау. Сервитуттар (67 - 75 баптар)
8-тарау. Жер учаскесі мен жер пайдалану құқығын (76 - 80 баптар)
кепілге салу
9-тарау. Жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану (81 - 96 баптар)
құқығын және өзге де заттық құқықтарды тоқтату
3-бөлiм. Жер санаттары
10-тарау. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер (97 - 106 баптар)
11-тарау. Елді мекендер жері (107 - 110 баптар)
12-тарау. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және (111 - 121 баптар)
ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер
13-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, (122 - 127 баптар)
сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени
мақсаттағы жер
14-тарау. Орман қорының жері (128 - 131 баптар)
15-тарау. Су қорының жері (132 - 136 баптар)
16-тарау. Босалқы жер (137 - 138 баптар)
4-бөлiм. Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге
орналастыру, мониторинг және жер кадастры
17-тарау. Жерді қорғау (139 - 143 баптар)
18-тарау. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау 144 - 148 баптар)
19-тарау. Жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры (149 - 163 баптар)
және жер мониторингі
5-бөлiм. Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету
және қорытынды ережелер
20-тарау. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын (164 - 168 баптар)
қорғау және шығынды өтеу
21-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (169 - 170 баптар)

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының Жер кодексі.docx

— 167.83 Кб (Скачать)

 

61-бап. Ортақ жер учаскесiндегi жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы

1. Ортақ жер учаскесiндегi жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесiнiң  осы жылжымайтын мүлiктi өз қалауы  бойынша иеленуге, пайдалануға және  оған билiк етуге, соның iшiнде  ортақ жер учаскесiн пайдаланудың  Қазақстан Республикасының заң  актiсiнде немесе шартта белгiленген  талаптарына қайшы келмесе, тиiстi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) бұзуға  құқығы бар.

2. Ортақ жер учаскесiндегi жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы  басқа тұлғаға ауысқан кезде,  егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе,  ол тұлға жер учаскесiне құқықты  жылжымайтын мүлiктiң бұрынғы  меншiк иесiнде болған көлемiнде  алады. 

 

62-бап. Бiрнеше пәтерi және (немесе) кiсi тұрмайтын үй-жайлары бар үйдiң жанындағы және кондоминиумның басқа да объектiлерiндегi жер учаскесiне құқық

1. Көп пәтерлi үйдi немесе  кондоминиумның өзге де объектiсiн  орналастыру, пайдалану, күтiп-ұстау  үшiн қажеттi жер учаскесi кондоминиум  объектiсiнiң құрамындағы үй-жайлардың  меншiк иелерiнiң ортақ үлестiк  меншiгiне белгiленген тәртiппен  өтедi.

Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, өздерiне үй-жайлар шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен тиесiлi болатын  кондоминиум қатысушылары - мемлекеттiк  жер пайдаланушылар жер учаскелерiне ортақ тұрақты жер пайдалану  құқығын белгiленген тәртiппен алады.

Қазақстан Республикасының  аумағында жер учаскелерi меншiк  құқығымен немесе тұрақты жер  пайдалану құқығымен тиесiлi бола алмайтын кондоминиум қатысушыларының  жер учаскесiне құқығы осы Кодекстiң 6-бабының 7-тармағына сәйкес айқындалады.

Кондоминиум объектiсiнiң  құрамына кiретiн жер учаскесiн  бөлiсуге кондоминиумға барлық қатысушылардың жазбаша келiсiмiмен, санитарлық-гигиеналық, экологиялық, өртке қарсы, құрылыс  және басқа да нормалар сақталған  жағдайда жол берiледi.

2. Үй-жайдың әрбiр меншiк  иесiнiң (өзге де құқық иесiнiң)  ортақ мүлiктегi үлесi оған тиесiлi  үй-жайға бөлек (дербес) меншiктен (өзге де заттық құқықтан) ажыратылмайды.  Егер кондоминиум қатысушыларының  келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе,  үлестiң мөлшерi бөлек (дербес) меншiктегi (өзге де заттық құқықтағы)  тұрғын үй-жайдың пайдалы алаңы  мен тұрғын емес үй-жай алаңының  осы кондоминиум объектiсiндегi барлық  тұрғын үй-жайлардың пайдалы көлемiнiң  және барлық кiсi тұрмайтын  үй-жайлар алаңдарының жиынтығына  қатынасымен айқындалады. Мұндай  үлестi нақтылы бөлiп шығаруға  болмайды (мiнсiз үлес).

Үйдiң iргетасынан тыс (шегiнен  тыс) орналасқан жер учаскесiн пайдалану  тәртiбi кондоминиум қатысушыларының  келiсiмiмен, қоғамдық мүдделердi, санитарлық-гигиеналық, экологиялық, өртке қарсы, қала құрылысы және басқа да нормаларының сақталуы шартымен айқындалады.

3. Yй (құрылыс, ғимарат)  жанындағы жер учаскесi, бұл жер  учаскесi үйдiң (құрылыстың, ғимараттың) қаңқасынан тыс орналасатын және  оны пайдалану кондоминиум объектiсiнiң  құрамына кiретiн жер учаскесiн  пайдалану талаптарына, сондай-ақ  санитарлық-гигиеналық, экологиялық,  өртке қарсы, құрылыс және басқа  нормаларға қайшы келмейтiн жағдайларда,  кiсi тұрмайтын үй-жайлардың жұмыс  iстеуiнiң технологиялық қажеттерiн қамтамасыз ету керек болған кездерде кондоминиум қатысушыларының бөлек меншiгiне берiлуi мүмкiн.

4. Пәтерге (үй-жайға) меншiк  құқығының басқа тұлғаға ауысуы  жер учаскесiне (жер учаскелерiне) құқықтағы тиiстi үлестiң пәтердi (үй-жайды) алушыға ауысуына ұласады.

5. Ортақ меншiктi басқару  және оны пайдалану, бүкiл үйдi (үй-жайды, құрылысты, ғимаратты)  және үй жанындағы жер учаскесiн  (жер учаскелерiн) тиiсiнше күтiп-ұстау  үшiн кондоминиумға қатысушылар  Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес кондоминиум объектiсiн  басқару нысанын таңдап алады.

6. Кондоминиумға қатысушылардың  ортақ меншiгiндегi (ортақ жер пайдалануындағы)  жер учаскесiне құқықты сату, сондай-ақ  жер үшiн ақы төлеу Қазақстан  Республикасының заңдарында көзделген  тәртiппен және жағдайларда жүзеге  асырылады.

7. Гараж, саяжай және  басқа тұтыну кооперативтерiнде  қатысушылардың ортақ меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарына  кондоминиум туралы нормалар  қолданылады. 

 

63-бап. Жеке меншiктегi жер учаскесiнен және жер пайдалану құқығынан өндіріп алу

1. Егер Қазақстан Республикасының  заңдарында өзгеше белгiленбесе,  жеке меншiктегi жер учаскесi, сондай-ақ  тұрақты және ұзақ мерзiмдi уақытша  жер пайдалану құқығы жеке  және заңды тұлғалар мүлкiнiң  құрамына кiредi, банкрот деп танылған  жағдайларды қоса алғанда, олар  өз мiндеттемелерi бойынша осы  мүлiкпен жауап бередi.

Осы Кодекстiң 26-бабының 2-тармағында санамаланған жерден, сондай-ақ мемлекеттiк жер пайдаланушыларға тиесiлi жерден өндiрiп алуды қолдануға болмайды, бұған осы Кодекстiң 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлар қосылмайды.

2. Жер учаскесi мен тұрақты  және ұзақ мерзiмдi уақытша жер  пайдалану құқығынан өндiрiп алу  Қазақстан Республикасының азаматтық  және азаматтық iс жүргiзу заңдарында  белгiленген тәртiппен жүргiзiледi  және ол жылжымайтын мүлiкке  құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi  жүзеге асыратын органда тiркеледi.  

 

6-тарау. Жер  учаскелерінің меншік иелері  мен жер

пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану кезіндегі

құқықтары мен  міндеттері 

 

64-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалануға құқықтары

1. Егер осы Кодексте  және Қазақстан Республикасының  өзге де заң актiлерiнде өзгеше  белгiленбесе, жер учаскелерi меншiк  иелерi мен жер пайдаланушылардың:

1) жер учаскесiн оның  нысанасынан туындайтын мақсатта  пайдалана отырып, жерде дербес  шаруашылық жүргiзу;

2) ауыл шаруашылығы және  өзге де дақылдар мен екпелер  себу мен отырғызуға, өндiрiлген  ауыл шаруашылығы өнiмi мен  жер учаскесiн пайдалану нәтижесiнде  алынған өзге де өнiмге және  оны өткiзуден түскен табысқа  меншiк, шаруашылық жүргiзу, оралымды  басқару;

3) өз шаруашылығының қажеттерi үшiн жер учаскесiнде бар құмды,  сазды, қиыршық тасты және басқа  да кең таралған пайдалы қазбаларды, шымтезектi, екпелердi, жер үстi және  жер асты суларын, кейiннен  мәмiлелер жасасу ниетiн көздемей, белгiленген тәртiппен пайдалану,  сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы  қасиеттерiн пайдалану;

2007.06.07   № 279-ІІІ ҚР Заңымен     (бұр. ред. қара ) 4) тармақша   өзгертілді

4) жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылған, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылған  жағдайда келтiрiлген шығынды толық көлемiнде өтетiп алу;

5) жердi аймақтарға бөлудi  ескере отырып, меншiк, шаруашылық  жүргiзу, оралымды басқару құқығымен  жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына  сәйкестiкте тұрғын үйлер, өндiрiстiк,  тұрмыстық және өзге де үйлер  (құрылыстар, ғимараттар) салу;

6) белгiленген құрылыс,  экологиялық, санитарлық-гигиеналық  және өзге де арнаулы талаптарға  сәйкес суландыру, құрғату және  өзге де мелиорациялық жұмыстар  жүргiзу, тоғандар мен өзге де  су айдындарын жасау құқығы  бар.

2. Уақытша жер пайдаланушылар  үшiн осы баптың 1-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген  өкiлеттiктер жер учаскесiн беру  актiсiмен немесе жалдау шартымен (уақытша өтеусіз жер пайдалану  туралы шартпен) шектелуi мүмкiн.  

 

65-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалану жөнiндегi мiндеттерi

1. Жер учаскелерiнiң меншiк  иелерi мен жер пайдаланушылар:

1) жердi оның нысаналы  мақсатына сәйкес, ал уақытша  жер пайдалану кезiнде - жер  учаскесiн беру актiсiне немесе  жалдау шартына (өтеусiз уақытша  жер пайдалану шартына) сәйкес  пайдалануға;

2) санитарлық және экологиялық  талаптарға сәйкес өндiрiс технологияларын  қолдануға, өздерi жүзеге асыратын  шаруашылық және өзге де қызмет  нәтижесiнде халықтың денсаулығы  мен қоршаған ортаға зиян келтiруге, санитарлық-эпидемиологиялық, радиациялық  және экологиялық жағдайдың нашарлауына  жол бермеуге;

3) осы Кодекстiң 140-бабында көзделген жердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға;

4) жер салығын, жер учаскелерiн  пайдалану төлемақысын және Қазақстан  Республикасының заңдары мен  шартта көзделген басқа да  төлемдердi уақтылы төлеуге;

2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) жануарлар дүниесiн,  орман, су және басқа да табиғи  ресурстарды пайдалану тәртiбiн  сақтауға, жер учаскесiнде орналасқан, Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес мемлекет қорғауындағы тарихи-мәдени мұра объектілері мен басқа да объектiлердi қорғауды қамтамасыз етуге;

6) жер учаскесiнде шаруашылық  және өзге де қызметтi жүзеге  асыру кезiнде құрылыс, экологиялық,  санитарлық-гигиеналық және өзге  де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтауға;

7) мемлекеттiк органдарға  Қазақстан Республикасының жер  заңдарында белгiленген жердiң  жай-күйi мен пайдаланылуы туралы  мәлiметтердi уақтылы табыс етiп  отыруға;

8) басқа меншiк иелерi  мен жер пайдаланушылардың құқықтарын  бұзбауға;

9) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және оның  құнарлылығының нашарлауына, сондай-ақ  топырақтың құнарлы қабатын сыдырып  алу құнарлы қабаттың бiржола  жоғалуын болғызбау үшiн қажет  болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе  беру мақсатымен оны сыдырып  алуға жол бермеуге;

2007.09.01. №  213-III ҚР Заңымен   10) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара) 

10) осы Кодексте көзделген  тәртiппен сервитуттар берудi  қамтамасыз етуге ;

2007.09.01. №  213-III ҚР Заңымен   11 тармақшамен толықтырылды 

11) өздерінің меншігі болып  табылмайтын анықталған өндіріс  пен тұтыну қалдықтары туралы  жергілікті атқарушы органдарға  хабарлауға міндетті.

2. Уақытша жер пайдаланушылардың  уақытша жер пайдалану туралы  шарттарда көзделген басқа да  мiндеттерi болуы мүмкiн.

3. Жер учаскелерiнiң меншiк  иелерi мен учаскенiң жер пайдаланушыларына,  егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жер учаскесiне ауыртпалықтар  салатын барлық мiндеттер (оны  мақсаты бойынша пайдалану, сервитуттар  беру, салықтар мен өзге де  мiндеттi төлемдер төлеу және  басқалар) жүктеледi.

4. Жер учаскесiн пайдаланудың  нысаналы мақсаты мен режимiн,  сервитуттар мен нормативтiк құқықтық  актiлер негiзiнде белгiленген  басқа да пайдалану талаптарын  жер учаскесi меншiк иесiнiң  немесе жер пайдаланушының өз  бетiнше өзгертуiне болмайды. 

 

66-бап. Осы Кодекске орай жер учаскесiне құқықтар тиесiлi болмайтын жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi

1. Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде көзделген негiздер  бойынша тұлға жер учаскесiне  осы Кодексте белгiленген нормаларға  сәйкес оған (тұлғаға) тиесiлi болмайтын  құқықты алатын жағдайларда, аталған  құқық Қазақстан Республикасының  азаматтық заңдарында белгiленген  ережелер бойынша бiр жыл iшiнде  иелiктен шығарылуға тиiс немесе  аталған мерзiмде осы Кодекске  сәйкес жерге сондай субъектiге  тиесiлi болатын құқық етiп қайта  ресiмделуге тиiс.

2. Үйлердiң (құрылыстардың,  ғимараттардың) иелiктен шығарылуына  байланысты меншiктегi немесе жер  пайдаланудағы жер учаскесi иелiктен  алынған кезде, алушылар жер  учаскесiне иелiктен алынатын  құқық тиесiлi болмайтын тұлғаға  осы Кодекске және Қазақстан  Республикасының өзге де заң  актiлерiне сәйкес бұл құқықты  сол тұлғаға тиесiлi болатын  құқық етiп қайта ресiмдеуге  тиiс. 

 

7-тарау. Сервитуттар  

 

67-бап. Сервитут туындауының негiздерi

1. Осы Кодексте және  Қазақстан Республикасының өзге  де заң актiлерiнде көзделген  жағдайларда меншiк иесi немесе  жер пайдаланушы өзiне меншiк  немесе жер пайдалану құқығымен  тиесiлi жер учаскесiн мүдделi жеке  және заңды тұлғаларға шектеулi  нысаналы пайдалану құқығымен  беруге мiндеттi.

2. Бөтен жер учаскесiн  шектеулi нысаналы пайдалану құқығы (сервитут):

1) тiкелей нормативтiк  құқықтық актiден;

2) мүдделi тұлғаның меншiк  иесiмен немесе жер пайдаланушымен  шартының негiзiнде;

3) жергiлiктi атқарушы органның  актiсi негiзiнде;

4) сот шешiмi негiзiнде;

5) Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген өзге де  жағдайларда туындауы мүмкiн.

Информация о работе Курс лекций по "Земельному праву"