Курс лекций по "Земельному праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 04:48, курс лекций

Описание работы

2007 жылғы 6 шілдедегі № 279-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша»мемлекеттік қажеттіктер» деген сөздер «мемлекет мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылды; «шаруа (фермер) қожалығын», «Шаруа (фермер) қожалығын», « шаруа (фермер) қожалығы», «шаруа (фермер) қожалығының» деген сөздер тиісінше «шаруа немесе фермер қожалығын», «Шаруа немесе фермер қожалығын», «шаруа немесе фермер қожалығы», «шаруа немесе фермер қожалығының» деген сөздермен ауыстырылды; 2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)

Содержание

І бөлiм. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 12 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік органдардың жер қатынастары (13 - 19 баптар)
саласындағы құзыреті
2-бөлiм. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану
құқығы және жерге өзге де заттық
құқықтар
3-тарау. Жерге меншік құқығы (20 - 27 баптар)
4-тарау. Жер пайдалану құқығы (28 - 41 баптар)
5-тарау. Жер учаскесі - меншік құқығының, (42 - 63 баптар)
жер пайдалану құқығының және өзге де
заттық құқықтардың объектісі ретінде
6-тарау. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер (64 - 66 баптар)
пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану
кезіндегі құқықтары мен міндеттері
7-тарау. Сервитуттар (67 - 75 баптар)
8-тарау. Жер учаскесі мен жер пайдалану құқығын (76 - 80 баптар)
кепілге салу
9-тарау. Жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану (81 - 96 баптар)
құқығын және өзге де заттық құқықтарды тоқтату
3-бөлiм. Жер санаттары
10-тарау. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер (97 - 106 баптар)
11-тарау. Елді мекендер жері (107 - 110 баптар)
12-тарау. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және (111 - 121 баптар)
ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер
13-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, (122 - 127 баптар)
сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени
мақсаттағы жер
14-тарау. Орман қорының жері (128 - 131 баптар)
15-тарау. Су қорының жері (132 - 136 баптар)
16-тарау. Босалқы жер (137 - 138 баптар)
4-бөлiм. Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге
орналастыру, мониторинг және жер кадастры
17-тарау. Жерді қорғау (139 - 143 баптар)
18-тарау. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау 144 - 148 баптар)
19-тарау. Жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры (149 - 163 баптар)
және жер мониторингі
5-бөлiм. Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету
және қорытынды ережелер
20-тарау. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын (164 - 168 баптар)
қорғау және шығынды өтеу
21-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (169 - 170 баптар)

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының Жер кодексі.docx

— 167.83 Кб (Скачать)

2. Егер осы Кодексте  және Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе,  уақытша өтеусiз жер пайдалану  құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге табысталады.

Уақытша өтеулi жер пайдалану  құқығы қысқа мерзiмдi (5 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмдi (5 жылдан 49 жылға  дейiн) болуы мүмкiн.

3. Уақытша жер пайдалану  құқығын табыстау мерзiмдерi жер  учаскесiне берiлетiн құқықты,  оның нысаналы мақсатын және  аумақты аймақтарға бөлудi ескере  отырып белгiленедi.

4. Осы Кодексте көзделген  жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ  шартты бұзу тәртiбi оның өзiнде  көрсетiлген жағдайларда, атқарушы  органдардың уақытша жер пайдалану  шарттарын бiржақты бұзуына жол  берiлмейдi. 

 

36-бап. Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы

2008.05.07  № 66-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жер учаскелерi Қазақстан  Республикасының азаматтары мен  Қазақстан Республикасының заңды  тұлғаларына уақытша өтеусiз жер  пайдалану құқығымен:

шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшiн;

тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшiн;

мемлекеттiк жер пайдаланушыларға;

бақша өcipу үшiн;

қызметтiк жер телiмі түрiнде;

ортақ пайдаланылатын жолдарды салу, мемлекеттiк меншiктегi және әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер құрылысы кезеңiне;

тозған және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде;

концессия шартының қолданылу  мерзіміне;

Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген тәртiппен үйлердi (үй-жайларды) және ғимараттарды уақытша  өтеусiз пайдалануға берген кезде; ғибадат объектiлерi үшiн;

осы Кoдексте және Қазақстан  Республикасының заң актiлерiнде  көзделген өзге жағдайларда берiлуi мүмкiн.

2008.05.07  № 66-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Уақытша өтеусiз жер  пайдалану мерзiмi жер учаскелерiн  қызметтiк жер телiмi түрiнде  және тозған әрi бүлiнген жердi қалпына келтiру үшiн берiлетiн  жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ концессиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін беру жағдайларында бес жылдан аспауға тиiс.

Үйлер (үй-жайлар) мен ғимараттарға берiлген жер учаскесiн уақытша  өтеусiз жер пайдалану мерзiмi үйлердi (үй-жайларды) және ғимараттарды, соның iшiнде ғибадат құрылыстарын уақытша өтеусiз пайдалану мерзiмiмен  айқындалады.

3. Уақытша өтеусiз жер  пайдалану құқығындағы жер учаскелерiн  иелiктен шығаруға, соның iшiнде  оларды кейiнгi жер пайдалануға  бepугe жол берiлмейдi. 

 

37-бап. Уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы

1. Жер учаскесiне уақытша  өтеулi (қысқа мерзiмдi және ұзақ  мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы  азаматтарға, мемлекеттiк емес  заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық  ұйымдарға табысталуы мүмкiн.

2. Егер Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде немесе шартта  өзгеше белгiленбесе, өз мiндеттерiн  тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi  жер пайдаланушы (жалға алушы)  шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн,  басқа тең жағдайларда, жаңа  мерзiмге шарт жасасуға басқа  тұлғалар алдында басым құқығы  болады. Жалға алушы осындай шарт  жасасу ниетi туралы жалға берушiнi  шартта көрсетiлген мерзiмде, егер  шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға  дейiн үш ай мерзiмде жазбаша  хабардар етуге мiндеттi. 

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)  (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

3. Мемлекеттен уақытша  өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану  құқығын сатып алған, осы баптың 5-тармағында аталғандардан басқа  мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар  өздерiне тиесiлi жер учаскелерiн  (немесе олардың бiр бөлiгiн)  жалға (қосалқы жалға) немесе  уақытша өтеусiз пайдалануға беруге  құқылы, егер осы Кодексте өзгеше  белгiленбесе, жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органына хабарлай отырып, жер учаскесi меншiк иесiнiң келiсiмiнсiз, жер учаскесiн жалға беру шартының мерзiмi шегiнде өздерiне тиесiлi уақытша жер пайдалану құқығын иелiктен шығаруға да құқылы.

Аталған жағдайларда, жалдау құқықтарын кепiлге берудi қоспағанда, жер учаскесiнiң жаңа жалға алушысы  жалға берушiнiң алдында жер  учаскесiн жалдау шарты бойынша  жауапты болады.

4. Жалға берiлетiн жер  учаскесiн үйлердiң, құрылыстар  менғимараттардың меншiк иелерi  сатып алатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жер учаскесiн  сату кезiнде осы жер учаскесiн  жалға алушының ортақ меншiк  құқығындағы үлесiн бөгде тұлғаға  сатуы үшiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен оны сатып алуға басым құқығы болады.

5. Уақытша өтеулi жер  пайдалану құқығы шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларына - 49 жылға дейiнгi мерзiмге, ал шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. 

 

38-бап. Кейiнгi жер пайдалану (қосалқы жалдау) құқығы

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)  (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1. Бастапқы жер пайдаланушы  өзiнiң жер пайдалану құқығын  иелiгiнен шығармай, ал өзiне тиесiлi  учаскенi (немесе оның бiр бөлiгiн)   жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органына хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға беретiн жағдайларда, кейiнгi жер пайдалану туралы шарттың негiзiнде кейiнгi жер пайдалану туындайды.

Кейiнгi жер пайдаланушы  әрдайым уақытша жер пайдаланушы  болып табылады, өз құқықтарын басқа  жер пайдаланушыларға беруге құқығы болмайды.

2. Жер учаскесiн кейiнгi жер пайдалануға берген кезде  бастапқы және кейiнгi жер пайдаланушылар  жер пайдаланушының мемлекет  алдындағы мiндеттерiн толық көлемiнде  атқарады.

3. Кейiнгi жер пайдалану  туралы шарт жалдау шарты немесе  уақытша өтeуciз пайдалану туралы  шарт нысанында жасалады.

4. Кейiнгi жер пайдаланушы  жер учаскесiнде шаруашылық жүргiзудi  жүзеге асырады, сондай-ақ кейiнгi жер пайдалану (қосалқы жалдау) туралы шартта белгiленген шарттарды  сақтай отырып, жер пайдаланушының  басқа да құқықтары мен мiндеттерiн  (осы Кодекстiң 64 және 65-баптары) iске асырады.

5. Осы Кодекстiң 41-бабына сәйкес жер учаскелерiн қызметтiк жер телiмi тәртiбiмен берудi қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн кейiнгi жер пайдалануға беруге жол берiлмейдi. 

 

39-бап. Мемлекеттiк жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi

1. Мемлекеттiк жер пайдаланушылар  жер учаскесiнде шаруашылық жүргiзудi  жүзеге асырады, сондай-ақ осы  учаскенiң нысаналы мақсаты мен  жер пайдаланушы қызметiнiң жарғыдағы  мақсаттарын ескере отырып, жер  пайдаланушының басқа да құқықтарын iске асырады.

2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Мемлекеттік жер пайдаланушы  өзіне тиесілі жер пайдалану  құқығын иелігінен шығаруға, сондай-ақ  кепілге беруге құқылы емес.

Осы тармақтың бірінші  бөлігінің ережесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерді қоспағанда, жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын  мүлікті иеліктен шығаруға не кепілге  беруге байланысты жер пайдалану  құқығын иеліктен шығару не оны кепілге  беру жағдайларына қолданылмайды.

3. Мемлекеттiк жер пайдаланушыларға  тиесiлi үйлерден (құрылыстардан,  ғимараттардан) кредиторлардың талап  етуi бойынша өндiрiп алуға байланысты  жер пайдалану құқығынан өндiрiлiп  алынатын жағдайларды қоспағанда (осы Кодекстiң 78-бабының 3-тармағы), мемлекеттiк жер пайдаланушыларға тиесiлi жер пайдалану құқығы кредиторлардың талап етуi бойынша өндiрiп алу нысанасы бола алмайды.

4. Мемлекеттiк жер пайдаланушы  өзiне тиесiлi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) белгiленген тәртiппен  жалға берген жағдайда, осы Кодекстiң 52-бабының 3-тармағында белгiленген ережелер бойынша, олармен бiрге аталған мүлiк орналасқан және оны белгiленген нормаларға сәйкес пайдалану үшiн қажеттi жер учаскесi де жалға берiледi.

Үйдiң (құрылыстың, ғимараттың) өзiн тиiсiнше жалға бермей тұрып, үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскесiн басқа тұлғаға  жалға беруге болмайды.

5. Жер учаскесi қызметтiк  жер телiмi тәртiбiмен берiлетiн  жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк  жер пайдаланушының өзiне тиесiлi  жер учаскесiн уақытша өтеусiз  жер пайдалануға беруiне жол  берiлмейдi. 

 

40-бап. Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауысуы

1. Жер пайдалану құқығының  әмбебап құқықтық мирасқорлық  тәртiбiмен ауысуы заң бойынша  мұраға ие болу кезiнде немесе  заңды тұлға қайта ұйымдастырылған  жағдайда құқық мирасқорында  жер пайдалану құқығының туындауын  бiлдiредi.

2. Жер учаскесiне ұзақ  мерзiмдi уақытша жер пайдалану  құқығы бap азамат қайтыс болған  жағдайда, жер пайдалану құқығы  Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртiппен мұраға қалдырылады. Егер уақытша жер пайдалану шартында өзгеше көзделмесе, қысқа мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы да осындай тәртiппен мұраға қалдырылады.

3. Заңды тұлға қайта  ұйымдастырылған жағдайда, оған  тиесiлi жер пайдалану құқығы  Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарының нормаларына және осы Кодекске сәйкес құқық мирасқорына көшедi.

41-бап. Қызметтiк жер телiмi

1. Қызметтiк жер телiмi  ұзақ мерзiмдi уақытша өтеусiз  жер пайдаланудың ерекше бiр  түрi болып табылады.

2. Қызметтiк жер телiмiне  құқығы бар қызметкерлер санаттарының  тiзбесiн Қазақстан Республикасының  Үкiметi белгiлейдi.

3. Қызметтiк жер телiмi  осы телiмге құқығы бар адамдар  жұмыс iстейтiн мемлекеттiк заңды  тұлғалардың жер пайдалануындағы  жерден бөлiнедi.

4. Қызметтiк жер телiмi  қызметтiк тұрғын үйдi күтiп-ұстау,  ауыл шаруашылығы дақылдарын  өсiру, шөп шабу және мал жаю  үшiн берiледi.

5. Қызметтiк жер телiмi  кейiнгi уақытша өтеусiз жер пайдалануға  жатады және жұмысқа байланысты  бөлiнген кезеңге берiледi. Қызметтiк  жер телiмiне ауыл шаруашылығы  дақылдары егiлген жағдайда, жұмыстан  босатылған қызметкердiң қызметтiк  жер телiмiн пайдалану құқығы  өнiм жинап алынғаннан кейiн  тоқтатылады.

6. Қызметтiк жер телiмi:

1) жасы немесе мүгедектiгi  бойынша зейнеткерлiкке шыққан  соң еңбек қатынастарын тоқтатқан  қызметкерлерде;

2) Қарулы Күштер қатарына  мiндеттi мерзiмдi қызметке шақырылған  немесе оқуға түскен қызметкерлердiң  отбасында - бұл қызметкерлердiң  мiндеттi қызметте немесе оқу  орнында болған бүкiл мерзiмiне;

3) қызметтiк мiндеттерiн  орындауға байланысты қаза тапқан  қызметкерлердiң отбасында: жұмысқа  жарамсыз жұбайы мен қарт ата-аналары  үшiн - өмiр бойы, балалары үшiн  - олар кәмелетке толғанға дейiн  сақталады.

7. Қазақстан Республикасының  тұрғын үй заңдарына сәйкес  қызметтiк тұрғын үй-жайда тұру  құқығы сақталатындығына қарай,  қызметтiк тұрғын үйді күтiп-ұстауға  арналған учаске түрiндегi қызметтiк  жер телiмiне құқық та сақталады.

8. Қызметтiк жер телiмi  тәртiбiмен жер учаскесiн беру  қызметкер мен заңды тұлға  әкiмшiлiгiнiң арасында жасалатын  қызметтiк жер телiмiн беру туралы  шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

9. Қызметтiк жер телiмiн  пайдалану құқығына қатысты қандай  да болсын мәмiле жасасуға жол  берiлмейдi. 

 

5-тарау. Жер  учаскесі - меншік құқығының,

жер пайдалану  құқығының және өзге де заттық құқықтардың  объектісі ретінде 

 

42-бап. Жер учаскесiне құқық шектерi

1. Егер Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе,  жер учаскесiне құқық осы учаске  шекарасындағы топырақтың үстiңгi қабатына, тұйық су айдындарына,  екпелерге қолданылады.

Жер учаскесi меншiк иесiнiң  немесе жер пайдаланушының топырақ  қабаты астындағы жер қойнауын пайдалануы жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына  сәйкес және жер қойнауы саласындағы  қатынастарды реттейтiн Қазақстан  Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. Кең тараған пайдалы  қазбаларды өндiруге және жеке қажетке  жер асты суларын алуға жер  қойнауын пайдалану құқығын табыстау қойнауында кең тараған пайдалы  қазбалар және жер асты сулары бар  жер учаскелерiн жеке меншiкке  немесе жер пайдалануға берумен  бiр мезгiлде жүргiзiледi.

Информация о работе Курс лекций по "Земельному праву"