Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 04:48, курс лекций
2007 жылғы 6 шілдедегі № 279-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша»мемлекеттік қажеттіктер» деген сөздер «мемлекет мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылды; «шаруа (фермер) қожалығын», «Шаруа (фермер) қожалығын», « шаруа (фермер) қожалығы», «шаруа (фермер) қожалығының» деген сөздер тиісінше «шаруа немесе фермер қожалығын», «Шаруа немесе фермер қожалығын», «шаруа немесе фермер қожалығы», «шаруа немесе фермер қожалығының» деген сөздермен ауыстырылды; 2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
І бөлiм. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 12 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік органдардың жер қатынастары (13 - 19 баптар)
саласындағы құзыреті
2-бөлiм. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану
құқығы және жерге өзге де заттық
құқықтар
3-тарау. Жерге меншік құқығы (20 - 27 баптар)
4-тарау. Жер пайдалану құқығы (28 - 41 баптар)
5-тарау. Жер учаскесі - меншік құқығының, (42 - 63 баптар)
жер пайдалану құқығының және өзге де
заттық құқықтардың объектісі ретінде
6-тарау. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер (64 - 66 баптар)
пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану
кезіндегі құқықтары мен міндеттері
7-тарау. Сервитуттар (67 - 75 баптар)
8-тарау. Жер учаскесі мен жер пайдалану құқығын (76 - 80 баптар)
кепілге салу
9-тарау. Жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану (81 - 96 баптар)
құқығын және өзге де заттық құқықтарды тоқтату
3-бөлiм. Жер санаттары
10-тарау. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер (97 - 106 баптар)
11-тарау. Елді мекендер жері (107 - 110 баптар)
12-тарау. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және (111 - 121 баптар)
ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер
13-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, (122 - 127 баптар)
сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени
мақсаттағы жер
14-тарау. Орман қорының жері (128 - 131 баптар)
15-тарау. Су қорының жері (132 - 136 баптар)
16-тарау. Босалқы жер (137 - 138 баптар)
4-бөлiм. Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге
орналастыру, мониторинг және жер кадастры
17-тарау. Жерді қорғау (139 - 143 баптар)
18-тарау. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау 144 - 148 баптар)
19-тарау. Жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры (149 - 163 баптар)
және жер мониторингі
5-бөлiм. Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету
және қорытынды ережелер
20-тарау. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын (164 - 168 баптар)
қорғау және шығынды өтеу
21-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (169 - 170 баптар)
13. Қазақстан Республикасының
мүлікті жария етуге
2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
44-бап. Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 1-тармақ өзгертілді
1. Объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін таңдау алдын ала жүргізіледі, оны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі жер учаскелерін беру жөніндегі өз құзыреттері шегінде құратын арнаулы комиссиялар жүзеге асырады.
Объект салу үшін, ал қажет болған жағдайларда оның күзет немесе санитариялық-қорғау аймағын белгілеу үшін де жер учаскесін таңдау нәтижелерін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы жер учаскесін таңдау туралы актімен ресімдейді. Осы актіге әрбір жер учаскесін таңдаудың ықтимал нұсқаларына сәйкес олардың шекарасының жобалары қоса тіркеледі.
Бұл ретте елді мекеннің бас жоспарлары негізінде орындалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс салу жобалары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы), сондай-ақ қонысаралық аумақтарға арналған аудандық жоспарлау жобалары болмаса, жер учаскелерін құрылыс үшін беруге тыйым салынады.
2. Осы Кодекстiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес, жер учаскесiн таңдау актiлерi және жер учаскесi шекарасының жобалары комиссияға қарау және қорытынды әзiрлеу үшiн табыс етiледi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 3-тармақ өзгертілді
3. Комиссияның қорытындысы
негiзiнде жерге құқық
Жерге орналастыру жобасының құрамында: берiлетiн жер учаскесiнiң көлемi, оның шекарасы мен орналасқан жерi, жер учаскесiнiң аралас меншiк иелерi және жер пайдаланушылар , сондай-ақ берілетін жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады .
Болжанып отырған, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару, оның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығару жағдайында, алып қойылатын алқаптардың түрiне байланысты жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жер пайдаланушылар (жалдаушылар) шығындарының, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасының есептеулерi қоса берiледi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4. Жерге орналастыру жобасының негiзiнде жер учаскелері орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы жерге тиiстi құқық табыстау туралы жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын дайындайды.
5. Мұнай мен газды магистральды
мұнай құбырларымен
2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге тұрғын үйлер, оның
ішінде жеке тұрғын үйлер
6. Өтiнушi немесе оның
сенiм бiлдiрген тұлғасы жер
учаскесiн бөлiп беруге талап
етiлетiн келiсiмдердi жеке-
Құрылыс объектiсiн орналастыруға таңдалған аумақта, бұзылуға немесе көшiрiлуге тиiстi (соның iшiнде жердi бөлiп беру кезiнде өнеркәсiп орындарының санитарлық-қорғау аймағына кiретiн) тұрғын үйлер, басқа да ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ инженерлiк коммуникациялар және жасыл екпелер орналасқан жағдайда, тапсырыс берушi шығындарды өтеу талаптары туралы жылжымайтын мүлiкке меншiк иелерiнiң әрқайсысымен жасалған шартты қосымша ұсынады.
Шартта сол кездегi бар
құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды,
жасыл екпелердi басқа жерге ауыстырудың,
көшiрудiң нақты шарттары мен мерзiмдерi,
құрылыс жүргiзушiнiң
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 7-тармақ өзгертілді
7. Жер учаскесiне құқық табыстау туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы , аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі шешiмiнiң жобасында:
жерге құқық табысталатын заңды немесе жеке тұлғаның атауы;
жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты;
жер учаскесiнiң көлемi;
жерге құқықтар түрi, ауыртпалықтар, сервитуттар;
учаске төлемақыға берiлетiн жағдайда жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын сатып алу бағасы, жер учаскесiн сатып алу-сату шарттарын жасасудың мерзiмi мен шарттары;
учаскелердің өлшемдері көрсетіле отырып, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығару жүргізілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы;
өзге де шарттар болуға тиiс.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін, құрылысқа арналған жер учаскесінің нысаналы мақсаты қызмет түрлеріне қарамастан, үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету ретінде белгіленеді.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 8 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық табыстаған жер учаскесінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы азаматта мұндай жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметті жергілікті атқарушы органның жер учаскесін беру туралы қорытынды әзірлеуі және тиісті шешім қабылдауы үшін жергілікті атқарушы органның жанындағы комиссияға табыс етеді.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы ақпарат пен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімінің қолжетімділігін оларды кемінде тоқсанына бір рет мемлекеттік тілде және орыс тілінде арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз етеді.
45-бап. Құрылысқа байланысты емес жер учаскелерiн беру
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1. Мемлекеттiк меншiктегi
жер учаскелерiнiң меншiкке
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 2-тармақ өзгертілді
2. Комиссияның қорытындысы
негiзiнде жерге орналастыру
46-бап. Оралмандарға жер учаскелерiн беру
1. Оралмандарға өзiндiк
қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық
және саяжай құрылысы үшiн жер
учаскелерiн беру ауылдық елдi
мекендердiң жерiнен, ауыл
2. Оралмандарға тауарлы
ауыл шаруашылығы өндiрiсiн
3. Берiлген жер учаскелерi
Қазақстан Республикасының
4. Оралмандарға берiлетiн
жер учаскелерiне осы
47-бап. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтар алу
1. Жер учаскелерiн алуға
құқығы бар азаматтардың және
мемлекеттiк емес заңды
Жер учаскелерiн азаматтардың
және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың
меншiгiне беру осы Кодексте және Қазақстан
Республикасының өзге де заң актiлерiнде
көзделген жағдайларда тегiн
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 2-тармақ өзгертілді
2. Жер учаскесiн сатып
алуға мүдделi тұлғалар жер учаскесi
орналасқан жердегi облыстың (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 3-тармақ өзгертілді
3. Жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға бұрын өзiне жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жеке меншiкке сатып алуға ниет бiлдiрген жағдайда, осы тұлға облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына , аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне өтiнiш бередi.
Өтiнiшке:
жер учаскесiне сәйкестендіру құжатты немесе құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесi;
бюджеттiң алдында берешегi бар немесе жоқ екендiгi (жер салығы және (немесе) жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы) туралы салық органының анықтамасы;
жер учаскесiмен мәмiле жасасуға кедергi келтiретiн ауыртпалықтардың жоқ екендiгi туралы жылжымайтын мүлiк орталығынан анықтама;
заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiледi.
Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы жер учаскесін кадастрлық құжаттама бойынша сәйкестендіреді, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бекітеді және жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды.
Жер учаскесiн меншiкке беру туралы шешiм жер пайдаланушы жергiлiктi атқарушы органға жазбаша нысанда өтiнiш берген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылдануға тиiс.
Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы сатып алушымен жер учаскесін сатып алу-сату шартын жасасады және оған қол қояды.
4. Жер учаскесiн алған
сатып алушы шартта