Курс лекций по "Земельному праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 04:48, курс лекций

Описание работы

2007 жылғы 6 шілдедегі № 279-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша»мемлекеттік қажеттіктер» деген сөздер «мемлекет мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылды; «шаруа (фермер) қожалығын», «Шаруа (фермер) қожалығын», « шаруа (фермер) қожалығы», «шаруа (фермер) қожалығының» деген сөздер тиісінше «шаруа немесе фермер қожалығын», «Шаруа немесе фермер қожалығын», «шаруа немесе фермер қожалығы», «шаруа немесе фермер қожалығының» деген сөздермен ауыстырылды; 2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)

Содержание

І бөлiм. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 12 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік органдардың жер қатынастары (13 - 19 баптар)
саласындағы құзыреті
2-бөлiм. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану
құқығы және жерге өзге де заттық
құқықтар
3-тарау. Жерге меншік құқығы (20 - 27 баптар)
4-тарау. Жер пайдалану құқығы (28 - 41 баптар)
5-тарау. Жер учаскесі - меншік құқығының, (42 - 63 баптар)
жер пайдалану құқығының және өзге де
заттық құқықтардың объектісі ретінде
6-тарау. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер (64 - 66 баптар)
пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану
кезіндегі құқықтары мен міндеттері
7-тарау. Сервитуттар (67 - 75 баптар)
8-тарау. Жер учаскесі мен жер пайдалану құқығын (76 - 80 баптар)
кепілге салу
9-тарау. Жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану (81 - 96 баптар)
құқығын және өзге де заттық құқықтарды тоқтату
3-бөлiм. Жер санаттары
10-тарау. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер (97 - 106 баптар)
11-тарау. Елді мекендер жері (107 - 110 баптар)
12-тарау. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және (111 - 121 баптар)
ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер
13-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, (122 - 127 баптар)
сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени
мақсаттағы жер
14-тарау. Орман қорының жері (128 - 131 баптар)
15-тарау. Су қорының жері (132 - 136 баптар)
16-тарау. Босалқы жер (137 - 138 баптар)
4-бөлiм. Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге
орналастыру, мониторинг және жер кадастры
17-тарау. Жерді қорғау (139 - 143 баптар)
18-тарау. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау 144 - 148 баптар)
19-тарау. Жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры (149 - 163 баптар)
және жер мониторингі
5-бөлiм. Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету
және қорытынды ережелер
20-тарау. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын (164 - 168 баптар)
қорғау және шығынды өтеу
21-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (169 - 170 баптар)

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының Жер кодексі.docx

— 167.83 Кб (Скачать)

Сатып алушы берiлген жер  учаскесiне төлемақы жасау жөнiндегi мiндеттемелердi шартта белгiленген мерзiмде  орындамаған жағдайда әрi шартта өзгеше көзделмесе, учаскеге төлемақы жасалуға тиiстi күннен бастап сатып алушы  төлемақыны жасаған күнге дейiнгi мерзiмi өткен сомаға тұрақсыздық  айыбы төленуге тиiс. Тұрақсыздық  айыбының мөлшерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасы негiзге алына  отырып есептеледi.

5. Жер учаскесiн сатып  алу-сату шарты және жер учаскесiнiң  сатып алу бағасын төлеу туралы  құжат жер учаскесіне сәйкестендіру құжат беру үшiн негiз болып табылады.

Жер учаскесiн төлеу мерзiмiн  ұзартып сатқан кезде, сатып алушыға  сатып алу-сату шарты негiзiнде  берiлетiн жер учаскесiне сәйкестендіру  құжатқа, учаскенi кепiлге берудi қоспағанда, мәмiле жасасуға тыйым салынатыны туралы тиiстi жазба жасалады. 

 

2009.13.02 № 135-IV ҚР Заңымен 48-бап редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

48-бап. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды  сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу

1. Жер учаскесі немесе  жер учаскесін жалдау құқығы:

1) инвестициялық стратегиялық  жобаларды іске асыру үшін;

2) халықаралық шарттарға  сәйкес шет мемлекеттерге және  халықаралық ұйымдарға;

3) Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жер пайдаланушыларына;

4) мемлекеттік органдар  өткізетін объектілерді салу  жөніндегі конкурстарды (тендерлерді) жеңіп алған тұлғаларға және мұндай құрылыс тікелей аталған тұлғаларға жер учаскесін беруді талап еткен кезде;

5) жеке және заңды тұлғаларға  оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен  тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін;

6) кондоминиум объектісін  пайдалану және ұстау үшін  кондоминиумға қатысушыларға;

7) жайылымдық және шабындық  алқаптарды халықтың жеке ауласын  ұстау, сондай-ақ бақша өсіру  жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру  мақсатында пайдалану үшін;

8) Қазақстан Республикасының  жер қойнауы және жер қойнауын  пайдалану туралы заңнамасына  сәйкес жасалған келісімшарттың  негізінде жер қойнауын пайдалану  мақсаттары үшін;

9) Қазақстан Республикасының  инвестициялар туралы заңнамасына  сәйкес жасалған келісімшарттың  негізінде мемлекеттік заттай  гранттар ретінде;

10) арнайы экономикалық  аймақтардың, индустриялық аймақтардың  жерлері құрамынан;

11) теміржол, автомобиль, теңіз  және ішкі су, әуе, құбыржолы  көлігінің мұқтажы үшін, байланыс  пен энергетика мұқтажы үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы  бар өзге де объектілерді салу  үшін;

12) халықтың мұқтажын қанағаттандыруға  арналған ортақ пайдаланудағы объектілерге (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылыстары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер), сондай-ақ осы Кодекстің 107-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес арнайы мақсаттағы объектілерге;

13) осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтарын белгілеу үшін;

14) осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшін;

15) мемлекеттік және өңірлік  бағдарламаларда көзделген объектілерді  салу, мемлекеттік мүдделерді және  қоғамдық маңызды мақсаттарға  қол жеткізуді қамтамасыз ететін  инвестициялық жобалар үшін;

16) осы Кодекстің 9-бабының  3-тармағына сәйкес халықаралық  қатысуы бар ғылыми орталықтар  мен отандық өнеркәсіп орындарына;

17) концессиялық жобаларды  іске асыру үшін концессионерлерге;

18) инвестициялық және  инновациялық жобаларды іске асыру үшін ұлттық компания мәртебесі бар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.

Уақытша жер пайдалану  мерзімі аяқталып келе жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері уақытша жер пайдаланушы жаңа мерзімге уақытша жер пайдалану  туралы шарт жасасудан бас тартқан  жағдайда ғана сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылады.

2. Сауда-саттықтың (конкурстардың,  аукциондардың) жеңімпаздарына – шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін, орман өсіруді, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері он жылға дейінгі мерзімге жалдау шартымен уақытша жер пайдалануға беріледі.

3. Сатуға арналған жер  учаскесі:

жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан;

жер учаскесінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан;

құрылыс объектілерін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосудың  техникалық шарттары анықталғаннан;

сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан;

сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда-саттыққа шығарылады.

4. Жер учаскесін немесе  жер учаскесін жалдау құқығын  сатушы ретінде жергілікті атқарушы  орган өкілдік етеді.

Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) ұйымдастырушы ретінде меншік иесі немесе онымен жасалған шарт негізінде әрекет етуші мамандандырылған ұйым өкілдік етеді.

5. Жep учаскесінің меншік  иесі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу нысанын, сауда-caттық  нысанасының бастапқы бағасын  және кепілақы сомасын белгілейді.

6. Жер учаскесін немесе  жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру мен өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

 

49-бап. Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезiнде оларға құқықтар алу

1. Мемлекет меншiгiндегi жер  учаскесiн төлеу мерзiмiн ұзартып  сату кезiнде, сатып алушы сатып  алу-сату шартында белгiленген  мерзiмде төлем жасауға тиiс.

2. Сатып алушы төлеу  мерзiмi ұзартылып сатылған жер  учаскесi үшiн сатып алу-сату  шартында белгiленген мерзiмде  кезектi төлем жасамаған кезде,  егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы шартты орындаудан бас  тартуға және сатылған жер  учаскесiн қайтарып алуды талап  етуге құқылы, бұған сатып алушыдан  алынған төлем сомасы жер учаскесiнiң  сатып алу бағасының жартысынан  асып түскен жағдай қосылмайды.

3. Төлеу мерзiмi ұзартылып  сатылған жер учаскесiне қатысты  оның сатып алу бағасы толық  төленгенге дейiн мәмiле жасасуға  тыйым салынады. Төлеу мерзiмi  ұзартылып сатылған жер учаскесiн  кепiлге салуға оның сатып алу  бағасының кемiнде елу процентi  төленгеннен кейiн жол берiледi.

4. Төлеу мерзiмi ұзартылып  сатылған жер учаскесiмен мәмiле  жасасуға шектеулер жер учаскесiн  сатып алу-сату шартында және  жер учаскесiне сәйкестендіру құжатта көрсетiледi. Жер учаскесiн сатып алу бағасын төлеу туралы құжат сатып алу-сату шартындағы және жер учаскесiне сәйкестендіру құжаттағы осы шектеудi алып тастауға негiз болады. 

 

2007.06.07   № 279-ІІІ ҚР Заңымен     49-1-баппен  толықтырылды

49-1-бап. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі

1. Жер учаскесінің нысаналы  мақсатын өзгертуді облыстардың  (республикалық маңызы бар қаланың,  астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері өздерінің осы Кодексте белгіленген жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде жүзеге асырады.

2009.10.07 №  180-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Жер учаскесінің нысаналы  мақсатын өзгертуге оның құқықтық  режимі, осы Кодекстің 1-бабында  санамаланған жердің осы немесе  өзге де санатқа тиесілігі  және жерді аймақтарға бөлуге  сәйкес рұқсат етілген пайдалану  негізге алына отырып жол беріледі.

2. Жер учаскесінің нысаналы  мақсатын өзгертуге мүдделі жеке  және заңды тұлғалар жер учаскесі  орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне өтініш береді.

3. Жер учаскесінің нысаналы  мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен кезден бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде қаралады.

4. Жер учаскесінің нысаналы  мақсатын өзгерту туралы шешім осы Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссия қорытындысының негізінде қабылданады.

5. Жер учаскесінің нысаналы  мақсатын өзгертуге келісім беру  не одан бас тарту туралы  облыстың (республикалық маңызы  бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі шешімінің көшірмесі ол қабылданғаннан кейін жеті күн мерзімде өтініш берушіге тапсырылады.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту дәлелді  болуға тиіс.

6. Жер учаскесінің нысаналы  мақсаты және (немесе) жер учаскесінің  меншік иесі, жер пайдаланушы  өзгертілген кезде сәйкестендіру  құжаттарды қайта ресімдеу мерзімі  күнтізбелік он бес күннен  аспайды. 

 

50-бап. Жер учаскелерiн беру нормалары

1. Азаматтар мен заңды  тұлғаларға ауыл шаруашылығынан  басқа мақсаттар үшiн берiлетiн  жер учаскелерiнiң мөлшерi қызметтiң  осы түрлерiне жер бөлiп берудiң  Қазақстан Республикасының заңдарында  белгiленген тәртiппен бекiтiлген  нормалар бойынша не сәулет-қала  құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына  сәйкес айқындалады. 

 

2007.06.07   № 279-ІІІ ҚР Заңымен     (бұр. ред. қара ) 2-тармақ   өзгертілді

2. Осы Кодекстің 48-бабының 1-тармағына сәйкес сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатуға ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізілгендерді қоспағанда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:

1) ауылдық жерлерде өзiндiк  қосалқы шаруашылық (үй маңындағы  және егiстiк телiмдердi қоса  алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын  жерде 0,25 гектар және суармалы  жерде 0,15 гектар;

2) жеке тұрғын үй құрылысы  үшiн - 0,10 гектар;

3) бағбандық, сондай-ақ  саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар.

Жер учаскелерінiң аталған  мақсаттар үшiн қайталап тегiн  беруге жол берiлмейдi.

Ауылдық елдi мекендердiң  аумағында бос жер болған жағдайда жеке тұрғын үй құрылысы үшiн және өзiндiк  қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн  жер учаскелерi осы аталған мақсаттар  үшiн көзделген жер учаскелерiнiң  нормалары шегiнде бiртұтас алап болып берiледi.

3. Осы баптың 2-тармағында  санамаланған, жеке меншiкте болуы  мүмкiн жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерi жергiлiктi жағдайлар  мен ерекшелiктерге қарай облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың  және астананың) өкiлдi және атқарушы  органдардың бiрлескен шешiмдерiмен  белгiленедi.

4. Қазақстан Республикасының  Үкiметi облыстық (республикалық  маңызы бар қалалардың, астананың)  өкiлдi және атқарушы органдарының  бiрлескен ұсынысы негiзiнде ауыл  шаруашылығына арналған жер учаскелерiнiң  бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың)  аумағындағы шектi (ең жоғары) мөлшерiн  белгiлейдi, олар:

жеке меншiк құқығымен  Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оған аффилиирленген тұлғаларда тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн;

уақытша жер пайдалану  құқығымен шетелдiктерде, азаматтығы жоқ адамдарда және шетелдiк заңды  тұлғаларда тауарлы ауыл шаруашылығы  өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн.

2009.10.07 №  180-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жер учаскелерін ұтымды пайдалану  мақсатында облыстық өкілді және  атқарушы органдардың бірлескен  шешімдерімен жергілікті жағдайларға  және көрсетілген жерді пайдалану  ерекшеліктеріне байланысты меншікке  немесе жер пайдалануға берілетін  ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жер учаскелерінің ең аз мөлшері  белгіленеді. 

Информация о работе Курс лекций по "Земельному праву"