Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:02, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандардыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші - жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Кіріспе........................................................................................................................3
1 Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні мен және инновациялық жоба элементтері...............................................6
Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні..................................6
Инновациялық жоба және оның элементтері............................................13
2 Қазақстан Кәсіпорындарындағы инновациялық даму стратегиясы және «Атырау - нан» ЖШС-нің Инновациялық-инвестициялық жоба капитал салымдары мен экономикалық тиімділігін анықтау ..................................................19
2.1 Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық кәсіпкерлік және инновациялық даму стратегиясының қалыптасуы.........................................19
2.2 Инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтау.................40
2.3 Инновациялық - инвестициялық жобада капитал салымдарының көлемін анықтау.................................................................................................46
3 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу ........................................................................................58
3.1 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу..................................................................................................................58
Қорытынды...........................................................................................................63
Пайдаланылған Әдебиеттер.......................................
Инновациялық тиімділік жобаны бағалау кезінде белгіленген методологиялық әдістемеде мыналар қолданылады, коммерциялық, тиімділік, бюджеттік тиімділік, экономикалық тиімділік.
Әртүрлі инновациялық жобаларды салыстыру және олардың жақсысын таңдау келесі көрсеткіштерді қолданумен өндіріледі:
- таза дисконтталған құн (NPV), немесе таза дисконтталған табыс (ЧДД);
Шығындардың қорытындысы оның дисконттау коэффициентіне К көбейтумен анықталады.
Үнемі дисконт нормасын Е мына формуламен анықталады:
К=1/(1+T) t
Мұндағы : t - қорытындысын алу уақыты.
Дисконт нормасы
Е-табыс капиталының коэффициенті.
Инновациялық жобаның экономикалық эффектілік көрсеткіштерін анықтау кезінде базистік, әлемдік, жобалық және есептік бағалар қолданылады.
Базистік бағалар - бұл белгілі уақыт периодында белгіленген баға. Олар инвестициялық мүмкіншіліктің техника - экономикалық зерттеулер стадиясында қолданылады.
Жобалық бағалар –мына формула арқылы анықталады:
Ц t = Ц б * І t
Мұндағы : Цt-t жылдың аяғындағы инвестициялық жобаның жобалық бағасы.
Цб- өнімнің немесе ресурстың базистік бағасы;
Іt- өнімге сәйкес бағалардың өзгерудегі жобалық коэффициенті.
Есептік бағалар - базистік бағалар мен дефилторды көбейту жолымен анықталады.
Базистік, жобалық және есептік бағалар теңгемен немесе шетелдік валютамен анықталуы керек.
Таза дисконтталған табыс (ЧДД, NРК) барлық есеп периодтағы ағымдағы тиімділік сомасымен анықталады. Ол мына формуламен анықталады:
ЧДД(NРV)= E (Rt-Зt)/(1+е)t
t=0
Мұндағы Rt- t қадам есептерінің жеткен жетістіктері .
Зt- сол қадамдағы жүзеге асыру шығындары.
Т-есептеу уақытша периоды.
Инновациялық
рентабельдігі келтірілген
І
t=0
Егер табыс индексі 1-ге тең немесе көп болса онда инвестициялық жоба эффектілі, ал егер төмен болса эффекті емес .
Табыстың ішкі нормасы (ВНД,ІRR) сол дисконт нормасымен Евн анықталады. Евн мына теңдікпен анықталады:
Т t T
Е (R1-З1)/(1+Евн)=E 1 /`1+Eвн)t
t=0 t=0
Коммерциялық тиімділік қаржылық сәйкестілік шығындармен анықталады. Инновациялық жобаның коммерциялық тиімділік анықтамасы шынайы ақша потоктарымен сальдосының анықтамасымен анализдерінен тұрады. Сонымен қатар инвесторлар жағдайының 3 түрі қарастырылады. Олар: инвестициялық, операциялық, және қаржылық болып табылады.
Шынайы ақша сальдосы - бұл инвестициялық жобадағы барлық қарастырылатын 3 жағдайдағы ақша қаражаттарының приток пен отток арасындағы айырмашылық.
Шынайы ақша ағымдары – бұл инвестициялық жобадағы қарастырылатын инвестициялық және операциялық жағдайлардағы ақша қаражаттарының ағымы пен шығындары арасындағы айырмашылық.
Ликвидациялық жобадағы Дt Т периодтағы шынайы ақша сальдосы осы периодтағы сомасымен анықталады:
T
Дt = E dt
t=0
t қадамдағы шынайы ақшаның ағымдағы сальдосы сол қадамдағы шынайы ақша потоктары сомасына тең.
Dt= Дt и+ Дt0+Дt ф
Шынайы ақшаның ағымдағы сальдосының ликвидация обьектісі стадиясына сонымен тқатар таза ликвидациондық обьект құны жатады.
Дt 0 түсінігі кәсіпорынның т қадамына бос ақша қаражаттары бар екндігін білдіреді.
Инновациялық жобалардың коммерциялық тиімділікгі көрсеткіштеріне келесілер өз әсерін тигізеді:
2.3
Инновациялық - инвестициялық
жобада капитал салымдарының
көлемін анықтау
Жиынтық
капитал салымдары көлемін
Жалпы (жиынтық) капитал салымдары белгілі бір нысанға салынған салымдарының құнын қосу әдісімен анықталады:
К=Кғзткж+ Кө + Көқ+ Кинф + Ктқ + Көа+ Кққн
1 2 3
4
Сурет 8
Капитал салымдарының кәсіпорынның өндірістік қуатының ауқымына деген тәуелділігі
4– суреттен
байқалғандай, кәсіпорынның өндірістік
қуатының (күшінің) артуы капитал
салымдары көлемін
К=Өкс х Өқ х Кс Өқ;
Жалпы алғанда, тиімділік-кipicтiң шығындарға, ресурстарға немесе жұмсалған күш-жігерге қатынасын көрсетеді және көзделген мақсатқа жету дегенді білдіреді.
Инновациялық - инвестициялық жобаның тиімділігі ғылыми-техниналық (ғылыми-техниналық нәтижелердің FЗТҚЖ-ны орындауға кеткен шығындарға қатынасы), өндipicтік (сатылған өнім көлемінің өндipicтi дамытуға жұмсалған бip жолғы шығындарға қатынасы), әлеуметтік (әлеуметтік нәтижелердің әлеуметтік ic-шараларды жүзеге асыруға кеткен шығындарға арақатынасы), экологиялық (қоршаған ортаны қорғау нәтижелерінің осы мақсатта жұмсалған капитал салымдарына қатынасы), экономиналық, коммерциялық және бюджеттік деп бip қатар түрлерге бөлінеді.
Әр түрлі елдерде экономикалық нәтиже ретінде жылдық үнемдеу, экономикалық эффект, кipic, таза өнім, жалпы және таза пайда, дивиденттер қабылданады. Бұл экономикалық нәтижелердің барлық түрлері алға қойған мақсат пен қызметке және ic-шараның сипаты бойынша экономикалық тиімділікті есептеуде қолданылады. Жүргізілетін ic-шараның аз үнемдеуге себеп болған жағдайда, экономикалық нәтиже ретінде ағымдық өндірістік шығындарда жасалған жылдық үнемдеу алынады. Дивиденттер - акционерлер тұрғысынан ic-шаралардың экономикалық тиімдiлiгiн, aл пайда - нарықтық экономика шарттарында негізгі экономикалық нәтижені сипаттайды.
Сондықтан экономикалық тиімділікті төмендегідей көрсетуге болады:
Е = ТП (У, ШЕК, ЖП) / К,
мұндағы: ТП және ЖП - таза және жалпы пайда; ШЕК - шаруашылық eceп кipici (кәсіпорынның шаруашылық есептегі бөлімшелері жүргізген ic-шараларының тиімділігін есептегенде); Ү - өндіріске кететін ағымдық шығындарда жасалған жылдық үнемдеулер; К-капитал салымдары (сол уақытта жұмсалған).
Экономикалық тиімділікті басқару түріне қарай - халық шаруашылығы және шаруашылық есеп тиімділігі (өндіруші және тұтынушыда), есептеу әдici мен мақсатына қарай - абсолютті (жалпы) және салыстырмалы тиімділік, тиімділіктің экономикалық негіздемесінің нысандарына қарай - өндipic, капитал салымдары, FЗТКЖ, жаңа техника және технология тиімділігі деп бірнеше түрлерге топтауға болады.
Капитал салымдарының тиімділігін экономикалық тұрғыдан негіздеудің объективті қажеттілігі нарықтық экономика шарттарында экономикалық заңдардың (біріншіден құн заңының) қолданылуынан, толығымен өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі жабдықтау қағидалары бойынша жұмыс істейтін акционерлік және жеке кәсіпорындардың толық экономикалық тәуелсіздігінен; тиімділікті арттырудың түрлері көп, ал қаржылық ресурстар шектеулі болып келетін экономикалық жағдайда материалды-техникалық ресурстардың шектеулi болуынан туындайды. Сонымен қатар, экономикалық тиiмдiлiк көрсеткiштерi мемлекеттiк мекемелердi былай қойғанда акционерлiк кәсiпорындарда жоспарлау нысаны, ал өткiзілетiн техникалық, ұйымдастыру-экономикалық сипаттағы ic-шаралардың экономикалық тиiмдiлiгi "бизнес жоспардың" бiр бөлiгi болып табылады. Сондай-ақ, экономикалық тиiмдiлiк кәсiпорынның ic-шараларының соңғы нәтижелерi бойынша норма, норматив, баға ретiнде бepiлyi керек.
Осы себептер экономикалық тиiмділiктi есептеудi шартты қылады:
- кұрылыс, қайта құру, жаңа техника, технология өндiрудiң ең тиiмдi вариантын таңдау және т.б.;
- өндipic және тиiмдiлiк үшiн маңыздылығына қарай iс-шаралардың жүзеге асырылу кезегiн анықтау;
- экономикалық тиiмділік нәтижелерiн жоспарлы және есептiк көрсеткiштерiмен анықтау;
- жаңа техника мен технологияны қолданудың сыйақы көлемiн анықтау;
- тұтынушы-кәсiпорынның ұйымдастырушы-техникалық мәселелердiң тез арада және сапалы шешiм табуында келiсілген бағамен дайындаушы- кәсiпорынды экономикалық ынталандырудың көлемiн анықтау.
Сонымен бipгe дайындаушы үшін де, тұтынушы үшiн де бұл мәселелердiң шешiмi капитал салымдарының экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға және олардың қайту мерзiмi мен icкe асу мерзiмiн қысқартуға әкелiп соғады. Және де экономикалық тиiмдiлiктi есептегенде капитал салымдарының тиiмдi бағытын таңдау және өнiм көлемiнiң артуы және салынған әpбip теңге үшiн рентабельдiлiгiн арттыру сияқты мәселелер де шешiмiн табу керек.
Осылайша нарық жағдайында экономикалық тиiмдiлiктi (пайдалылықты, рентабельдiлiктi) арттыру ең маңызды мәселе болып табылады. Бiрақ, қалыптаскан үлкен экономикалық потенциал, әcipece саласында тиiмдi қолданылмайды, өнеркәсiп өндірісі екi есеге дейiн қысқартылды. Ғылыми техникалық прогресс мүмкiндiктерi қолданылмайды, мысалға, машина құрылысында инвестиция салулар тоқтаған. Сонымен қатар, қолда бар резервтер пайдаланылмайды, оның орнына ең бipiншi еңбекақысын төлеуге жұмсалуда.
Өтпелi кезеңнiң осындай шығындары әрине жойылады. Акционерлiк және жеке капитал өндiрiстi қаржыандырудың қайнар көзiне айналады, сондықтан да инвестиция саясатының өзгеруi, ғылыми-техникалық дамуды жеделдететiн капиталды салымдардын артуы, барлық тур ресурстарды тиiмдi қолдану мәселесiн қайтадан көтерiп, бұл мәселенiң экономикаға негiзделген шешiмiн талап етедi.
Мұндай шешiмдердiң методологиялық негiздерi алғашқы экономикалық реформа кезеңiнде, яғни 60-жылдары орталықтандырылған экономикалық шарттарда нарықтық экономика принциптерiн қолдануға бағытталған болатын [10].
Капитал салымдарының экономикалық тиiмдiлiгiнiң әдiстемелiк нeгiзiн экономикалық нәтижелер (ЭН) мен осы нәтижелерге алып келетiн капиталды салымдардың (Н) арақатынасы құрайды:
ЭТ=ЭН/К
Халық шаруашылығы деңгейiнде экономикалық нәтиже ретiнде ұлттық табыс өciмi (∆ҰТ), салалық деңгейде - нормативтi таза өнiмнiң өciмi (∆НТӨ, яғни жалпы табыс-енбекақы, дивидент және таза пайда), акционерлiк кәсiпорын деңгейiнде - капитал, дивидент және таза кipic табуға бағытталған пайданың өciмi (∆Па), ал жеке кәсіпорын деңгейiнде таза пайданың өciмi (∆Пт) қолданылады. Кәсiпорын iшiнде экономикалық нәтиже ретiнде ағымдағы шығындардың жылдық үнемi (Ү) түpлi ic-шараларда қолданылады. Егер ic-шаралардың тиiмдiлігiне экономикалық баға белгілі бip өнiм тұрғысынан берiлетiн болса, экономикалық нәтиже ретiнде баға (Бi) мен өнiмнiң өзiндiк құны (Өқi) арасындағы айырмашылық, яғни сатудан түскен пайда қаралады.
Информация о работе Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау