Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:02, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандардыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші - жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Кіріспе........................................................................................................................3
1 Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні мен және инновациялық жоба элементтері...............................................6
Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні..................................6
Инновациялық жоба және оның элементтері............................................13
2 Қазақстан Кәсіпорындарындағы инновациялық даму стратегиясы және «Атырау - нан» ЖШС-нің Инновациялық-инвестициялық жоба капитал салымдары мен экономикалық тиімділігін анықтау ..................................................19
2.1 Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық кәсіпкерлік және инновациялық даму стратегиясының қалыптасуы.........................................19
2.2 Инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтау.................40
2.3 Инновациялық - инвестициялық жобада капитал салымдарының көлемін анықтау.................................................................................................46
3 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу ........................................................................................58
3.1 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу..................................................................................................................58
Қорытынды...........................................................................................................63
Пайдаланылған Әдебиеттер.......................................
Теориялық
талдау негізінде инновацияны
біріншісі,
инновация жаңа идеялар мен үрдістер
ретінде қарап оны қолдану
арқылы өз қасиеттері бойынша ең сапалы
өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін
қоғамдық-техникалық-
екіншісі, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді (И. Шумпетер). Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа қызметі. Оның негізі - өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми зерттеу және басқа салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады.
Әр түрлі сипаттамаларды қорыта келе, инновацияның өтімділігі жоғары жаңа өнім ойлап табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі міндетерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана есептелінеді.
Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулердің негізінде тұжырымдамалауға болады.
Инновацияның дамуына қозғаушы тетік - бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолы мен тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестіктері алдында басымдылыққа ие болады. Қазіргі кезеңде жаңа тауарлар түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған уақытта, әсіресе шағын кәсіпорындардың икемділік қабілеттерін күшейту аса тиімді саналады. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай «шағын шабақтар» қайрандап қалып қоймаулары үшін түрлі салалардағы жаңа өнімдер мен жаңа технологияларды шығару басымдық негіздегі сұрақтардың деңгейінде жүреді.
Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған.
Қазақстан Республикасының инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқада түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымына ретінде даму инситуттары, венчурлық қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады.
Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлық қорлар құрылады [12,87].
Венчурлік
қорлар – венчурлік инвестициялаудың
негізгі механизмі болып
Венчурлік қорларды құрғанда мемлекеттің қатысуы (Ұлттық инновациялық қор) ҰИҚ–ң инвестициялық саясатының басты бағыттарының бірі – отандық және шетелдік инвестициялармен бірлесе отырып құрылған венчурлік қорлардың капиталындағы үлестік қатысуы (49%) арқылы венчурлік қорларды құру болып табылады.
Қазіргі
таңда Қазақстан венчурлық
Венчурлық инвестордың көзқарасы бойынша компания объектісі бірнеше даму деңгейінен өтеді (Кесте-1).
Венчурлық
қаржыландыру алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра
алады. Ал көп қолданылатын міндеттемелік
қаржыландыру тек үшінші деңгейден ғана
басталады [13,65].
Кесте 1
Инновациялық
компанияның даму деңгейлері
Деңгейлер | Мазмұны | |
Бизнес идеясы (seed stage) | Идеяны жобалау
және оны саудалау. Сонымен қатар
болашақ өнімнің үздік | |
Бизнесті ашу (start-up stage) | Жобаны жүзеге асыру меқсатында жүйелі іс-әрекеттерді жүзеге асыруды бастау; | |
Өсу деңгейі (expansion stage) | жаңа өндірістік қуаттылықты іске қосу және персоналдар санының өсуі; | |
Кеңею деңгейі (mezzanine stage) | нарықтың бір бөлігін жаулап алу және пайданың тұрақты болуы; | |
Өтімділік деңгейі (liquidity stage) | бизнестің нақты (реалды) нарықтық құнының қалыптасуы. |
Әлемдік экономикада концессияның рөлі ұлғаю үрдісінде. Егер де ХХ-шы ғасырда концессияны тек жер қойнауын пайдалануда қолданса, 1990 жылдан бастап концессияға мемлекеттік меншіктің көптеген басқа да объектілері беріле бастады.
Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі концессиялық келісім.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай концессия мемлекеттің жекеменшік инвестицияға қызығушылығынан қолданылады. Қазақстанда концессияға қызығушылық артуда. Әсіресе ірі инфраструкутуралық жобаларды іске асыруда: көлік және телекоммуникация салаларында, жол салуда т.б. Қаізргі таңда 212 млрд. тенге көлемінде 7 концессиялық жоба іске асуда.
Қазақстан
Республикасында концессиялық қатынастарды
заңдық реттеу белгілі бір деңгейде
қалыптасқан. Қазақстан Республикасы
мен шетелдік инвесторлар арасындағы
қатынастарды реттейтін 2006 жылы «Қазақстан
Республикасындағы концессия
Осы Заң концессияға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, концессия шарттарын жасасудың, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібін айқындайды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын айқындайды.
Алайда, концессиялық жобаларды іске асырудың негізгі проблемалары бұл жобалардың капитал сыйымдылығының өте жоғары болуы «ұзын» ақшаларды қажет етеді. Біздің ойымызша зейнетақы мен сақтандыру қорларының қаражаттарын пайдалану қажет. Келесі проблема концессиялық жобалардың өтеу мерзімінің ұзақтығында. Өйткені бюджет 3 жылға жоспарланады, сондықтан бюджеттік жүйе 3 жыл өткен соң қаржыландыруды кепілдік бере алмайды және салық кодексіне енгізілетін өзгерістерде кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан заң потенциалды концессионерлердің құқықтарын толық қолдай алмай отыр.
Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытуда лизингтің маңызы зор. Өйткені кез келген инновациялық кәсіпорын ашу үшін алдымен кәсіпорынға толық технологиялық цикылды қамтамасыз ететін құрал жабдықтар қажет. Ал жаңа технологиялар қымбат тұрады, және оны кез келген кәсіпкер сатып ала алмайды. Бұл мәселені шешудің бірден бір жолы қажетті құрал жабдықтарды лизингке алу болып табылады.
Лизинг
қазіргі кезде Қазақстанда да қалыптасу
және даму кезеңін өткеруде. Лизингті
дамыту үшін заңдық-құқықтық
актілердің қабылдануы банкілер
мен саудалық құрылымдар құрған,
мемлекет немесе ҚР заңдары бойынша
заңды тұлға болып есептелетін және
шетел компаниялары тарапынан қаржыландырылатын
түрлі лизингтік компаниялардың пайда
болуына септігін тигізді. Лизингтік компаниялардың
басым көпшілігі лизингті қолданудың
тиімділігін арттыру үшін банкілердің
көмегімен дербес қаржы көздерін тарту
және өзара бірлестіктер мен одақтарға
бірлесу арқылы ірілену саясатын жүргізуде.
Лизингтік қызметтерді көрсететін компаниялар
мен банкілердің көбеюі бір жыл ішінде
жасалатын лизингтік операциялар көлемінің
артуына себепші болып, соңғы жылдары
лизингтік мәмілелер мен операциялар
саны қарқынды түрде арта түсті [14,26].
Кесте 2
2005-2008
жылдары арасында Қазақстан
Лизингтік қызметтер |
2005ж. | 2006ж. | 2007ж. | 2008ж. | 2005-2008 ж.ж. салыстыру (қанша есе) | |||||
Жеңіл автокөлік лизингі | 49,7 | 54,1 | 81,4 | 188,3 | 3,8 | |||||
Басқа да құрлықта жүретін көлік құралдарының лизингі | 15,5 | 45,8 | 83,9 | 97,0 | 6,3 | |||||
Кемелер лизингі | - | - | 39,5 | 36,4 | - | |||||
Ұшақтар лизингі | 10,6 | 24,9 | 46,9 | 78,2 | 7,4 | |||||
Ауылшаруашылығы машиналарының лизингі | 4,0 | 40,0 | 27,1 | 917,6 | 229,4 | |||||
Құрылыс жабдықтарының лизингі | 48,8 | 1585,6 | 1804,6 | 3112,3 | 63,8 | |||||
Компьютерлер лизингі | 7,2 | 5,5 | 27,9 | 285,5 | 39,6 | |||||
Басқа да құрылғылар мен жабдықтар лизингі | 20,5 | 86,2 | 52,5 | 298,1 | 14,5 | |||||
Басқа негізгі құралдар лизингі | 5,4 | 3,1 | 1,9 | 1,9 | 2,7 | |||||
Барлығы | 161,7 | 1855,2 | 2165,8 | 5015,2 | 31,0 |
2-кестедегі мәліметтерден лизингтік операциялар көлемінің ауылшаруашылығы машиналары, құрал жабдықтары және компъютер лизингі операцияларында қарқынды түрде артқандығы байқалады. Республикамызда көрсетілген лизингтік қызметтердің жалпы көлемінің артуына қарамастан, лизингтің даму деңгейі әлі күнге дейін қойылған талаптарға сай емес. Бұл, ең алдымен, лизингтің ұйымдық-экономикалық тетіктерінің тиімсіз әрекеттілігіне, лизингтік қызметтердің құрамы мен түрлеріне қатысты ақпараттардың тапшылығына, осы саладағы мамандардың білімдері мен тәжірибелерінің жеткіліксіздігіне және лизингтік компаниялардың басым көпшілігінде инвестициялық мүмкіншіліктің төмендеуіне тікелей байланысты болып отыр. Жалпы алғанда, шағын және орта кәсіпорындар мен банкілердің үлесі бар компаниялар лизингілік қызметтерді ұсынуда. Ал жеткілікті потенциалы бар ірі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар лизингілік жобаларды инвестициялау ісіне көп назар аудармауда.
Франчайзинг кәсіпорынның өз өнімін сату нарығын шұғыл кеңейтуге, кәсіпорында жоқ елеулі қаржылық салымдарсыз мүмкіндік береді. Франчайзи франчайзердің саудалық белгісімен жұмыс істей отырып, пайда өсімін, оның өзін (франчайзер компания) және өнімін жарнамалануын қамтамасыз етеді.
Қазақстанда 2007 жылы франчайзинг айналымы 500 млн.АҚШ долларды құрады. ҚР «Франчайзинг туралы заң» (2002ж) қабылданды, 150 франчайзинг жүйесі және 1000 аса франчайзинг пунктері жұмыс істейді, Қазақстан ұлттық франчайзинг ассоциясы құрылды. Франчайзинг мемлекеттік деңгейде қолдау тауып отыр. Соның арқасында 2003-2007 жж франчайзин жүйесі елімізде 3 есеге өсіп отыр. Франчайзинг жүйесінде жұмыс істейтіндер саны 14000 адамды құрап отыр. Бірақ франчайзингтің одан ары дамуына келесі факторлар кері әсер етіп отыр: франчайзинг секторына мемлекеттік жеңілдіктердің қарастырылмағандығы, интелектуалды меншіктің нашар қорғалуы, кәсіпкерлердің ұзын ақшаны алуға шектеулігі, франчайзинг туралы ақпаратың жетіспеушілігі.
Әлемдік тәжірибеде франчайзинг кеңінен қолданылып отыр. Ал ҚР шетел франшизасының үлесі үлкен. Қазақстанада негізінен дистрибьютивтік/саудалық франчайзинг ғана дамып отыр, ал шет елде керісінше, кәсіпкерлік франчайзінгінің үлесі саудалық франчайзингтен жоғары.
Қазақстан
Республикасының индустриалды-
Информация о работе Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау