Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:02, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандардыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші - жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................3
1 Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні мен және инновациялық жоба элементтері...............................................6
Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні..................................6
Инновациялық жоба және оның элементтері............................................13

2 Қазақстан Кәсіпорындарындағы инновациялық даму стратегиясы және «Атырау - нан» ЖШС-нің Инновациялық-инвестициялық жоба капитал салымдары мен экономикалық тиімділігін анықтау ..................................................19
2.1 Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық кәсіпкерлік және инновациялық даму стратегиясының қалыптасуы.........................................19
2.2 Инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтау.................40
2.3 Инновациялық - инвестициялық жобада капитал салымдарының көлемін анықтау.................................................................................................46
3 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу ........................................................................................58
3.1 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу..................................................................................................................58

Қорытынды...........................................................................................................63
Пайдаланылған Әдебиеттер.......................................

Работа содержит 1 файл

Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау.doc

— 870.00 Кб (Скачать)

     Соңғы он жылда Қазақстанда, басқа да ТМД  республикаларындағыдай технологиялық  деградация тенденциясы орын алды. Өндірістің техникалық деңгейі төмендеді, жаңа технологиялар әлсіз меңгерілді, прогрессивті өнім өндірісі төмендеді, ғылыми-техникалық потенциал қысқарды.

     Еліміздегі  ғылыми-техникалық әлуетінің  қазіргі  жағдайы абсолютті сандық қысқаруы мен оның барлық құрамдастары бойынша  сапасының нашарлауы тенденциясына  ие болып отыр. Республикадағы инновациялық іс-әрекеттердің ғылымның ары қарай дамуы оның заңдылық және нормативтік базаларын жетілдіруге байланысты [15,37]. 

     Дамығын елдер тәжірбиесі көрсетуінше экономикалық дамудың негізгі гранты – ғылыми-техникалық салада лидерлік позицияны ұстау. Сондықтанда 80-жылдардан бастап барлық алдынғы қатардағы елдер белсенді ғылыми-техникалық саясат жүргізе бастады. Бір ғана мысал, ол елдердің ғылымға жұмсаған шығындарынан да көруге болады. (кесте-3). Бұл кестеден Қазақстан Республикасы ең төменгі орын болып отырғанын көруге болады. Швеция мемлекетінде ЖІӨ-ің үлесі жоғары болған. Басқа мемлекетке қарағанда бізде ғылымға арналған шығын көлемі аз болып отыр. Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму үрдісі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды, биоинженерлі және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түде, ұйымдастыру үрдісіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде  мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет. 

    Кесте 3

    2008 жылда  Әлемдегі мемлекеттердің ғылымға арналған шығындары 

Мемлекет ЖІӨ-дегі үлес салмағы, (%) Жеке капиталдағы  үлесі, (%)
АҚШ 2,9 66,7
Жапония 3,0 40,3
Германия 2,35 66,6
Франция 2,25 31,4
Швеция 4,0 32,3
Ресей 1,9 2,9
Украина 1,3 2,4
Қазақстан 0,3 3,0
 

     Қазіргі күні барлық елдерде ірі көлемде ғылыми-техникалық саясаттар жүргізілуде. Батыс Еуропа елдерінде бұл - өнеркәсіпте жаңалық тар мен инновацияларды енгізу процесін қолдау. АҚШ-та ғылыми-техникалық дамудың ірі және жеке бөлімдерін қолдау болып табылады. Барлық елдерде ғылыми-техникалық саланы қаржыландыру басты тапсырмаларға айналған. Бұл саланы қолдау заңды түрде: мемлекеттік акті, үкімдер бойынша жүзеге асырылады [16,28]. 

     Инновациялық  кәсіпкерліктің түрлерінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайын  талдау

     Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық үрдістерді белсендіруге, жаңа технологиялық құрылыстар енгізуге, өндіріс өнеркәсібінде жаңа шеңберлерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуметтің дамуына, ғылым және өндіріс арасындағы алшақтықты еңсеруге, инновациялық қызметті ынталандыруға, технологияладың нақты трансфертын қамтамассыз етуге және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін дамыту негізгі ретінде республиканың ғылыми-техникалық әлеуеті болып табылады.

     Ірі корпорациялардың ғылыми орталықтарында, институттар зертханаларында шоғырланған, жоғары технологиялармен жұмыс істейтін кәсіпкерлік сегменті-бұл қазіргі экономиканың қарқынды дамып келе жатқан құрылымы. Қазақстанда бұл сектор енді ғана дамып келе жатыр, әзірге кейбір институттардың, нәтижелері нарықта талап етілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, коммерциалық табысты өнім мен технологиялар құруға қабілеті бар.  

    Кесте 4

    Ғылымның  жағдайы мен дамуының негізгі  көрсеткіштері және оларды салыстыру 

 
 
Көрсеткіштер   
 
 
2005ж.
 
 
2006ж.
 
 
2007ж. 
 
 
2008ж.
2008 ж. 2005 жылға  өсу/кему  қарқыны (%)
Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге 7 590,60 10 213,70 12 849,80 15907,0 209,6
Зерттеулер  мен әзірлемелерге жұмсалған  ішкі шығындар қолданыстағы бағада, млн. теңге 21 527,40 24 799,90 26 835,50 34 761,6 161,5
жалпы ішкі өнімге пайызбен 0,28 0,24 0,21 0,22 -
Зерттеулер  мен әзірлемелерді орындаған  ұйымдар саны 390 437 438 421,0 107,9
Зерттеулермен және әзірлемелермен айналысатын персонал саны (жыл соңына), адам 18 912 19 563 17 774 16 304,0 86,2
   соның ішінде:          
   зерттеушілер 11 910 12 404 11 524 10 780,0 90,5
      одан:          
      ғылым докторлары 1 106 1 157 1 166 1 191,0 107,7
      ғылым кандидаттары 3 018 3 147 3 058 2 861,0  
Зерттеулер  және әзірлемелермен айналысатын ұйымдардың негізгі  қаражаттары, млн. теңге 14 584,20 19 247,70 18 782 19 176,7 131,5
   Зерттеулер мен әзірлемелер 41 512 51 400 64 108 - -
   Жоғары білім 30 312 36 007 45 557 - -

     ҚР-да зерттеулермен әзірлемелерді орындаумен айналысатын ұйымдар саны 2005 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 31 бірлікке (107,9 %-ға) артқан. Осы жылдардағы зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада 13234,2 млн. теңгеге (161,5 %-ға) өскен.  Зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын ұйымдардағы персоналдың орташа тізімдік саны осы жылдарда 9,76 адамға кеміген  (2005 жылы 48,49 адам, 2008 жылы 38,73)     (кесте-4).

     Ғылыми-зерттеу  жұмыстарының құрылымындағы ғылыми-техникалық қызметтің басты бағыты, 46,4% құрайтын қолданбалы зерттеулер болып табылады. Ғылыми-техникалық әзірлемелердің 2007 жылғы үлес салмағы 2000 жылмен салыстырғанда 6 еседен артық мөлшерге өсіп, 34,7% құрады. Іргелі зерттеулер ғылыми-техникалық жұмыстар көлемінің 11,7% құрайды. Көбінесе коммерциялық негізде көрсетілген ғылыми-техникалық қызметтердің үлесі 7,2% жетті (сурет 5).

     

100%

90%

80%

70%

60%

50%

40%

30%

20%

10%

0%

                 1990  1995    2000       2008

       

       Ғылыми-техникалық өндеулер                         Қолданбалы зерттеулер

        Ғылыми-техникалық қызметтер                         Іргелі зерттеулер 

     Сурет 5

     Ғылыми-техникалық жұмыстарды үйлестіру құрылымы 

«Қазақстан  Тәуелсіздік жылдарында» Қазақстан  Республикасы Статистика агенттігі  мәліметтері 

     Қазіргі уақытта шамамен 3 жыл бойы Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 3 %-дан сәл астам, бұл ЕО елдерінен анағұрлым төмен, немесе бұл көрсеткіш тіптен өтпелі экономикасы бар Эстонияда – 36 %-ды, Венгрияда 47 %-ды құрайды. Қазақстанның инновациялық өнімі құрылымында елеулі үлесті (64-%-дан астам) жетілдіруге ұшырайтын өнім иеленеді. Жаңадан енгізілген немесе айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшырайтын өнім үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінің 28,6 %-ы тиесілі.

       Көптеген отандық зерттеулер  мен әзірлемелердің нақты нарықтық талаптары мен шарттарға  бағдарлануы әлсіз және ғылымды қажетсінетін импортты өнімдермен және қызметтермен бәсекелесе алмайды.

     Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске  енгізу тәртібі жоқ. Қазіргі уақытта  ғылыми әзірлемелердің тек азғана үлесі коммерциялық қолданыс тауып отыр. Көптеген қазақстандық әзірлеушілер мен компаниялар тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар кезеңінде арнайы қызметтердің жоқтығы және өндірісті игеру проблемасына кезігіп отыр, бұл технологияларды енгізу процесін тежейді. Қазақстанда инновациялық өнімді нарыққа жылжыту жөніндегі сервис әлсіз дамыған. Осы орайда  инфрақұрылымдық және инжинирингтік жағдайлар жасау (тәжірибелік-конструкторлық бюросы мен инжинирингтік ұйымдар, коммерцияландыру офистері) өте қажет [17,37].   

    Кесте 5 

    1990- 2008 жылдарда ғылыми-техникалық жұмыстар  көлемі (млн.тенге) 

Көрсеткіштер  
1990ж.
 
1995ж.
 
2000ж.
 
2008ж.
2008 ж 2000 жылға  өсу/кему  қарқыны  (%)
Орындалған  ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі, барлығы 395,4 2983,1 6100,5 29591,3 485,1
соның ішінде:          
ғылыми-зертеу жұмыстары 214,2 1739,7 3764,5 17174,4 456,2
соның ішінде          
іргелісі 40,2 396,1 809,6 3461,1 427,5
қолданбалы  зерттеулер 174 1343,6 2954,9 13713,3 464,1
жобалық-құрастыру  және техникалық жұмыстар 99,7 496,6 1205,9 8555,8 709,5
бұйымдардың (өнімдердің) тәжірибелі үлгілерін (жиындарын) жасау 21,1 117,1 198,9 482,8 242,7
құрылысқа арналған жобалық жұмыстар 40,8 536,0 231,7 1237,9 534,2
ғылыми-техникалық қызмет көрсетулер 19,6 92,5 699,4 2140,1 306
 

     2008 жылы 2000 жылмен салыстырғанда орындалған ғылыми техникалық жұмыстардың көлемі 23490,8-ге (485,1%-ға) артқан. Орныдалған ғылыми-техникалық жұмыстардың құрылымында жобалық-құрастыру және техникалық жұмыстардың (709,5 %), құрылысқа арналған жобалық жұмыстардың (534,2 %) осы жылдардағы өсу қарқыны басқалармен салыстырғанда жоғары (кесте-5).      Инновациялық қызметті жандандыру үшін бірінші кезекте қолданбалы ғылыми зерттемелерді қаржыландыру әдісін және қолданбалы ҒЗТКӘ-ні қаржыландыру жүйесін өзгерту қажет.

     Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың нәтижесінде ұсақ және орта сериялы өндірістер негізінде нарықты тауар және қызметтермен толтыру, жергілікті шикізат ресурстары мен өндіріс қалдықтарын кеңінен пайдалану, қоғамның «орта сыныбын» қалыптастыру және халықты жұмыспен қамту мақсатында қосымша еңбек салаларын және жұмыс орындарын көбейту мәселелері тез арада шешімін табады. Әсіресе, жұмыссыздық деңгейі елеулі белең алған кезеңде кәсіпкерліктің қосымша еңбек салаларын және жұмыс орындарын көбейтуге ықпал етуі оның маңыздылығы мен артықшылығын елеулі дәрежеде арттырады. Инновациялық кәсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады.

    Кесте 6

    2008 жылдың  соңы мен 2009 жылдың бас кезеңі  бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік  субъектілері мен кәсіпкерлердің  саны

 
 
Қазақстан республикасы және облыстары
Заңды тұлғалар Кәсіпкерлік және фермерлік Жұмысшылар  саны (мың адам)
 
2008  ж.
 
2009 ж.
 
2008ж.
 
2009ж.
Заңды тұлғалар Кәсіпкерлік және фермерлік Барлығы
Республика  бойынша: 106453 10904 1 214528 222418 536,1 549,8 710,0 731,1 1246,1 1280, 9
Оның  ішінде:

1. Ақмола бол.

1519 1524 7224 7266 76,6 7,7 22,1 22,1 29,7 29,8
2. Ақтөбе 5429 5448 12440 12695 29,9 30,5 22,2 22,4 52,1 52,9
3. Алматы 5043 5069 24630 27104 23,4 24,0 77,2 81,3 100,6 105,3
4. Атырау 2650 2631 8278 8330 11,5 11,5 14,7 14,8 26,2 26,3
5.Шығыс Казақстан обл. 13061 13178 27223 27223 27,5 27,5 126,1 126,1 153,6 153,6
6. Жамбыл 2861 2863 14566 15051 14,1 14,3 54,3 55,6 68,4 69,9
7.Батыс  Қазақстан обл. 3400 3450 6627 7220 20,1 20,3 40,5 42,1 60,6 62,4
8. Қарағанды 12799 12799 17606 17606 62,4 62,4 56,5 56,5 118,9 118,9
9. Қызылорда 1983 2028 5135 5158 20,1 20,1 28,2 28,2 48,3 48,3
10. Қостанай 2859 2833 16462 16799 22,8 23,0 43,9 44,2 66,7 67,2
11. Маңғыстау 3505 3354 2246 2312 16,6 16,7 3,4 3,5 20,0 20,2
12. Павлодар 6265 8554 10045 10623 16,2 21,4 21,5 22,1 37,7 43,5
13.Солтүстік  Қазақстан обл. 5824 5907 11730 11578 30,4 30,4 33,9 34,8 64,3 65,2
14.Оңтүстік  Қазақстан обл. 12701 12211 35955 38070 123,6 129,9 129,0 137,7 252,6 267,6
15. Алматы қ. 22574 23144 10787 11715 88,6 88,6 32,4 35,3 121,0 123,9
16. Астана к. 3980 4048 3574 3668 21,3 21,5 4,2 4,4 25,5 25,9

Информация о работе Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау