Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:02, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандардыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші - жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................3
1 Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні мен және инновациялық жоба элементтері...............................................6
Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні..................................6
Инновациялық жоба және оның элементтері............................................13

2 Қазақстан Кәсіпорындарындағы инновациялық даму стратегиясы және «Атырау - нан» ЖШС-нің Инновациялық-инвестициялық жоба капитал салымдары мен экономикалық тиімділігін анықтау ..................................................19
2.1 Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық кәсіпкерлік және инновациялық даму стратегиясының қалыптасуы.........................................19
2.2 Инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтау.................40
2.3 Инновациялық - инвестициялық жобада капитал салымдарының көлемін анықтау.................................................................................................46
3 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу ........................................................................................58
3.1 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу..................................................................................................................58

Қорытынды...........................................................................................................63
Пайдаланылған Әдебиеттер.......................................

Работа содержит 1 файл

Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау.doc

— 870.00 Кб (Скачать)
="justify">мұндағы: Бетi және Бжтi - ескi және жаңа техниканың келiсiлген көтерме бағасы; Петi және Пжтi - ecкi және жаңа техниканы сатудан түскен пайда.

      ЭтАт =(Өқетдj - Өқжтдj) х Өкжтдj - Peқj х Кжтт

   ЭтАт=((Бжтдj - Өқжтдj)-(Бетдj - Өқжтдj)) х Өкжтдj-Peқj х Кжтт,

мұндағы: Өқетдj және Өқжтдj - ecкi және жаңа техникада дайындалған өнiмнiң өзiндiк құны; Бетдj және Бжтдj - ескi және жаңа техникада дайындалған өнiмнiң келiсiлген бағасы; Өкжтдj - жаңа техникада дайындалған өнiмнiң сатылу көлемi; Pej - тұтынушыдағы негiзгi және айналымдағы өндiрiстiк қорлардың рентабельдiлiгi; Кжтт- тұтынушының жаңа техниканы енгiзуге және пайдалануға (жаңашаландыруға және қолданыстағы техниканы ауыстыруға т.б.) салған капитал салымдары.

     Капитал салымдарының салыстырмалы экономикалық тиiмдiлiгiндегi секiлдi абсолюттiк экономикалық тиiмділiкте де тек уақыт факторы ғана есепке алынбайды, сонымен қатар дисконттау, белгiсiздiк, қауiп – қатер мен инфляция сияқты факторлар да назарға алынады.

  Олай  болса, экономикалық тиiмдiлiктi анықтау формуласы төмендегiше өрнектеледi:

        Эт  = Эт(а,с) х Ккж + Кбққ х Кинф

мұндағы: Эт(а,с) - экономикалық тиiмдiлiктiң есептiк мәнi (абсолюттi және салыстырмалы); Ккж - келтiру коэффициент (нәтижелер мен шығындарды капитал салымдарын жүзеге асырудың бастапқы кезеңiне келтiру); Кбққ – экономикалық тиiмдiлiктiң жүзеге асу ықтималын есепке алатын белгiсiздiк және қауiп-қатер коэффициентi; Кинф - инфляцияның пайдалылық деңгейiне тигiзетiн ықпалын есептейтiн коэффициент [28,34].   

 

    3 Қазақстан Республикасында  инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу  

    3.1 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу 

    Мемлекеттің ғылыми-техникалық прогрессті жетілдіру, инновация саласындағы ролі зор. Себебі  инновациялық-технологиялық  даму тұрақты экономикалық өсудің негізгі  факторы болып қана қоймайды, сонымен  бірге басқа да экономика салаларының дамуына жүйелі түрде әсер етеді.

    Ұлттық  экономикадағы инновациялық-технологиялық  дамуды тұрақты қамтамасыз ету үшін оған сәйкес макроэкономикалық жағдайлар  мен реттеу құралдары қажет. Мемлекет экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесінде катализатор және бастамашы, әрі жеке кәсіпорындарды инновациялық процестерге тарта отырып, сол арқылы өндірістік және бәсекелестік әлеуетін жақсартудың жәрдемшісі болуы тиіс.

    Қазіргі кезеңде осындай механизм анықталған. 2000 жылы «Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы», «2010 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспары», 2001 жылы «Қазақстан Республикасының инновациялық даму жоспары», «Қазақстан Республикасының 2015 жылғы кезеңге дейін арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы» қабылданды. 

    Стратегияның  негізгі мақсаты – шикізат  бағытынан қол үзуге ықпал  ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына  қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады. Дүниежүзілік тәжірибеден өткен инновациялық даму тәсілдері Қазақстанда да қолданысқа енетін болады. Бұл тәсілдердің алғашқысы технология мен құрал-жабдықтардың халықаралық нарығын тартуға келіп тіреледі. Оның негізгі тетіктері – трансфер және технологияны бейімдеу орталықтары, лизинг бойынша құрал-жабдықтар алу, франчайзингті қолдану, бірлескен кәсіпорындар құру үшін мүмкіндіктерді кеңейту.

    Екінші  тәсіл төл ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға негізделеді. Бұл бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, ғылыми-техникалық өнімдерді түпкілікті өнім деңгейіне жеткізетіндей етіп өңдейтін орталықтарды қоса қамтитын мамандандырылған венчурлық инфрақұрылымды талап етеді.

    Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті басқару ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес мынадай формаларда іске асады:

  • инновациялық-технологиялық дамудың басымдықтарын анықтау және инновациялық бағдарламалар жасау;
  • инновациялық бағдарламаларды іске асыруға қажетті қаржы көздерін тарту;
  • мемлекеттік бюджеттен арнайы қаржыландыру;
  • бәсекелестік қабілеті жоғары өндірістерді дамытуға мемлекет тарапынан қолдау жасау;
  • отандық инновацияларды сыртқы нарыққа шығару;
  • инновациялық процестердің заңнамалық базасын жасау;
  • инновацияның әлеуметтік және экологиялық бағытын қамтамасыз ету және т.б.

   Инновациялық  дамуды басқарудың ұйымдық-экономикалық механизмі құрамына төмендегілер жатады.

   Тікелей мемлекеттік реттеу жүйесінде инновациялық жобаларды бюджет құралдары арқылы қаржыландыру маңызды роль атқарады. Инновациялық мақсатқа субсидиялар жасау, инновациялық өнімдерге мемлекеттік тапсырыстар беру және т,б, бюджет арқылы реттеу құралына жатады. Инновациялық қызметті реттеудің экономикалық механизмдеріне несие, салық жеңілдіктері, кедендік ретеу механизмдері жатады. Жоғары технологиялық салалар үшін салық жеңілдіктері қалыптастырылған. Қазақстанда, арнайы экономикалық аймақтарда инновациялық технологияларды дамыту, технологиялық реттеу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың салық ауыртпалықтарын азайту, салықтық ынталандыру жөнінде жаңалықтар енгізілуде. Жаңа технологиялар нарығының инфрақұрылымына инновациялық маркетинг, инновациялық мәліметтер, инновациялық мониторинг, инновациялық зерттеулер орталығы және т.б. жатады. Инновациялық маркетинг тұтынушылар сұранымын анықтайтын, болжайтын және қалыптастыратын ұйымдық құрылымдар жиынтығынан тұрады. Қазақстан Республикасы бойынша инновациялық қызметті қолдайтын бюджеттік емес қорларға мыналар жатады: Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстан инвестициялық қоры, Қазақстан инновациялық қоры, Экспорт және капиталды сақтандыру жөніндегі корпорация. Бұдан басқа Маркетингтік-талдамалық және технологиялар инжиринг және трансферті орталықтары құрылды. “Қазақстанның даму банкі” АҚ – акционерлік капитал көрсеткіштері бойынша Қазақстандағы ең ірі банк. Қазіргі кезде оның капиталы 37,7 млрд тенгені құрайды. “Қазақстанның инвестициялық қоры” АҚ 2003 жылғы мамырда құрылды. Қордың негізгі мақсаты – инвестицияларды жүзеге асыру, сондай-ақ перспективалы кәсіпорындардың жобаларына инвестициялар тарту арқылы Стратегияның іске асырылуына жәрдемдесу. Ал қор қызметінің негізгі бағытына келсек, шикізаттар мен материалдарды тереңдетіп өңдеуді жүргізетін, қазіргі заманғы озық технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабілетті әрі тиімді өнім шығаратын, сондай-ақ өндірістің перспективалы кәсіпорындарына өндірістік қызметтер көрсету үшін жаңадан құрылатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жарғылық капиталын инвестициялауды жүзеге асырады. Инвестициялардың көлемін кеңейту жолымен Қазақстанда корпоративтік құнды қағаздар нарығының дамуын ынталандырады, сондай-ақ қор нарығының қазіргі заманғы құралдарын қолдану үшін жағдай жасайды. Қордың кәсіпорындардың жарғылық капиталына және оларды басқаруға қатысуы есебінен ықтимал инвесторлар үшін кәсіпорындардың тартымдылығын арттырып, отандық және шетелдік кәсіпорындар арасында өндірістік кооперацияны қамтамасыз етеді. Инновациялық қор суырылып алға шығаратын технологияларды жасау мен енгізуді, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды талдап-жасауды қаржыландырады. “Ұлттық инновациялық қор” АҚ-ның акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Қор қызметінің мақсаты – елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялар және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу. Ал басты бағыттары мыналар: отандық және шетелдік инвесторлармен бірігіп венчурлық қорларды құру; инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестік бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгізу; ұлттық инновациялық инфрақұрылым (технополистер, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық орталықтар) элементтерін құруға қатысу және зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу. Қор жарғылық капиталға үлестік қатысу түрінде инвестициялауды, сондай-ақ индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттарындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға гранттар беруді жүргізеді. “Экспорттық кредиттерді және инвестициялық сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы” АҚ-ның жарғылық капиталы мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен құрылған. Корпорацияны құрудағы мақсат – еліміздің 2015 жылға дейінгі стратегиясын іске асыруға жәрдемдесу. Қызметінің негізгі бағыты – шетелмен жұмыс істейтін отандық экспорттаушылар мен инвесторларды дәрменсіз сатып алушылармен және сыртқы реттеулі тәуекелге байланысты шығындардан сақтандыруды қамтамасыз ету. Корпорация экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыруды жүзеге асырады, сақтандыру төлемдерін төлеп, контрагенттерден өтемдерін алатын болады [29,84]. 

   Қазіргі кезеңде ғылыми-инновациялық даму деңгейіне  байланысты елдерді мынадай үш топқа  бөлуге болады:

1) ғылыми-өндірістік  циклдің барлық сатысын қамтитын  ірі көлемдегі жобаларды іске  асыратын, қорғаныс саласындағы  ғылыми әлуеті жоғары, ғылымдағы лидер елдер (АҚШ, Англия, Франция);

2) ұтымды  инновациялық орта қалыптастырған, жаңашылдықты таратуға бейімделген  елдер (Германия,  Швеция, Швейцария);

3) инновациялық  инфрақұрылым құру арқылы жаңашылдықты  ынталандыратын, әлемдегі ҒТП жетістіктерін тез қабылдайтын, ғылым мен технология салаларының дамуына күш салатын елдер (Жапония, Оңтүстік Корея).

АҚШ

   Ғылым мен техниканың дамуына федералдық бюджеттен бөлінетін қаржының мөлшері  жоғары. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің инфрақұрылымы жақсы дамыған. Университет, өндірістік концерндердің меншікті ғылыми-зерттеу лабораториялары бар. Зерттеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруда жеке сектор маңызды роль атқарады. Қаржы жұмсаудың негізгі бағыты – фундаментальды ғылымдар.

   Инновациялық  қызметпен шұғылданатын адамдар саны соңғы жылдары 2-есеге жуық өсті. АҚШ-та 90-ға жуық ғылыми-техникалық зона бар, оның 20 пайызында компьютерлер мен есептеу техникаларын жасау шоғырланған.

   Инновациялық  қызметті реттейтін мемлекеттік  органдар:

  • американдық ғылыми қор;
  • американдық ғылыми кеңес;
  • ұлттық космостық агенство;
  • стандарттардың ұлттық бюросы
  • қорғаныс министрлігі;
  • ұлттық ғылыми академия және т.б.

   Ғылыми  зерттеу жұмыстарына жұмсалған  шығын ЖІӨ-нің 2,6 пайызын құрайды, оның 46 пайызын үкімет қаржыландырады. Мемлекет венчурлік фирмалар мен зерттеу орталықтарының құрылуын ынталандырады.

   Инновациялық  қызметті дамытудағы ұлттық ғылым қорының  маңызы зор. Ол тек инновацияны несиелеумен  ғана айналыспайды, сонымен бірге  мақсатты субсидиялар – гранттар береді. Мемлекеттің меншігі болып табылатын патенттелген өнертабыстар коммерциялық фирмаларға тегін лицензия түрінде беріледі.

   Мемлекеттік органдар инновациялық процестерді  жоспарлап, алдыңғы қатарлы технологияларды  тартуға ықпал жасап отырады. Маңызды орынды инновациялық жобаларды мемлекеттік экспертиза жасау алады, себебі жаңашылдық енгізуші жекеленген ұйымдардың оны кең көлемда талдауға мүмкіндігі жоқ.

Жапония

   Жапония елі ғылым мен технологиялық  жаңалықтардың бай тарихын иеленеді. XIX ғасырдың өзінде бұл елде инновациялық даму басталды. Алғашқы кезде ол шетел технологиясы трасфертіне сүйенді. Инновациялық дамудың бастапқы кезеңінде фундаментальды ғылымдарболмады, бірақ ел өзінің әсіресе электроника және автомобиль шығару салаларындағы өнімдерінің сапасымен әлемді таң қалдырды.

    Елдің инновациялық дамуы шетел техникасы  мен жеңілдетілген несиелер көмегімен  дамыды. Шетел техникасын сатып алу  жапондық тауар өндірушілерге ғылыми-зерттеу  жұмыстары шығындарын үнемдеуге, жаңа технология енгізу мерзімін қысқартуға көмектесті.

    Жапония елінің инновациялық дамуының қозғаушы күші –кадрлар. Инновациялық бәсеке күресінде  шағын фирмалардың жетістікке жетуі  кадрлар біліктілігіне байланысты болды.

    Жапониядағы инновацияның дамуын реттеуші басты  орган – сыртқы сауда және өнеркәсіп  министрлігі. ҒТП - ның негізгі бағыттарының іске асырылуын қадағалаушы орган – Ғылым мен техника бойынша басқарма. Ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсалған шығын ЖІӨ-нің 3,5 пайызын құрайды.

    ҒТП - ны іске асыруда негізгі күш ірі корпорацияларға аударылған. Мемлекеттің саясаты лицензияларды импорттаудан экспорттау бағытына қарай жүреді. ҒТП-тің басым бағыттары – ақпарат жүйесі, биотехнология, жаңа материалдар жасау. Ғылым мен өндіріс саласындағы жапондық модельдің мақсаттарының бірі – ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын және ғылыми сиымдылығы жоғары өндіріс қызмет ететін технополис-қалалар тұрғызу. Бұл жоба 1982 жылы қабылданған жәе ол ұзақ мерзімді қамтиды.

    Германия,Англия, Франция елдері  АҚШ және Жапониямен бірге әлемдік дамудың технологиялық  орнталықтарына жатады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығын бойынша бұл елдер 3,4,5 орындарды иеленеді және сәйкесінше ол ЖІӨ-нің 2,3; 2,4; 2,2 пайыздарын құрайды. Бұл елдер Евроодақ құрамындағы жетекші елдер. Евроодақ инновациялық қызмет белсенділігін арттыруға көп көңіл бөледі. Осы саладағы саясаттың негізгі бағыттары мыналар:

  • біртұтас монополияға қарсы заңдылықты жасау;
  • жеңілдетілген салықтар енгізу;
  • ғылыми сыйымдылығы  жоғары шағын бизнесті дамыту;
  • жаңа технология аймағындағы инновация үшін кәсіпорындарды тікелей қаржыландыру;

    Евроодақтың инновациялық саясатының негізі 1985 жылы қабылданған «Дүниежүзілік инновация  инфрақұрылымы мен технологияны жеткізуді дамытудың жоспары» [30,28].   

 

      Қорытынды 

     Қорытындысында дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төменгі негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:

  • кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастыру мен дамытуды ілімдік негіздеуі дамытылып, дағдарыс уақытында инновациялық кәсіпкерлікті дамыту маңыздылығының алғы шарттары қарастырылды;
  • Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерліктің қазіргі кездегі даму тенденциясы анықталып және даму бағыттары мен мүмкіндіктері бағаланды;
  • Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің венчурлық, концессилық, лизингтік және франчайзингтік негіздегі нарықтық механизмдері арқылы дамытудың мүмкіндіктері талданды;
  • Индустриялықинновациялық стратегияны жүзеге асыру үшін кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыру және қорландыруда мемлекеттік және жеке қаржылық мүмкіндіктерді бірлікте қолдану арқылы инновациялық тәуекелділік деңгейін төмендетудің бағалау жүйесі ұсынылды;
  • кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіру үшін маңызды инфрақұрылымды қалыптастыруда мемлекеттің ролі негізделді.

     Ғылыми  нәтижелер:

  • кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіруде венчурлық, концессиялық, лизингтік және франчайзингтік негіздегі нарықтық механизмдерді қолдану тетіктері дайындалды;
  • кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыру және қорландыруда мемлекеттік және жеке қаржылық мүмкіндіктерді бірлікте қолдану арқылы инновациялық тәуекелділік деңгейін төмендетудің бағалау жүйесі ұсынылды;
  • инновациялық кәсіпкерліктің қазіргі кездегі даму тенденциясы анықталды және болжамы жасалынды;
  • инновациялық кәсіпкерліктің инновациялық іс-әрекеттер арқылы нақты секторға қызмет көрсететін кәсіпорындардың («Кентау трансформатор зауытының» үлгісінде) болашақта даму бағыты мен параметрлерін анықтау үшін әзірленген стаистикалық-метематикалық үлгісі және оны бағаланған нәтижелері.

      Зерттеулер  негізінде концессиялық қатынастарды  реттеу, шарттарын жасасудың үлгілері, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібі айқындалды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын жүзеге асыру жолдары көрсетілді. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, болашақта  концессия аумағындағы заңдылықты дамыту және жетілдіру керек. Сонымен қатар, концессиялық бизнесті ынталандыру үшін мемлекет тарапынан келесідей шаралар қолдану керек:

Информация о работе Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау