Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:02, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандардыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші - жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................3
1 Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні мен және инновациялық жоба элементтері...............................................6
Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні..................................6
Инновациялық жоба және оның элементтері............................................13

2 Қазақстан Кәсіпорындарындағы инновациялық даму стратегиясы және «Атырау - нан» ЖШС-нің Инновациялық-инвестициялық жоба капитал салымдары мен экономикалық тиімділігін анықтау ..................................................19
2.1 Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық кәсіпкерлік және инновациялық даму стратегиясының қалыптасуы.........................................19
2.2 Инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтау.................40
2.3 Инновациялық - инвестициялық жобада капитал салымдарының көлемін анықтау.................................................................................................46
3 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу ........................................................................................58
3.1 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу..................................................................................................................58

Қорытынды...........................................................................................................63
Пайдаланылған Әдебиеттер.......................................

Работа содержит 1 файл

Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау.doc

— 870.00 Кб (Скачать)

     Сыртқы  орта құрамына фирма жұмысының бәсекелестік қабілетіне, тиімділігіне, тұрақты  жұмыс жасауына әсер ететін макроорта (халықаралық, саяси, әлеуметтік-демографиялық, құқтық, табиғи-климаттық факторлар), микроорта (фирманың бәсекелестері, бақылаушы органдар қызметі, кәсіподақтар қызметі және т.б.), аймақтың инфрақұрылымы (аймақтағы тұрмыстық қызмет көрсету қызметі, ғылым мен білім саласы, сауда орындары және т.б.) жатады.

     Менеджмент  жүйесіндегі «кері байланыс»  құрамына клиенттердің талаптары, жаңа тауардың сапасының төмендігіне  байланысты туындайтын ақпараттар сияқты факторлар жатады.

     Фирманың  ішкі ортасына басқарушы, басқарылатын, мақсатты, ғылыми қолдау, қамтамасыз етуші жүйелер саласы жатады, олардың жиынтығы фирмадағы  инновациялық жүйені құрайды.

     Басқарушылық  шешімдер – бұл нақты мақсатқа жетудегі талдау, болжау, оңтайландыру, экономикалық негіздеудің нәтижесі. Басқарушылық шешімдердің мақсаты кездесетін проблемаларды шешу. Проблеманы шешуге қажетті ресурстар шектеулі болғандықтан, осы проблемаларды маңыздылығына, көлеміне, тәуекел деңгейіне байланысты топтастыру қажет.

       Кез-келген шешім қабылдауға мынадай үш нәрсе әсер етеді: интуиция, талдау, ұтымдылық.

       Біріншісінде  адамдар шешімнің дұрыс екендігін  өздері сезініп, шешім қабылдайды. Екіншісінде, өткен тәжірибеге сүйеніп шешім  қабылдайды. Бұл шешім түрлері  жедел басқаруды қолданылады. Ал стратегиялық шешім қабылдауда экономикалық талдауға негізделген ұтымды шешімдер қабылданады.

       Басқарушылық  шешім сапасы – бұл нақты тұтынушыларды  қанағаттандыратын және оның орындалуын қамтамасыз ететін шешімдер параметрлерінің  жиынтығы.

       Инновациялық  менеджмент жүйесіндегі қабылданаты шешімдер сапасын қарастырамыз [3,69]. 

       

                                               Сыртқы орта

                                 кіру                                                 шығу 

                                                       Кері      байланыс 
 
 
 

       «Кіру»  жүйесіндегі проблемалар параметрлері: тұтынушылар талаптары, сату көлемі, баға, тапсырыс мерзімі.

       «Шығу» жүйесінде: жоспарланған нәтижеге жету тәуекелі, сату сенімділігі.

       «Сыртқы орта» жүйесіндегі проблемалар: саяси жағдай, елдің табиғи жағдайы, аймақ инфрақұрылымы және т.б.

       «Кері байланыс» тұтынушылардан келіп түскен мәліметтерді сипаттайды.

       Жүйедегі  шешім қабылдау процесі мыналарды қамтиды: жұмысқа дайындалу, мәлімет жинақтау, ресурстық қамтамасыз ету, құжаттарды дайындау және т.б.

       Инновациялық  менеджменттегі шешім қабылдау сапасын  арттыру үшін негізгі мынадай  шарттар орындалуы қажет:

- шешім  қабылдауда ғылыми бағыттарды  пайдалану;

- басқарушылық  шешімдер тиімділігіне экономикалық  заңдар әсерін анықтау;

- кіру, шығу, сыртқы орта, кері байланыс жүйелері туралы нақты мәліметтермен қамтамасыз ету;

- әрбір  шешімді талдау, болжау, модельдеу,  экономикалық негіздеу әдістерімен  байланыстыру;

- шешімнің  бірнеше вариантын таңдау;

- қабылданған  шешімнің заңды болуы;

- шешім  қабылдауда жауапкершілік және ынталандыру жүйесін жасау.

     Инновациялық  қызмет тәуекелмен байланысты. Әсіресе  инновациялық қызметтегі мынадай тәуекел  түрлерінің деңгейі жоғары:

  • экономика саласындағы заңдылықтардың тұрақсыздығына байланысты тәуекел;
  • сыртқы экономикалық тәуекел (сауда мен тауар кіргізуге шектеулер қою, шекараның жабылуы және т.б.);
  • ел немесе аймақтағы әлеуметтік-саяси жағдайдың өзгеруі;
  • жаңа технология мен техника жайлы мәліметтердің нақты және жеткілікті болмауы;
  • нарық жағдайы, баға, валюта курсының өзгеруі;
  • өндірістік-технологиялық тәуекел [3,21]. 

    Сурет 2

    Әртүрлі жобалар түріне сыртқы орта факторларының  әсер ету деңгейі

Жоба  түрлері әсер  етуші сыртқы орта факторлары
Сая

сат

экономика Қо

ғам

заңдылық Ғылым мен техн. Мәдениет Таби

ғат

экология Инфрақұрылым
Әлеуметтік

Экономикалық

Ұйымдастырушылық

Инновациялық

инвестициялық

3

3 

2

1

1

3

3 

3

2

3

3

2 

2

1

2

3

3 

3

2

3

1

1 

2

3

2

3

2 

3

3

1

1

1 

2

1

3

2

1 

1

1

3

2

1 

1

1

3

     Тәуекел деңгейі жоғары жобаларды іске асыруда  тәуекел деңгейін төмендететін ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдер іске қосылуы қажет. Осы мақсатта қолданылатындар:

  • күтпеген жағдайда жобаға қатысушылардың қабылдайтын шешімі туралы алдын-ала келісу;
  • жобаны іске асыру жағдайы өзгерген уақытта оны қайта реттейтін арнайы орталықтарды құру.

     Тауар сапасын көтеруге байланысты енгізілетін шараның экономикалық тиімділігі мына формуламен есептеледі:

        Т       Tc    Tвл
    ЭT = S t – Сt – Нt) Nt +S Эсоп t -   S Зк t
      t=1      tc=1    tвл=1
 

     ЭT – тауар сапасын арттырудан алынатын ти3мд3л3к

     t….Т- шараның қолданылу мерзімі;

     Цt – t жылында бағдарланған баға;

     Сt - тауар бірлігінің өзіндік құны;

     Нt  – тауар бірлігіне келетін салық мөлшері;

     Nt - t жылында болжанған тауар көлемі;

     Эсоп t – қосымша алынатын әлеуметтік немесе экологиялық тиімділік;

     Зк t   -  тауардың сапасын арттыруға байланысты шығындар. 

     Адам  қоғамының даму тарихындағы техникалық жекеленген облыстарында емес, жалпы  материалды-техникалық база масштабында  болған бес ірі технологиялық  революцияны бөліп көрсетуге  болады.

    Ел әлуеті 
 
 
 
 

               I                    II                   III                  IV                V                 VI              

        1785                  1835                       1885                      1935                    1985                       2035

Біріншісі XIII ғасырдың 70-80 жылдарында, тоқыма жэәне бұрғылау станоктарының пайда болуымен байланысты.

Екіншісі XIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында, бу двигателінің пайда болу және тарауымен байланысты. Оның нәтижесінде үш құрамдас бөліктен тұратын еңбек құралы – машина пайда болды: механикалық двигатель- жүргізуші механизм – жұмысшы құралы [4,23]. 

Үшіншісі XIX ғасырдың аяғында, XX ғасырдың басында, электр двигателі мен іштен жану двигателінің пайда болуымен байланысты. Радиобайланыс, телеграф, автомобиль, тікұшақ пайда болды, түст металлдар, қалайыны қолдану басталды.

Төртіншісі, XX ғасырдың 50-жылдарының ортасынан басталады. Осының нәтижесінде үш буынды машинадан еңбек құралдарының жаңа төр буынды құрылымына өту іске асырылды. Мұнай және мұнай өнімдерін, газды пайдалану негізінде энергетика дамыды. Компьютерлер мен ақпараттық өнімдер пайда болып, кең тарады. Қорғаныс және бейбіт мақсатта атом қолданыла бастады.

Бесіншісі микроэлектроника, ақпарат, биотехнология, гендік инженерия, космосты игеру, спутниктік байланыстарға сүйене отырып дамыды [5,63]. 

     Инновациялық  менеджмент ғылымында инновацияны  топтастырудың әртүрлі жолдары  ұсынылған. Олардың ішінде кең тарағаны инновацияны мынадай белгілеріне  байланысты топтастыру:

1. Инновацияның жаңашылдық  деңгейіне байланысты:

а) Радикалды (базалық). Ашылған жаңалықты, өнертабысты, патентті енгізу.

б) Ординарлы. Оған ноу-хау, ұтымдылықты арттыруға  бағытталған ұсыныстар жатады.

2. Тауардың өміршеңдік  циклі кезеңіне  байланысты:

а) стратегиялық маркетинг кезеңіндегі  инновация;

б) ғылыми-зерттеу  және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар кезеңіндегі инновация;

в) өндірісті  ұйымдық-технологиялық дайындау кезеңіндегі  инновация;

г) өндіріс  кезеңіндегі инновация;

д) сервистік  қызметтегі инновация.

3. Инновациялық жаңалықтың масштабына байланысты:

а) әлемдік  масштабтағы инновация;

б) ел масштабындағы  инновация;

в) сала масштабындағы инновация;

г) фирма  масштабындағы инновация.

4. Инновацияның енгізілетін саласына байланысты:

а) білім  саласындағы;

б) әлеуметтік сферадағы;

в) материалдық өндірістегі.

5. Инновацияның қолданылу сферасына байланысты:

а) фирмаішілік  инновация;

б) сатуға арналған инновация.

6. Инновацияның қолданылу жиілігіне байланысты:

а) бір  рет қолданылатын;

б) қайталанылатын.

7. Жаңашылдық формасына байланысты:

а) жаңалық  ашу, өнертабыстар, патент;

б) ұтымдылықты  арттыратын ұсыныстар;

в) ноу-хау;

г) тауарлық белгі, тауарлық марка, эмблема.

Д) технологиялық, өндірістік, басқару процесін сипаттайтын  жаңа құжаттар.

8. Инновацияны енгізу нәтижесінде алынатын тиімділікке байланысты:

а) ғылыми-техникалық.

б) әлеуметтік;

в) экологиялық;

г) экономикалық. 

2. Инновациялық  процестердің жіктелуі:

1. Инновациялық  процестердің мазмұнына байланысты:

а) техникалық

б) технологиялық

в) экономикалық

г) басқарушылық

д) ұйымдастырушылық

2. Инновациялық  процесті ұйымдастыру  врианттарына  байланысты:

а) корпоратив ішілік,

б) бағдарламалық,

в) конкурстық

Информация о работе Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау