Информатикадан отчет

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 15:41, дипломная работа

Описание работы

Есептеу техникасының дамуы ерте кезден-ақ басталды. Кейбір мысалдар: XVII ғасырдың 40-жылдарында Б. Паскаль (1613—1662) сандарды қоса алатын механикалық қүрылғы ойлап тапты. XVIII ға-сырда В. Лейбниц сандарды қоса жене көбейте алатын қүрылғы жасап шығарды. XIX ғасырда Ч. Бэббидж (1792—1871) механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді.

Работа содержит 1 файл

Сауле практика.doc

— 5.21 Мб (Скачать)

 

Саймандар тақтасында батырмаларды орналастыру үшін алдымен категорияны, сосын керекті батырманы таңдайсыз. Әрі қарай тышқанның нұсқауышын батырманың бейнесіне апарып, тышқанның батырмасын басыңыз және оны жібермей талап етілген батырманы бапталушы саймандар тақтасына көшіріңіз.

Саймандар тақтасынан батырманы алып тастау үшін, тышқанның  нұсқауышын өзіңіз экраннан алып тастамақшы болған батырмаға орнатыңыз. Сосын  тышқанның сол жағындағы батырманы  жібермей басып ұстап тұрып, экранның бос тұрған кез- келген жеріне жылжытыңыз да, тышқанның батырмасын жібере салыңыз. Батырма саймандар тақтасынан алынып тасталынады.

Егер кірістірілген  тақтаны бастапқы қалпына келтіргіңіз  келсе, «Настройка» диалог терезесінің  «Саймандар тақтасы» жапсырмасында  Сброс батырмасын басыңыз.

Өз тақтаңызды құру үшін «Саймандар тақтасы» жапсырмасында Создать батырмасын басыңыз, сосын «Саймандар тақтасының құрылуы» диалог терезесінде құрылғалы жатқан тақтаның атын енгізіңіз. ОК батырмасын басқанда бос саймандар тақтасы құрылады. «Командалар» жапсырмасына көшіңіз де, жаңа саймандар тақтасына қажетті батырмаларды орналастырыңыз. Тақтамен жұмысты аяқтау үшін Закрыть батырмасын басыңыз.

Пайдаланушының  саймандар тақтасын жою үшін «Саймандар тақтасы» жапсырмасында жойылатын  саймандар тақтасын таңдап, Удалить  батырмасын басыңыз. Пайдаланушының саймандар тақтасын алып тастауға болады, кірістірілген саймандар тақтасын жоюға болмайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.5. Microsoft Office PowerPoint 2003

 

10.1 сурет. PowerPoint терезесінің элементтері.


10.2 Құрастырушы мен үлгілерді пайдалану

Безендіру үлгісін пайдаланып таныстырылымды әзірлеу:

1. Егерде тапсырмалар аймағында Таныстырылымды әзірлеу (Создать презентацию) таңбашасы бейнеленбесе, онда Файл менюінен Әзірлеу командасын таңдаңдар.

2. Әзірлеу (Создать) тізімінде Безендіру үлгісінен (Из шаблона оформления) пункітін таңдаңдар.

10.2 сурет. Таныстырылымды әзірлеу тапсырмалар аймағы

3. Слайдтар құрастырушысы тапсырмалар аймағында қолтану талап етілетін безендіру үлгісін таңдаңдар. 

4. Егерде бірінші слайд үшін стандарттық макетті сақтау талап етілсе, онда 5-қадамға өтіңдер. Егерде бірінші слайдтың макеті басқа болуы тиіс болса, онда Формат менюінде Слайдты ентаңбалау командасын таңдаңдар, ал содан кейін керекті макетті таңдаңдар (10.3 сурет).

5. Слайдта немесе Құрылым (Структура) аймағында бірінші слайд үшін мәтінді енгізіңдер.

6. Стандарттық аспаптар тақтасына жаңа слайдты кірістіру үшін Слайдты әзірлеу (Создать слайд) батырмасын басыңдар да слайд үшін макетті таңдаңдар. 

7. Әрбір жаңа слайдты үстемелеу үшін 5- мен 6-қадамды қайталаңдар, ал сонымен қатар оларға барлық керекті элементтер мен әсерлерді қосыңдар.  

8. Файл менюіне таныстырылымды сақтау үшін Сақтау (Сохранить) командасын таңдаңдар да Файл атауы (Имя файла) өрісіне таныстырылымның атауын енгізіңдер, ал содан кейін Сақтау (Сохранить) батырмасын басыңдар.

 Ескерту.  Барлық жаңа үлгілер Слайдтар құрастырушысының тапсырмалар аймағындағы Microsoft PowerPoint үлгілерінің тізімінде телінген атаулар бойынша алфавиттік ретпен үстемеленеді (10.4 сурет).                  

                                                  

    10.3 сурет. Слайд  макеттері             10.4 сурет. Слайдтар құрастырушысының      

                                                                                  тапсырмалар аймағы                                                   

 

Бос слайдтар көмегімен  таныстырылымды әзірлеу

    1. Стандарттық аспаптар тақтасында Әзірлеу (Создать) командасын таңдаңдар.
    2. Егерде бірінші слайд үшін стандарттық макетті сақтау талап етілсе, онда 3-қадамға өтіңдер. Егерде бірінші слайдтың макеті басқа болуы тиіс болса, онда Слайдты ентаңбалау тапсырмалар аймағында керекті макетті таңдаңдар.
    3. Слайдта немесе Құрылымдар (Структуры) аймағында керекті мәтінді енгізіңдер.
    4. Аспаптар тақтасына жаңа слайдты кірістіру үшін Слайдты әзірлеу (Создать слайд) командасын таңдаңдар да керекті макетті таңдаңдар.  
    5. Әрбір жаңа слайд үшін 3- және 4-қадамды қайталаңдар, ал сонымен қатар оларға барлық керекті элементтер мен әсерді үстемелеңдер.
    6. Аяқтау бойынша Файл менюінде Сақтау (Сохранить) командасын таңдаңдар, әзірленген таныстырылымға атау енгізіңдер де Сақтау (Сохранить) батырмасын басыңдар.

Бұл тәсіл безендірудің стандарттық үлгілерін пайдаланбайтын өзіңнің жеке таныстырылымыңды әзірлеу  үшін пайдаланылады.

 

 

4.5.1 PowerPoint бағдарламасының жалпы мәлімдемесі

 

 

4.5.2 Слайдттарды жасау және призентацияға дайындау

 

Слайдқа музыка мен дыбыстық әсерлерді үстемелеу

1. Музыканы немесе  дыбыстық әсерді үстемелеу талап  етілетін слайдты ашыңдар. 

2. Кірістіру менюіндегі Фильмдер мен дыбыс пунктін таңдаңдар, содан кейін келесі әрекеттердің бірін орындаңдар:

    • Дыбыстық йфайлды кірістіру
    • Файлдан дыбыс командасын таңдаңдар, осы файл бар қапшықты табыңдар да керекті файлды шертіңдер.
    • Картиналар жинағынан дыбысты кірістіру
    • Жинақтан дыбыс (Звук из коллекции) командасын таңдаңдар, шиыру жолағы көмегімен керекті клипті табыңдар да слайдқа үстемелеу үшін оны шертіңдер.

Ескерту.  Картиналар жинағынан клиптерді іздестіру үшін Мәтінді іздестіру (Искать текст) өрісін толтырыңдар, содан кейін Табу (Найти) батырмасын басыңдар. Клиптерді ізлестәру туралы қосымша мәліметтер алу үшін тапсырмалар аймағының төменгі бөлігінде Клиптерді іздестіру бойынша кеңестер (Советы по поиску клипов) жолын шартіңдер; мұнда ішкі орнату таңбаларын қолданыпфайлдарды іздестіру туралы және картиналар жинағына өзіңнің клиптеріңді үстемелеу туралы егжей-тегжейлі мәліметтер бар. 

3. Хабарларды бейнелеу  кезінде келесі әрекеттердің  бірін орындаңдар:

    • Слайдты көрсету кезінде музыканы немесе дыбысты автоматтық жаңғырту үшін Автоматтық түрде (Автоматически) батырмасын басыңдар (10.6 сурет)


 

 

 

 

 

10.6 сурет.  Хабарлар  терезесі

 

Музыканы немесе дыбысты  жаңғырту үшін тек қана дыбыс таңбашасын шерту бойынша Шерту бойынша (По щелчку) батырмасын басыңдар.                       

Дыбыстық файлды жаңғыртуды тоқтату параметрлерін анықтау  үшін слайдта дыбыс таңбашасын шертіңдер, маустың оң жақ батырмасын басыңдар да жанама менюдегі Анимацияны баптау (Настройка анимации) командасын таңдаңдар.

1. Анимацияны баптау (Настройка анимации) тапсырмалар аймағындағы анимацяларды баптау тізіміндегі элементте жебелігі бар таңбашаны шертіңдер, содан кейін Әсерлер параметрі (Параметры эффектов) командасын таңдаңдар (10.7 сурет).

    • Аяқтау (Закончить) тобындағы Әсер (Эффект) қазынасында келесі әрекеттердің бірін орындаңдар:
    • Маусты шерту бойынша дыбысты жаңғыртуды тоқтату үшін ауыстырып қосқышты Шерту бойынша (По щелчку) орнына орнатыңдар (ол осы ан үнсіз келісім бойынша тұрады). Слайдты көрсетудің аяқталуы бойынша дыбысты жаңғыртуды тоқтату үшін ауыстырып қосқышты ағымдағы слайдтан Кейін  (После) орнына орнатыңдар (10.8 сурет).
    • Бірнеше слайдты көрсету кезінде дыбыстың жаңғыруын жалғастыру үшін ауыстырып қосқышты Кейін орнына орнатыңдар, содан кейін көрсету кезінде осы дыбыс  жаңғыруы тиіс слайдтардың керекті санын беріңдер.

 

                   

 

10.7 сурет. Анимацияны баптау тапсырмаларының аймағы

 

 

10.8 сурет. Дыбыс параметрлерін баптау

 

 

Мәтіннің, графиктің, диаграмманың және басқа объектілердің слайдтардағы анимациясы мазмұнның әр түрлі аспектілерін айрықша атап  көрсетеді, материалдардың баяндалу барысын басқарады және таныстырылымды аса қызықты етеді. Таныстырылым уақытында Анимацияны баптау (Настройка анимации) (10.7 сурет) тапсырмалар аймағы көмегімен слайдта элемент қайда және қай мезетте пайда болу тиістігін таңдауға болады, мысалы маусты шерту бойынша сол жақ шекарадан ұшып шығу. Анимация параметрлерінің көпшілігі бірқатар сәйкес әсерлерді қамтиды. Бұл анимацияны дыбыстық сүйемелдеу құралдарына жатады. Мәтін анимациясының әсерлерін әдеттегіде әріптерге, сөздерге және абзацтарға қолдануға болады. Мысалы тақырып барлығы бірден емес, жеке сөз бойынша пайда бола алады.

Мәтін немесе объектілер үшін анимация әсерін жеке слайд үшін де, барлық таныстырылым үшін де қарап  шығуға болады.

Анимацияны объектіге  үстемелеу үшін:

    1. Керекті объектіні ерекшелеу
    2. Анимацияны баптау (Настройка анимации) тапсырмалар аймағындағы Әсерді үстемелеу (Добавить эффект) командасын таңдау  (10.9 сурет)

 

 

10. 9 сурет. WordArt объектісіне анимацияны үстемелеу

 

    1. Әсерлер тізімінің ішінен керектісін таңдау;
    2. Әсерді таңдағаннан кейін сендер оны әрекетте көресіңдер және объект анимация объектіліерінің тізіміне үстемеленетін болады. (10.10 сурет).
    3. Егерде керек болса, онда әсер параметрлерін баптаңдар (басы, бағыт, жылдамдық) (10.10 суретті қараңдар)

 

                     

 

4.5.3 Авто мазмұн арқылы жылдам презентацияны жасау

4.5.4 Презентация безендіруін жақсарту

 

Слайдты безендіру үшін дайын түс  схемаларын пайдалануға болады. Түс  схемасы фонды, мәтінді немесе жеке жолдарды, көлеңкені, мәтін тақырыптарын, құюларды, екпіндер мен гиперсілтемелерді түстерпен ерекшелеу кезінде пайдаланылатын сегіз түстен тұрады. Таныстырылымның түс схемасы безендірудің қолданылған үлгісінде беріледі.

    • Мәтін тақырыбы мен негізгі мәтінге пайдаланылған түс.
    • Фонға, құю мен көлеңкеге пайдаланылған түс.
    • Маркер сияқты гиперсілтемеге, құюлар мен екпінге пайдаланылған түс.

Слайдтың түс схемасын қарап шығу үшін оны ерекшелеңдер, ал содан кейін Слайд дизайны – Түс схемалары  тапсырмалары аймағы экранында бейнелеңдер (10.5 сурет). Ағымдағы слайдтың түс схемасы ерекшеленген ретінде тапсырмалар аймағында бейнеленетін болады.

Безендіру үлгісі үнсіз  келісім бойынша берілген түс  схемасын, сонымен қатар осы үлгі үшін арнайы алынған таңдауға қосымша тұс схемаларын қамтиды. Үнсіз келісім бойынша тағайындалған «бос» үлгісінің де түс схемалары бар болады.

 

10.5 сурет. Слайд дизайны – Түс схемаларының тапсырмалар аймағы

 

Мәтінді, Автофигураларды, WordArt объектілерін, суреттер мен картиналарды слайдқа кірістіру, сондай-ақ  оларды безендіруді орындаудың әр түрлі командаларын кірістіруге Сурет салу (Рисование) аспаптарының тақтасы пайдаланылады (10.1 сурет).

Бірнеше слайдқа бір  мезгілде суретті кірістіру үшін оны слайдтар үлгісіне үстемелеңдер. Егерде суретті тек қана титулдық слайд ентаңбасы пайдаланылған слайдтарда үстемелеу керек болса, онда оны титулдық слайдтардың үлгісіне кірістіріңдер.

Түр (Вид) менюінде Бейнеүлгі (Образец) командасын, ал содан кейін Слайдтардың үлгісін (Образец слайдов) таңдаңдар.

Нобайлардың сол жағына слайдтардың немесе титулдық слайдтардың  керекті бейнеүлгісін ерекшелеңдер.

Суретті слайдтардың  немесе титулдық слайдтардың таңдалған  бейнеүлгісіне  үстемелеңдер.

Нұсқаулар

Суретті кірістіру орнын  шертіңдер.

Келесі әрекеттердің бірін орындаңдар:

    1. Сурет салу (Рисование) аспаптар тақтасында файлынан Суретті үстемелеу (Добавить рисунок) батырмасын басыңдар.
    2. Керекті сурет бар қапшықты таңдаңдар, ал содан кейін сурет файлын ерекшелеңдер
    3. Келесі әрекеттердің бірін орындаңдар:
    • суретті ендіру үшін Кірістіру (Вставка) батырмасын басыңдар;
    • қатқыл дискіде сурет файлымен байланыс жасау үшін Кірістіру батырмасымен қатар жебелікті шертіңдер, ал содан кейін файлмен Байланыстыру (Связать) командасын таңдаңдар. Суретті тікелей сканерден немесе сандық камерадан үстемелеңдер. Осы процедураны орындау үшін құрылғы TWAIN- немесе WIA-үйлесімді болып саналатынына және компьютерге қосылғанына көз жеткізіңдер. Сондай-ақ құрылғының орнатылған бағдарламалық жасақтамасы TWAIN немесе WIA-ны қолдайтынына да көз жеткізіңдер.Суретті сканирлейтін құрылғы,а орналастырыңдар. Кірістіру (Вставка) менюінде сурет (Рисунок) командасын, ал содан Сканерден немесе камерадан (Со сканера или камеры) командасын таңдаңдар.

Информация о работе Информатикадан отчет