Информатика негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 17:02, курсовая работа

Описание работы

Пәннің мақсаты – информатика дамуындағы негізгі тенденцияларды қатитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру. Қазіргі заманғы программалау тілдерін қолдануда, математикалық және сандақ үлгілеуде, ғылыми-техникалық есептердің нәтижелі алгоритмдерін құрумен таныстыру.

Содержание

1. Тұрпатты (типтік) бағдарлама
2. «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (SYLLABUS)
3. Теориялық материалдар
3.1 Зертханалық жұмыстарды өткізудің жоспары және әдістемелік нұсқаулығы
3.2 Практикалық сабақтарды өткізудің жоспары және әдістемелік нұсқаулығы
3.3СОӨЖ өткізу жоспары
3.4 СӨЖ орындау бойынша жоспар және әдістемелік нұсқаулық
4.Бақылау тапсырмалары
5. Сөздік

Работа содержит 1 файл

informatika .doc

— 1.23 Мб (Скачать)
  • бақылау, тестілеу және диагностика программалары – компьютер құрылғыларының жұмыс істеуінің дұрыс – дұрыс еместігін тексеру және оны пайдалану процесінде пайда болатын ақауларды табу үшін пайдалынады; ақаулардың себебін және орнын көрсетеді.
  • драйвер-программалар – оперативті жадты, енгізу-шығару құрылғыларын және т.б. басқару бойынша операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтеді; драйверлердің көмегімен компютерге жаңа құрылғыларды қосуға немесе қосылғандарды басқаша пайдалануға мүмкіндік береді.
  • буып-түюші программалар (архиваторлар) информацияларды магнитті тасымалдаушыларда тығыздап жазуға мүмкіндік береді және бірнеше файлдардың көшірмесін біріктіріп бір архивті файлға жазуға мүмкіндік береді.
  • антивирустық программалар – компьютерлік вирустарды жұқтырып алудан сақтандырады және вирустар жұққан жағдайда оның салдарын құртады.

Компьютерлік вирус деп қандай-да бір зиянды әрекеттерді орындау  үшін өзін басқа программаларға “енгізіп”  – файлдарды бұзуға, оперативті жадты бүлдіруге және т.б.  арналған, арнайы жазылған шағын ғана программаларды айтады.


  • дискілік кеңістіктің сапасын тиімділеу және тексеру программалары;
  • информацияларды қалпына келтіретін, форматтайтын, мәліметтерді қорғайтын программалар;
  • коммуникациялық программалар – компьютерлер арасында информациялар алмасу үшін арналған программалар;
  • жадты басқаруға арналған программалар оперативті жадты икемді пайдалануға арналған;
  • CD-ROM,CD-R–лерді жазуға арналған программалар және көптеген басқа программалар.

Утилиттердің кейбіреулері операциялық жүйе құрамына кірсе, кейбіреулері өз бетінше жұмыс істейді.

Операциялық жүйе – компьютерді басқаруға арналған  және қолданбалы программалармен байланысы  бар нақты программа.

ОЖ бір жағынан, компьютердің аппаратураларымен және екінші жағынан  орындалатын программалар мен қолданушылармен арадағы байланыстырушы түйін ролін атқарады.

ОЖ компьютердің сыртқы жадында – дискіде сақталады. Компьютерді іске қосқан кезде ол дискілік жадтан алынып оперативті есте сақтау құрылғысына орналасады.

Бұл процесті операциялық  жүйенің жүктелуі  деп атайды.

ОЖ –ның негізгі функциялары:

•  қолданушымен диалогты жүзеге асыру;

•  мәліметтерді енгізу-шығару және басқару;

•  программаны өңдеу  процестерін жобалау және ұйымдастыру;

•  ресурстарды (оперативті жадты және кэшті, процессорды, сыртқы құрылғыларды) үлестіру;

•  программаны орындалуға жіберу;

•  қызмет көрсетудің әртүрлі қосымша  операциялары;

•  әртүрлі ішкі құрылғылар арасында информацияларды беру;

•  перифериялық құрылғылар (дисплей, пернетақта, дискілі тасымалдушылар, принтер және т.б.)  жұмысына программалық демеу беру.

ОЖ-ні компьютерді  басқару құрылғысының программалық жалғасы деп те атауға болады.ОЖ аппаратурамен болатын әрекеттестіктерінің  күрделі керек емес жақтарын екеуінің арасында қабаттар құру арқылы қолданушыға  білдірмейді. Осының нәтижесінде адамдарды компьютердің аппаратураларымен болатын әрекеттерді ұйымдастыруда көп еңбекті керек ететін жұмыстардан босатады.

ОЖ бірмезгілде өңдей  алатын есептеріне және қолданушылар санына байланысты келесі топтарға бөлінеді:

  1. Бір қолданушылы  бір есепті – бір пернетақтаны қолдайды және тек қана бір есеппен жұмыс істей алады;
  2. Бірқолданушылы  көп есепті – бір қолданушыға  бір мезгілде бірнеше есепті өңдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, сіз мәтін көшіріліп жатқанда ойнап та, музыка тыңдап та отыруыңызға болады немесе бір компьютерге бірнеше принтер жалғауға болады, олардың әрқайсысы өз мақсатын орындай береді.
  3. Көп қолданушылы көп есепті – бір компьютерде бірнеше қолданушыға бірнеше есеп жіберуіне болады. Бұл ОЖ өте күрделі және әжептеуір машиналық ресурстарды қажет етеді.

Әрбір ОЖ-нің өз командалық тілі бар. Олар қолданушыға келесі  әрекеттер істеуге мүмкіндік  береді:

  • каталогтарды қарауға;
  • сыртқы тасымалдаушылардың белгілерін орындау;
  • программаны жүктеу;
  • … және басқа әрекеттер.

Дайын программаларды файлдан оперативті жадқа жүктеу және оларды жіберумен қоса қолданушының командаларын орындау және талдауды операциялық жүйенің командалық процессоры жүзеге асырады.

 

8-дәріс. Программаларды  өңдеу және тестілеу әдістері.Модульдік  және құрылымдық проограммалаудың концепциясы.

Файл – сыртқы есте сақтау құрылғысында орналасқан, тұтас  болып сақталатын, өңделетін және жіберілетін кез-келген мәліметтердің  жиынтығы. Файл программаны, сандық мәліметтерді, мәтінді, кодталған бейнелерді және басқаларды ішінде ұстай алады. Ол белгілі бір атпен аталады.

Файлдық жүйе –қандай-да бір тасымалдаушыда файлдарды сақтауды ұйымдастыруға арналған құрал.

Файлдар іс жүзінде сыртқы тасымалдаушыларда – магнитті дискілерде немесе CD-ROM-да жадтың бөлімшелері ретінде іске асырылады. Әрбір файл дискілік жадтың  блоктарының қандай-да бір мөлшерін алады. Блоктың кәдуілгі ұзындығы – 512 байт.

Файлдар операциялық  жүйенің файлдық жүйенің драйвері деп аталатын арнайы модуліне қызмет істейді. Әрбір файлдың  каталогта  – файлдар мазмұнында тіркелген  аты болады.

Каталог (кейде директория немесе қапшық деп аталады) қолданушыға  операциялық жүйенің командалық тілі арқылы ғана ашық. Оны қарап  шығуға, ондағы тіркелген файлдардың атын өзгертуге, ішіндегілерін жаңа орынға ауыстыруға және жоюға болады.

Каталогтың өз аты және кәдімгі файлдармен қатар басқа каталог ішінде сақталуына болады: осылайша иерархиялық файлдық құрылымдар жасалады.

MS DOS операциялық  жүйесінің құрылымы

MS DOS операциялық жүйесі  – 16-разрядты дербес компьютерлерде  пайдаланылатын ең көп таралған ОЖ. IBM PC компьютеріне арналған ең алғашқы MS DOS операциялық жүйесінің 1.0 версиясы 1981 ж. Microsoft фирмасында жасалды. 1987 жылы Microsoft фирмасы 3.3, 3.30 версияларын жасап шығарды. Көптеген қолданушылар DR DOS Digital Research фирмасының 6.0 және 7.0 версиялы операциялық жүйелерін қолданады. Ол келесі негізгі модельдерден тұрады:

Жоғарыдағы модульдердің әрқайсысы операциялық жүйеге қойылған функциялардың өздеріне тиесілісін орындайды. Бұл модульдердің орналасқан жерлері де әртүрлі. Мысалы, енгізу-шығару базалық жүйесі тұрақты есте сақтау құрылғысында орналасса, қалған модульдер дискілерде орналасқан.

Енгізу-шығару базалық жүйесі (BIOS) операциялық жүйенің енгізу-шығару жұмыстарымен байланысты әмбебап  және қарапайым қызметтерін орындайды. BIOS келесі функцияларды атқарады:

  • компьютердің аппараттық бөліктерін автоматты түрде, яғни машина іске қосылғанда, тексеру (тестілеу);
  • MS DOS – тың басқа элементтерін (бастапқы жүктеу блогын) машинаға шақыруды ұйымдастыру.

Бастапқы жүктеу блогы немесе жүктеуші - өте қысқа программа. Ол бір-ақ функцияны- (IO.SYS) пен (MS DOS.SYS) модульдерін дискіден жүйенің оперативті жадына оқып ауыстыруды орындайды.

Енгізу-шығару базалық жүйесінң кеңейту модулі сыртқы құрылғыларға стандартты түрде емес қызмет ету үшін керекті драйверлерді және жаңа сыртқы құрылғыларға қызмет көрсететін қосымша драйверлерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Үзілуді өңдеу  модулі (негізгі модуль деп те аталады) MS DOS-тың жоғары деңгейлі негізгі қызметтерін жүзеге асырады.

Командалық  процессор қолданушы енгізетін командаларды өңдеумен және программалардың орындалуын ұйымдастырумен айналысады.

MS DOS –тың утилиттері жеке операциялық жүйемен файлдар түрінде бірге жабдықталатын программалар. Олар қызмет көрсету сипатында жұмыстар жасайды, мысалы, дискілерді тексеру, дискілерді өлшеу, текстік файлдарды басып шығару және т.б. компьютердегі сервистік операцияларды жүргізу.

Машинаны қосқанда экранда MS DOS шақыруы пайда болады. Яғни қолданушыға команда егізу керектігін білдіреді. Командада орындауды қажет ететін программа аты және қажет болса, параметрлері көрсетіледі. Қазір қолданушылар MS DOS – пен емес, Windows –95(98 ) –бен жұмыс істейді. Алайда технология “анатомиясы” өзгерген жоқ, сондықтан біз MS DOS-ты білуіміз керек.

Программалық  қабықша дегеніміз не?

Қабықшалар  – күрделі программалық жүйелермен, мысалы, MS DOS, жұмысты жеңілдету үшін құрылған программалар. Ыңғайсыз командалық қолданушы интерфейсін достық графикалық интерфейске  немесе “меню” типті интерфейске түрлендіреді. Қабықшалар қолданушыларға файлдар және көлемі үлкен сервистік қызметтермен ыңғайлы түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Peter Norton Computing  фирмасы  жасаған Norton Commander  программасы DOS операциялық жүйесімен жұмыс жасайтын ең әйгілі программалық қабықшалардың бірі болып табылады.

Әдеттегідей қолданушылар оның көмегімен каталогтарды көреді, көшіреді, атын өзгертеді, файлдарды өшіреді, программаларды қосады және т.б. Әрине мұның бәрін DOS операциялық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдаланып жасауға болады. Бірақ көптеген қолданушылар мұның бәрін Norton Commander-дің көмегімен не болмаса қандай-да бір оған бара-бар программаның көмегімен жасағанды дұрыс көреді. Неге олар DOS-пен жұмыс істегенде артық аралықты қолданады?

Жоғарыда айтқандай  қолданушы мен DOS операциялық жүйесінің  байланысы сұхбаттық принцип  бойынша құрылған: қолданушы керекті  команданы пернеде терді де Enter пернесін басады. Осыдан кейін DOS енгізген команданы орындайды. Байланыстың мұндай тәсілі көрнексіз және ыңғайсыз. Рас, файлды басқа каталогқа көшіру үшін бұл аттардың бәрін есте сақтау керек, сондай-ақ терген кезде қателеспеу қажет. Ең тиімдісі перненің немесе тышқанның көмегімен экранның белгілі жерінде, керекті файлды көрсетіп, содан соң әрекетті іске асыру. Norton Commander компьютермен осындай көрсеткіштік дәрежеде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Norton Commander-ден басқа  өзге де программалық қабықшалар бар. Мысалы: Qdos, Path Vinder, Xtree, MS-Windows3,x, Norton Navigator және т.б. MS DOS операциялық жүйесінң 4 және 5 версияларына өзінің программалық қабықшасы қосылған. Бірақ, ең табысты да, кең таралғаны Norton Commander болып табылады. Осы сабақта біз бұл программаның 4.0 версиясын тереңдетіп қарастырамыз.

 

Norton Commander – мен жұмыс істеу үшін не керек?

Norton Commander 4.0 программасы үшін 512 Кбайт оперативті жадылы және дискіде 329 Кбайттан кем емес орын бар компьютер қажет. Бұл ең аз талаптар, олар Norton Commander-дің ядросымен жұмыс істеудің мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Norton Commander-ге 35 түрлі файлдарды көрсететін программалар кіреді, олар дискілік кеңістікте 1145 Кбайт орын алады. Сіздер олардың ішінен керекті файлдарды көретіндеріңізді ғана қалдыруыңызға болады. Әртүрлі текстік редактордегі тек документтік файлдарды көру үшін дискіге небәрі 56 Кбайт орын керек. Norton Commander – мен бірге модем арқылы компьютерлер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін программа да қойылады. Ол дискіде 364 Кбайт орын алады.

Norton Commander мүмкіндіктері:

  • Дискілердегі каталогтар мазмұнының көрнектілігі;
  • Каталогтардың құрылуы, өзгертілуі, өшірілуі, ағаш түрінде көрсетілуі;
  • Файлдарды көшіру, атын өзгерту, ауыстыру, өшірудің ыңғайлылығы;
  • Документтерді, текстік файлдарды, архивтік файлдарды, графикалық файлдарды көру;
  • Текстік файлдарды редакторлау;
  • DOS-тың кез-келген командасын орындау;
  • Файлдардың атрибуттарын өзгерту;
  • Бір перненің басу көмегімен әрбір типтегі файлдарға стандартты әрекетті орындау;
  • Модем арқылы электронды поштамен жұмыс істеуге мүмкіндік барлығы;
  • Компьютер ресурстары туралы информация беру;
  • Компютерді жүктеу және басқа да көптеген функциялар.

 

Norton Commander программасын қосу nc. командасын терумен іске асады. Norton Commander-ді қосқаннан кейін экранда қос рамкамен шектелген екі тік терезе пайда болады.

Norton Commander-мен жұмыс істеу барысында  көмек алу үшін Ғ1 пернесін  басу керек. Егер сіз файлдарды  көру немесе түзету режимінде  тұрсаңыз, онда экранға осы пернелердің қызметі жайлы анықтама шығады. Басқа жағдайларда экранға, істелініп жатқан жұмыс режиміне байланысты сілтемелер шығады. Мысалы, Ғ5 пернесін басып, сонан соң Ғ1 пернесін бассаңыз, онда экранға файлдарды қала” көшіру жайлы анықтамалық шығады. Егер анықтама экранға симаса, онда оны →,←, Home, End, PgDN, PgUp, пернелерінің көмегімен парақтауға болады. Көмек режимінен шығу үшін Esc пернесін басу жеткілікті.

Көмек терезінің төменгі бөлігінде Next, Previous, Index, Cancel  жазбалары орналасқан.  Қажетті жазбаны таңдағаннан соң Enter пернесін басу керке. Таңдаудың келесі түрі – керекті жазбаның бірінші әрпін пернеден теру.

Информация о работе Информатика негіздері